16012014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №9 (28233) 16 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Жасампаздық жемістері

Натрий гипохлориді Атырауда осындай жаѕа ґнім шыєарыла бастады Индер ауданының топырағы табиғи байлыққа тұнып тұр. Соның бірі – тұз. Алыстан қарағанда о шеті мен бұ шетіне көз жетпейтіндей алып көлді елестетеді. Мұны аудан жұртшылығы Тұзды көл деп атайды. Осынау тұзды көлді игеру, одан сапалы тұз өнімдерін дайындауды 2003 жылдан бері «Тұз» серіктестігі іске асырып келеді.

тартылып отыр. Бұлардың барлығы да Индер ауданының тұрғындары, жұмыстары тұрақты дей аламын. Өйткені, сапалы тұз өнімдеріне сұраныс ұдайы болып тұрады. Демек, біздің өндірістің тоқтап тұруына, не кідіріспен жұмыс жасауына еш негіз жоқ, – дейді серіктестіктің директоры Əбиірбек Тоқтыбаев. «Тұз» серіктестігі иодталған ас жəне

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Е.Жаңбыршинді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қаңтар. №730 1960 жылы туған, Мəскеу экономика-статистика институтын (МЭСИ) бітірген, мамандығы – экономист-математик. Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі бар. Қазақ КСР-ы Мемлекеттік жоспарлау комитетінің инженері, экономисі, аға экономисі болып жұмыс істеді. МЭСИ аспирантурасын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы, Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты болып еңбек етті. Қазақстандағы Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Президент жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесі басшысының орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласының экономика жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Алматы қаласы əкімінің орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды. 2009 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.

техникалық тұз дайындайды. Əсіресе, техникалық тұзға сұраныс артып келеді. Сол себептен, тұз өндіретін зауыттан айына 500 тоннаға жуық ас тұзы шығарылады. Ас тұзы 10-30 келілік қапшықтарға, сонымен бірге, 1 келілік арнайы қорапқа салынып, сатылымға шығарылуда. (Соңы 2-бетте).

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі болып тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Қуат Бəкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қозыкөрпеш Есімұлы ЖАҢБЫРШИН

Қазақстан Рес пуб ли касы ның Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің Қазақстандағы дип лома тиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа жəне қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты. М.Тəжин екі елдің өзекті халықаралық мəселелер жөнінде ұстанымдары ұқ састығын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді əзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты. Əңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Че хия арасындағы саудаэкономикалық, саяси жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қана ғаттанарлықпен атап өтті.

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның сəрсенбі күнгі жалпы отырысында зияткерлік меншік, мемлекеттік жастар саясаты, ойын бизнесі жəне өзге де заң жобалары қорытынды əзірлеу үшін заңнамалық айналымға алынды. Сондай-ақ, депутаттар екі халықаралық құжатты қарап, ратификациялады. «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Елшіге елеулі їлесі їшін алєыс

ґзара тиімділікке негізделетін болады

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

Серіктестік директоры Əбиірбек Тоқтыбаевтың газет тілшісіне мəлім еткеніндей, Индердегі тұзды көлде барланған болжам бойынша 2 миллиард тоннадай тұз қоры бар. Əрине, тұз бірден қазылып алынып, қапшықтарға салынбайды. Тұз дайындаудың бірнеше үдерісі бар. Алдымен алып экскаваторлар көл тұзын «КамАЗ-дарға» тиейді. Ал «КамАЗ-дар» тиелген тұзды «Тұз» серіктестігінің тазалау орнына жеткізеді. Бұл жерде серіктестік жұмысшылары тонна-тонна тұзды əбден тазалаудан өткізеді. – Қазір біздің кəсіпорында тұзды көлден өндірілген тұзды, өңдіруден өңдеуге дейінгі сатылы үдерістерді атқаруға 30-дан аса адам

Сауданы заѕдыќ ќолдау

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Аслан Есболайұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен; Ерлан Əділханұлы Əбілдаев Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен; Бисенғали Шамғалиұлы Тəжияқов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен; Əбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

 Мемлекет мерейі

«Фольклорын жїз томєа жинап, бастырып шыєарєан əлемдегі жалєыз ўлт – ќазаќ»

