СІЗ не дейсіз? Ќала кїні атаусыз ќалмайды Қазір Петропавл қаласы күнін мерекелеу төңірегінде алыпқашпа əңгімелер қызып тұр. Пікірлердің екіге жарылғаны соншалық, жұртшылық қайсысына сенерін білмей дал. Кейбіреулер от қа май құйып, саяси астар іздеп əлек. Мəселенің анық-қанығына жету үшін жергілікті билік орындарына қайрылған едік.
№171 (28110) 16 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Алтын орақ
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЌАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?
«Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тілшісі Өмір Есқали Петропавл қаласы əкімінің орынбасары Шолпан Кариноваға:
– Сіз бұған не дейсіз? – Солтүстіктің қақпасы, тоғыз жолдың торабы саналатын Петропавл шаһарының іргетасы 1752 жылы əуелі қорған ретінде қаланып, 1824 жылдары қала мəртебесін алғанын ешкім де жоққа шығармайды. Алайда, жаздың екінші айы деп айтылғанымен, нақты күні туралы анық байлам жоқ. Осынау атаулы датаға орай қала күні шілде айының екінші демалысында түрлі мерекелік ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып, кеңінен аталып келеді. Бұл жөнінде қалалық мəслихаттың арнайы шешімі бар. Биыл қала əкімі Төлеген Зəкірияновтың ұсынысымен халық қалаулылары тамыздың үшінші демалысында өткізу жөнінде шешім алды. Тұрғындар тарапынан қойылған көптеген сауалдарға орай қала күнін қай уақытта атап өту мəселесі осылайша ақылдасып алынды. Сөз жоқ, Қазақстанның барлық қалалары секілді Петропавлдың өзінің туған күні болғандықтан, есте қаларлықтай мерекелеудің мəні де, тағылымы да зор. Осы жағын ескере отырып əрі салтанатты сəттің сапалы бағдарламасын ұйымдастыруды кең ауқымда қарастыруды, қаржы жəне адам ресурстарын молынан жұмылдыруды қарастырып отырмыз. Оның үстіне биыл жаңа пішінде қызықты да мазмұнды өткізудің жолдары таңдап алынды. Оған көршілес Ресейден, еліміздің қалаларынан арнайы делегациялар шақыру, түрлі концерттік бағдарламалар ұсыну, этномəдени бірлестіктердің фестивальдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының гала-концертін ұйымдастыру ойластырылған. Көшелер, саябақтар жөнделіп, ретке келтіріледі. Мəдени нысандар бой көтереді. Бір сөзбен айтқанда, жарқын əрі есте қаларлық думан ретінде өткізуге дайындалып жатырмыз. ПЕТРОПАВЛ.
«Ақыр аяғында, əлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо ми калық жəне мəдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біз əлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
Ырыздыќтыѕ ыстыќ демі Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
«Бірлік болмай, тірлік болмайтынын» төлебилік шаруалар жақсы түсінген сыңайлы. 2009 жылдан бері Төлеби ауданында 1505 шаруа қожалықтары 21 жай серіктестікке біріктірілсе, өткен жылы 499 ұсақ шаруа қожалықтары ірілендіріліпті. Яғни, шаруалар бірігіп, бір қолдың саласындай жұмылып əрекет етудің қамын жасап жатыр. Осынау ынтымақ, бірлік елді береке, молшылыққа бастап отыр. Биыл Төлебиде егін бітік. Аудандағы шоқтығы биік шаруашылықтардың бірі – «Ақсай» өндірістік кооперативі. Ақсайлық шаруалар Талдыбұлақтағы егінге
орақ салып, үлкен табысқа кенелді. Мұнда 146 гектар күздік бидай егілген болатын. «Егіннің орташа түсімділігі жақсы. Қазірше гектар қайтарымы 23 центнерден келуде. Дəнді шашпай-төкпей жинап алу үшін жігіттер жан аямай еңбек етуде», – дейді кооператив төрағасы Тұрар Жақыпов. Ақсайлықтардың шалғайдағы Талдыбұлақта күздік бидайдан басқа 200 гектар мақсарысы мен 190 гектар жоңышқасы бар. Жалпы алғанда, бұл шаруашылық осы жазда 489 гектар алқаптың егінін жинап алу үшін күн-түн демей еңбек етуде. Кооперативтегі Мият Сералиев, Ерік Анарбаев, Əзімбек Мырзан, Оразбай Өнербаев сынды еңбеккерлер алды жиырма жылға жуық уақыттан бері ырыс-несібесін
ЕРТЕҢІ ЕРЕН ЕЛОРДА
Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин үстіміздегі жылғы ақпан айында БАҚ қызметіне байланысты өткізген мəжілісінде мерзімді басылымдардың бұдан былай жаңа жұмыс пішініне көбірек бейімделе беруі керектігін міндеттеген еді. Осы уақыт аралығында «Егемен Қазақстан» газеті редакциясының ұжымы да бірқатар ізденістер жасап, сайт танымалдығын анағұрлым арттыруға қол жеткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана – Қазақстанның ұлы дəуірі жəне стратегиялық векторы» деп аталатын мақаласына орай жедел келіп түскен пікірлер топтамасынан құралып, бүгін газетіміздің 2-бетінде жарық көріп отырған арнаулы бет осының тағы бір айғағы болып табылады.
