15112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Азаматтық форум

– мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басты үнқатысу алаңы

2-бет

Басты бағдар – этносаралық төзімділік 3-бет Өзі биік, көзге күйік 5-бет Министрдің орынбасары орнынан тұрған да жоқ 14-бет

№254 (28193) 15 ҚАРАША ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Жауапкершілікті ќатайтпай, жаєдай жаќсармайды

 Демократия – даму даңғылы

Əкімдер сайлауы кґпшілік кґѕілінен шыєатындай деѕгейде ґтті

Тəуелсіз еліміздің Тұңғыш Президен ті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен жəне «Қазақстан-2050» Стра тегиясында жергілікті өзін өзі басқаруды одан əрі дамыту туралы берілген тапсырмасына сəйкес аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың əкімдерін сайлау табысты өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ќаралєан мəселелерге – наќты тапсырма

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Министр елдегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі, қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары жəне қоғамдық құқық тəртібін қамтамасыз ету туралы баяндады. Қазақстан Президенті жасалған барлық құқық бұзушылықты түгел тіркеу жəне қылмыстың алдын алудың жүйелі жүргізілуі қажеттігіне тағы да назар аударды. Өз кезегінде Қ.Қасымов құқық бұзушылықтың барлық түрін түгел тіркеу есебінен олардың саны 28%-ға артқанынан хабардар етті. Бұл ретте кейбір аса ауыр қылмыстың – 13%-ға, кісі өлтірудің 13,5%-ға төмендегені, сондай-ақ, тонау мен қарақшылық деректерінің азаюы байқалғаны атап өтілді. Бұған қоса, Мемлекет басшысы еліміздің көлік жолдарында апаттың көбейгеніне жəне оны азайту үшін шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды. – Бүгінде елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан жолдарда адамдардың опат болуы жиі орын алуда. Мысалы, жыл басынан бері жол жүру ережелерін бұзудың 2,5 миллионға жуық, мас күйінде көлік жүргізудің 26 мың фактісі тіркелген, 2400 адам қаза болып, 80 мыңнан астам адам зардап шеккен, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ішкі істер министрі Үкіметтің биылғы қазан айындағы кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері жөнінде Президент берген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы мəлімдеді. – Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтуға бағытталған тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар əзірленді. Мы салы, жылдамдық режімін 40 км/ сағаттан арттырғаны үшін жəне қарсы бағытқа шығып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айыру, ал мас күйінде көлік жүргізгені үшін 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салу, 300 сағат қоғамдық жұмысқа салу немесе сот шешімімен 6 ай əкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделеді, – деді Қ.Қасымов. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан əрі арттыруға, қылмыстық озбырлықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейтуге, ішкі істер органдарында заңдылық пен тəртіпті нығайтуға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан əрі – Агенттік) бөлу жолымен оған: 1) Қазақстан Республикасы Бəсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінен – тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен жəне нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн (бұдан əрі – Комитет) таратсын; 2) таратылатын Комитеттің жəне жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың тиісті штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз етсін; 3) таратылатын Комитеттің құқықтары мен міндеттері бойынша Агенттікті құқықтық мирасқоры деп белгілесін; 4) Агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уəкілетті орган деп белгілесін, сондай-ақ оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі функциялар берілсін; 5) 2013 жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдасын; 6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі». 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 13 қараша. № 691

М.Құл-Мұхаммед мəдениет саласын жəне ақпараттық кеңістікті жаңғырту, сондай-ақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы мемлекеттік телеарналарды оңтайландыру жəне мазмұндық сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Министр ақпараттық саясаттағы тиісті жұмыстардың жүргізілуі туралы мəлімдеді. Атап айтқанда, мүлікке түгендеу жүргізу нəтижесінде ешқандай қызмет жүргізбеген бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тіркеуден алынып тасталды. Бүгінде елімізде нақты жұмыс

істейтін 2105 БАҚ тіркелді. Олардың қатарында 1360 газет, 511 журнал, 49 радиостанса, 71 телекомпания бар. Бұдан бөлек, кездесу барысында «Астана Опера» театры қызметі мəселелері, Ұлттық мұражай құрылысы мен оның коллекциясын қалыптастыру, ірі халықаралық іс-шараларды, мəдениет күндерін өткізу барысы, сондай-ақ ономастикалық комиссиялар жұмысын жетілдіру жайы талқыланды. Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Екі жоба ќолдау тапты

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Күн тəртібіне сəйкес депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасы Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы мен түпкі нəтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында əзірленді. Бұл жобамен еліміздің Бюджет кодексі мен «Концессиялар туралы» жəне

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару туралы» заңдарға өзгерістер енгізу көзделеді. Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері шығыстарының лимиттері енгізіледі. (Соңы 2-бетте).

