24 саєат Кеше ертеңгісін Мəскеу метросында төтенше оқиға орын алды. Əзірше белгісіз себеп бойынша вагондар рельстен шығып кетті. Опат болғандар саны 19 адам делініп отыр. 161 адам жараланған. Оның 118-і ауруханаларға жатқызылыпты.
№137 (28361) 16 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Израиль үкіметі Мысырдың бастамасы бойынша Газа секторында оқ атуды тоқтатуға келісімін берді. Бірақ бұған ХАМАС көнер емес. Бұл ұйым өзі тарапынан Израильге бірнеше қарсы талап қойды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы мұқтаждарға жанжалдасушы тараптар арасындағы майдан желісі арқы лы көмек жеткізуге мүмкіндік беретін қарарды бірауыздан қабылдады. Шекара мен майдан шебінің ашылу мерзімі 180 күн деп белгіленген. Қажет деп табылса, оны ұзартуға да болады.
● Өңір өмірі
Ресей президенті Владимир Путин БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай жəне Оңтүстік Африка Республикасы) елдерін АҚШ жəне оның одақтастарымен келіспейтін мемлекеттерге айдап салу əрекеттеріне қарсы тұруға шақырды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Сирия бойынша арнайы елшісі етіп италиялық дипломат Стаффан де Мистуруды тағайындады. Бас хатшы мұндай шешімге бірқатар консультациялар өткізгеннен кейін келген.
Оѕтїстіктегі ораќ Оңтүстікте орақ қызған шақ. Жалпы, дархан даласы да, шөлі мен шөлейті де, қып-қызыл құмы да, асқаралы таулары мен қырмызы қыраттары да қызықтыратын өзгеше өңіріңізде биылғы егін орағының ерекшеліктері баршылық. Мархабат БАЙҒҰТ,
«Егемен Қазақстан».
Көктеміңіз кешігіп келді. Жер қызбай қойды. Алғашқы айларда төпеп жауған нөсерлер сəуіріңіздің соңына қарата сап
тыйылды. Мамырыңыздан бастап тамшы тамбайтынға айналды. Есесіне тынымсыз соққан желіңіз жеті күндік сұрапыл дауылға ұласып, даланы да, қаланы да абыржытты. Көп нəрсені қиратып, жаздық бидай мен басқа
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Мəскеу метрополитенінде болған пойыз апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Мəскеу метросындағы пойыз апаты салдарынан адамдардың қазаға ұшырағаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан халқының жəне жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтамын, сондай-ақ, апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас Ресей халқына қайғылы оқиғаны көтеру үшін төзім мен сабыр тіледі.
да біраз дақылдарды құрғатып, қуратып тынды. Осының бəрі Байқоңырдан қайта-қайта ұшырылған зымырандардың залалы десетіндер де жеткілікті. Бəрібір, Оңтүстік диқандарының қабағында қалың кірбің жоқ. Күздік бидай мен арпаның дəні ауыңқырап кетсе де, əр гектарынан 11-12 центнерден өнім жиналатынына сенімді. Ысырапқа, ырғалып-жырғалуға жол бермей, тап-тұйнақтай тірлік жасап жатыр.
Шілде басында жаппай орақ басталған. Айдың ортасы ауа облыстағы 196 мың гектар масақты дақылдың 50 мың гектардайының өнімі жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының мəлімдеуіне қарағанда, 245 мың тонна астық қамбаға құйылады деп жоспарлануда. Шіліңгір шілдеңіздің алғашқы жартысында күннің қызуы 40-43 градустан бəсеңдемеді. Диқандар қауымы еңбек қарқынын
Ресми шараларєа ќатысты
Франция басшылығының шақыруы бойынша Мемлекет басшысының арнайы өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Əділбек Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты.
Бұл жылғы мереке Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елисей алаңында өткен дəстүрлі əскери шеруге алғаш рет XX ғасырдың басындағы жанжалға қатысы бар барлық елдің өкілдері жиналды. Салтанатты рəсімге 80 елдің делегациялары шақырылды. Мерекелік шара барысында
● Тосын табиғат
Бармаќ басындай бўршаќ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Франция Президенті Франсуа Олландқа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік сипатының маңыздылығы мен осы қатынасты одан əрі нығайтуға сенімділік білдіру баса айтылған құттықтау хаты табысталды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған мəжілісмендер делегациясы жұмыс сапарымен Польша Республикасында болды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Құрамында Серікжан Қанаев, Анатолий Маковский жəне Нұрлан Жазылбеков бар делегация кездесулерде парламентаралық байланыс, сауда-экономикалық жəне аймақаралық ынтымақтастықты
нығайту, заң шығарушылық тəжі ри бе алмасу мен өзекті халықаралық мəселелерді талқылауды негізгі бағытқа алды. (Соңы 2-бетте).
