16062015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№111 (28589) 16 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Асќаќ арман жїзеге асќан шаќ

Елбасы Назарбаев Университеттіѕ алєашќы тїлектеріне сəт сапар тіледі Кеше Назарбаев Университетте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен алғашқы түлектердің оқу бітіру рəсімі өтті. Салтанатты рəсімге студенттер, атааналар, сондай-ақ, профессорлықоқытушылар құрамы, ірі ұлттық компаниялардың басшылары жəне шақырылған қонақтар қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

2010 жылы Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Назарбаев Университет отандық білім берудің үздік үлгісі болып табылады. Алғашқы болып 446 студент бітірді. Студенттер көбінесе гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар мектебінде, ғылым жəне технологиялар мектебінде, инженерия мектебінде, жоғары білім беру мектебінде, жоғары мемлекеттік саясат мектебінде, жоғары бизнес мектебінде білім алды. Компьютерлік ғылымдар, инженерлік механика, роботты техника жəне мехатроника, білім беруді басқару, биологиялық ғылымдар, электрлік жəне электрондық инженерия, құрылыс инженериясы жəне тағы басқа мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Астананың сол жағалауындағы үлкен даңғыл жолдың бойында орналасқан университет алыстан менмұндалайды. Сарыарқаның таңғы самалы университет қабырғасынан алғашқы болып шығып, үлкен өмірге талпынған жастарымызға сəт сапар тілегендей бой сергітеді. Жастар да, оқытушылар құрамы да барынша көңілді. Олар өздерін құттықтау үшін арнайы келген Елбасын ду қол шапалақтап, үлкен құрметпен қарсы алды. – Құрметті Президент мырза! Университетке қош келдіңіз. Бүгінгі күн – біз үшін ерекше күн. Өзіңіз негізін қалап, үнемі қамқоршы болып келе жатқан жаңа білім ордасының алғашқы түлектері – Сіздің түлектеріңіз бірінші рет осы білім ордасын бітірейін деп отыр. Сондықтан солардың алдында ақжолтай тілек айту үшін Сізге сөз беруді өзіме үлкен құрмет деп білемін, – деді университет президенті Шиего Катсу. Мемлекет басшысы өз сөзін осы салтанатты шараға қатысушыларға қарата отырып

бастады. Университетті бірінші болып бітірейін деп отырған түлектерді, олардың ата-аналарын, Қамқоршылар кеңесінің мүшелерін, университет басшылығын, профессорлар мен қызметкерлерді атаулы шарамен құттықтады. Университеттің аяғынан тік тұруына қаржылай жəне технологиялық тұрғыдан көмек көрсеткен демеушілер мен меценаттар қауымына да жеке алғысын білдірді. Түлектерге дипломдар тапсыру тек бұл университет қана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды шара екендігін атап көрсетті. – Бүкіл Қазақстанымыздың өміріне жоғары білім флагманы – біздің тарихымыздағы алғашқы əлемдік деңгейдегі ғылым-білім орталығының бірінші түлектері қосылайын деп отыр. Біздің еліміз жастардың жаңа толқынына, жанжақты дайындалған білікті мамандарға ие болайын деп отыр. Біздің Ұлт жоспары негізінде мемлекетімізді жаңғырту бағытында терең қайта құруларға кіріскен қазіргі сəтімізде бұл тіпті ерекше маңызды бола түседі, – деген Мемлекет басшысы Назарбаев Университеттің құрылуы

арқылы Астанада жаһандық білімнің қуатты көзінің пайда болғандығын атап көрсетті. Осындай университет құру өзінің үлкен арманы болғанын, бүгінгі күні осы идеяның жүзеге асқанын көріп отырғанын мейірлене айтты. – Ол біздің экономикамыз бен өмірімізді біліммен, ғылыми жаңалықтармен, инновациялармен нəрлендіретін болады. Ол біздің адамдарымызды жақсы жағына қарай өзгертеді, оларға үздіксіз білім алудың, кəсіпкерлік тұрғыдан шыңдалудың белсенділік пен патриотизмнің жаңа дағдыларын орнықтырады. Бұл бүкіл Қазақстанды тұрақты жəне жаһандық тұрғыдан дамыған елге айналдыру үшін, біздің өз мемлекетімізді нығайтып, жасампаз ете түсуіміз үшін, біздің еліміздің танымалдылығы мен беделін əлем бойынша арттыру үшін жасалып отыр. Сондықтан сіздерге өмірге жолдама бере отырып, біз осынау үлкен мақсатымызға шешімді де батыл түрде жақындай түстік деп есептеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті осы түлектерге университеттің тарихи тізімінде бірінші

