Бїгінгі нґмірде: ХХІ єасырда жїзеге асќан алєашќы ауќымды бастама 3-бет «Біз Астана кґшесінде тўрамыз!» 4-бет Тəуелсіздік – ата тарихымызды ќайта зерделеуді ќажетсінеді 5-бет Жаћандыќ жарыс 6-бет
№136 (28360) 15 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады
● Өңір өмірі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия федералды канцлері Ангела Меркельге ел құрама командасының футболдан əлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы аса жоғары деңгейдегі шеберлік, керемет командалық ойын жəне жеңіске деген жігер Германия құрамасына лайықты қарсыластарынан басым түсіп, биік тұғырға көтерілуге мүмкіндік бергенін атап өткен. «Германия Федеративтік Республикасы құрама команда сының футболдан биылғы əлем чемпионатындағы тамаша жеңісіне жəне төртінші рет
Жїзбелі сауда нїктесі Жайыќ ґзені жаєасында тўрєындарєа арзан балыќ сатыла бастады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Атырауда алғаш рет Жайық өзенінде жүзбелі сауда нүктесі ашылып, балық пен балық өнімдерін ұсына бастады. Өңір жұртшылығына арзан бағамен «су маржанын» сатуға «Амангелді» өндірістік кооперативі оң қадам жасап отыр. Балық аулап, бірнеше түрлі балық өнімдерін шығаратын кооператив басшысы Мұрат Əмірғалиевтің айтуынша, тірі балық түрлерін сатуға
«Ка зах рыбхоз» қауымдастығы ұсыныс жасапты. Бұл ұсынысқа жергілікті əкімдік қолдау білдіріпті. Жайық өзені үстіндегі жүзбелі сауда нүктесі таңғы сағат 10нан кешке дейін жұмыс жасайды. Мұнда сатылатын балықтың бағасы қала базарларындағыдан əлдеқайда, тіпті екі есеге жуық арзан деуге болады. Мəселен, тірі сазанның бір килосы 300 теңгеден саудаланады. Тірі балықтың түріне қарай баға да əртүрлі, ең арзаны 80 теңге болса, ең
● Үкімет назарына
Жиырма тґрт жыл єана єўмыр кешкен, жїз жылдыєы жаќындаєан жазушы Саттар Ерубаев еленсе екен Мархабат БАЙҒҰТ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақ елі, қазақ мемлекеті, қазақ əдебиеті үшін ақын, жазушы, публицист, драматург Саттар Ерубаевтың жөні бөлек, жосығы ерек. Бар болғаны жиырма төрт жыл ғана өмір сүрген жалынды жас қаншама тірліктер тындырып үлгерді десеңізші! Сол жарық жұлдызыңыз биылғы қазан айында жүз жасқа толады. 2014 жыл. Саттар Ерубаевтың жүз жылдығы. Қазақ əдебиетіндегі баллада дейтұғын бөлекше жанрдың бастау көзі – Саттар. Фантастикалық новеллистиканың да тұңғыш қайнарларын Ерубаевтан табасыз. Пародияңызды да бастап бергендердің бірегейі Ерубаев. Драмасы тағы бар. Ал енді «Менің құрдастарым» романы нағыз жаңашылдықтың үлгісі болды. Өз кезінде. Қазіргі күнде де жаңашылдықты сезіндірер. Лев Толстойыңыздың сөзі бар: «Ешқашан ескірмейтін жаңалық, ол – талант. Себебі, талант əрқашан жарық жұлдыздай жарқырап тұрады». Əдебиетіңіздегі жарық жұлдыздар дегенде ең біріншілердің қатарында Саттар Ерубаевтың тұратынын ешкім де жоққа шығара алмайды. Саттар Ерубаев туралы аз айтылған, аз жазылған дей алмаймыз. Зейін Шашкин, Асқар Лекеров, Əбіш Байтанаев, Мырзай Алтынбекова, Мұхаметжан Қаратаев, Əбділда Тəжібаев, Тұрсынбек Кəкішев, Əдіһам Шілтерханов, Ғафу Қайырбеков, Бейбіт Қойшыбай, Фарида Құжымова, Жарылқасын Боранбай, Сəрсенбек Сахабат... Бұлардың ішінде тереңірек зерттеуге тырысқандар да, тиіпқашып бір азырақ пікір білдіргендер де бар, əрине. Саттар ұрпақтармен бірге жасай берер. Ерубаев ешқашан ескірмек емес. Алайда... Жауһар жазушы, парасаты биік қаламгер Əдіһам Шіл терханов Саттар хақында неғұрлым
