16052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Бурабай

3-бет Дерт дауасы – дəл диагностика 5-бет Ата-ана жəне бала 9-бет Кэмерон референдум мəселесімен əлек 11-бет

№95 (28319) 16 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Оѕтїстік білім мен єылымныѕ орталыєы болуы тиіс

– деді Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев Оѕтїстік Ќазаќстан облысына жўмыс сапары кезінде

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Қабырғалы қазақтың өзегін ұстап отырған Оңтүстік өңіріне Елбасының келуі қашанда үлкен оқиға, биік мəртебе. Атажұрттың айбынын асырар толымды тірліктерін көрсетіп қалудың оңтайлы бір сəті осындайда түссе керек. Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан»,

Суханберді ОРАЗАЛЫҰЛЫ, журналист.

Елбасының алысты көздеген, тереңнен толғаған сара саясаты мен Үкіметтің үдемелі индустриялықинновациялық даму бағытын айқындап алудың нəтижесінде Оңтүстікте де оңды өзгерістерді аз кездестірмейсіз. Бəрін бірдей

айтпай-ақ, өткен бір жылды ғана сөз етсек, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өндірілген жалпы өңірлік өнімнің мөлшері 2,1 трлн. теңгені құрады. Экономикалық дамудың басты көрсеткіші болып табылатын бұл шартты өнімнің көлемі соңғы бес жылда 2,3 есе өсті. Сапары барысында Мемлекет басшысы облыстағы бірқатар нысандарда болып, атқарылып

Инновация жаѕаша кґзќарасты ќажет етеді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы депутаттар қарауына əуе шабуылына қарсы қорғаныс, инновациялық технологиялар паркі жəне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мəселелеріне қатысты заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бірінші кезекте «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының əуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды. Сенатор Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, Бірыңғай өңірлік жүйе құрудың мақсаты екі мемлекеттің əуе кеңістігін күзету жəне қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Əуе шабуылына қарсы қорғаныстың Бірыңғай өңірлік жүйесін екі ел қорғаныс министрлерінің ұсынысы бойынша Мемлекет басшылары тағайындаған қолбасшы басқарады. Ал қолбасшылық Алматы қаласында орналасады. Тағы бір айта кететін жайт, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу биылғы жылдың қаңтарында Қазақстанға жасаған сапары барысында Ресей

тарапының Қазақстанға өтеусіз С-300 зымыран кешендерін беруге əзір екенін мəлімдеген-ді. Осыған орай қазіргі таңда отандық сарапшылар осы мəселені пысықтауда екені де атап көрсетілді. Жалпы отырысқа шығарылған «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» жəне оған ілеспе заң жобалары бойынша бірлескен баяндаманы Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев жасады. Вице-премьер елімізде жаңа технологияларды дамытатын Назарбаев Университеті мен Алматыдағы инновациялық технологиялар паркі екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, «Алатау» паркінің бірінші кезеңі аяқталып отыр. Қазіргі таңда аталған парк толығып, 150-ге тарта компания тіркеліп, жұмыс істеуде. Құйылған инвестицияның көлемі 46 миллиард теңгеге жетіп, 1100 жұмыс орны құрылған. Қазіргі таңда аталған инновациялық парктің екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде

жатқан жұмыстармен танысты, халықпен кездесіп, тұрмыс жағдайын бағамдады. Елбасы, алдымен, Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан Қазақстан-Корея бірлескен кəсіпорнының жұмысын көрді. Ол сəндік ағаштардың көшеттері мен көкөніс дақылдарының тұқымдарын өндіреді. Бірлескен кəсіпорын 27 гектарға сəндік ағаш көшеттерін, 33 гектарға көкөністің тұқымдық сұрыптарын отырғызған. Аталған жобаға 5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. Бүгінге дейін 1,5 млн. АҚШ доллары тартылды. Кəсіпорында 50 адам тұрақты, 200 адам маусымдық жұмыс атқарады.

