16042015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №69 (28547) 16 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Индустрия игілігі

Кґксарайда кїн сəулесінен ќуат алынады Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Ќатынастар деѕгейі жоєары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының одан əрі дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мəселелер талқыланды. Елбасы екі ел арасындағы достық жəне сенімге құрылған қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. – ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның былтырғы сапары табысты болды, біз бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен біздің «Нұрлы Жол» бағдар ламамыздың ұқсастықтары көп. Біз дің елдеріміздің іс-қимылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысында да тоғысады, газ құбыры мен

теміржолдар салудамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚХР елшісі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары өркендеп отырғанын, өзінің даму тарихында ең жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті. – «Қазақстан-2050» Стратегия сы жəне «Қытай арманы» бағдарламасы да мақсаты мен мерзімі жағынан ұқсас. Қазақ стан мен Қытай тату көрші ғана емес, стратегиялық серіктес те бо лып табылады. Біз Қа зақстанның ел ішіндегі жəне өңір де гі тұрақтылықты сақтауға ба ғыт талған ұмтылысын қол даймыз. Қытай тарапы достық пен екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалайды, – деді Ч.Ханьхуэй.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Еѕ тґменгі стандарттар айќындалды

Кеше Парламент Мəжілісінің кезекті жалпы отырысы болып өтті. Спикер Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен сол отырыстың күн тəртібінде он төрт мəселе қаралса, соның сегізі заңнамалық айналымға алынған заң жобаларына қорытынды əзірлеуге қатысты болды. Сондай-ақ, депутаттар назарына ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер, сумен жабдықтау мен бұру жəне бітімгершілік қызмет мəселелеріне қатысты заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Аталған заңдық құжатқа Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қараған палата келісу керек деп шешті. Бұдан кейін «Ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы азаматтардың білім алуға, денсаулығын сақтауға жəне медициналық көмекке, отбасы мен балалар құқықтарын қорғауға, əлеуметтік қамсыздандырылуға, білікті заң көмегіне, еңбекке жəне жұмыспен қамтылуға, мəдениет пен спорт мемлекеттік ұйымдары көрсететін қызметтерге қол жеткізуге құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік ең төмен əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді қолданудың құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған. Ең төмен əлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастырудың бірыңғай құқықтық базасы мен жалпы қағидаттарын белгілеу

жəне қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті, Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі мен сапасының салалық стандарттарын қалыптастыру. Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының шеңберінде берген тапсырмасына орай қабылданған заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қарап, қолдау керек деп шешті. Заң жобасы ның мақсаты Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сəйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуді қарастырады. Заңдық құжатта бітімгершілік операция жүргізуге арналған мандат БҰҰ Жарғысына сəйкес қа былданады деп нақты ланып, «бейбітшілікке мəжбүрлеу операциясы» ұғымы осы Ұйымның жарғысына сəйкес жазылғаны да белгілі болып отыр. (Соңы 2-бетте).

Шетел инвесторлары Қазақстанға көптеп келе бастады. Жұмыр жерден жан қалтасында ғы қар жысын салып пайда шығаратын қолайлы жер таппай жүрген жоқ, оларды Қазақстанға магниттей тартатын күш біздегі экономикалық қуат, жағдайдың тұрақтылығы болса керек. Оның үстіне облыс əкімдігі де шетел инвесторларын қызықтыратындай, екі жаққа да пайдасы мол жобаларды дайындап, кездесуге жиі шақырып тұрады. Жақында Отырар ауданында күн электр стансасының негізі қаланды. Облыстың өзінде электр қуатына тапшылық қатты сезіледі. Арынды өзек, суы мол көл жоққа тəн болғаннан кейін баламалы қуат көздерін іске қосу нəтижесін беріп келеді. Жоба құрылысын «Promondis Kazakhstan» ЖШС-нің тапсырыс беруімен германиялық «NWCOMP SOLAR» компаниясы жасап жатыр. Жалпы құны 17 млрд. 800 млн. теңгеге жететін кешеннің Отырар ауданын таңдауының өз себебі бар. «NWCOMP SOLAR» компаниясының бас инженері Виктор Вайдерспан «Осы жобаны жүзеге асыруға бел байлағанымызда Оңтүстіктің көптеген аудандарын араладық, осы жерді қолайлы көрдік», дейді. Осы салада он жылдан астам жұмыс жасаған, тəжірибесі мол компанияның Отырарға тоқтаған себебі, мұнда жазды күндері ала қарғаның миы қайнайтындай аптап ыстық болады. Төңіректе тал атаулыдан