Əріптесімен əѕгімелесті Мəжіліс Төрағасы Қаби болла Жақыпов біздің елімізде сапармен жүрген Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Асыл бек Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Жўмысты тиімді ету маѕызды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы жəне бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде компанияның Қазақстан экономикасын дамытуға қатысу мəселелері, оның мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар аясындағы қызметінің келешегі талқыланды. Сондай-ақ, Теміртаудағы

«Арселор Миттал» металлургия комбинаты жұмысының негізгі мəселелері қарастырылды, əлемдік экономикадағы қатерлерді ескере отырып, кəсіпорынның тұрақты əрі тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Сенат есептерді ќарады

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Депутаттардың алдында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жəне Есеп комитетінің төрағасы ҚозыКөрпеш Жаңбыршин баяндама жасады. (Соңы 4-бетте).

Жүздесуде сауда-эко номикалық қатынастарды нығайту, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету, сондайақ, мемлекеттер арасындағы келісімдік-заңнамалық базаны жетілдіру турасында əңгіме қозғалды. Əсіресе, Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі жөнінде келісімді ратификациялауды жеделдетудің маңыздылығына көңіл бөлінді. Екі ел арасындағы ынтымақ тастықтың стратегиялық маңыздылығына назар аудара келіп, Қабиболла Жақыпов Елбасы бастамашы болған 5 институттық реформа туралы жəне «100 нақты қадам – Ұлттық жоспары» туралы баяндады. А.Жээнбеков өз кезегінде Қазақстан Прези дентінің көрегендігі мен қазақстандықтардың береке-бірлігінің арқасында келген зор табыстарға тоқталып, біздің еліміздің алға қойған ауқымды мақсаттарға уақытынан бұрын жететініне сенім білдірді. А.Жээнбеков өз сөзінде: – Қазақстан – дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың жарқын үлгісі, – деді. ЭКСПО-2017 көрмесіне де көңіл бөлген мəртебелі мейман біздің еліміздің əлеуетін паш етудің айрықша мүмкіндігі екенін айтып, оған Қырғызстанның да белсене қатысатынын жеткізді.

қатарда тұру құрметі мен бақытының бұйырғандығына назар аудартты. – Дəл мына сіздерге жəне сіздердің істеріңізге қарап, университеттегі дайындық деңгейіне баға берілетін болады. Бұл – ерекше жауапкершілік. Мен сіздердің əрқайсыларыңыздан қуатты ерікжігер мен кəсіпқойлықты күтемін. Əрине, сіздердің диплом алуларыңызбен білім алуларыңыз тоқталып қалмайды. Ол бүкіл өмір бойы жалғасатын болады. Өмірдің басты шындығына сіздер оқу бітіргеннен кейін ғана көз жеткізетін боласыздар. Осының сырын аша білуді сіздерге бес жыл бойы оқытты. Егер кəсіп пен еңбек сіздер үшін бүкіл өмірдің ең сүйікті ісіне айналмайтын болса, алған білім ұмытылуы немесе тез ескіріп қалуы мүмкін. Тек нағыз кəсіп шеберлері ғана өз ісін жетік біліп қана қоймай, сонымен қатар, алған білімін нақты іске айналдыра алады. Мен университеттің барлық түлектері дəл осындай кəсіпқойлар болып шығатынына сеніммен қараймын, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Парламентаралыќ ынтымаќтастыќ Кеше Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев арасында 2012 жылғы Бішкекте болған кездесуде жасалған ұсыныс аясында Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков екі мемлекет Парламенттері арасында Ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру туралы келісімге қол қойды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Қол қою рəсімі аяқталған соң Мəжіліс Төрағасы Қ.Жақы пов пен Жогорку Кенеш Төрағасы Асылбек Жээнбеков Кеңестің алғашқы отырысын Қазақстан Парламенті екі палатасы жəне Жогорку Кенеш депутаттарының, аппарат қызметкерлерінің жəне БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық түрде өткізді. Оны ашқан сөзінде Қ.Жақыпов алдымен Парламентаралық кеңестің маңыздылығына тоқталды. Кеңес екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, мəденигуманитарлық қатынастарды

нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ, екіжақты келісімзаңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған. – Қазақстан Қырғыз Республикасын өзінің аймақтағы сенімді стратегиялық əріптесі деп санайды. Біздің елдеріміздің арасындағы саяси үнқатысулар ашық жəне сенімді сипатта жүргізілуде. Екі елдің арасындағы сауда-эконо микалық ынтымақтастық əлемдік экономикадағы дағда рысқа қарамай соңғы екі жылда 1 млрд. АҚШ доллары көлемінен төмендеген емес. (Соңы 4-бетте).

Əлемдік жəне дəстїрлі діндер лидерлерініѕ V съезіне ќатысушылардыѕ декларациясы Біз, адамзаттың жарқын болашағы үшін бейбітшілікке, келісім мен жасампаз ынтымақтастыққа ұмтылыспен бас қосқан, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысушылар, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мəртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу жөніндегі игі бастамасы үшін, барша Қазақстан халқы мен оның Үкіметіне кеңпейілдік əрі қонақжайлық танытқаны үшін алғысымызды білдіре отырып, XXI ғасырда əділ əрі қауіпсіз əлемге қол жеткізу үшін дінаралық жəне өркениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі съездің жоғары рөлін жəне Қазақстан Республикасының қосқан үлесін мойындай отырып, дінаралық жəне мəдениетаралық үйлесімдікті көтермелеу, дін лидерлері мен саяси қайраткерлер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық жəне өңірлік бастамаларды қолдай отырып, əлемдік жəне дəстүрлі діндердің рухани мұраттар мен құндылықтарды бекемдеу арқылы адамзат өркениетін дамытуға қосатын үлесін атап көрсете отырып, өзара құрмет ахуалын қалыптастырудағы, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы жəне жас буынды имандылыққа тəрбиелеудегі діннің маңызды рөлін сезіне отырып, дінаралық жəне этносаралық шиеленістің өсуіне, саяси тұрақсыздыққа жəне əлемнің түрлі өңірлеріндегі əскери қақтығыстарға алаңдаушылық таныта отырып, бейбіт халықтың құрбан болуына жəне зардап шегуіне əкеліп соққан төзбеушіліктің барлық түрін, оның ішінде діни төзбеушілік пен радикализм көріністерін сынға ала отырып, барлық діндердің шынайы қызметіне экстремизм мен терроризмнің ешқандай қатысы жоқ екендігін баса айта отырып, V съездің «Дін лидерлері мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы үнқатысуы» атты негізгі тақырыбының аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ұмтылысын растай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты: – дін лидерлерінің саяси қайраткерлермен, халықаралық ұйымдармен жəне азаматтық қоғаммен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жанжалдарды болдырмау жəне реттеу мақсатындағы үнқатысуына жəрдем етуге; – əскери жанжалдар тараптарын қақтығыстарды тоқтатуға, бітімге келуге жəне келіссөздер арқылы зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, бейбіт азаматтарды қорғауға, барлық қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге шақыруға; – ұлттық деңгейде де, мемлекетаралық деңгейде де кез келген саяси жəне діни қайшылықтарды күшпен шешу əдісінен түбегейлі бас тартуға; – барлық алдыңғы қатарлы алып мемлекеттердің саяси лидерлерін қазіргі əлемдегі сенімсіздік тұңғиығының тереңдеуін тоқтатуға, бір-біріне санкция қолдануды доғаруға жəне бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату мақсатында халықаралық құқыққа сəйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың тетіктерін қайшылықтарды реттеуге пайдалану үшін шақыруға; – діни жəне саяси лидерлердің теңдік, əділдік, өзара