15112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№224 (28447) 15 ҚАРАША СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Мўнайлы Маѕєыстаудыѕ мəртебесі биік 8-бет Шґлейттену 9-бет Хорлан 10-бет «Ќайран біздіѕ аналар арды ойлаєан...» 11-бет

Ел тыныштыєыныѕ ќалќаны

Тўѕєыш Президент кітапханасы таныстырылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі Альбер II-мен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары саудаэкономикалық, инвестициялық, мəдени-гуманитарлық

салалардағы ынтымақтастықты нығайту мəселелерін талқылады. Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм жəне

электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор əлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан На зарбаев пен Альбер II ха лықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде де пі кір алмасты.

Сонымен қатар, Монако Князі Тұңғыш Президент кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Əлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы жəне тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.

Ќаржы жўмсау тетігін наќтылауєа арналєан отырыс

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Отырыста Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан

халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты

пайдалану жолдары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. – Экономика өсімінің қарқынын бəсеңдетуге, халық арасында

жұмыссыздықтың бе лең алуына жол бермеу үшін біз жаңа бағдарламаны іске қостық. Əлемде қалыптасқан ахуал жағдайында сырттан келетін қаражат экономика үшін жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық қордың қаражатын пай далануды ұйғардық. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға үш жыл бойы жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді. Сонымен бірге, халықаралық қаржылық ұйымдардың несие желілері, сондай-ақ, былтыр бөлінген 1 триллион теңге бар. Осы қаражаттарды жұмсау механизмін нақты айқындау керек, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаржы ресурстарының мақсатқа сай əрі тиімді жұмсалуын бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 Сүйінші!

ЌАЗАЌ БАТЫРЛАРЫНА АШЫЛЄАН НЎРЛЫ ЖОЛ! Кеше, қарашаның 14-і күні Қазақстан ауыр атлеттері үшін нағыз ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бір аптадан бері өтіп жат қан əлем чемпионатында біздің жерлестеріміз екі салмақ дəрежесі бойынша 1 алтын, 2 күміс тұғырға қадам басып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұған саңлақтарымыз осы күні жарыс көрігін қыздырған 69 килоға дейінгі əйелдер жəне 94 килоға дейінгі ерлер бəсекелерінде қол жеткізді. Жанкешті жарыста алтын медальді Жасұлан Қыдырбаев кіл күштілер көшінен жұлып алса, күміс жүлдені Жазира Жаппарқұл мен Владимир Седов толассыз тайталас тегеурінінен тартып əкетті. Осылайша құрама жаттықтырушылар штабы чемпионатта алға қойған меже биігінен күні бұрын көрініп үлгерді. Осылайша Ж.Қы дыр баев қазақ жастары арасынан шыққан ауыр атлетикадан тұңғыш Əлем чемпионы болды!

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Əңгімемізді алдымен алтын айдарлы жігітімізден бастайық. Не жасыратыны бар, осы біріншілік басталар алдында да, жұма күннің кешінде бəсеке басталып кеткен кезде де, бəріміз Жасұланнан осыншалықты ерлік күткен

жоқ едік. Оны тіпті бапкерлері де шындап күте қоймаған шығар. Олай дейтініміз, чемпионат басталуға санаулы күндер қалғанға дейін еліміз құрамасының 94 килоға дейінгілері сапында ол болған да жоқ. Əдепкіде мұндағы екі орында Владимир Седов пен Рүстем Сыбаев тұр еді. Тек біріншіліктің шымылдығы көтерілер

шақ жақын қалған шамада ғана 22 жасар Жасұлан құрамдағы тəжірибелі Рүстем ді алмастырды. Ал ол болса осының бəрінің басында əділдікке жығылмағанын дəлел дегісі келгендей, бəсеке басталған бойда буырқанып сала беріп, жанған оттан жалын қашырды. (Соңы 12-бетте).

Кеше Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 əскери бөлімінің жаңа үлгідегі заманауи əскери қала шығының ашылуына қатысты. Қалашықты ашу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – Жауынгерлік туды тапсырды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы қолынан Жауынгерлік туды қабылдап алу мəртебесіне бригада командирі, полковник Марат Қанағатов ие

болды. Сондай-ақ, бұл шараға Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, 6636

жəне 3660 əскери бөлімдерінің əскери қызметшілері мен күшқуат құрылымдарының өкілдері қатысты. (Соңы 2-бетте).

