15062013

Page 1

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына ресми сапары табысты аяқталды.

№149 (28088) 15 МАУСЫМ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ТУЫСТАС ЕЛДЕР, СУЫСПАС КҐЅІЛДЕР

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға ресми сапары аясында осы ел Президенті Ислам Каримовпен кездесті. Мемлекет басшылары экономикалық, ғылыми-технологиялық жəне мəдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық жəне өңірлік күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан» – Ташкенттен.

Тоќ ќала таєылымы

Ташкент бұрыннан жанымызға жақын, көзімізге ыстық аяулы қала еді. Бұған, сірə, кіндік қанымыздың тамған мекені тасты қаладан таяқ тастам жердегі, қазақ аумағындағы киелі Келес топырағы екенінің де əсері болған шығар. Ол кезде біздер үшін Одақтың жүрегі – Мəскеу бір қиырда, қазақтың тірегі – Алматы алыста. Ал бүкіл оңтүстік өлкенің аялы бесігіндей болған Ташкент мұндағы жұрттың шынында таусылмас жыры болатын. Сол дəуірлерде тоқтығы ешқашан шайқала қоймаған шапағатты шаһар бұл маңайдағы талай қауымды ішіндіріп те, киіндіріп те тұрды. Сондықтан біздің бала кезімізде Ташкенттен үлкен, зор, көркем, қазыналы қала жоқтай болып көрінетін. Міне, бергі заманда бауырлас халықтың байтағы болып баян жазып отырғанымен, арғы дəуірлерде қазаққа да тым бөтен бола қоймаған осынау ордаға мазар басып, сапар түзіп баратын күн туғанын білгенде, риясыз көңілден қуандық. Мұның үстіне, екіжақты жұрты дербес мемлекет құрып, егемендіктің еңсесін тіктегелі бері Ташкент тарапына қарай қадам басып көрмеппіз. Ал тасты қала, қоңсы қуатты елдің Президенті арнайы атбасын бұрып келе жатқанынан да шығар, Қазақстан делегациясын құшақ жая қарсы алды. Өзбекстан астанасында бұл оқиғаға

байланысты əзірлік жұмыстарының айтарлықтай жоғары деңгейде жүргізілгенін мұның алдында мағлұм еттік. Ал кеше қаланың басты көшелері екі елдің аспан түстес алаулаған жалаулары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың келгендігін паш ететін транспаранттарға толылығымен ерекшеленді. Айтары жоқ, біз көрмеген жиырма жылдан астам уақыттың ішінде Ташкент өзгеріп кетіпті. Бізге соның ішінде оның, əсіресе, мұнтаздай тазалығы мен баққа толы мамыражай қалпы айрықша ұнады. Айналып келгенде, мұның бəрі аса қадірменді сыйлы қонағын тайлы-таяғы қалмай, қоғадай жапырылып күтетін ата-бабаларымыз салтын көз алдымызға елестетті. Қазақстан Президенті бұл екіжақты кездесу И.Каримовтің былтырғы сапары аясында жүргізілген Қазақстан-Өзбекстан келіссөздерінің жалғасы болып саналатынын атап өтті. – Қазақстан мен Өзбекстан – өңіріміздегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті, сауда мен əлауқаттың артуын қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттер. Біз ортақ жауапкершілікті терең сезіне отырып, жағдайға келіссөздер жолымен ықпал етуге ұмтыламыз. Өңірде су ресурстары, энергетика, азықтүлік жөнінде бірқатар мəселелер бар, халықаралық тəжірибедегідей, біз оны басқа мемлекеттердің араласуынсыз өзіміз шешуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарымқатынастарда ешқандай даулы мəселелер жоқ екенін атап өтті.