көрінеді. Бұдан басқа, заң жобасын əзірлеушілер Ресей, Беларусь, Оңтүстік Корея жəне АҚШ сияқты елдердің инновациялық технологиялық парктерінің тəжірибелерін жан-жақты зерттегендерімен де бөлісе кетті. Заң жобасының мақсаты «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (ИТП АЭА) ерекше мəртебесін, оның дербес кластерлік қормен шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекшеліктерін жəне ИТП АЭА-ға қатысушыларды тіркеуге жəне олардың қызметіне қойылатын талап тарды айқындау болып табылады. Заң жобасында «иннова ция лық кластер» түсінігі енгізіліп, оны басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны – «дербес кластерлік қор» көзделіп отыр. Бұл жерде аталған қордың дербестігі, қатысушыларды қолдау үшін қаржылай құралы жəне рұқсаттарды алмай-ақ шетелдік жұмыскерлерді тарту құқығы бар. Бұдан басқа, ИТП АЭА басқару органдарының функцияларын орындауға қордың мемлекеттік тапсырма алу мүмкіндігі, эксаумақтылық қағидаты бойынша ИТП АЭА-ға қатысушылардың қатарына қосу рəсімін жеңілдету мен 2018 жылға дейін эксаумақтылық қағидатын ұзарту жөніндегі нормалармен толықтырылған. Ал ілеспе заңдық құжатта да маңызды бір қатар мəселелер қамтылыпты. (Соңы 2-бетте).

Өткен жылы желтоқсан айында ашылған «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем жəне кілем бұйымдарын шығаратын фабрикасы – Оңтүстік өңірінің бір мақтанышы. Жоба бойынша алдағы уақытта төрт кезеңнен тұратын 26 желі іске қосылатын болады. Бұл 700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта өндіріс кешенінің алғашқы кезеңі жүзеге асып, құны 1,7 млрд. теңге болатын алты желі іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Фабрика елімізде теңдесі жоқ белгиялық «Wanderwii» компаниясының жабдықтарымен жұмыс істеп, толық қуаттылығына шыққан сəтте республика нарығының 60

пайызын қамтитын болады. Жəне экспортқа 1-2 млн. шаршы метр кілем жəне кілем бұйымдарын шығаруға мүмкіндік алмақ. Жаңа əкімшілік-іскерлік орталығында Мемлекет басшысы бір ауысымда 500 адамды қа былдайтын №3 Шымкент қалалық емханасының жұмысымен танысты. Емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып, өткен жылы пайдалануға берілген. Медициналық мекеме Шымкент қаласының қарқынды өсіп келе жатқан «Отырар», «Нұрсəт», «Айқап», «Түркістан», «Тараз» шағын аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мұнда 220 дəрігер мен орта буынды медицина

Жапония елшісімен кездесті Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Жапония елшісі Масаеси Камохара екі елдің қарым-қатынасы туралы мəселелерді талқыға салды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан Президентінің Жапония Премьерминистрімен кездесулері қазақстандық-жапондық өзара іс-қимылды одан əрі нығайтуға жол ашатынын айта келіп, қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына назар аударды. Сондай-ақ, кездесу иелері ядролық қарусыздандыру жəне таратпау тақырыбына да айрықша көңіл бөлді. Мəжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық халықаралық бастамаларының маңыз дылығына тоқталды. Қ.Жақыповтың атап өткеніндей, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімге, ағымдағы жылы 6 мамырда БҰҰ штаб-пəтерінде қол қойылған хат тама – халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды қадам. Өз кезегінде Масаеси Камохара Қазақстан аймақтағы жолбасшы мемлекет болып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, жапон дипломаты Жапонияның біздің елімізбен əртүрлі саладағы

ынтымақтастыққа, əсіресе, ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді. Екі ел басшыларының Гаагадағы кездесулері осының дəлелі болатынын көрсетті. Сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту туралы сөз болғанда, Мəжіліс Төрағасы Қазақстанның жапондық жетекші трансұлттық компанияларынан инвестиция тартуға жəне Қазақстанда сервистік жинақтау өндірісін құруға ниетті екенін тілге тиек етті. Қабиболла Жақыпов: – Жапондық өндіріс орындарының инновациялық сипатын ескере отырып, біз жапондық бизнес өкілдерін Қазақстанда индустриялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамыз, – деді. Кездесу иелері парламентаралық қатынасты тереңдетудің өзектілігін ескере келіп, осы жолда бейінді комитеттермен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту керектігін жеткізді.

