ДЕРЕК пен дəйек 5 500 000 000 Өткен жылы облыста агроөнеркəсіп кешенін қолдауға мемлекеттік бюджеттен осыншама теңге бөлінді
№88 (28027) 16 НАУРЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Облыстың аграрлық секторын дамыту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Саланы қаржыландыру көлемі де жыл сайын ұлғая түсуде. Өткен жылы агроөнеркəсіп кешенін қолдауға мемлекеттік бюджеттен 5,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2,7 миллиард теңге субсидиялар төлеуге жұмсалған. Бұдан басқа, «ҚазАгро» ұлттық əл-ауқат қорының қаржылық институттары тарапынан облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жобаларына 2,8 миллиард теңге бағытталыпты. Жамбыл облысы.
100
Осынша адам екі айда жүргізушілік куəлігінен айырылды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Соңғы екі айда Қызылорданың жүзден астам тұрғыны жүргізуші куəлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық соттың өкілдері хабарлады. Жүргізушілер көліктеріне жалған нөмір таққан, қарсы бетке шық қан, мас күйінде көлік басқарған, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған, жол апаты орын алған жерден қашып кеткен, ішкі істер орга ны қызметкерінің талабын орындамаған. Ең қынжылтатыны, мұндай құқық бұзушылық жасайтын жүргізушілер саны жыл өткен сайын артып келеді. Кейбір жүргізушілер сотқа да келмейді екен. «Мысалы, жақында бір жүргізуші көпірдің бетон жиегіне соғылды. Көлікте болған жолаушылар жеңіл жарақат алған. Жүргізуші жолаушылардың денсауығына зиян келтіргенімен қоймай, сот отырысына келмеді. Бірақ сот істі сырттай қарап, оған айыппұл салумен қатар, бір жылға жүргізуші куəлігінен айырды», – дейді облыстық соттың баспасөз қызметі. ҚЫЗЫЛОРДА.
98,5
Сақтансаң – сақтайды
Ќауіп сейілер емес Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
«Казгидромет» мемлекеттік мекемесі 15-16 наурызда Шығыс Қазақстан об лы сының басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр толассыз жауып, күннің күрт жылуынан тау беткейлерінен су тасқыны бола тыны жайлы хабар таратып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Рес публикалық дəре жедегі «Өскемен-Зырян», «Бе рел-Рахман қайнары», облыстық мəртебесі бар «Воскресенка-Петропавловка-ШелеховБелағаш» жолдары қатты бораннан соң жабылып қалды. Екі күннен бері өңірде ауа райы күрт жылып, қар ери бастады. Өскеменнің өзінде қардың 70 пайызға жуығы еріп кетті. Əзірше апаттан аманбыз. Бұдан бір апта бұрын Сөгір кенті маңында бірнеше тұрғын үйді су басқанымен, оның зардабы жойылды. Қала əкімі Серік Тəукебаевтың ұйымдастыруымен сенбіліктер өтіп, қауіпті жерге күндіз-түні қатаң бақылау қойылды. Тасқын бола қалған жағдайда техника мен адам күші жеткілікті. Өңір басшысы Б.Сапарбаев арнайы қызмет мекемелері басшыларымен бірге облыстың қауіпті əрі таулы аймақтары Зырян, Катонқарағай аудандарында болып, су басу қаупі жоғары жерлерді аралап, жағдаймен танысты. Бұқтырма өзенінің жағасында, тау етегінде Быкова деген ауыл бар. Бұл жердегі қардың қалыңдығы
екі метрден асады. Таулы аймақ болған соң қар біртіндеп еріп жатқан көрінеді. Соның өзінде ауылдың шетін су шайып үлгерген. Ауыл тұрғындары үйлерінің маңын қардан тазалап, бір-біріне көмектесіпті. – 2010 жылы жағалауды бекітуге екі бөгет салынған. Су басудан сол сақтап қалды. Мұның алдында облыс əкімінің бірінші орынбасары Е.Көшербаев Тұрғысындағы жағдаймен танысып қайтқан. Екі жыл бұрын онда да ұзындығы 100 метр қоршау қойылған, 150 метр бөгет салуға министр В.Божко уəде беріп кетті. Əзірше ауданда тыныштық сақталып тұр, – деп
аудан əкімі Е.Сəлімов өңір басшысына жағдайды мəлімдеді. Катонқарағай ауданында да биыл қар қалың. Асау Бұқтырма бойындағы ауылдар көктемде су тасқынынан əбден зəрезап болатыны жасырын емес. Катонқарағай ауданының əкімі Арман Бекбосынов тасқынның алдын алуда атқарып жатқан істерінен хабардар етті. Облыс əкімі Оралхан Бөкейдің кіндік қаны тамған Шыңғыстай ауылында болды. Бұқтырмаға жақын орналасқан ауыл асау өзен бұрқ-сарқ тасыған кезде Шыңғыстайға қауіп төнеді. Бұдан бұрынғы жылдары бұл жерде дамбылар орнатылды, биыл
Шығыс Қазақстан облысы.
Бал мен сїт – аєзаєа ќўт
«Егемен Қазақстан».
