16/05/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» 2-бет Жеті ата 4-бет Қазақ қазба байлыққа ғана емес, жазба байлыққа да бай 5-бет Сəкен соқпағы 6-бет

№127 (28066) 16 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Мемлекет мерейі

11 миллионыншы ќазаќ ќасиетті Ќазыєўрттыѕ ќойнауында дїниеге келді

Кеше Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайы лов Қазақстандағы қазақ халқының саны 11 миллионға жеткенін хабарлады. Ол, сонымен қатар, атамекендегі жұртымыздың бұл беделді белестен бұдан бес ай бұрын, екі жылдың тоғысар талма тұсында асқанын, тек сол 11 миллионыншы қазақтың нақтылы кім екенін дəл анықтау үшін біршама уақыт жұмсауға тура келгенін айтып берді.

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде əскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы

2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынборда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде əскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 13 мамыр. № 92-V ҚРЗ

Рəміздерді ќўрметтеу – парыз

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рə міз дер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Мемлекеттік рəміздер еліміздің тəуелсіздігін, мемлекеттіліктің мызғымастығын айшықтайды. Біздің рəміздерге деген ерекше ықыласымыз мемлекеттік негіздер мен Отанды сүюге деген құрметімізді көрсетеді. Біздің алдымызда рухани адамгершілік құндылықтарды терең зерделей отырып, тəуелсіз Қазақстанның нағыз мемлекетшіл азаматтары мен патриоттарын қалыптастыруымыз қажет, – деп атап өтті отырыстың

ашылуында Мемлекеттік хатшы. Осы маңызды идеологиялық салада атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Сыртқы істер министрі, Статистика агенттігінің төрағасы, Атырау, Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстары əкімдерінің есептері тыңдалып, егжейтегжейлі талқыланды. Кездесуге қатысушыларға мемлекеттік рəміздерге қатысты заңнаманы бұзуға жол бермеу қажеттілігі айрықша міндеттелді. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда 3 млн. 700 мыңнан астам автокөлік бар. Биылғы наурызда республикада 30 269 жеңіл автомобиль тіркелді, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 34,6 пайызға төмен.  Атырауда үздік инновациялық жоба 3 миллион теңге алады. Оны анықтауға арналған байқауды «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы, жастар саясаты мəселелері басқармасы жəне «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі жариялады.  Семейде «Өңірлердегі этноəлеуметтік жəне этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» аймақтық семинар-тренингі

 Мемлекеттік мəселе

«А» корпусына сынаќ тапсыру басталды

Кеше, мамырдың 15-інде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусының кадр резервіне алуға құжат тапсырған кандидаттарға тестілеу басталды. Тестілеу агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын кестеге сəйкес өткізілетін болады. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Қазір қарап тұрсақ, агенттік пен оған қарасты барлық деңгейдегі құрылымдар осы бір өте шетін деректі ешбір қатесіз тура дəлдікпен анық тау үшін бес айға жуық мер зімнің

ішінде ұлан-ғайыр жұмыстарды атқарып шығыпты. Олар бұл тірнектеген тірлікке 2013 жылдың 1 қаңтары күні еліміздегі қа зақтар санының 11 001 739 адамға толғанына көз жеткізгеннен кейін кіріскен. Сол кезде 11 миллиондық шектен артық 1739 нəрестенің дүниеге

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту жəне мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерін ажырату мəселелеріне қатысты заң жобаларын қарастырды.

Сот актілерін орындау

келгені жарқырап шыға келеді. Агенттік қызметкерлері осы орайда 11 миллионыншы қазақты дəл анықтау үшін қазақ ұлтының 2012 жылғы демографиялық құ былыстарын түгел екше леп шыққан екен. (Соңы 10-бетте).

Жўмыс тобыныѕ їшінші отырысы

«Егемен Қазақстан».