құрмет жəне бейбітқатар өмір сүру қағидаттарына негізделген үнқатысуына ықпал етуге; – тұрақты бейбітшілік пен даму жолында рухани жəне саяси лидерлер арасындағы өзара іс-қимылдың дəстүрлі тетіктерінің қызметін жандандырып, жаңа тетіктер іздестіруге; – адамның ар-ождан, пікір, сөз жəне таңдау бостандығына құқықтарының ажырамастығын түсіне отырып, əлемдік жəне дəстүрлі діндерге, олардың киелі деп саналатын барлық дүниелеріне жəне дінді ұстанушылардың діни сезімдеріне тең құрметпен қарауды қамтамасыз етуге; – əлемдік жəне дəстүрлі діндер арасындағы үнқатысуды ілгерілету кезінде діни алуандылықты құрметтеуге; – жалған діни риториканы жамылып, араздықты, өшпенділік пен зорлық-зомбылықты тұтандыруға бағытталған арандатулар мен əрекеттерге қарсы тұруға; – терроризм мен экстремизмнің тамырына балта шабуға ұмтыла отырып, оларға қарсы іс-қимыл жасауға, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің діндерге жəне дінді ұстанушыларға қарсы бағытталған соғысқа айналып кетпеуі үшін ерекше қырағылық танытуға; – бейбітшілік пен даму жолындағы жаһандық диалогты нығайту мақсатында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің Біріккен Ұлттар Ұйымымен, қауіпсіздік жəне ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдармен жəне басқа да бастамалармен өзара іс-қимылын одан əрі дамытуға; – діни ағарту ісінің, басқа діндерді құрметтеуге тəрбиелеудің, отбасылық құндылықтарды қадірлеудің аспектілеріне көңіл бөле отырып, жастардың білім алуын дамытуға жəрдем етуге; – бұқаралық ақпарат құралдарының иелері мен шығарушыларына өздерінің моральдық жауапкершілігін естеріне сала отырып, оларды, интернетті қоса алғанда, БАҚ-ты дінаралық жəне конфессияаралық алауыздықты тұтандыру үшін пайдалану практикасын тоқтатуға шақыруға, сондай-ақ, оларға бейбітшілік пен келісім мəдениетін, діндер, халықтар жəне мемлекеттер арасында құрмет сезімін насихаттауды ұсынуға; – қазіргі əлемнің кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зілзала мен техногендік апаттар салдарымен күрес сияқты анағұрлым өзекті мəселелерін шешу үшін мемлекеттер мен қоғамның діни жəне саяси қайраткерлерінің күш-жігерін біріктіруге; – Астанада Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі өңірлік конференция өткізу туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға; – Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің кезекті VI съезін 2018 жылы Астанада өткізуге уағдаласты.

ЖАЅА НЫСАН

Аќжарда сїт ґѕдеу кəсіпорны ашылды «Егемен Қазақстан».

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында сүт зауыты ашылды. Ауыл маңайындағы елді мекендерден сүт қабылдап, өз дүкендерінде өнімдерін делдалсыз сатуды жоспарлап отырған жаңа кəсіпорын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қолдауымен іске

қосылды. «Айзат» ЖШС жетекшісі Бақытжан Құнафиянов аталған нысанға жеке қаражатын да салыпты. Сүт цехының өнімдері аудандағы мектептер мен балабақшаларды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп, Семей мен Өскемен қалаларындағы дүкен сөрелеріне де түспек. (Соңы 8-бетте).

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2015 жылғы 11 маусым

–––––––––––––––– Тақырыптың жалғасын 4-беттен оқисыздар.

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Думан АНАШ,

Жаѕарудыѕ жаѕа їлгісі 3-бет Айыпсыз айыпты болєандар... 5-бет Тоєыз жолды тїйістіретін жаѕа бекет 6-бет Ќўрдымєа кеткен ќўрылєы 7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.