16/04/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Мемлекетіміздің тірегі

3-бет

Форум жаңа белеске көтерілді №107 (28046) 16 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Күмбір күй

4-бет

5-бет

«Ұлы самоед» кинофильміне түсіп едік...

7-бет

Наќты тапсырмалар берді Кеше Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Егемен Қазақстан».

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Тиімді басќару білікті маманєа байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. негізгі ережелері жəне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан

Таєайындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы

13 сəуір № 345

Астана, Үкімет Үйі

Демалыс күнін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне 2013 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күні 2013 жылғы сенбі – 4 мамырдан жұма – 10 мамырға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кəсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

АҚПАРАТТАР аєыны «G-Global» алаңында Астана экономикалық форумына арналған виртуалды жоба іске қосылады. Ол əлемдік жəне ұлттық экономикалардың даму перспективаларына қызығушылық танытатын ғылыми-интеллектуалдық, сараптамалық, кəсіби жəне басқа да аудиториялар ауқымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Интернет-жоба ғаламшардың барынша кең ауқымын қамти отырып, халықтың түрлі жігі үшін барлық дерлік мемлекеттер өкілдерінің пікірін естуге мүмкіндік туғызады. Астанада «Тұрғын үй комму налдық шаруашылығы – ЭКСПО-2013» халықаралық фо ру мы өтеді. Сəуірдің 18-19 күндері қанат жаятын шарада инновациялар мен энергия үнемдегіш технологияларды енгі зу тұрғысындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тиімділігін арттыру мəселесі қаралмақ. Жиынға еліміздің, Еуропа одағы елдері мен көршілес мемлекеттердің іскерлік топтары қатысады.

Президенті министрліктің елімізде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті. – Бүгінде су ресурстарын пайдалану жəне сақтау мəселелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыретіне берілді. Су ресурстары Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады жəне келешекте

олардың маңыздылығы тек қана арта түсетін болады. Əлемде ауыз су мен суармалы су тапшылығы бар. Осы орайда, бұл үдерістерді тиімді басқару үшін елімізге жоғары білікті мамандар қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаралған барлық мəселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Айтайын дегенім...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Баспана жетімдікті ўмыттырады Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Кездесу барысында Б.Байбек «Нұр Отан» ХДП тиімділігін арттыру, партияның өңірлердегі жəне жастар ұйымдарымен жұмысын күшейту жөнінде партия Төрағасы берген тапсырманың іске асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары еліміздің саяси дамуындағы жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы партияның орны мен рөлін айқындауға бағытталған «Нұр Отан» ХДП Доктринасын дайындау барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. ––––––––––––––––––––––––––

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда, елімізде «жасыл экономиканы» қалыптастыру тəсілдері, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының

Бəрекелді!

Апыр-ай, ə!

Не дейді мына дерек, ќандай амал керек? Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың екі олжасын бөліп айтқаны бар еді. Оның біріншісі – жер, екіншісі – тіл болатын. Сол жер мен тілдің иесі қазақ десек, азаттық алғалы бері жеріміз түрленіп, тіліміз мемлекеттік мəртебеге ие болды. Халық саны да өсіп келеді. Президент тəуелсіздігімізді жариялағаннан кейін бір замандары үстемдіктің үскірігіне ұрынып, ата жұртынан бұршақтан бас сауғалаған торғайдай болып алыс-жақын мемлекеттерге кеткен қандастарымызды ата-бабасының кіндік қаны тамған топыраққа шақырып, миллионға таяу азаматқа қамқорлық танытқаны баршаға аян. Əйтсе де, соңғы кездері шеттегі қандастарымызды түгендеп, ата мекеніне жеткізу ісінде сəл іркіліс байқалады. Бұл да уақытша шығар. Дегенмен, жаһандану заманында шекарамыздың сыртында күн кешіп жатқан сол бауырларымыз, əсіресе, жастар жағы тұрып жатқан елінде құмға құйған судай сіңіп кетпей ме деген ой маза берер емес. Байтақ жерге

Қазақстанда соңғы үш ай ішінде 17,3 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл – өткен жылдың сəйкес кезеңінен 2,5 пайызға артық. «ҚазМұнайгаз» компаниясының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 2013 жылдың бірінші тоқсанында елімізде газ конденсатын өндіру 2,2 пайызға артып, 3,27 млн. тоннаны құраған. Қазақстан халқының саны 17 миллионға толуға жақын қалды. Бұған елімізде жыл басынан бері 42 мың адам қосылғаны себеп болды. Ал айтулы межеге қазір 47 мың адам ғана жетпей тұр. Сонымен бірге, халықтың табиғи өсімі 41 мың адамға жетіп, былтырғы жылғыдан 1 мыңға артқан. Батыс Қазақстанда Индустрияландыру картасы бойынша 33 жоба қолға алынады. Жалпы құны 256 млрд. теңге тұратын бұл жобалар 1700 жұмыс орнын ашып береді. Ал өткен жылы бұл салада 5605 жаңа жұмыс орны ашылған еді. Алматыда екінші деңгейлі банктерде кепілде тұрған жер учаскелерінде тұрғын үйлердің