Əмірхан РАХЫМЖАНОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Бұл оқиға, шын мəнінде, халықтың көңілінен шыққан демо кратиялық сайлау үдерісінің айқын көрінісі болды. Атап айтқанда, биылғы 5-9 тамыз аралығында өңірлерде 2457

ауыл əкімінің сайлауы өткізілді. Енді осы сайлаудың ұйымдастырылу жəне өту барысына қысқаша тоқтала кетейін. Мысалы, заңнамаға сəйкес, жергілікті қо ғам дастықпен жүргізілген кеңесулерден кейін сайлауға 6740 үміткер қатысты (орташа есеппен алғанда бір орынға 3 үміткер түсті). (Соңы 3-бетте).

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Бўрынєы балабаќшалар

бїгінгі ќордаланып ќалєан тїйінді мəселелерді тїбегейлі шешпейтінін Петропавлдаєы жаєдайдан аныќ байќауєа болады Əлеуметтік салада күрмеуі қиын жайттардың бірі – балабақшалардағы орын жетіспеушілігі. Мəселенің əлі өткір күйде қалғанын Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында қадап айтты. Бүгінде сəби дүниеге келісімен мектепке дейінгі мекеме кезегіне қою үрдісінің жаппай сипат алғаны ешкімге таңсық емес. Облыс орталығында 2 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам сəбидің тізімде тұруы, пісуі жеткен толғақты проблеманың жуық арада шешімін таппайтынын аңғартқандай. Балабақша тапшылығын жою үшін енді қайтпек керек деген сауалға жауап іздеуге тырыстық. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

КЕЗЕК САНЫ АЗАЯР ЕМЕС Мақаланы даярлау барысында «Елбасының бастамасымен «Балапан» бағдарламасы қабылданбағанда жас отау иелері əбден тығырыққа тірелгендей екен», деген пікірлерді жиі естідік. Айтулары дұрыс. Қуатты жоба ел

көлемінде жүзеге асырылғаннан бері 4 мыңнан астам балабақшалар мен шағын орталықтардың іске қосылуы, Мемлекет басшысының шешімімен 2020 жылға дейін ұзартылуы ана мен балаға, ұлт денсаулығына жасалып жатқан кешенді шаралардың мысқалдай ғана бір мысалын танытса керек. (Соңы 5-бетте).

 Жұлдыздар жарығы

Əлемді тербеген тенор Хосе Каррерас Астанада əн шырќады Сауытбек АБДРАХМАНОВ. Бойымыз үйреніп барады. Қазақстанның ЕҚЫҰ сынды аты жер жарған ұйымға төрағалық еткеніне де, сол ұйымның он бір жылдан бері шақырылмай жүрген Саммитінің Астанада өткеніне де, Азиаданың ойдағыдай ұйымдастырылып, онда Қазақстан құрамасының тамаша жеңіске жеткеніне де, еліміздің əлемдегі жоғары дамыған елу елдің қатарына жеткеніне де, Астананың дүние дидарындағы ең даңқты көрме – ЭКСПО-ны өткізу құқына қолы жеткеніне де, бокстан əлем чемпионатының Алматыда өткеніне де, жұдырықты жігіттеріміздің командалық есеп бойынша дүние жүзіндегі бірінші орынға жеткеніне де... қысқасы, бəріне де таңданудан қалып барамыз. Осының бəрі осылай болуға тиісті сияқты көріп барамыз. Əрине, артық мақтан адамға да, мемлекетке де жараспайды. Сонымен бірге, қолда бардың қадірін, бастағы бақтың бағасын білген де жақсы. Мұның бəрі өздігінен келіп жатпағанын, біреу бізді жарылқап беріп жатпағанын түсінген де жақсы. Мұның бəрі еліміздегі ерен еңбектің арқасы. Далада да, қалада да төгілген тердің арқасы. Ата-бабамыздан мирасқа қалған кең-байтақ, асты да, үсті де байлыққа толы жердің арқасы, сол жерге иелік етіп, берекелі, тыныштықты, тату өмір сүріп жатқан елдің арқасы, сол елді бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақта ұстап, бір биіктен бір биікке бастап бара жатқан ердің арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың елдікті еңселенту, тəуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы қайратты да құтты қадамдарының бірі де бірегейі – ұлттық валютамызды