Шенген келісіміне мүше елдер таяудағы жылдары шекарада 15 күнге дейінгі қысқа мерзімді визалар беруді жоспарлап отыр. Визалардың бұл жаңа түрі «турне-виза» деп аталмақ. «Тұрақты саяхатшылар» категориясына иелер 3-5 жылға арналған көп дүркін визалар алатын болады. АҚШ əскери-теңіз күштерінің «Велла Галф» зымырандық крейсері Қара теңізді тастап шығып, Жерорта теңізі аумағына енді. Аталған корабль «Бриз-2014» деп аталған НАТО-Болгария бірлескен əскери-теңіз жаттығуларына қатысқан болатын. Жапонияның солтүстік-шығысындағы Хонсю аралында магнитудасы (жер астындағы дүмпу) 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Əуелде цунами қатері туралы жарияланғанымен, ол үлкен қауіп төндіре қойған жоқ. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды.
Бүгінгі нөмірде:
МƏМІЛЕГЕР
Халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз. Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ.
мəселесін сауатты шешу қажет 3-бет
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.
былтырғыдан 43 мың гектарға көбейтілді. Оның ішінде жоңышқа 15 мың, арпа 17 мың, жүгері 11 мың гектарға арттырылды. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов бастаған басшылар мен мамандар Қазығұрт тауының баурайындағы егінжайларды егжей-тегжейлі аралап көрді. «Əртараптандырудың нəтижесі көрініп тұр, облыс бойынша мал азығын дайындау 70 пайызға жақындады, – дейді Берік Серікұлы. – Қазығұрт ауданында меже 90 пайызға жетіп қалды. Астық түсімі қуаңшылыққа байланысты біраз төмендегенмен, мал азығынан ұтылмаймыз».
Елбасыныѕ арнайы елшісі – Польшада
● Оймақтай ой
Шығыс өңірінде соңғы күндері ауа райы құбылып тұр. Осыдан үш күн бұрын соққан дауыл біраз ағаштарды сындырып кеткен еді. Тіпті, төтенше жағдай қызметкерлері қатты желден құлаған ағаштардың үйлердің шатыры мен көшедегі көліктерге де зақым келтіргенін хабарлаған болатын.
Енді міне, тымырсықтың бетін қайтарайын деді ме, түс əлетінен бері түксиіп тұрған қаракөлеңке бұлттың соңынан, сағат 15.10-да сатырлатып бұршақ жауып қоя бергені. Жəне қандай бұршақ дейсіз ғой?.. Бармақ басындай! Бар-жоғы екі минут ішінде жер табаны аппақ, мөлдір, бадана бұршақтарға көмкеріліп қалды. 25-30 градус жылылықты көрсетіп тұрған Өскеменнің көшесіне мұндай бұршақ жауса, дала төсіне жұдырықтай болып түскен шығар дейді ішкі ойымыз. Бұршақтан соң шайдай ашылған күн жарықтық əлгінде ғана күллі қала тұрғындарын көшеге шығарып қызықтатқан мөлдір моншақтарын жинап алғандай... Бадана бұршақтар 10 минуттың ішінде еріп кетті. Жаздың тура орта шенінде, 15 шілдеде мұз құрсаулы жауын түседі деп кім ойлаған. Табиғаттың тосын мінезі деген осы!
төмендетпеді. Қазірдің өзінде Арыс аймағындағы егін орағы тəмамдалуға таяса, Сарыағаш-Келес белес терінде де егінжайлардың басым бөлігінде сары сабан жатыр. Бəй дібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында орақ енді қызса, таулы Түлкібас пен Төле би аудандарында жаңадан басталды деуге болады. Оңтүстік өңірінде егістік алқаптарын əртараптандыру əдісі жүйелі жүзеленуде. Бұрынғыдай емес, қатып қалған «тəртіпті» уақыт талабына, сұраныстарға сəйкестендіру жемісті жүргізілуде. Мақтаның көлемі бір жылдың өзінде 9 мың гектарға, майлы дақылдар 8,5 мың гектарға азайды. Ал, мал азығындық дақылдар
Ұлыбритания үкі метінің басшысы Дэвид Кэмерон отставкаға кеткен үкімет мүшелерінің орнына жаңаларын тағайындады. Қорғаныс министрі орынтағына Майкл Фэллон, ал сыртқы істер министрі орынтағына Филип Хэммонд отыратын болды.
6-бет
єаш ы л р а Ќ ады?! неге жыл
11-12-беттер
4-бет
Шыраєдан. А 14-бет Ќ Шыќпаєан жан ЎШ15-бет жəне... їмітті таѕ
Ќ А Л