қабырғадай қайысқан қазақ керек болып тұр ғой. Осы жерде мына бір тағылым алар оқиға ойға оралып отыр. Филология ғылымдарының докторы, тілші, ғалым Аққал Қалыбайқызы əңгіме барысында ұлы жазушы Мұхтар Əуезов туралы ой толғап отырып, ұлт жоқшысы Ташкентке сапары кезінде сонда тұрып жатқан бір қазақ бауырымыздың түртүсіне қарап, əзілге жеңдіріп: – Сізді қазақ дейді, бірақ нағыз өзбекке келіп тұрсыз ғой, – десе, əлгі азамат: – Өзбек десеңіз өзбек боламыз, қазақ десеңіз қазақ боламыз, – деп əзілге əзілмен жауап беріпті. Мұқаң: – Бірге туғандарың бар ма? – дегенде: – Бір інім бар, – дейді. – Пəлі, қазақ халқы екі адамға кеміп кеткен екен ғой, – дейді жазушы. – Балаларың нешеу? – Сегіз балам бар. – О! Енді қайттім ə!? Екеу десем, он екі ғой, қандай амал қылайын, – деп мұңайыпты. Кеңес дəуірі дүркіреп тұрғанда сусыған құмнан алтын іздегендей

құрылысы басталды. Бүгінгі таңда мұнда игерілмеген 86 жер учаскесі қалып отыр. Оның 22сі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған. Енді қалалық əкімдік пен «Қазкоммерцбанк» осы жерлерді игеруге бірлесе кірісті. Павлодар облысында бірінші тоқсанда «Бизнестің жол кар тасы-2020» бағдарламасы бойынша 39 жоба мақұлданды. Кəсіпкерлер мұнда мемлекеттің шағын бизнеске қолдауын жоғары бағалап отыр. Қазақстанның үш облысында Түркиядан бір мезгілде əке лінген контрабандалық тауар лардың жолы кесілді. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан жəне Жамбыл облыстарында 4 жүк автомəшине түрінде ұсталды. Олардағы заңсыз əкелінген халық тұтынымы заттарының жалпы кедендік құны 126 273 759 теңгені құрайды. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

ұлтының жоғын жоқтап, келешегіне осылайша көш жерден көз жіберген жазушының халқым, ұлтым деген аталы ойы белгілі демограф Мақаш Тəтімовтің: «Өзбекстанда «атаң кім?» деген сұраққа жауап беретіндер болса, онда 2 миллионға жуық қазақ бар деген сөз. Ал «бабаң кім?», яғни «елің кім?» дегенге жауап берсе, 3 миллионға жуық қазақты жинап алуға болады. Ал «дадаң кім?», яғни жүзін білсе, 4 миллион қазақ бар», – деген байламнан кейін еске түсіп отыр. Əрине, қанша жерден «апыр-ай, ə!?» десек те өткен өтті, кеткен кетті. Ендігі қолдан келер іс, азаттық таңы айбынды асырған, ата-баба арманына қайтсек адал қызмет етеміз деген кезде Қазақ елінің əр азаматының бойынан ұлы Мұхтар Əуезовтің отаншылдық рухы менмұндалап тұрса, «Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым», деп Елбасындай қайрат танытса, бұл, əсіресе, қалтасы қалыңдар мен шеншекпен кигендердің, шенеуніктердің ойынан да, бойынан да дəйім табылып жатса, былайғы жұрт олардың айтқанын екі етпейтіні анық. Мұндай қажырлы қадам тəуелсіздігімізді баянды етіп, əлемдегі барлық ұлт ұрпағының ойсанасына ар мен адалдықты, ізет пен инабатты, сүйіспеншілікті, ең бастысы отаншылдық рухты дарытумен қатар, киелі жердің, қасиетті елдің иесі мен деген патриоттық сезімді қалыптастырары қалтқысыз ақиқат.

Айбын

«Рудный қаласындағы Ленин көшесі бойындағы 187-үйде күнде дискотека болса таңғалуға бол майды», деген облыс əкімі Нұралы Сəдуақасовтың сөзін қазір рудныйлықтар қайталап жүр. Мұны əкім осы үйдің жаңа тұрғындарына пəтер кілтін тапсырып тұрғанда айтқан болатын. Өйткені, жалға берілген бұл үйдің алғашқы тұрғындары – балалар үйінің түлектері, 18 бен 23 жас аралы ғындағы жастар. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру» үшінші бағыты шеңберінде осы үйден алдымен 26 жетім балаға баспана берілді. 90-шы жылдары облыстағы Рудный, Арқалық сияқты шағын қалалардан адамдар үдей көшкенде, көп қабатты үйлердің есік-терезесі үңірейіп бос қалған болатын. Ондай үйлер Рудный қаласында осы күнге дейін көзге шыққан сүйелдей болып тұратын. 117 пəтерлі сондай үйдің бірін қайтадан қал пына келтіруге 377 миллион теңге жұмсалды. Арендалық үй болғандықтан оған бағдарлама бойынша шалғайда жатқан Амангелді, Жангелдин, Қамысты, Əулиекөл аудандарындағы келешегі жоқ 8 ауылдың тұрғындарын, оралмандарды жəне балалар үйінің түлектерін орналастыру ұйғарылған-ды. Бір қызығы, сол алыста жатқан ауылдарда бағып отырған малын, шаруасын қимаған ағайынның ешқайсысы да жылы орнын суытып, қалаға көшкісі келген жоқ. Үй беру туралы ұсынысқа «Алла

