15052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№94 (28318) 15 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Өңір өмірі

Ўрпаќ ґсір. Аєаш ек. Тўќым сеп!

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жылдағы дəстүр бойынша «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында «Мен ағаш отырғыздым» корпоративтік жобасы аясында экологиялық акция өткі зілді. Кəсіпорынның жұмыс шы лары өндіріс аймағын көріктендіру, табиғатты қорғау бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа ферроқорытпа зауытының аумағына 200 түп пирамидалық терек отырғызды. Жас көшеттерді

отырғызуға 40-тан астам зауыттықтар қатысты. Олар тамыр тар тып, бой көтергенде əлемдегі баламасы жоқ индустриялық-инновациялық бағ дарлама аясында салынып жатқан жаңа бірегей фер роқ о р ы т п а зауытының маңын көріктендіретін болады. Экологиялық шараға қатысқандардың бірі қолдарына күректерін ұстап ағаш отырғызса, енді бірі су тасып, қыз-келіншектер жағы жасыл желек екпелері жайқалып өссе деген ырыммен алқызыл лента тақты.

«Мен ағаш отырғыздым» акциясы бізде жыл сайын ұйымдастырылады. Əрдайым тазалықты басты назарда ұстайтын кəсіпорынның əр цехы, бөлімшесі өздеріне бекітілген аймақтарын тазалап, қурап қалған ағаштардың орнына жаңасын отырғызып, абаттандыру мен көгалдандыруға бір кісідей атсалысады. Осы акция шеңберінде 2008 жылдан бастап зауыт аймағы жыл сайын жаңа көшеттермен толығып келеді. Газдан тазарту учаскесінің, дайын өнімдер цехының, «Батыс-2» шағын ауданында орналасқан

зауыттықтардың үйінің ауласы, тұрғындар қалашығының скверіне, №1 балқыту цехының маңына, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, жаңа теннис кор тының айналасына ағаш көшет терін отырғыздық. Бұл отыр ғызылған ағаштарымыз бүгінде ғимараттарға көрік беріп, жайқалып өсуде, дейді қоршаған ортаны қорғау бас қармасының 2-ші дəрежелі инженер-экологы Гүлжан Тайкенова. Техникалық қадағалау бөлімінің қадағалаушысы Диляра Нұрғожина биылғы акцияның орны

Бас ўйым ґкілімен кездесті Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар Басқармасының Орталық Азиядағы Аймақтық өкілі Бернард Дойльді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата Төрағасы Б.Дойльді Аймақтық өкіл лауазымына тағайын далуымен құттықтады жəне жұмысының табысты болуына тілектестігін білдірді. Қ.Тоқаев атап өткендей, күрделі геосаяси жағдайды ескере келгенде, БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азиядағы қызметі ерекше маңызды. Оның пікірінше, заңсыз көші-қонмен жəне

босқын мəртебесін асыра пайдаланумен күрес өзекті болып отыр. «Қ аз ақ ст ан д ық п ар л амен т шілер БҰҰ БЖКБ-ның қызметіне жан-жақты көмектесуге əзір», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарына қол жеткізу жəне орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауда Қазақстан

БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен белсенді ынтымақтастыққа мүдделі, деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев БҰҰ қызметкерінің назарын алдағы уақытта болатын Астана экономикалық форумына жəне Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға, сондай-ақ, АӨСШК-нің Шан хайдағы кезекті Саммитіне аударды. Қазақстанның бастамасы бойынша өтетін бұл форумдар жəне басқа да сыртқы саяси шаралар біздің еліміздің халықаралық беделі арта түскенін көрсетеді.

