15072015

Page 1

24 саєат №133 (28611) 15 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

Мен їшін еѕ ќымбат сый – Ќазаќстанныѕ жетістіктері

Аќтґбеде жаѕа электр стансасы іске ќосылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне жəне Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі туралы хабарлады. Онда былай делінген:

Қадірлі қауым! Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне жəне мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері жəне ел азаматтары бар. Жылы лебізді тілектер əлемнің түкпір-түкпірінен жəне еліміздің барлық өңірінен келді. Əсіресе, мені толқытқаны – жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеңдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамның жүрегін тебірентеді. Биыл 17 жасқа толған елорда – ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мəнді бөлшегі. Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық – Қазақстанның жеткен жетістіктері. Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау, əрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін! Əрқайсыңызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді əрқайсыңызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер. Өз тарапымнан баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 Сүйінші!

Конкурс – біреу, Гран-при – екеу!

Өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инновациялық жоба – Ақтөбе рельс арқалықтары зауытында қуаты 38,9 МВт газпоршенді электр стансасы пайдалануға берілді. Газ-поршенді электр стансасын пайдалануға беру кəсіпорынға болат прокаттарын өндіру шығындарын кемітуге, сондай-ақ, аймақтың электр қуатына деген қардарлық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Жылдық қуаты 450 мың тонна өнім өндіруге есептелген рельс арқалықтары зауытының жалпы құны 399,2 миллион АҚШ долларын құрайды, қажетті қаржының 61,2 пайызын «Қазақстан даму банкі» АҚ 10 жылға жеңілдікпен беріп отыр. Ақтөбе рельс арқалықтары зауыты жылына 220 мың тонна теміржол рельстерін, 230 мың тонна швеллер, тастама сияқты сортты өнімдер шығарады. Зауыт іске қосылғанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың теміржол рельс теріне деген қажеттілігі толық өтеледі. Сондайақ, бұл өнімдерді Өзбекстан,

Түрікменстан, Əзербайжан жəне басқа елдердің нарығына шығару көзделуде. Кəспорынға инже нерлік инфрақұрылымды жүргізуге «Бизнестің жол картасы-2020» жəне «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 3,1 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді. Жаңа электр стансасы төрт модульді құрылғылық стационарлық агрегаттан тұрады. Зауыттық дайындықтағы қосалқы қондырғылар модульдері өндіріс

Кеше түнде «Мир» арнасынан берілген қо рытынды хабарда Димаш қазақтың тамаша халық əндерінің бірі «Дайдидауды» шарықтата шырқап, конкурстың Гран-при жүлдесін лайықты алғанын даусыз дəлелдеді. Жасы 21-ге жаңа толған Димаш Құдайберген Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі. Ол бұған дейін эстрада орындаушыларының «Восточный базар-2012» конкурсында жеңіске жеткен, ал 2013 жылы жас орындаушылардың «Мейкин Азия» халықаралық фестивалінде бас жүлдені алған. «Славянский базар» фестива лінің аясында өткен «Витебск-2015» балалар музыкалық конкурсының Гран-при жүлдесі де бізге бұйырды. Оны жеңіп алған – 10 жасар қазақстандық бүлдіршін əнші Луиза Нұрқуатова. Жас дарындарымыздың жеңісті жолы жалғаса берсін! «Егемен-ақпарат».

Мұнда 18 жаңа жұмыс орны ашылды. Газ-поршенді электр стансасын пайдалануға берудің арқасында рельс арқалықтары зауытының электр қуатын көп қажет ететін прокат өндірісі толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілді. Іске қосылған электр стансасы кəсіпорынның сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, қала қажетіне 20-25 МВт электр қуатын бөлетін болады. Ақтөбе облысы.