разы болсын» айтқан. Ал мемлекет тарапынан берілетін квотаның уақытша тоқтатылуына байланысты оралмандар бағдарламаның үшінші бағытынан шеттетіліпті. Сонымен, арендалық үйден пəтер кілтін əзірге балалар үйлерінің түлектері алды. Облыста мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тəрбиеленген 4 мыңның сыртында жас бар. Олардың барлығына да баспана керек. – Əттең, бағдарлама бойынша пəтер беру 23 жаспен ғана шектеледі. Қазір бұл шектеуді 29 жасқа дейін көтеру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жастар, балалық шақтарың жеңіл болмағанын білеміз. Енді жаңа үйде жаңа өмір бастаңдар! – деді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Облыс əкімі пəтер алған əр отбасы иесіне алғашқы айда коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін кілтпен қоса 20000 теңге тапсырды. Ал «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы кəсіпкерлерге үндеу тастап, жетім балалар пəтерлерінің жиһаздарын, төсеніш, кілем, ыдысына дейін алып беруге ұйытқы болды. Пəтер алғандардың бірі Ғапбасовтар отбасының қуанышында да шек жоқ. Рудныйға жақын жердегі Денисов ауданында пəтер жалдап тұратын жас отбасының бір қызы бар, тағы да нəресте күтіп отыр. – Баспанаға қол жеткізгенде бар ауыртпалықтан арылғандай болады екенсің. «Қазақстан темір жолы» компаниясында жол монтері болып еңбек етемін. Елбасымыздың ерекше қамқорлығына ризамыз. Еліміздің дамуына бар күш-жігеріммен үлес қосамын, – дейді Рүстем. Əр пəтер иесінің көңілінде осы ой, осы сөз. РУДНЫЙ.

Талап жəне тəртіп

Кґрсеткіш ќуып, ќылмысты жасыру кеѕес заманынан ќалєан ауру. Полиция одан ќашан арылады? Расында, осы қылмыс неге көп деп ойланып көрдіңіз бе? Тіркелген қылмыс та көп, ал бəрінен сорақысы жасалған, бірақ жасырылған қылмыс одан да көп. Оған дəлел өткен жылы жасырылған 2471 қылмыс анықталды. Сонда қаншама қылмыскер жазадан жалтарды, қаншама жазықсыз жан жапа шек ті? Бұған кім жауап береді? Жауап беретін ешкім жоқ. Өйткені, есепке алу-тіркеу тəртібін ретке келтіру бойынша қабылданып отыр ған шараларға қарамастан, қылмыстарды жасыру фактілерін түбегейлі жою жөніндегі міндеттерді толықтай орындау мүмкін емес. Бұған ішкі істер органдарындағы статистикалық мəліметтерді бұрмалауға соқтыратын жəне көрсеткіштерді қуалауды ғана тудыратын есептілік жүйесі əсерін тигізіп отырған

көрінеді. Бірақ қанша жерден жүйе кінəлі дегенмен қылмыстарды жасыратын, оны ашпай жауып тастап отырған нақты адамдар ғой. Сондықтан да Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін есепке алу-тіркеу тəртібін бұзу жəне қылмыстарды жасыру орын алған жағдайда тиісті органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшыларын қызметтік лауазымынан босатуға дейінгі дербес жауапкершілікке тар ту талап етілді. Осыған орай, бұл өзекті мəселелер төңірегінде біз Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет ИСАЕВҚА жолығып, толғандырған бірқатар сұрақтарымызға жауап алғанды жөн көрдік. (Соңы 6-бетте).

Кґк теѕіздегі кемелер шеруі Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл бір жағы Отан қорғаушылар күні өтетін алғашқы жауынгерлік шеруге дайындық деуге болады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік алып, етек-жеңін қымтай бастаған Қазақстан осыдан 20 жыл бұрын қоғамдық тыныштықтың, экономикалық өсудің қалқаны ретінде Əскери-теңіз күштерін құрған болатын. Бұл жас мемлекетте жоқтан бар жасаған жаңа жұмыстардың бірі болды. Қиын кезеңде бұрыннан жосығы бар əуе жəне құрлық əскерлерін дамыту өз алдына, жаңадан əскер түрін қалыптастыру оңай болған жоқ. Офицерлер дайындап, жұмысты жолға қоюда қажетті инфрақұрылымның жоқтығы қолбайлау жасады. (Соңы 10-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.