– Мен келіссөздерімізді жоғары бағалаймын. Өзіміз қол жеткізіп отырғандай, бүгін елдеріміз арасындағы Стратегиялық əріптестік туралы шартқа алғаш рет қол қойылатын болады. Бізде Мəңгілік достық туралы арқаулық шарт та бар. Екі елдің үкіметтері жұмыс жүргізіп, қол қойылғаннан кейін қарымқатынастарымызды жаңа деңгейге шығаратын құжаттарды сапалы дайындады. Өңір халқының басым көпшілігінің назары біздің кездесуімізге ауып отырғанын білеміз. Қазақстан мен Өзбекстан қарымқатынастары екі ел халықтарының игілігі үшін нығая түседі деп ойлаймын. Бұл – келіссөздеріміздің басты мақсаты. Жоғары деңгейдегі осындай кездесуді жалғастыруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті. Өз сөзінде И.Каримов Нұрсұлтан Назар баевтың əр сапары барысында өзекті мəселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданатынын атап өтті. – Мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер тұрақты өтіп тұруы тиіс деп санаймын. Бұл Қазақстанның да, Өзбекстанның да мүдделеріне сай келеді. Орталық Азия өңіріндегі жəне əлемдегі жедел өзгеріске түсіп жатқан жағдайлар жөніндегі ортақ ұстанымды əзірлеу қажеттілігі Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Стратегиялық əріптестік туралы шартқа қол қоюымызға ықпал етті. Біз Қазақстанның əлеуеті өте жоғары екенін білеміз, егер оған Өзбекстанның да əлеуеті қосылатын болса, онда бұл өзге мемлекеттер санасатын барынша мығым ұстаным болады. Мен бұны аталған құжатқа қол қоюға себеп болып табылатын басты идеяның бірі деп ойлаймын, – деді Өзбекстан Президенті. И.Каримов Қазақстан Президентінің Өзбекстанға сапары бағдарламасының

Маќсат – бюджеттіѕ орындалуы тиімділігіне ќол жеткізу Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста алдымен күн тəртібіндегі екі мəселенің бірі – Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы тыңдалды. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Одан кейін Үкіметтің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды. Бірінші мəселе бойынша Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, екінші мəселе бойынша Қаржы министрі Болат Жəмішев пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин баяндама жасады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Роговтың баяндамасында аталып өтілгеніндей, өткен жылы Қазақстан Республикасында еліміздің Негізгі Заңының принциптері мен нормаларын жүзеге асыруға бағытталған, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында мемлекет ресурстарын мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мемлекеттік деңгейдегі бірқатар маңызды шешім дер қабылданған. Ал Елбасы Нұр сұлтан Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанда жария

еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің одан əрі дамуының ұзақ мерзімді бағыт тарын белгілеп берді. Бұл бағдарламалық құжат мемлекеттің конституциялық жолмен дамуының жəне елдегі конституциялық заң дылықты нығайтудың болашағын да айқындайды. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекет пен қоғамның одан əрі əлеуметтік жаңғыртылуының принциптерін айқындап берді, деді Игорь Рогов. Бұл құжатта мемлекет пен қоғамның бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуының консти ту циялық негіздерін əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, сондай-ақ, жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығын, əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын тереңдетіп іске асырумен байланысты əлеуметтік мемлекет құрудың мақсаты мен міндеттері тұжырымдалған.

Конституциялық Кеңестің назарында өткен жылғы 22 қарашада Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы Қазақстанның елордасы – Астана қаласын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны деп жариялады. Бұл халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанның эконо микалық, ғылыми-технологиялық, əлеуметтікмəдени жетістіктерін, болашақтағы баламалы қуат көздері мен «жасыл экономика» сияқты бүкіл адамзат үшін өзекті салаларда жаһандық экономика мен нарықтың дамуына деген жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлін мойындау болып табылады. Осы жылдың 24 сəуірінен бас тап еліміздің Конституциялық Кеңесі Азия елдері конституциялық əділет органдарының адамзаттың ортақ құндылықтары – демократияны, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді ілгерілету жөніндегі өңірлік ашық алаңы – Азия елдерінің конституциялық соттары мен баламалы институттары қауымдастығына мүше болып табылады, деді ол. Республикада құқықтық мемлекет қалыптастыру жəне конституциялық заңдылықты нығайту заңнаманың серпінді дамуымен біте қайнасады. Бұл мемлекет өмірінің, экономикалық жəне əлеуметтік өмірдің негізгі салаларын реттейтін заңдар қабылдауды қажет етеді. (Соңы 3-бетте).