26 айда 26 нысан салынады Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі құрылысына дайындық жұмыстары жөнінде баспасөз мəслихаты өтті. Оған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңес шісі Қанағат Тілемісов пен Сəулет департаментінің директоры Қанат Мұқашев, сондай-ақ, белгілі кəсіпкер, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақов қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Баспасөз мəслихатында мəлім болғандай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ көрме кешенінің барлық 26 нысанының құрылысын 26 айдың ішінде салып шығуды жоспарлап отыр. Оның ішінде халықаралық, корпоративтік жəне тақырыптық павильондар, тұрғын үй кешендері, мектеп, балабақша, қонақ үй, мəжіліс жəне баспасөз орталығы, ЭКСПО-кеңсе, Энерджи

холл, коммерциялық жəне сау да аумақтары, ЭКСПО-плаза, көркем дік орталық секілді нысандар қамтылған. Брифинг барысында са ла мамандары осы кешендердің архитектуралық ерекшеліктері мен инновациялық технологиялардың қолданылуы жөнінде əңгімелеп берді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Қ.Тілемісовтің сөзіне қарағанда, жалпы құрылыстың белсенді кезеңі 2015-2016 жылдарға сəйкес

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Сома қаласының маңындағы шахтадағы жарылыстан көптеген адамдардың қаза болуы мен зардап шегуіне байланысты Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ шахтадағы апаттан аман қалғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

келеді. Көрме кешенінің тұтастай салынып, аяқталуы 2016 жылдың желтоқсаны деп көзделуде. Айта кетейік, кешеннің жалпы ауданы 173,4 гектар жерді қамтымақ. Оның 148 гектарына тұрғын үйлер, мəдениəлеуметтік нысандар, ойын-сауық орындары, ал 25 гектарына көрме кешені салынбақ. Баспасөз мəслихатында, сонымен қатар, белгілі саяхатшы Сапар Ысқақов өзінің жуырда ғана жер шарын аралап, саяхат жасап қайтқанын баяндады. Ол өзінің бұл сапарында Қазақстанның көк байрағы мен «Астана ЭСКПО-2017» туын əлемнің 26 еліне алып барыпты. Бұл сапардың елімізді əлемге танытуда, ЭКСПО өтетін мемлекетті жаһанға паш етуде айрықша маңызы зор. Жиын соңында жиһангез шетелдік азаматтардың қолы қойылған ЭКСПО-2017 туын компания өкілдеріне салтанатты жағдайда табыс етті.

АҚПАРАТТАР аєыны

● Қазақстанда капиталды заңдастыру 1 қыркүйектен басталады. Ол 2015 жылы 31 желтоқсанда аяқталады. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасында мүлікті жария етудің негізгі қағидалары айқындалған. ● Азық-түлік корпорациясы

бөлек екенін, өйткені жаңа ферроқорытпа зауытының маңына алғаш рет ағаш көшеттері отырғызылғанын, өзінің бұған алғашқылардың бірі болып атсалысқанын жеткізді. Ағаш отырғызу кəсіпорынға қарасты денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғасты. Ке шен қызметкерлері мұнда 70 түп ағаш отырғызды. Отырғызылған көшеттерді күтіпбаптау да зауыттықтардың еншісінде. Ақтөбе облысы.

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды жəне қадағалауды ұйымдастыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Электр энергиясыныѕ саудасы ашыќтыќќа ќўрылєанда тиімді Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев заң жобасы электр энергетикасы нысандарының жұмысын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіруге бағытталғандығын ерекше атап кетті. Бұл ретте электр энергетикасы нысандарының энергетикалық жабдығының жай-күйін жақсарту, энергия өндіретін жəне оны беретін ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысы мен электр жəне жылу энергиясын тұтынушылардың кең тобының құқықтарын қорғау үшін жауаптылығын арттыруға ден қойылып отыр. Əсіресе, заңдық құжатта энергетика кəсіпорындары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері қарастырылыпты. Бұдан басқа, еліміздің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясына тапшылық шамадан тыс артып кеткен жағдайда оның экспорты мен импорты саласында шектеу шаралары енгізілмек. Электр желілеріне қосылуға рұқсат алуда тұтынушылардың электр құрылымдарын 100-ден 200 киловатқа дейін өзгерту қарастырылыпты. Вице-премьер осылайша шағын жəне орта бизнестің басым бөлігі электр желілеріне мемлекеттік ор гандардың рұқсатынсыз қосылуға мүмкіндік алатынын жеткізді. Қосымша баяндама жасаған Мəжілістің Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ізбақ Өмірзақов заң жобасы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиналыстың қорытындылары бойынша хаттамалық тапсырманы іске асыру мақсатында əзірленгенін айтты. (Соңы 4-бетте).