АҚПАРАТТАР аєыны «ҚазТрансойл» бірінші жартыжылдықта 33 млрд. 757 млн. теңге таза пайда тапты. Жалпы, компанияның осы кезеңдегі негізгі қызметтен түскен шоғырлы кіріс көлемі 82 млрд. 375 млн. теңгені құраған. Алматыда алты айдың ішінде 479,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 1,8 пайызға артық. Осы кезеңде мегаполисте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 174,5 млрд. теңгені құрады. Шымкент дəрігерлері инсультке ұшыраған адамның бас миы тамырларына ота жасады. Ол қалалық жедел медициналық көмек ауруханасында өтті. Биыл осында ашылған ангиография кабинеті жоғары технологиялық медициналық операциялар жасауға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында құны 261 млн. теңге тұратын 5 жоба мақұлданды. Бұлардың
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы. ---------------------------------------
арасында Зеленов ауданындағы құс фабрикасын жаңғыртуға бағытталған жоба ең сүбелісі болып отыр. Биыл Атырау қаласында 46 тұрғын үй салынады. Жалпы алаңы 139 мың шаршы метр болатын 2 130 пəтерлік тұрғын үй туралы мəліметті облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облыстық мəслихаттың сессиясында хабарлады. Қызылорда қаласында көшелерді ретке келтіруге 5 млрд. 225 млн. теңге бөлінді. Қала басшысы Нұрлыбек Нəлібаев осы қаржыға ұзындығы 81 шақырым болатын 73 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мəлім етті. Қостанай облысында 200 тонна шөп өртеніп кетті. Облыстың Тимофеев ауылында «Тимофеевское Агро» ЖШС аумағында орын алған өрт жарты тəуліктен астам уақытта 700 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Адам шығыны жоқ. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Подольск маңында болған автокөлік апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта автокөлік апаты салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің терең күйзеліспен қабылдағаны атап көрсетілген. «Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының жəне жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туыстары пен жақындарына көңіл айтуымды жəне қолдауымды жеткізуді сұраймын», делінген жеделхатта.
Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ.
Демократия – даму даңғылы
7162 кандидат ўсынылды
14 шілдеде еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстанның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары əкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мəлімдеді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа Бретиньисюр-Орж вокзалында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Эссон Департаментіндегі қайғылы жағдай туралы жайсыз хабарды күйзеле қабылдағанын атап өткен. «Қазақстан халқының жəне жеке өз атымнан Сізге жəне қаза болғандардың туған-туыстарына, сондайақ барша француз халқына шын ниетпен қайғырып көңіл айтамын. Осындай қиын кезде сабырлылық пен төзімділік тілеймін. Апаттан зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Жер-Ана төсінен терген, дала жұмыстарына əбден төселген, шыңдалған жандар. «Еңбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме» деген, бүгінде Оңтүстікте алтын дəннің арқасында дəулетін асырып, асығы алшысынан түсіп отырған шаруашылықтар жетерлік. Бүгінге дейін облыс бойынша 182,4 мың гектар масақты дəнді дақылдардың 119,1 мың гектарына орақ түсіп, өнімдері жиналып алынды. Орташа түсім гектарына 18,6 центнерді құрауда. Қалай айтсақ та, ел күмəнмен, күдіктене қарайтын жылан жылы несібесін жерден терген ауыл адамдарына мол берекесін сыйлап-ақ тұр. Лайым, қамбамыз дəнге, даламыз əнге тола берсін!
Баспасөз хатшысы ауыл əкімдерінің сайлауалды науқанын өткізу, оған кандидатураларды ұсыну барысында тікелей қалаларда, кенттерде жəне ауылдарда халықпен 2500ге жуық кездесулер өткізілгенін атап өтті. «Аудандық жəне қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сай, жалпы республика бойынша 7162 кандидат ұсынылды. Бұл бір əкім лауазымына орташа есеппен 3 үміткерден келетінін көрсетеді. Ең жоғары орташа бəсекелестік Батыс Қазақстан облысында тіркелсе, ең азы Қостанай облысында тіркеліп отыр. Мəселен, Батыс Қазақстан облысында əкім лауазымына 3,13 кандидаттан, ал Қостанай облысында 2 кандидаттан келіп отыр. Ұсынылған кандидаттар құрамында 33 ұлт өкілі бар. Олардың 5413-і ер адам (75,6%)», ал 1749-ы (24,4%) əйел адам. Кандидаттардың орташа жасы 44,4 жасты құрайды», деді Венера Абыханқызы. Оның айтуынша, еліміздің аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін сайлау қағидаларына сəйкес, əкімдікке ұсынылған кандидаттардың барлығының жоғары білімі бар екен. Мəселен, кандидаттардың 1241-і (17,3%) ауыл
шаруашылығы саласындағы мамандар, 1109-ы (15,5%) экономистер, 913-і (12,8%) инженерлер, 697-сі (9,7%) заңгерлер, 3202-сі (44,7%) басқа мамандық иелері. Тағы бір атап өтерлігі, сайлауға қатысуға ниет білдірген азаматтардың 1811-і (25,3%) – қазіргі əкімдер, 299ы (4,2%) мемлекеттік емес саланың қызметкерлері болса, 4438-і (61,9%) мемлекеттік мекемеде, ұйымдарда жəне кəсіпорындарда жұмыс істейтіндер. «Аудан (қала) əкімі мен əкімдікке кандидаттардан қажетті құжаттарды алғаннан кейін сайлау комиссиялары кандидаттардың Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 24 сəуірдегі Жарлығымен бекітілген əкімдерді сайлау қағидаларының талаптарына сəйкестігін тексеруді ұйымдастырады. Осы уақытқа дейін 329 кандидат тіркелді. Тіркеу рəсімі еліміздің барлық облыстарында дауыс беру күніне 15 күн қалғанда аяқталады. Мəселен, Павлодар облысы Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің əкімдігіне кандидаттарды ұсыну мерзімі бұдан бұрын ұсынылған 3 кандидатураның өздерінің жеке өтініштері бойынша алынып тасталуына байланысты Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен 13 шілдеден бастап 17 шілдеге дейін ұзартылды», деді Венера Жексембекова.