тұлдыр жоқ, күн сəулесін көлеңкелетер сая жəне жоқ. Оның үстіне, мұнда қуат көзіне тапшылық 280 мВт-қа жетеді. Сондықтан компания «жасыл эконо мика» бағдарламасы аясында алты жобаны қолға алмақ. Шаруа оңтайы келсе 290 мВт қуат көзін алуға мүмкіндік бар екен. Бұл енді болашақтың шаруасы. Инвесторлармен жаңа нысан орнына қазық қаққанда облыс əкімінің орынбасары С.Тұяқбаев та айтқан. Республикадағы күн сəулесі энергиясы стансасының 75 мВт өндіретін аса ірі кешенінің құрылысы басталды. Отырар ауданы 35 мВт алса, қалғаны көршілес аудандарға тиесілі. Құрылыстың екінші кезеңі Шардара ауданында жүзеге асырылмақ. (Соңы 2-бетте).

Су тасќынына дайындыќ жайы пысыќталды Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өңірлердегі су тасқыны жəне қабылданып жатқан шаралар мəселесі бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты. Барлық өңірлерде іс-əрекет жасау жоспарлары əзірленіп, су тасқыны кезеңіне өзара іс-қимыл жасау жоспарларына түзетулер енгізілді. Төтенше жағдайлар аймағында 4515 құтқарушы, өрт сөндірушілер жəне Ұлттық гвардияның əскери қызметшілері, 1221 бірлік арнаулы жəне құтқару техникалары, 74 жүзу құралдары

жұмыс істеуде, 106 су айдау құрылғылары іске қосылған. Су тасқыны басталғаннан бері 12 шақырымнан астам уақытша дамбалар тұрғызы лып, 3,2 шақырым бөгеттер қалпына келтірілді, 51 мыңнан астам қапшық төселді, 140,6 мың текше метр су сорғызылып алынды. Су басу аймағына жататын елді мекендердегі 11172 адам уақытында басқа жерлерге көшірілді. Өңірлерде жалпы саны 23972

 Өңір өмірі

Аймаќта ауќымды жўмыс атќарылып жатыр Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қы зылорда облысына жұмыс сапа рымен келді. Құрамында Білім жəне ғылым, Денсаулық сақ тау жəне əлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері бар

делегацияны облыс əкімі Қырымбек Көшербаев күтіп алды. Вице-премьер жұмысын Арал ауданының Жақсықылыш ауылынан бастады. Мұнда аты тек Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге танымал «Аралтұз» АҚ орналасқан. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: ШАНАЌЌАЛА 5-бет

Їкіметтік емес ўйымдар: дамудыѕ жаѕа кезеѕдері 6-бет

Оќырман назарына!

Баянды баќыт 7-бет

Тоќырау салдары тереѕде 10-бет

адамнан, 7361 техникадан, 982 бірлік жүзу құралдарынан жəне 16 тікұшақтан тұратын ісəрекет ету бойынша күштер мен апаттық құтқару бөлімшелерінің құралдары топтастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп күн сайын мониторинг жүргізуді, ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды жəне қалыптасқан жағдайға орай шұғыл іс-қимылға көшуді тапсырды. –––––––––––

Заман талабына орай жа ңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеу мет тік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