Солтүстік Қазақстан облысынан астық сатып алуға 3,3 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы мəлім еткен облыстық филиал директорының орынбасары Аблан Есентаев оның алдын ала бағасы тоннасына 20 мың теңгеден екенін де айтып отыр. Бүгінге дейін аймақтағы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден 70 мың тоннаға өтініш түскен. ● Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Шілде

Ыќпалдастыќ – ынтымаќ ырысы 2-3-беттер Елдік їн 5-бет Аќылымен баќытты адам 6-бет Ќызєалдаќ балы 12-бет

Президенттіѕ 2014 жылєы БАЌ саласындаєы сыйлыќтары, гранттары жəне Алєысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2014 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ, Алғысын алуға үміткерлерден ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды. Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Əрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің жəне Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді. Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыныс жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады: - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, əкесінің аты, тегі жəне шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ, атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама; - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы; - жарияланымдар мəтіндері немесе аудио жəне (немесе) бейнематериалдар; - негізгі жарияланымдарының тізімі жəне (немесе) олардың көшірмелері. Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыныс ұсынылады; Конкурсқа мəн-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио жəне (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2013 жылғы 1 маусым мен 2014 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған жəне (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады. Сыйлықтар, гранттар алуға жəне Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды. Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады. Мемлекет басшысының сыйлықтарын, гранттарын алуға жəне Алғысын жариялауға ұсыныстарды Қоғамдық комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ə.Р.Жақсыбековтің атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясына 2014 жылғы 16 маусымға дейін жолдау қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

VII Астана экономикалық форумы қарсаңында Үстіміздегі жылдың 21-23 мамыры күндері Астанада БҰҰ-ның қолдауымен VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция (ДҚДК) өткізілмек. Осы оқиғаға байланысты кешегі күні аталған форумды ұйымдастыру ісіне белсене қатысып жүрген Парламент депутаты Серік Нөгербеков Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздесіп, əзірлік жұмыстары жайында əңгімелеп берді.

Форумєа əзірлік жайы əѕгімеленді Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

С.Нөгербековтің айтуына қарағанда, бұл форум Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Содан бері оны əр жыл сайын өткізіп отыру дəстүрі берік қалыптасты. Осы уақытқа дейін əлемнің ең басты проблемаларын қамтыған 6 форум болып өтті. Соңғы 2013 жылы өткен 6-шы форумды «G-Global» форматында теңдестірілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету тақырыбы қарастырылған болатын. Бұл форумға 136 мемлекеттен 12 мыңнан аса қатысушы жиналған еді. Енді алдағы өтетін форум

айына жоспарланып отырған бай қау аясында қаланың орталық алаңын да ауқымды халықтық жəрмеңке ұйымдастырылады. Шараға қатысатын отандық тауар өндірушілер 3 номинация бойынша сынға түседі. ● Қызылордада жылына 6 мың тонна ет шығаратын құс зауыты салынады. Осыған орай «Байқоңыр» ƏКК мен «Байқоңыр» ҰК бірлескен шағын маркет ашу жобалары қолдау тапты.

жұмысына келсек, ол көптеген мəселелерді қамтымақ. Соның ішінде əлемдік экономиканы дамыту бойынша ұсыныстар əзірленбек. Сондай-ақ, үлкен жиырмалық саммитіне, ол елдердің басшыларына жəне өңірлік ұйымдардың жетекшілеріне əлемдік экономиканы дамыту бойынша жоғарыдағы ұсыныстарды қамтыған ашық хат арнау жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл өтетін форумның тағы бір ерекшелігі – онда əлемдік дағдарыспен күрес жоспарының тұжырымдамасы қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, осы форум аясында елімізге инвестиция тарту жөнінде арнайы шара өткізілетін болады. Басқа да маңызды мəселелер қамтылмақ. (Соңы 4-бетте).

● «Бекіре-2014» рейді кезінде Жайық-Каспий бассейнінен 25 тоннадан астам балық алынды. Сəуірдің 1-нен басталған акция құқық бұзушылықтың 725 фактісін анықтады. Əкімшілік жауапкершілікке 551 адам тартылып, 78 қылмыстық іс қозғалды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Egemen. kz хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.