Металлургтер əулеті Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының бой көтеруі, дамуы металлургия саласымен тығыз байланысты. Бұл қаладағылардың осы зауытпен тағдырын тоғыстырмағандары кем де кем шығар. Тіпті зауыт жұмыскерлері əрбір отбасынан табылады. Алайда, əулетімен металлург отбасылардың орны бөлек. Солардың қатарында өндіріс саласында қызмет етіп жүрген Нүкенбаевтар əулетін ерекше атап, үлгі тұтуға болады. Адал еңбегімен елге танылғандар барлық салада да бар, əрине. Бірақ жалын жұтып, от бұлағын ағызғандар қандай мақтанға болсын лайықты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «...Мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кəсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшыметаллург ретінде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кəсіп болып табылады!» деген болатын. Елбасы атағандай, нағыз кəсіп иелері Нүкенбаевтар əуелден осы салада шынығып, ширағандар. Сонау зауыттың іргетасын қаласқан əулеттің басы Төлтай Нүкенбаев 1904 жылы Семей қаласының Баршатас ауданындағы бұрынғы Мəдениет кеңшары, қазіргі Көк тал ауылдық округінде дүниеге келген. Тағдырдың жазуымен Алматы облысы Бөрлітөбеге көшіп, металлургия саласындағы еңбегін ескі зауыттан бастаған екен. Тіпті, жаңа зауыттың іргетасын қалағанда түйе арбамен керек жабдықтарды тасып, еңбегін сіңіріпті. Бұл жөнінде балаларының да айтары мол. – Əкеміз 1934 жылы түйе
арбамен жаңа зауыттың салынуына еңбек үлесін қосқан. Зауыт жұмысын бастаған күннен бастап аға балқытушы болып жұмыс жасапты. Содан зейнет жасына жеткенше балқытушы мамандығын ақ-адал еңбегімен атқарды. Əкем бір ауысымнан келесі ауысымға қалып та жұмыс істеген күндері болатын. Зауытқа киіз киімімен кететін, кейде екі-үш күн əкемізді көрмейміз. Сонда Мəриям анамыз əкелерің толық жоспарды орындау үшін қалған болар, деп отыратын. Бізге «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді жиі айтып, еңбекке адал болуға баулыды, – дейді еңбекқор əкелерін еске алып, ортаншы баласы Төлеген Нүкенбаев. Өзінің ақ-адал еңбегімен, маңдай терімен өмірдің талай сүрлеулі жолынан өткен Төлтай Нүкенбаев асыл жары Мəриям Нүкенбаева екеуі бес бала тəрбиелесе, оның үшеуі əке жолын қуып, көп жылдар зауытта жұмыс істепті. Еліне еңбегін аямаған металлургтер əулеті бүгінде əкелері Төлтай Нүкенбаевтың еңбегі үшін таққан екі медалі жəне 1952 жылы XIX cъездегі үлгі етіліп көрмеге ілінген плакатын көненің көзіндей сақтап, балаларына, немерелеріне үлгі етіп отыр. Сарғайған плакатта «Балқаш мыс зауытының металлургиялық цехының аға балқытушысы Төлтай Нүкен баевтан үйреніңдер. Ол өз жұмысын 124 пайызға артық орындап, нағыз еңбек үлгісін көрсетті» деген жалын ды сөздер жазылған. «Əкеміздің еңбексүйгіштігін айғақтайтын бұл сөздер бізді, немерелерін, жалпы əулетімізді еңбекқорлыққа жетелейді», дейді Нүкенбаевтар. (Соңы 3-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Ґзгеден їйренейік, ґзіміздегіні баєалай білейік
Ўлттыќ тарих: аќтаѕдаќтан – аќиќатќа
3-бет
4-5-беттер