енгізуі. Дəл бүгін сол оқиғаға – Қазақстан Республикасында теңгенің енгізілгеніне 20 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай алдыңғы күні «Астана Опера» сахнасында тамаша кеш ұйымдастырылды. Өзінің 90 жылдығын да қатар атап өткен Қазақстан Халық Банкі ол кешті «Халықтық мерейтой» деп атапты. Иə, шын мəнінде халықтық мерейтой болды «Астана Операда». Осыдан жеті жыл бұрын Астанада Бейбітшілік жəне келісім сарайы ашылып еді. Сол оқиғаға орай ұйымдастырылған «Əлемдік жұлдыздар Астанада» атты халықаралық фестивальде дүйім дүние примадоннасы, атақты опера əншісі

Монтсеррат Кабалье əн шырқап еді. «Біле білген адамға бұл да біздің бір биігіміз. Жаңа өнер отауының салтанатты

ашылуына əлемге əйгілі дүлдүлдерді, бұлбұлдарды шақыру ежелден бар дəстүр. Заманында Нью-Йорктегі КарнегиХоллды ашқан күні оркестрге дирижерлік ету үшін америкалықтар жер түбіндегі Санкт-Петербургтен П.И.Чайковскийді алдыртқан. Қазір Карнеги-Холл өзінің дирижерлік пультіне тұрған алғашқы адам ұлы Чайковский екенін мақтаныш етеді, мұны бағдарлама қағаздарында еске салып тұрады. Уақыт алға жылжып, заман көші жалғасар, атам қазақ аңсаған қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын күндер де келер, əлі бас қаламыздың бас сахнасына əлем өнерінің талай-талай жұлдыздары көтерілер. Сонда олардың есіне Пирамида төрінде əн салған алғашқы əнші екінші мыңжылдықтың ұлы примадоннасы деп даусыз мойындалатын Монтсеррат Кабалье болғанын біз де салармыз», деп жазған екенбіз «Əлемге əйгілі əнші» айдарымен жарияланған «Кабалье» атты мақаламызда («Егемен Қазақстан», 2006, 5 қыркүйек). Міне, сол күн де келді. Астанада ғажайып театр салынды. Жақында, 21 қазанда «Астана Операның» əлемдік таныстырылымы өтті. Вердидің «Аттила» операсынан кейін бүгінде аты музыка əлемінде дүрілдеп тұрған хас шебер, дүние жүзіндегі ең атақты театрлардың оркестрлеріне дирижерлік еткен Валерий Гергиев Елбасымызға қаратып былай деді: «Ең алдымен, ардақты Нұрсұлтан Əбішұлы, Сізге рахмет айтқым келеді. Сіз ерекше үлкен жұмыс тындырғансыз. Мен бұл елде мəдениетке қандайлық көңіл бөлінетінін білемін. Сіздердің бүгінгі өмірлеріңіз тамаша. Сіздердің ертеңгі өмірлеріңіз керемет болады. Мынау сұлулық, мынау сəн-салтанат елдің рухының асқақтауына қызмет етсін. Мемлекеттің мəдени өрлеуі, рухани өрлеуі елдің экономикалық дамуымен бəсекеге түссін. Қазірдің өзінде солай болып та жатыр». Қазірдің өзінде солай болып та жатқанының бір дəлелі – алдыңғы күні «Астана Опера» сахнасында əлемге əйгілі əнші Хосе Каррерастың концерт беруі. (Соңы 14-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.