мазмұнды екеніне де тоқталды. Атап айтқанда, жарқын тұлғасы мен шығармашылығы Өзбекстанда зор құрметке ие ұлы ойшыл Абайдың Ташкенттегі ескерткішін ашу жоспарланып отыр. Бұл елеулі оқиға екі елдің өзара қарымқатынасы тарихынан берік орын алады. Өзбекстан Президенті елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үдемелі дамып келе жатқанын атап өтті. – Əлемде бұрынғысынша болжап білмейтін дағдарыстық үдерістер байқалып отырғанына қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымына өсу үрдісі тəн. Мысалы, 2012 жылы ол 9,6 пайызға өсіп, 2 миллиард 700 миллион долларды құрады. Бұл динамика жақсы əлеуеттің бар екенін көрсетеді жəне біз оны арттыруға тиіспіз, – деді И.Каримов. Сөз соңында Өзбекстан Президенті екі ел арасындағы тауар айналымын одан əрі əртараптандыру қажеттігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары табысты əрі жемісті болатынына сенімін білдірді. Келесі кезекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Қазақстан үшін өңірдегі маңызды стратегиялық əріптес болып саналатынын атап өтті. – Астана мен Ташкент арасындағы ықпалдастықтың тиімділігі көбінесе орнықты экономикалық дамуға жəне бүкіл өңірдегі қауіпсіздікке байланысты, – деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентінің былтырғы сапары аясында жүргізілген келіссөздер екіжақты байланыстардың одан əрі дамуына серпін бергенін мəлім етті. – Тек соңғы уақытта ғана үкіметаралық

комиссияның 2 отырысы өтті, парламентаралық үнқатысу дамуда, Іскерлік кеңес құрылды. Осы бірлескен ісқимылдың барлығы Қазақстан – Өзбекстан ықпалдастығын тереңдетуге жəне оның аясын кеңейтуге ықпал етті. Сонымен бірге, біздің қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығаратын кез келді. Осы бағытта екі ел арасындағы Стратегиялық əріптестік туралы шартқа қол қойылады. Қазақстан үшін Өзбекстан өңірдегі маңызды əріптеске айналып отыр, бұған тауар айналымының 30 пайызға өсуі дəлел. Мұнымен де шектелмейді, біздің елдеріміз өзара тиімді саудадағы өздерінің экономикалық əлеуетін тағы толық көлемде пайдаланады деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өзара саудада тауар алмасу аясын кеңейту экономикалық өзара қарым-қатынастардың артуына да мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттігіне тоқталды. – Бүгінде біздің елімізде 118 қазақөзбек бірлескен кəсіпорны жұмыс істейді. Өзбекстанда жұмыс істейтін Қазақстан компанияларының саны 187-ге жетті. Біз екі ел нарығына капитал ену мүмкіндігін кеңейте түсу үшін инвестициялар жөнінде арнайы комитет құрамыз, – деді Қазақстан Президенті. Бұған қоса, Мемлекет басшысы біздің елдеріміздің Еуропа мен Азия арасында транзиттік көпір ретіндегі географиялық жағдайын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін көлік саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыруға назар аударды. – Өзбекстан өз транзиттік əлеуетін дамыту жөнінде белсенді шаралар қабылдайды, бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Елдеріміздің бұл бағыттағы күш-жігерін біріктіру қажет деп

санаймын. Екі ел үкіметтеріне осы саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын əзірлеу міндетін тапсыруды ұсынамын. Атап айтқанда, шекараларымыз маңында орналасқан облыстар арасында автобус қатынасын ұйымдастыру мəселесін қарау керек. Алматы-Ташкент бағыты бойынша жаңа жолаушылар пойызын іске қосудың келешегі зор, сондайақ, елдеріміз арасындағы əуе қатынасын дамытқан жөн, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміздің Арал теңізін құтқару ісіне белсене атсалысатынын атап өтіп, Өзбекстанның Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорына төрағалығы қор қызметін жаңа идеялармен толықтыратынына жəне Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі бағдарламаның үшінші кезеңін іске асыруға мүмкіндік жасайтынына үміт артатынын айтты.