 Жеделсөз – беделсөз

Ќор жинаєан ќор болмайды

Азға қанағат білдіретін, көпке шүкір айтатын, барға мəзір, жоққа сабыр дейтін халқымыз үнем шілдікті үнемі үлгі еткен, «Үлкен жау – өңеш» деп те мақалдаған. Жалпы, қай заманда да, қай қоғамда да алысты ойлаған, келешекті көздеген адамдар ардақ тұтылған, қадірленген, қастерленген. Елбасымыздың жаңа Жолдауын «Егемен Қазақстаннан» оқығанымда маған алдымен келген ой осы болды. Президент қашанда халқын риза етумен келеді, қашанда таңдандырумен келеді. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталған бұл Жолдаудың да əсері ерекше. Алдымен, жылдағыдай жаңа басталған жылдың басында емес, аяқталуға айналған жылдың аяғында жария етілді Жолдау. Осы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ екенін баршаға бадырайтып айтып отыр. Шынында да, Жолдауды қалыптасқан дəстүр солай ғой, жұрт соған үйреніп қалды ғой деп тағы екі-үш айдан кейін жария еткенде біз көп нəрседен ұтылуымыз да мүмкін еді. Əлемдік экономиканың бір бөлшегіне айналған Қазақстанның қазір мына жер-жаһанда болып жатқан жағымсыз жайлардың теріс ықпалынан атымен ада қала алмайтыны анық. Ал сол жақындап келе жатқан қиындықтарға Елбасымыз қандай қам жасаған, қашан жасаған десеңіз, тағы да айтамын, əрі таң

қаласыз, əрі тəнті боласыз. Президент шешімімен ана жылдарда, мұнайға, экспортқа шығара тын басқа да өнімдерге баға айтарлықтай жоғары болып тұрған кезде солардан түскен табыс Ұлттық қорға бағытталып келіп еді. Демократия деген оңды-солды сөйлетіп тұр ғой, сол жылдарда жаңағы қаржыны жұртқа қылдай бөліп берейік, халықтікін халыққа таратайық деп артық ақылын айтып тұрып алғандар да табылған, осы үшін Президентті сынаған сөздер де талай айтылған. Дана уақыт Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қор құру жөніндегі ол шешімінің көрегенділігін қазірдің өзінде бірнеше рет дəлелдеп үлгерді. Ана жылдары əлемдік қаржы дағдарысы қысып кеп бергенде 10 миллиард доллар сол қордан алынып, дағдарысқа қарсы күреске бағытталған.

Жұрттың жылдар бойы жинаған ақшасын қалтаға басып, үй саламын деген жерден шұңқыр да қазбай шетке тайып тұрғандар табылғанда, алданған үлескерлер жүз мыңдап сабылғанда тағы да сол қордан ақша алынып, ол ақша банктерге салынып, құрылыстар қайта басталған. Жүз мыңдаған адамдар үйлеріне кіріп, Елбасына ақ алғысын айтқан. Енді, міне, ел жинақтаған бай лықты ел игілігіне жарататын кез тағы да келе жатыр. Жылдар бойғы қомақты қаржы қиын уақыттарды еңсеруге, экономиканы өсіруге көмектескелі тұр. Елбасымыз оның қаншасы қай салаға бөлінетінін, қашан бөлінетінін, қалай бөлінетінін қолмен қойғандай түсіндіріп берді. Міне, келешекті көздеген кемеңгерлік деген осындай сын сағ ат т ар да т ан ыл ады. « Қ ор жинаған қор болмайды» деген сөзді біздің қазақ содан айтқан. Ендігі міндет – сала-салаға бөлініп берілгелі жатқан сол қомақты қаржының дер кезінде бөлінуін, дəл жеріне жетуін, нақты іске жұмсалуын қамтамасыз ету. Солай боларына да сенеміз. «Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Əр теңге үшін қатаң сұрау болмақ» деп қадап айтты Елбасымыз. Оның үстіне Президент Төрағасы болып табылатын билік партиясы «Нұр Отан» сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес майдан ашқалы отыр. «Іске сəт!» дейміз. Сəбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
15112014 by Egemen - Issuu