Қазақ фольклорының 100 томдығының жариялануы – елдігімізді еңселентер ерен оқиға. Парламент Мəжілісінің кешегі отырысында депутат Алдан Смайылдың Үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына жолдаған сауалының мəнін бір сөйлеммен осылайша түйіп айтуға болады. Сауалда былай делінген: Құрметті Серік Нығметұлы! Ұлтымыздың дəуірлерді сөйлеткен бай фольклоры – қазақ əдебиеті мен мəдениетінің қайнар көзі, халықтың теңдесі жоқ рухани құндылығы. «Егемен Қазақстан» республи калық газеті» акционерлік қо ғамының президенті Сауытбек Абдрахманов осы ауыз əдебиетіне қатысты мына бір оқиғаны аталған басылым бетінде (7.ХІІ.2013 ж.) былай деп еске алады: «2004 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасын жаңа қолға алып жатқан шақта Ақпарат министрі ретінде АҚШ-тың сол кездегі елшісі Элизавет Джонс ханыммен кездесуім кезінде министрлік жұмысын əңгімелей келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың бастамасымен қолға алынған «Мəдени мұра» бағдарламасының аясында 100 томдық қазақ фольклоры шығарылатынын айтқан едім. Сөзімді елшілік қызметкері аударып болысымен министрліктің адамы: «Дұрыс аударған жоқ», деп қалды. Сөйтті де, өзі бір тұсын қайта аударып берді. Сөйтсек, елшілік қызметкері менің «жүз томдық» дегенімді министр жаңылыс кеткен болар деп, өзінше «түзетіп» «он томдық» деп аударған екен... Сонда Батыс адамының ұғымында бізде жүз томдық фольклор болуы мүмкін, оның бəрінің басы қосылып, сондай көлемде шығарылуы мүмкін деген ойдың өзі болмай тұрғаны ғой». Жақында Президент бастамашы болған осы «Мəдени мұра» бағдарламасының ең бір ірі жобасы – қазақ фольклорының 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағын шығару жұмысы аяқталды. Мұндай басылым əлем мəдениетінің тарихында бұрынсоңды болған емес. Дүние дидарында фольклоры жүз томды құрайтын басқа ұлт бар болса, бар да

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасады. Министрдің мəліметіне қарағанда, келісімге Вьетнам премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтің елімізге ресми сапары барысында 2009 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылған. Келісім экспроприация, ұлттандыру, инвесторға өтемақы төлеу жəне дауларды шешуге қатысты нормаларды қарастырады. Сонымен қатар, бұл келісім тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рəсімін егжайтегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды. 2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстанға ағылған вьетнамдық инвестиция көлемі 2,4 миллион АҚШ доллары болыпты. Жалпы, екі ел арасындағы сауда айналымы 221,8 миллион долларды құрағаны белгілі болып отыр. Қазақстанның экспорттық

шығар, бірақ фольклорын жүз томға жинап, бастырып шығарған əлемдегі жалғыз ұлт – қазақ екені анық. Бұл – əлемдік мəні бар оқиға, ұлт ретінде мақтаныш ететін рухани жетістігіміз. Сондықтан, Білім жəне ғылым министрлігінің М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтында əлемдік деңгейдегі фольклоршымыз, академик Сейіт Қасқабасовтың жетекшілігімен басталып, жеріне жеткізілген, Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қамқорлығымен Астанадағы «Фолиант» баспасында көркем безендіріліп, сапалы қағазға басылған «Бабалар сөзі» сериясының аяқталуы мемлекет өміріндегі елеулі рухани-мəдени белес ретінде қаралуы керек. Осы оқиғаға тиісінше мəн беріліп, үкімет деңгейінде көңіл бөлінуі, елдің ішінде де, сыртында да лайықты насихатталуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, 100 томдықтың ЮНЕСКОның Штаб-пəтерінде, Майндағы Франкфурт қаласындағы кітап көр месінде тұсаукесерін өткізу, əлемдік тілдердегі салмақты журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, осы оқиғаға орайластырылған халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру, дүниежүзіндегі ең танымал кітапханалардың қорында осы құнды басылымның болуын қамтамасыз ету қажет. Осындай ауқымды да өзекті шараларды атқару жөнінде Білім жəне ғылым, Мəдениет жəне ақпарат, Сыртқы істер министрліктеріне тиісті тапсырмалар беруіңізді сұраймыз. Біз осылай елдік рухымызды асқақтата түсейік. Алдан СМАЙЫЛ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты.

тауарлары асбест, темір прокаты, түрлі көліктік құрылғылар болса, ол жақтан шай, дəрі-дəрмек, тамақ өнеркəсібі үшін құрылғылар, компьютер жəне оларға қажетті жабдықтар жеткізіледі екен. Депутаттар заң жобасына қолдау білдіре отырып, өздерінің ойларын да ортаға салды. Уəлихан Бишімбаев Вьетнам Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі екенін айта кетіп, 90 миллион тұрғыны бар ел халық саны жағынан 14-ші орында екендігін де тілге тиек ете кетті. Бұрын аграрлы ел қазіргі таңда өнеркəсібі өркендеген елге айналып отыр. Бұл сала Вьетнам ішкі жалпы өнімінің 40 пайызын құрайды екен. Əсіресе, кеме жасау да қазір Вьетнам əлемде бесінші орында көрінеді.