Гректің ұлы ойшылы Сократ «Денсаулық – өмірдің мəні емес, ал денсаулықсыз өмірдің сəні жоқ» деген екен. Оның бұл сөзі əлі күнге дейін қадірін жоғалтқан жоқ. Шынында да, ұлт денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ. Ал дені сау ұрпақ өсіру – бəріміздің ортақ міндетіміз. Бұл парыз əр адамға, отбасына, ортаға ерекше жауапкершілік жүктейтіні айтпаса да түсінікті. Бала отбасы, ошақ қасынан бастап жаман əдеттерден іргесін аулақ салып, денешынықтырумен, спортпен айналысып, саламатты өмір салтына бейімделіп өссе, бойын да, ойын да таза, сергек ұстауға
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық əртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ораз Əбішевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті қазақ кино өнерінің ардагері, ұлттық деректі киноның негізін салушылардың бірі Ораз Əбішевтің қайтыс болуына байланысты шын ниетпен көңіл айтты. «Ораз Əбішұлының бүкіл өмірі кино өнерімен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап ол
да жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық, Сенное ауылдарында да тасқын қаупі сақталған. Демек, сақ болып, апаттың алдын алайық деп тапсырма берді өңір басшысы. Ол үшін аудандағы мекемелер мен ауыл тұрғындары күндіз-түні кезекшілікке тұрып, қажетті техниканы сақадай-сай əзірлеу қажет екені белгілі. 14 наурыз – əбдікей күнінде өңірде күн жылы болды. Бір өрт орын алып, ол шұғыл сөндірілді. 7 апатты жағдайдың алды алынды. Осы аптада қар қатты еритін түрі бар. Демек, сақтық шаралары қажет.
Жағымды жаңалық
Айқын НЕСІПБАЙ,
ҚАРАҒАНДЫ.
түсірген ондаған деректі фильм ұлттық кино өнерінің алтын қорына қосылды. Ол көптеген шəкірт тəрбиелеп, сол арқылы өзіндік ұстаздық мектебін қалыптастырды. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, Қазақстанның халық əртісі атағымен жəне Мемлекеттік сыйлықпен атап өтілді» делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы С.Цзиньпинді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сессиясының сəтті өтуімен жəне Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл оның басқарушылық тəжірибесінің мойындалуы, ҚХР халқының əлауқа тын арттыру жəне Қытай коммунистік партиясын дамыту жөніндегі қызметінің нəтижесі болып табылатынын атап өтті. «Сіздің басшылығыңызбен партия Қытайды əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне
көтеретініне жəне халықаралық аренада елдің беделін нығайтатынына сенімдімін», делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті. «Екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталатынына кəміл сенемін», деп атап өтілген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық жəне Қытай халқының игілігіне бағытталған қызметіне табыс тіледі.
Тыѕ талаптар тўрєысынан
3 пен 6 жас аралығындағы балдырған қарағандылықтардың мектепке дейінгі білім мен тəрбие алуға қамтылуы биыл осынша пайызға жетеді
«Балапан» бағдарламасы бойынша облыс бүлдіршіндерін балабақшаларға тарту мəселесі 2015 жылға дейін толық шешімін тапқалы отыр. Былтыр бұл тұрғыдағы көрсеткіш 97,8 пайызды құраса, биыл жоғарыда аталған деңгейге көтеріледі. Бүгінде қалалармен қатар, барлық аудан орталықтарында, көптеген елді мекендерде жеткіншектерге арналған мекемелермен бірге, мектептер жанынан құрылған шағын орталықтар жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы Қарағанды, Шахтинск қалаларында жəне Ботақара кентінде 5 балабақша бой көтеріп, 1 мыңға тарта балақайға есік ашады.
Ќызметіне табыс тіледі
дағдыланары анық. «Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тəсілдер енгізу мəселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет». «Қазақстан-2050» Стратегиясында осылай атап көрсетілді. Кемел білім алуға ұмтылған балдырғанның сəмбі талша желкілдей өсіп, жан-жақты дамуына дұрыс тамақтанудың, ас мəзірін баппен, талғаммен əзірлей білудің мəні ерекше. Мектеп-интернатта 500-ге жуық бала білім алса, жартысына жуығы жатып оқиды. Оларды күніне бес мəрте тамақтандырып, астың тіл үйірер дəмділігімен қоса ағзаға аса қажетті
микроэлементтермен, дəрумендермен байытылуы, құнарлылығы 3-4 мың калориядан кем болмауы үнемі қадағаланып отырады. Соңғы жылдары ас мəзірі өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне орайластырылып дайындалып жүр. Сол себепті ет өнімдері молынан салынады. Тағам түрлерін алмастырып беру дəстүрі кеңінен енгізілген. Мысалы, балықтан, көкөністен жасалған мəзірлер ұсынылады. Шырын, көкөніс үзілмейді. Жұқпалы аурулар көрініс беретін көктем, күз айларында сарымсақ, лимон салынған шай беру үрдісі қалыптасқан. Қызылжар – ас мəзіріне бал жəне сүт енгізу жобаларын елімізде алғаш ұйымдастырған аймақ. Бағдарламалар қолға алынғанда алғашқылардың қатарында үн қосып, дастарқаннан үзілмеуін, жүйелі болуын қадағаладық. Соңғы 2 жылда бір тоннадан астам табиғи бал үлестірілді. Балалардың балға үйренгені соншалық, дастарқанға қойылмаса ішкен астары бойларына сіңбейтіндей іздеп отырады. Сол сияқты «Мектеп сүті» бағдарламасынан да қол үзген жоқпыз. Былтыр 27 тоннаға жуық, биыл 6 тонна сүт берілді. Облыстық білім басқармасының мəліметтеріне сүйенсек, жалпы білім беретін мектептердің 71 пайызы балмен қамтамасыз етілген. Бұл үрдіс ауылдық жерлерге де қанат жайғаны қуантады. Соңғы кездері балдан жасалған сусындар мен кондитерлік тағамдар əзірлене бастады. «Мектеп сүті» бағдарламасы 128 білім үйлеріне таралған. Сөз арасында оқушылардың тамақтануына қатысты мониторинг ай сайын жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн.