қызметкері жұмыс істейді. Емхана заманауи диагностикалық құралжабдықтармен, атап айтқанда, сəу л ел ік, маммо г р аф и я л ық, функ циялық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық диагностикамен қамтылған. Облыста денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударылып келеді. Соңғы 5 жылда 264 жаңа медициналық нысан са лынып, ел игілігіне берілсе, биылдың өзінде 65 медициналық нысанның құрылысы басталды, оның 53-і облыс бюджеті есебінен тұрғызылуда. Елбасы Шымкенттің жаңа əкімшілік-іскерлік орталығында салынған «Көрме орталығында» болып, жергілікті кəсіпкерлермен

кездесті. Көрмеде облыстағы алпыстан астам өндіріс орны өз тауарларын жайып салды. Мұнда фармацевтика, азық-түлік, тоқыма, тігін, құрылыс материалдары, машина жасау, мұнай өңдеу, резеңке жəне пластмасса, жиһаз, химия салаларын қамтитын кəсіпорындардың өнімдері қойылған. Көрмеге қатысқан кəсіпорындардың жартысы мемлекеттік ҮИИД бағдарламасы аясында іске қосылған. Бұлар əлемдік стандарттар мен алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша тауар өндіріп, республикамызда теңдесі жоқ импорт алмастыратын кəсіпорындар санатына енеді. (Соңы 2-бетте).

VII Астана экономикалық форумы қарсаңында 2014 жылдың 21-23 мамыры күндері VII Астана экономикалық форумы аясында (АЭФ) «G-Global – жаңа экономикадағы əйелдер рөлі» атты халықаралық əйелдер форумы өтеді.

Экономикадаєы əйелдер рґлі Астана экономикалық форумы əлемдегі ауқымды халықаралық форумдардың бірі болып табылады. Ол жыл сайын қазіргі заманның негізгі экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерімен күресу жолдарын іздестіру мақсатында жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды жəне қоғам мен бизнесқауымдастықтар өкілдерінің басын қосады. Жыл сайын Астана əлемдік экономикалық проблемаларды шешу үшін əлемнің əр түкпірінен көрнекті əрі беделді сарапшыларды қабылдайды. Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның Іскер əйелдер ассоциациясы 2012 жылдан бастап дəстүрлі түрде əйелдер форумын өткізіп келеді. Осы форум аясында тұрғындардың, оның ішінде əйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты барлық өзекті жəне маңызды мəселелер талқыланады. «Осындай іс-шараны тұрақты түрде өткізіп тұру идея сы Мемлекет басшысы Н.Ə.Назар баев тың дəстүрлі халыққа

Жол дауын зерттеу барысын да пайда болды», дейді ұйым дастыру шылар. Жолдауда қоғам дамуындағы əйелдердің маңызды рөлі, экономиканың сəтті дамуы, əлеуметтік шиеленістің төмендеуі мен тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуы үшін шағын жəне орта бизнес, соның ішінде əйелдер кəсіпкерлігінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген. Əлемдегі халықтың 50 пайыздан астамын əйелдер құрайды жəне олардың өзі тұратын, балалары өмір сүретін қоғамға көзқарасы немқұрайлы емес. Əйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шарттарды мойындап, қамтамасыз етуші елдер дұрыс бағытта келеді. Қазақстан Республикасының гендерлік тең құқықтық мəселесіндегі жетістіктерін халықаралық қауымдастық мойындаған. 2013 жылы жүргізілген жыныстық тең құқықтық деңгейі рейтингінде Қазақстан 136 ел арасында 32-ші орынға ие болды. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.