Алдымен депутаттар Еуропа Қайта құру жəне даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді «Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін рекон струкциялауға қатысты келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алды. ЕҚҚДМ алынған қарыз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік жолының бір бөлігі болып табылатын, 62 шақырымға созылатын жол учаскесін реконструкциялауға бағытталатын болады. Жаңа участок əсіресе, шекараға жақын аймақтарда, Қазақстан мен Өзбекстанның транзиттік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді деп күтілуде. Соның нəтижесінде екі мемлекет арасындағы жүк тасымалы мен жолаушылар легін арттыруға жол ашылмақ. Одан кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің жəне аралық соттың қызметін жетілдіру мəселелері бойынша

өтуде. Үш күнге созылатын шара барысында этномəдени бірлестіктер өзара тəжірибе алмасып, қоғамдық келісім жəне ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған міндеттер мен қажетті шаралар қарастырылады.  Қызылорда облыстық прокуратурасы адам құқығын қорғау шарасы барысында 1,9 млрд. теңгенің қаржысын өндіріп берді. Ол осы тұрғыда былтырғы жылы 21,6 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, 21 мың азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғады.  Оңтүстік Қазақстанда алғаш рет асыл тұқымды ірі қара төлдері аукцион арқылы сатылды. Аукционның мақсаты асыл тұқымды төлдерді сату ғана емес, ет бағытындағы асыл тұқымды мал ша руашылығын дамыту шараларының нақты жеміс

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді қарады. Бұдан басқа палата «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыға салды. Соңғы аталған заңдық құжат сот орындаушыларының құқы мен борышкерлердің жауапкершілігін арттыруды көздейді. Əділет вице-министрі Дулат Құсдəулетовтің айтуынша, жыл сайын əрбір екінші сот шешімі орындаусыз қалады. Заң жобасының мақсаты атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, сот орындаушыларына борышкерлерге əсер етудің нақты тетіктерін беру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою, заңды күшіне енген сот актілерінің абсолютті түрде орындалуына қол жеткізу болып табылады. (Соңы 2-бетте).

бере бастағанын көрсету болып табылады.  Алматыда жылдың ең үздік педагогтары анықталды. 2005 жылдан бері дəстүрге айналған бұл шара биыл жаңа пішінде өтіп, оған мектеп мұғалімдері ғана емес, мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметкерлері мен техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары да қатысты.  Батыс Қазақстанда индустрияландыру картасы аясында 33 инвестициялық жоспар жүзеге асырылады. Жалпы сомасы 256 млрд. теңгені құрайтын бұл жобалар1700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

 Ойласу

Мансап пен мінез

Мемлекеттік ќызметке іліккен жастар адамдармен жїре сґйлесіп, шіреніп шыєа келеді

барысында олќылыќтарєа жол берілмеуі тиіс Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Мемлекеттік қызметтің «А» басқару корпусы лауазымдарына өткісі келетін үміткерлер міндетті түрде қазақ тілінен тест тапсырады. Олар ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы жүзден астам тапсырмалар орындайды. Мемлекеттік қызмет реформалары аясында мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейіне назар салынуда. «А» корпусы кадр резервіне өткісі келетін үміткерлерді тестілеу бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы күні кандидаттар заңды білу жəне тұлғалық жəне басқарушылық біліктілік деңгейін (этикалық қасиеттері, қарым-қатынас жасай білуі, бəсекені бағдар тұтуы, сапаны бағдар тұтуы) анықтау бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Ал осы тест түрінен оң нəтижеге жеткен үміткерлер келесі кезеңге жіберіледі. Олар қисынды вербалды емес тест тапсырумен қатар мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталатын тестілеуден өтеді. Тестілеу Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ғимаратында кестеге сəйкес 15-27 мамыр аралығында болады. Сынақ өтетін залдар бейне бақылау камераларымен жабдықталған, ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапты тұлғалар анықталған. Мемлекеттік тілден өтетін тест үш бөліктен тұратынын айтады

ҚАЗТЕСТ жүйесі, Ұлттық тестілеу орталығы басқарма жетекшісі Айдос Əбдіхалықов. Бірінші бөлік – тыңдалым (тыңдап түсінуді бағалау), екінші бөлік – лексикаграмматикалық бөлік (қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті тілдік қатысым барысында пайдалану дəрежесін бағалау), үшінші бөлік – оқылым (оқып түсінген материалдарды бағалау). Жалпы тест 150 тапсырманы қамтиды. Тестілеу қорытындысы бойынша талапкердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады. «А» корпусы кадр резервіне өту үшін 2 мыңға жуық талапкер құжаттарын тапсырған болатын. «А» корпусына бірінші кезекте министрліктердің жауапты хатшылары мен облыс əкімдерінің аппарат жетекшілері, комитет төрағалары, облыстық деңгейдегі қала жəне аудан əкімдері сияқты лауазымдар кіреді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назаpбаев өзінің халыққа Жолдауында кəсіби басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты болатындығын атап көрсеткен. Елбасы бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық саты бойынша кезең-кезеңімен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре жəне кəсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болатындығын айтқан.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Ор талық аппаратында партияның жаңа саяси Доктринасын əзірлеу жөнін дегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бұл құжат Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап сырмасы бойынша əзірленуде. Осының алдында болған екі отырыста Доктрина жобасын жетілдіру ге бағытталған бірқатар ұсыныстар түскен еді. Одан басқа жазбаша ұсыныстар да көптеп түсіпті. (Соңы 2-бетте).