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің қатысуымен «Қазақстанның қылмыстық істерді жүргізу заңнамасын құқықтық мемлекет принциптері негізінде реформалау» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бас Прокуратура мен Конститу циялық кеңес халықаралық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырған отырысқа Президент Əкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары, ғылыми жұртшылық, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстел барысында Бас Прокуратура əзірлеген заң жобасы аясында Қылмыстық істерді жүргізу кодексін жетілдірудің маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды. Ұсынылып отырған өзгерістер тергеу органдарының
жұмысын елеулі түрде жеңілдетуге жəне жеделдетуге, қылмыстық істерді жүргізу заңын халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге арналған. Отырыста атап өтілгендей, сотқа дейінгі өндіріс қылмыстық істерді жүргізу құқығының ең өзекті проблемасының бірі болып саналады. Оның қолданыстағы моделі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді жəне азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға теріс ықпал етеді. (Соңы 2-бетте).
Алтыншы форумєа да аз уаќыт ќалды Оєан дайындыќ жўмысы ќалай? Астанада «G-Global жəне Астана экономикалық форумы көкжиектерінің кеңеюі. VI Астана экономикалық форумының жəне Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы тұңғыш конференцияның жоспарлары мен болашағы» тақырыбында баспасөз-мəслихаты болып өтті. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Баспасөз-мəслихатына Парла мент Сенатының депута ты, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы»
қауымдастығының президенті Мұрат Кəрімсақов, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының ғылыми жетекшісі Арыстан Есентүгелов қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді, форумның маңыздылығы мен биылғы ерекшелігін əңгімеледі. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: ПАРЛАМЕНТ
(Соңы 2-бетте).
КРЕДО
4-бет
5-бет
Қаның қалай қайнамас?!
Ауылдаєыныѕ аузы сасыќ па?
Шетелдік маман ќазаќстандыќтан неге он есе кґп табыс табады?... Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Біздің жұрттың жағымсыз қасиеттерінің бірі – жалпақшешейлік қой. Анаған да, мынаған да жалпақтаймыз да қаламыз. Қалың қандас бір дастарқан басында отырғанда үстерінен тілі бөлек əлдекім кіріп келсе барлығы шатып-бұтып, тілін бұрап соған түсінікті тілде сөйлей бастайды. Ешкім қинамай-ақ, еш мəжбүрсіз
əбігерге түседі. Мұны кеңқолтық, дарқан мінезге жатқызудың өзі дарақылық шығар. Өз тізгініміз өзіміздің қолымызға тигеніне жиырма жылдан асып кетті. Түсінеміз, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында жер байлығын өз күшімізбен игере алмадық. Содан шетелдің мамандары мен компанияларына сүйендік. Ал қазір ше? Бүгінде есімізді жиып, етегімізді жапқан жоқпыз ба? Еңсемізді түзеп, елге үлгі боларлық жағдайға жеттік қой. Жер
асты байлығының бəрін өзіміз игере алмайтын шығармыз. Бірақ соған лайық мамандардың даярланғаны шындық емес пе? Қызылордаңызда бірнеше шетелдік, бірқанша біріккен кəсіпорындар жұмыс істейді. Осылар əлі күнге дейін шеттен маман шақыртуын тоқтатпай тұр. Мықты экономист, білімді қаржыгер, білікті инженер өзімізде толып жатыр. Жұмыссыз жүргендері де баршылық. Қарапайым ғана қамту-жабдықтау қызметін шыр
айналдырып əкететін жігіттер де жетерлік. Жоқ! Олар осындай мамандарға дейін сырттан алдыртады. Қазақстанның мамандарын менсінбей ме, əлде басқа себептері бар ма, ол жағын білмедік. Бірақ ақиқаты осы. Облыстық бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті шетелдік компанияларға жоспардан тыс тексеру жүргізіпті. Жоспарлы болса, қолымыздағы деректі білер ме едік, білмес пе едік? Өйткені, мұндай жағдайда өз кемшіліктерін жасыру үшін компаниялар бармақ басты, көз қыстыға баратыны жасырын емес. (Соңы 3-бетте).