жан-жақты еңбектенген, кемел зерттеп, кенен зерделей сөз қозғаушылардың қатарында. Сол Əдекең əдіптейді: «Саттар, əрине, Пушкин де, Лермонтов та емес. Сөйтсе де, Саттар – Саттар ғой! Қазақтың Саттары көп пе? Халқымызда қаншама талантты перзенттер бар. Олардың саны арта береді. Бірақ оның бірі де Саттар бола алмайды. Саттар қашанда да дара тұрған, көптеген ерекшелігімен қайталанбайтын тұлға ғой!». В.Беседин дейтұғын орыстың ойшыл ғалымы Саттар Ерубаевтың бір əңгімесін оқып қайран қалған. Болашақ соғыс туралы фантастикалық əңгімесінде дарынды жас жазушының өз кезеңінен қырық жыл кейін келетін жаңалықтарды ғажайып көрегендікпен болжағанын дəлелдейді. Ол жаңалықтардың ішінде «автожектор», «ракетоплан», «живой электрический текст» сияқты кереметтер келтірілген. Біз бұл мақаламызда Саттар Ерубаевтың кім екенін, Алаш жұрты, қазақ халқы, бүгінгі жəне ертеңгі ұрпақ үшін қаншалықты қымбат та қасиетті тұлға екенін, ешқашан ескірмейтін шығармалары асыл мұра болып қала беретінін дəлелдегелі отырған жоқпыз. Биыл, яки, 2014 жылы жүз жылдығы жақындап қалған Ерубаев еленсе екен демекпіз. Ерубаевыңыз елдік деңгейде еленіп отырған жоқ. Үкіметіңіз назар аудармаса болмайды-ау. Шымкент дейтұғын шаһарыңызда Саттар Ерубаев атындағы мектеп бар. Оның директоры – Ұлжалғас Əшімқызы Есім. Саттар Ерубаевтың немере қарындасы. Ерубайдан Асқар. Асқардан Есім, Қасым, Саттархан, Сапархан. Саттарханыңыз – Саттар. Есімнен Əшім. Əшімнен Ұлжалғас. Көп жылдар бойы мектептерде басшы болып жүрген, ізденімпаз, ізгілігі мол жан. (Соңы 3-бетте).
қымбатының бағасы 350 тұрады. Бұған тұрғындар да ризашылығын алғашқы күннен білдіре бастады. – Базардағы балықты 500 теңгеден алып жүрсем, енді сондай балықты 250 теңгеге сатып алдым. Бағасы арзан, базардағыдай емес, шоршып жатқан тірі балықтың дəмі де өзгеше болады, – дейді қала тұрғыны Қарашаш Ахметжанова. – Ең бастысы, қай кезде келсең де мұнда қалаған балығыңды алуға таңдау бар. «Амангелді» өндірістік коо пе ративі тек ірі балықты
ға на сатпайды. Сонымен бірге, кептірілген, ысталған балық өнімдерін қосқанда, «су маржанының» жиырмадан астам түрін ұсынады. Мұндай балық өнімдерінің бағасы базардағыдай емес, жұртшылық көңілінен шығып отыр. «Жақын арада тағы да осындай екі жүзбелі сауда нүктесін ашу жоспарымызда бар. Өйткені, алғашқы күннен тірі балықтарға, сондай-ақ, балық өнімдеріне сұраныстың молдығына көзіміз жетті», дейді кооператив басшысы Мұрат Əмірғалиев.
Сұраныс демекші, аталған кооперативтің жүзбелі сауда нүктесінде бір күнде 3 тоннаға жуық тірі балық түрлері сатылды. Айтпақшы, тұтынушыға делдалсыз «су маржанын» ұсынған өндірістік кооператив басшылығы енді балықтан тез тағам түрлерін дайындайтын шағын кафелер ашуды қолға алғалы отыр. Атырау облысы. ––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.
чемпион атануына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Дүниежүзі қауымының назарын аударған Германия командасының бұл жеңісі футбол тарихында айрықша із қалдырды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге жəне достас Германия халқына алдағы уақытта да жеңістерге жете беруге тілектестік білдірді.
Ќысќа мерзімді демалысќа шыќты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалыста, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Озып шыќќанєа ґріс кеѕ
Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинг физика пəнінен 45-ші халықаралық олимпиаданы (IPHO-2014) өткізу барысына арналды. Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Кеше физика пəні бойын ша 45-ші халықаралық олимпиаданың ресми ашылуынан соң Орталық коммуникациялар қызме тінде Білім жəне ғылым министрінің қатысуымен кішігірім жиын өткізілді. Онда олимпиадаға еліміздің атынан кімдер қатысатыны, жеңімпаз
атанса қандай жеңілдіктерге ие болатыны, сондай-ақ, халықаралық олимпиаданы өткізудегі мақсат жайында бірқатар мəліметтер берілді. Министрдің айтуынша, елордадағы Назарбаев Университетінде 13-21 шілде аралығында өткізілетін білім сайысына əлемнің 85 елінен 700 қатысушы келіп отыр. (Соңы 3-бетте).