 Қазақстанда 2015-2019 жылдары пайдалы қаз балар ды анықтау үшін 120 млрд. теңге жұмсалады. Бұл туралы мəлім еткен Инвестициялар жəне даму министрлігі геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев биыл елімізде осы бағытқа 12,5 млрд. теңге қарас тырылып отырғанын да жет кіз ді. «Оның ішінде Ұлттық қордан бөлінетін 6 млрд. теңге «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жаратылады», – деді ол.  Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме ашылады. Тəуелсіздік сарайында қанат жаятын ол бүгін белгілі суретші-дизайнерлер Галина Беспалованың, Жəнібек Нұрбекұлы мен Бақыт Бүбееваның «Мөлдір бояу – Ару жібек» атты топтамалы өнер туындыларымен тұсауын кеседі.  Алдағы сенбіде елордада өтетін қалалық сенбілікте 5 мыңнан астам көшет бой түзейді. Бұған қала аумағындағы барлық білім жəне мəдениет мекемелері, жоғары оқу орындары, басқармалар, министрліктер мен департаменттер өкілдері, пəтер иелері кооперативтері қызметкерлері түгел қатысады.  Қызылордалық оқушы лар кəсіпорындардың жұмысымен танысты. Кəсіпкерлер палата сы ның облыстық білім басқармасымен бірлесе ұйым дастырған бұл шарасы «Ашық есік күні» форматында өтті. Мектептер басшылары мұндай игі істердің мектеп бітірушілердің мамандық таңдауларына зор көмек көрсететінін айтты.  Көкшетау көрермендері Жұмабек Тəшеновтің өмірі мен еңбек жолына арналған спектакльді тамашалады. Бұл Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрын да қойылған Ерсайын Тө леу бай дың «Алдаспан» деген драмасы арқылы мүмкін болды. Онда тың игеру жылдарындағы солақай саясатқа қарсы шыққан мемлекет қайраткерінің ел үшін сіңірген еңбегі кеңінен көрсетіледі.  Маңғыстау облы сының Қарақия ауданында бөдене бизнесі дамып келеді. Осы ауданның Құрық ауылының тұр ғыны Амандық Мырзабеков осы жолды бірінші бастаған екен. Қазір кəсіпкер 700 бөдене өсіріп, ауыл тұрғындарына ақша табу мүмкіндігін беруде. Ол енді бөдене жұмыртқасынан ма йо нез шығаруды қолға алмақшы.  Батыс Қазақстанда «Бекіре-2015» операциясы көптеген көлеңкелі бизнестің жолын кесті. Облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Кенжеахметовтің айтуынша, аталмыш шара басталғаннан бері балық өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған 7 автокө лік ұсталып, олардан 6,5 тоннадай қара балық тəркіленген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

Осы тақырыпқа арналған топтаманы 2-беттен оқисыздар.

 Өмір жəне өлең

ЌОС ЌАНАТЫМ (Нўрсўлтан Əбішўлы Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоєанєа) Ассалаумағалейкум, қос қанатым, Қазақ-түрік бұрыннан дос болатын. Ер түріктің басшысы келген кезде, Ұшырайын саралап сөз жанатын.

Қандай жақсы бұл келіс, қос қанатым, Жүріп жатыр көп тірлік көз қанатын. Əрқашан Астана мен Анкараның Жаһанда аса берсін салтанаты.

Өздеріңді көргенде, қос қанатым, Сияқтымыз басқа кеп бақ қонатын! Жарасты сыйластықпен жүргендерің Біздер үшін мақтаныш, күш болатын.

Мүдделерің бір болсын, қос қанатым, Сырттағылар боп жүрсін жасқанатын. Мерейлерің үстем боп əрқашанда, Озып жүрсін бəйгеге қосқан атың!

Түбіміз бір, қан да бір, қос қанатым, Достықтарың болсыншы жүз жанатын. Көбейтіңдер баруды, келуді де Алыс-жақын боп жүрсін қызғанатын.

Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы.

13.04.2015 жыл.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.