 Республикамыздағы халық саны 17 млн. 145 мыңға жетті. Олардың 55 пайызы қалада, ал 45 пайызы ауылда тұрады.  21-23 мамыр аралығында өткізілетін VII Астана экономикалық форумына қатысуға 1000-нан аса адам тіркелген. Олардың қатарында белгілі саяси қайраткерлер, əлемдік деңгейдегі ғалымдар, бизнес жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.  Халықаралық бүркітшілер қауымдастығы еліміз бүркітшілерін 45-ші мерейтойлық кеңеске қатысуға шақырды. Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтетін бұл іс-шара қаңтардың 27-сінен ақпанның 2-іне дейін жалғасады.  Алматы қаласындағы туристік қызметті оңтайландыруға 183 млн. 232 мың теңге бөлінді. Мұны өткен жылғы қаржымен салыстырсақ, 40 млн. теңгеге артық.  Оңтүстік Қазақстан об лы сында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыстан оралмаған май дан герлердің жесірлері жыл бойы тегін жылумен қамтамасыз етілетін болды. Ол үшін жергілікті билік жəне «3-Энергоорталық» АҚ, ардагерлер ұйымы үшжақты меморандумға қол қойды.  Ақтөбе облысында бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана ашылды. Осы нысанды салуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге жұмсалған.  Батыс Қазақстан облысындағы тəртіп сақшылары қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды. Біраз уақыттан бері межелі жеріне жете алмаған азаматтардың арасында Ресей еліне бет алғандары да бар.  Елімізде апаттық жағдайдағы 182 мектеп бар. Оның басым бөлігі Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстарында орналасқан. Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Ұлы істер бірден істелінбейді. СОФОКЛ.

(Соңы 2-бетте).

Ќоєамдыќ ќабылдаудыѕ жаѕа əдісі

«Нұр Отан» партиясы азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-тілектерін ескеруде жаңаша əдіс қолдануға көшті. Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ұйымдастырған қоғамдық қабылдаудың онлайн форматында өтуі – осының көрінісі. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай жаңаша əдіс арқылы азаматтарға қызмет көрсету олардың уақытын үнемдеуге де белгілі бір деңгейде ықпал етпек. «Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мұндай тəжірибесі өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап жүзеге асырыла бастаған. Сол күні Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жаңа ғимаратын ашты. Бүгінгі таңда біз «электронды үкімет» арқылы халыққа үлкен мүмкіндік туғызып отырмыз. Яғни, əр азамат ешқайда шықпай, орталыққа келмей, бейне байланысқа шығып, өзін толғандырған мəселе бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтіп жатқан мемлекеттік органдар басшыларының, Мəжіліс

депутаттарының қабылдауларында бола алады, оның кестесі «электронды партияның» порталында жарияланған», деді «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Қамкенұлы. Сонымен, кеше партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова арнайы келіп, əуелгі кезекте бірқатар азаматтармен жүзбежүз кездесіп, олардың талаптілектеріне құлақ түрді. Аталған ведомство басшысының қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың əрқайсысын сан түрлі мəселе толғандырып, əртүрлі сауал мазалайды екен. Мəселен, министр бұл жолы зейнетақы, еңбекақы, əлеуметтік жəрдемақы, əлеуметтік материалдық көмек, жұмысқа орналасу, жеке кəсіп ашуға шағын несие алу, мүгедектік тағайындау,

өндірістік жарақат алған жұмысшыларға төленетін өтемақы сынды мəселелер төңірегінде жұртшылықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді. Министрдің қабылдауына келген азаматтардың арасында Астана қаласының 64 жастағы тұрғыны Тұрсын Қабыкенова деген азаматша да бар екен. Бүгінде 3 немересін бағып отырған ана өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне келу себебін былайша түсіндірді. «Менің немерелерімді 4 жыл бұрын анасы, яғни менің келінім тастап кеткен еді. Ол кезде немере қызыма 1 жас 7 ай болса, ал одан кейінгі егіз немерелеріме 4,5 ай енді ғана толған болатын. Осы уақыт аралығында ешқандай жəрдемақы алған жоқпын. Өзімнің жұмысым жоқ, зейнетақыға да шықпағанмын. Бəріміз ұлымның аз-маз жалақысымен күн көріп отырмыз. Біздің материалдық жағдайымыз қиын. Немерелерім балабақшаларға бара алмайды. Себебі, жиі ауырады, өте əлсіз. Өкпелеріне суық тиген, демікпе ауруына шалдыққан.

(Соңы 2-бетте).

Кəсіпкерлікті дамыту – кїн тəртібінде Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Еуразиялық бизнесфорумға жəне кəсіпкерліктің дамуына арналған баспасөз мəслихаты болды. Онда шараны ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дəуітов аталған форум 17-18 сəуірде Алматы қаласында өтетіндігін мəлімдеді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке Мəжіліс депутаты жəне «Нұр Отан» партиясының кəсіпкерлікті дамыту мəселелері жөніндегі үйлестірушісі А.Соловьева, Қазақстанның

ұлттық кəсіп керлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының вицепрезиденті М.Курбенов жəне Еуразиялық бизнес-форумның ұйымдастыру комитетінің

төрағасы Қ.Дəуітов қатысты. Қазақстанда 1,5 миллион шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі таңда оның 850 мыңы белсенді жұмыс істеп тұр. Халқымыздың белгілі бөлігі, атап айтқанда, еңбекке қабілетті 2 миллионнан астам азамат осы салада қызмет етеді, деді орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі А.Əбибуллаев кіріспе сөзінде. Сөйтіп, мемлекеттік саясат пен ұлттық бəсекеге қабілеттілікті нығайтуда кəсіпкерліктің рөлі өсіп келе жатқанын айтты. Демек, кəсіпкерлікті қолдау – күн тəртібінде. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.