Алда ќауырт жўмыс кїтіп тўр Парламенттік сессияның жабылар алдындағы Сенаттың кешегі соңғы отырысында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығармашылық жұмыстың қорытындысына кеңінен тоқталды. Төраға Парламенттің бесінші шақырылымдағы төртінші сессиясы кезеңінде еліміз маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар мен ауқымды реформалар бастауының куəсі болғандығын ерекше атап кетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Елімізде президенттік сайлау өтті. Отандастарымыз өз болашағын жасампаз еліміздің Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен тығыз

байланыстыратын тарихи таңдауын жасады. Халқымыз Мемлекет басшысының ел экономикасын жеделдетіп дамыту мен халықтың əл-ауқатын арттыру жолындағы бағыт-бағдарына толық қолдау білдіріп, Елбасының ерен еңбегіне əділ бағасын берді,

Ўйым жўмысына бастау берген актіге – 40 жыл Газет беті қатталып, қол қойыл ғалы жатқан кезде еларалық «Мир» телеарнасы əрбір қазақ стан дықтың жан-жүрегін қуанышқа бөлейтін жақсы жаңалықты жеткізді. Беларусь Республикасының Витебск қаласында жаңа ғана аяқталған «Славянский базар» фестивалінде біздің екі жас өнерпазымыз айды аспанға шығарып, екі бірдей Гран-при жүлдесін жеңіп алды! Əуелде əлемге əйгілі «Джамайка» əнін əуелетіп орындауымен көзге түскен жас əнші Димаш Құдайберген Витебск фестивалінің жарық жұлдызына айналды. Конкурстың алғашқы күнінде Константин Меладзенің «Опять метель» деген хит əнін орындағанда Димаш мүмкін болған 90 балдан 89 балл алып, көрермендердің көзайымына айналды. Атақты əнші Болат Бюль-Бюль оғлы бастаған жюри мүшелері əншінің бес октаваға дейін созылатын дауыс диапазонын ерекше бағалады.

жағдайында сынақтан өткізілуде, бұл құрастыру мен сынақ мерзімін қысқартуға, тиісінше құрылыс алаңында құрастыруға жəне сынақтан өткізуге кететін шығындарды кемітуге алғышарт жасады. Стансадағы автоматты басқару жүйесі мен мониторинг қондырғылардың генератор ларын, олардың қосалқы механикалық жəне электр-техникалық жүйесін қауіпсіз, сенімді, тиімді жəне ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді.

Жақында Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына бастау берген, осыдан 40 жыл бұрын Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылған «Финляндия Холл» тарихи конгресс сарайында ЕҚЫҰға мүше мемлекеттер жоғары деңгейдегі делегация өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға қатысушылар Ұйымның 40 жыл ішіндегі жұмысын қорытындылай келе, ЕҚЫҰ жұмысының тиімділігін арттыру мен жетілдіру жолдары бойынша пікір алмасты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастаған қазақстандық делегация қатысты. Қазақстан делегациясының басшысы өзінің сөзінде Астана декларациясының рухани ерекшеліктеріне сəйкес ЕҚЫҰ кеңістігінде бірыңғай қауіпсіздікті нығайту мен қауіпсіздік желісінің үзілуін болдырмау қажеттілігіне назар аударды. Халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту тұрғысында қазақстандық тарап, сенім шараларын қамтамасыз

етуді қоса алғанда, қолда бар қауіпсіздіктің тəжірибелік тетіктері мен тəсілдерін жаңғыртуға шақырды. Іс-шара шеңберінде ЕҚЫҰға қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерінің бейресми пікір алмасулары өткізілді. Еуропа қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге, соның ішінде Украинадағы шиеленістің ЕҚЫҰ аумағындағы тұрақтылыққа əсері аясындағы мəселелерге ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар, сонымен бірге, алдағы желтоқсан айында Белградта өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына дайындық мəселелерін қарастырды. «Егемен-ақпарат».

– деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Төраға бұл ретте уақыттың сынқатерлеріне дайын болу үшін заман талабына сай жедел əрі тиімді шешімдер қабылдауға əрдайым əзір болудың маңыздылығы арта түскендігін, осы сын-қатерлердің теріс салдарына сындарлы жауап ретінде Елбасы Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялағандығын алға тартты. «Мемлекет басшысы Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында «Қазақстан-2050»

Стратегиясын жүзеге асырудағы басым іс-шараларға тоқталып, заң шығарушылық қызметтің негізгі бағыттарын белгілеп берген болатын. Осы мақсаттарды орындау барысында Парламент 113 заң жобасын қарап, қабылдады. Олардың ішінде Президенттің мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған маңызды заң жобалары жедел түрде қабылданды», деді өзінің сөзінде Қ.Тоқаев. (Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

 Ауғанстанда тыныштық орнамай тұр. Елдің шығысындағы Хост қаласындағы жанкешті жасаған террорлық актіден 30-дан астам адам қаза тапса, оның 12-сі – бала. Ал солтүстікте мешіттің жанында ұйымдастырылған жарылыстан кем дегенде 25 адам көз жұмған. Кабулда қатарынан жасалған екі терактіден опат болғандар жоқ.  Теһран мен МАГАТЭ жол картасына қол қойды. Осы құжаттың аясында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты барлық мəселелер мен қарама-қайшылықтар реттелетін болуы тиіс. Құрамында АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлы британия, Франция жəне Германия бар алты халықаралық бітімгерші мен Иран осы лайша алдағы кезеңде өзара іс-əрекеттерін үйлестіріп отырмақ.  Ресейдің Хабаровск қаласының түбінде стра тегиялық ТУ-95МС бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады. Апат жоспарлы оқу-жаттығу ұшырылымы кезінде орын алған. Ұшақтың төрт моторы да бірден істемей қалыпты. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Бір ұшқыш қаза тапса, бірнешеуі жараланған.  Дүниежүзілік футбол федерациясы (ФИФА) АҚШтың Сенат комиссиясының осы ұйымның бұрынғы президенті Йозеф Блаттерден сұрақ алу жөніндегі тапсырысын қабылдамай тастады. Бұл туралы сенатор Джерри Моран Гаррет Тернердің өкілі хабарлады. Бас тартудың себеп-салдары нақтыланбайды.  Мексика билігі есірткі картелінің басшысы Хоакин Гусманның қашып кетуіне байланысты, түрменің директорын қоса алғанда, 49 қызметкерін қамауға алды. Олардың аса қауіпті қылмыскердің із жасыруына қатысы барлығы немесе жоқтығы тексерілмек. Қатаң режімдегі түрмеден біреудің көмегінсіз қашып шығу мүмкін емес көрінеді.  Америкалықтардың үштен бірі қара нəсілділердің полиция қолынан қаза табуы өсе түсуін АҚШ-тағы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында нəсілшілдік көзқарастың таралуымен байланыстырады. Сұрау салынғандардың, тіпті, 51 пайызы полиция негрлерді негізінен қоғамдағы зорлықзомбылықтың өсе түсуімен байланысты атады деп есептейтіндерін білдірген.  New Horizons автоматты планетааралық стансасы Плутонға осыдан 9 жыл дан астам уақыт бұрын ұшырылған еді. Аталған станса кеше Плутонға барынша жақындап, оның шын мəнінде бұрынғы есептелгенінен айтарлықтай үлкен екенін айғақтап берді. Əйтпесе бəзбіреулер Плутонды планета деп есептеуге негіз жоқ, өйткені, оның көлемі тым шағын деп болжам жасап келген болатын.  Қытайдың ұялы телефон желілерінде пайдаланылатын смартфондар саны АҚШ-тың, Бразилия мен Индонезияның халықтарын қоса есептегендегіден асып түсті (сəйкесінше – 319, 200 жəне 250 млн. адам. Барлығын қосқанда 769 млн.). ҚХР-да үстіміздегі жылдың І тоқсанында белсенді қолданылған смартфондар саны 913 млн.-ды құраған.  Ресейдің Орталық банкі алғаш рет жалған теңгені анықтады. Үстіміздегі жылдың ІІ тоқсанында екі 10 мың дық купюра табыл ған. Барлығы шет мемлекеттердің 767 жалған банкноты табылғаны белгілі болып отыр. Оның көбі қытай юані болып табылады.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды.

Ќош бол, Кванджу! Кґріскенше, Тайбэй!

4-бет

САХАЛИН С РГІНІ

ТӨБЕТ пен ТАЗЫ

5-бет

Есімде менің... сол бір кез!

7-бет

10-11-беттер


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.