● Ел тынысы: мың бір мысал
Ана мен бала орталыєы ашылды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Жақында Қызылордада 200 адамға арналған облыстық перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды. Денсаулық сақтау нысаны 4 қабаттан тұрады. Мұнда əйелдер мен жаңа туған нəрестелерге неонатология, анестезиология, реаниматология, акушерлік жəне гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі. Ана мен бала орталығы жаңа заманауи медициналық құралжабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта 80 төсек туу бөліміне арналса, оның 12-сі жеке босанатындар мен 10-ы реанимация бөліміне арналған. Ал жүкті əйелдер үшін 35 төсек қарастырылса, нəрестелерге 50 орын, гинекология бөліміне 35 жатын орын беріліп отыр. Сондай-ақ, орталықта кеңес беру диагностикалық емханасы да жұмыс жасамақ. Бұл өз кезегінде отбасы жоспарлау, генетик, гинеколог-эндокринолог, жатыр мойнының патологиясы жəне түсік қаупінің алдын алуға арналады. Алдағы уақытта мұнда қолдан ұрықтандыру мен генетикалық орталықтардың ашылуы да жоспарда бар. Орталықтың неонатальды хирургиясының дамуы да бір жүйеге келтірілмек.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Қазақстанда 66 млн. 840 мың кітап сандық форматқа көшіріледі. Оның жайын айтып берген «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайдың мəлімдеуінше, кезінде элитарлық мəдениетке айналған бұл мəселе еліміздегі мəдениет саясатының тұжырымдамасы арқылы қолға алынғалы жатыр. Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған құжат үш кезеңде жүзеге асырылады. ● «Астана Опера» алғашқы «Жібек жолы» халықаралық фестивалін өткізеді. Осыған орай елорда театрының сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресей жəне Қазақстан опера жəне балет жұлдыздары өнер көрсетеді. Астана тұрғындары мен қонақтары жоғары өнер мерекесін 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тамашалай алады. ● Шымкентте тұратын жастардың
– Аймағымызда халық денсаулығын жақсартуда ілкімді істер атқарылуда. Əсіресе, ана мен бала өлімін азайтуға айрықша мəн беріп отырмыз. Нəтиже бар. Өңір табиғи өсім бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан мұндай
саны 240 мыңға жуықтады. Бұл туралы «Шымкент жастары» МКМ директорының міндетін атқарушы Абзалбек Үбелтаев мəлімдеді. Оның айтуынша, үстіміздегі жылы жастар саясатына бөлінген қаржының көлемі ұлғайып отыр. Ал шымды шаһардағы жастардың 145 518-ін оқушылар, 94 103-ін студенттер құрайды. ● Қызылорда ғалымдары жемшөптік дақылдардың жаңа сұрыптарын шығарды. Сыр бойындағы бас қаладағы «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС мамандары қазір тұз бен қуаңшылыққа төзімді жаңа көп жылдық өсімдіктер мен жаздық арпа сұрыптарын шығарумен айналысуда. Қазіргі таңда аграрийлер назары институтта селекциядан өткен жоңышқаның «Түркістан-15» атты жаңа сортына ауып отыр. ● Шығыс Қазақстанда кеме жүзетін Шүлбі шлюзі 2015 жылы іске қосы лады. Қазіргі кезде бұл нысанда қорғаушы гидротехникалық құрылғының
орталықтың облыс үшін маңызы зор. Ең бастысы бұл нысан бас қаламыз Астана күні қарсаңында пайдаланылуға берілді. Бұл Сыр елінің бас қаламызға тартуы,– деді облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Соңғы 2 жылда Қызылорда облысында
негізгі элементтерін құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Осымен қатар алдағы құрастыру үшін жабдықтар мен металл құрамалары əзірленіп жатыр. ● Кеше Қарағандыда еліміздегі ең ірі «Арман достар ордасы» жатақханасы ашылды. Ол Білім жəне ғылым министрлігінің «Студенттік баспана» бағдарламасы шеңберінде салынды. Мұнда 822 студент тұратын болады. Тоғыз қабатты жаңа жатақхана ғимараты университет кампусында орналасқан. ● Атырауда жол бойына 20 млн. теңгенің гүл сағаты орнатылды. Ол қала мен əуежайды байланыстыратын аймақтағы алғашқы төртжолақты тас жолдың облыс орталығына кіреберісіне орнатылған. Сағаттың механизмі Украинада жасалған. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Alau.kz, Egemen.kz сайттарының деректері бойынша дайындалды.
ана өлімі 30 пайызға, сəбилер өлімі 27 пайызға төмендеді. Ал 3 жылда өңірде 39 медициналық нысан пайдаланылуға берілсе, биылдың өзінде 18 денсаулық сақтау мекемесі ашылады деп жоспарлануда. Жаңадан пайдаланылуға берілген перинаталды орталық ана мен балаға көмек көрсететін барлық емдеу, сауықтыру, аурудың алдын алу ұйымдарының үйлестірушісі болады. Бұл жерде мамандар даярланып, өзара тəжірибе алмасады. – Республика бойынша дəл осындай 21 орталық бар. Мұнда жұмыс жасайтын 14 неонатолог, 7 реаниматор мамандар арнайы даярланды. Жалпы, елімізде босанудың орташа көрсеткіші 23,3 пайыз болса, Сыр елінде аталған көрсеткіш 28 пайызды құрап отыр,– деді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Акушерия, гинекология жəне перинатология» ғылыми орталығының директоры Талғат Құдайбергенов. Ана мен бала орталығында 100-ге жуық дəрігер қызмет жасаса, 204 орта буын жəне 193 кіші буын қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Штаттық бірліктің 110 орны əкімшілік пен шаруашылық бөліміне қарастырылған. ҚЫЗЫЛОРДА.
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.