Тарќатылмас тїйін жоќ

Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы су-энергетика саласында алаңдатарлық жағдай қалыптасып келе жатқанын атап өтті. – Елдеріміздің өңірдегі су-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ұстанымы сəйкес келеді. Бұл трансшекаралық өзендердегі жаңа гидроғимараттар құрылысына да қатысты. Тəжікстандағы достарымыз дауысымызды естіп, біздің мүдделерімізді ескереді деп үміттенемін. Су ресурстарын, əсіресе, ауыл шаруашылығына қажетті су ресурстарын тиімді жəне ұтымды пайдалану үшін бірлесіп күш-жігер жұмсау қажет, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Мемлекет басшысының Өзбекстан Республикасына ресми сапары аясында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров кеше Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Баходир Ташматовпен кездесті.

Кїн тəртібі ќаралды

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасында қауіпсіздік саласында қалыптасқан өзара қарым-қатынас деңгейіне оң баға беріп, сондай-ақ, Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етудің көкейкесті мəселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Өзбекстан

Депутаттардың қарауына бірінші оқылымға «Жол жүрісі туралы» жəне «Аза маттық қорғау туралы» заң жобалары тиісінше ілеспе түзетулерімен шығарылатын болды. Сонымен бірге, күн тəртібінің жобасына адам саудасына қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша екінші оқылымға заңнамалық түзетулерді шығару қосылды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Сапар аясындаєы кездесу

Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары ынтымақтастыққа қосымша серпін беру мақсатында екіжақты жəне көпжақты, оның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара ықпалдастықтың екіжақты тетіктерін пайдалана отырып, байланыстарды өзара мүдделі бағыттарда тереңдетуге ниеттерін білдірді.

Мəжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасы қалыптастырылды.

Уəде жəне үде

Жаѕаґзендегі перзентхана ќўрылысы: жыр мен сыр Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Халқы аз уақыт ішінде екі есе көбейген Жаңаөзенде қалалық пер зентхана құрылысы қолға алынған болатын. Бая-я-ғыда. Яғни, Жаңаөзендегі оқиғадан да, шағын қалаларды дамытуға арналған бағдарлама дайындалмастан да бұрын. Алайда, аталмыш бағдарлама аясында соңғы жылдары Жаңаөзенде бірнеше жаңа нысанның тұсауы кесілді, ал перзентхана құрылысы сол

сиыр құйым шақ қалпы. Тіпті, қалада бала саны артып, ескі перзентхана тарлық етіп, жаңасы қажет болып тұрса да... Құрылысы 2009 жылы басталған 100 орындық перзентхананың жүгі де, жыры да жеңіл болған жоқ. Жоспар мен уəде бойынша, ол осыдан екі жыл бұрын халық игілігіне тапсырылу керек болатын. Жаңаөзен қалалық перзентханасы 1972 жылы салынған. 80 орынды. Яғни өмірге нəресте əкелетін 10 мың анаға лайықталған еді. Бір палатада бірнеше əйел жатудан, дəлізде шұбырып, телміре

кезек күтуден құтылып, көне ғимараттан жаңасына көшуі тиіс еді. Босанған 6 ана, балаларымен 12 жан бір палатаға сығылысқан күн артта қалып, əр бөлмесі екі əйелге арналған, жеке жуынатын орындары бар, қабат сайын аналарға буын бұрқыратып ас беретін асхана жұмыс істейді делінген. Сол ғимаратта дүниеге келген торсық шекелердің жасы 2-ден асып, апыл-тапыл жер басып жүруі қажет еді. Аталмыш перзентханадан босаған ескі ғимаратқа қалалық ауруханадан бөлініп, Жаңаөзендегі 40-45 мың баланың денсаулығын күзетіп отырған қалалық балалар ауруханасын қоныстандыру көзделген. Иə, жоспар мен жоба бойынша солай болатын!

(Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.