«Үш-ақ нəрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Қазақтың ұлы данышпаны Абай атамыз қалай тауып айтқан?! Қай адамның да болмысы мен бітімінен осы үш қасиет табылып жатса, өзіндік ұстамды мінезі де қалыптасар еді. Мінезді əкенің қанымен, ананың сүтімен дариды деп жатады. Рас болар, оған дауымыз жоқ. Алайда, əр адамның мінезінің қалыптасуына отбасындағы тəрбиемен бірге, оның араласатын ортасы да, атқаратын лауазымдық қызметі де əсер етпей қоймайтыны жəне бар. Соның ішінде жастардың мінезі мемлекеттік қызметке «ілінумен» күрт құбылып жататыны байқалып қалып жүр. Бəлкім, жастар мемлекеттік қызметке орналасуды мансаптың баспалдағына аяқ басу деп түсінетін секілді. Бір қарағанда, солай екені даусыз. Бірақ, жастардың көбі мансаптың буына мастанғанын, əсіредаңғойлыққа

 Бір ауыз сөз

Мемлекеттік тілді менсінбейтін нотариустыѕ ґзі ме, əлде сондай нўсќау бар ма? Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылдың сəуір айының соңында Камбил Абуов деген азамат «Егемен Қазақстанның» Алматы бөлімшесіне келіп, жарнама тапсырды. Мəтіні жақын адамының қайтыс болғанына байланысты мұрагерлік істің ашылғаны жөнінде екен. Бірақ ол көп ұзамай қайта келіп,

жарнаманы «Егемен Қазақстанға» емес, «Казахстанская правдаға» беруі міндетті екенін, төлеген ақшасын қайтаруды талап етті. Ақсақалдың нотариуске өкпелі екені байқалады. Əлгі нотариус толтырған құжатта «Дать объявление в газету «Юридическая газета» и в «Казахстанскую правду» деп жəне неге екені белгісіз «Фамилию нотариуса не надо указывать» деп тайға таңба

бой алдырғанын қапелімде білмей қалатын шығар-ау, деп топшылаймыз. Қайбір жылы ескі танысым мемлекеттік қызметке, дəлірек айтқанда, əкімдіктің жауапты қызметіне тағайындалған жас жігіттің күрт өзгергенін əңгімелегені бар еді. Оның айтуынша, өзінен бір мүшел жастай кішілігі бар жігіттің бұрын сəлемі түзу, сыйластығы жарасымды болған. Əкімдіктің жауапты қызметкері атануы мұң екен, əлгі сабазың сəлемдеспек түгілі, танымайтындай кейіп танытыпты. Кердең басып, көзін шел қаптағандай өте шығатын сол жігіт шамасы, жұмсақ орындық пен қызметтік көліктің желігіне тым ерте еліткен секілді. Өкінішке қарай, мұндай жас шенеуніктер бірлі-жарым болмай тұр. Мемлекеттік қызметтің «ауылына» ат шалдырған жастар мансабына орай мінезін де өзгертіп алып, құдды көк тірегендей шіренетінін қайтерсің? (Соңы 3-бетте).

басқандай етіп жазылған (Құпия нотариустың фамилиясы, атыжөні Клара Құрманова). Мəселе бір жарнамаға қатысты азын-аулақ тиын-тебенде емес, одан «Егеменнің» қазаны ортайып қалмас. Мəселе, əлгі «құпия» нотариустың ақсақалды əлекке салып, басылымдарды бөле-жарғанында болып тұр. Əлде оларға жоғары жақтан сондай нұсқау берілген бе? Осы мəселе бойынша бірнеше нотариуске сұрау салдық. Бірақ мардымды жауап ала алмадық. Бəлкім, бұл сұраққа Алматы қалалық əділет департаментінің басшылығы жауап берер?!. АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.