16072015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №134 (28612) 16 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ќысќа мерзімді демалысќа шыќты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалыста, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Заңы Тəуелсіз Мемлекеттер Достастыєына ќатысушы мемлекеттердіѕ ќарулы кїштері инженерлік əскерлерініѕ гуманитарлыќ минасыздандыру саласындаєы ынтымаќтастыєы туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік əскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 шілде. №328-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ресей Федерациясыныѕ Їкіметі арасындаєы Байќоѕыр ќаласыныѕ білім беру ўйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мəскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 шілде. №329-V ҚРЗ

Ораза айт мїбəрак болсын, бауырлар! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Құрметті бауырлар! 17 шілдеде басталатын Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбəрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дар қан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен. Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын. «Айт» сөзі «қарымта» деген

мағынаны білдіреді. Жаратушы иеміз əрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірімшапағатын төгеді. Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тілеймін. Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудың алдында құрмадан дəм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) сүннет амалы. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылышырай танытып, тілеулестік білдіру де игі амал. Қадірлі ағайын! Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірімізді кешіріп, өзара татулығымызды нығайтып, əуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тəуел сіз дігі міздің тұғыры биік, Елба сы бастаған егемен еліміздің болашағы баянды болғай! Ораза айт құтты болсын!

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Атќарылєан іс ауќымды Кеше Қабиболла Жақы повтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Пар ламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Мəжіліс Спикері Парламенттің төртінші сессиясы жұмысын қорытындылап, болашақ басым бағыттарға тоқталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қ.Жақыповтың атап өт кеніндей, бұл сессия айтулы іс-шараларға, тарихи шешімдерге, табысты еңбекке толы болды. «Ол – Елбасымыздың «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатында көрініс тапқан, əлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру жолындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жаңа кезеңі. Ол – бүкіл əлемді елең еткізген, еліміздің Тəуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту үшін өткізілген, халқымыздың бірлігі мен Елбасына деген сенімінің

салтанаты болған президенттік сайлау. Қазақ хандығының 550 жылдығы. Ата Заңымыздың 20 жылдығы. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Мемлекет дамуына жаңа серпін берген «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет», – деп атап өтті Қ. Жақыпов. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде мемлекеттілікті одан əрі нығайту, инфрақұрылымдық реформалар мен əлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру, Қазақстанның халықаралық беделін одан əрі көтеру, халқымыздың

бірлігін асқақтатып «Мəңгілік Ел» құру жолында көптеген батыл қадамдар жасалды. Спикердің атап өткеніндей, Парламент депутаттары олардың барлығын өз уақытында сапалы əрі тиімді заңдармен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сессия шеңберінде пала талардың 4 бірлескен отырысы, Мəжілістің 41 жалпы отырысы өтіп, 335 мəселе қаралса, Сенаттың 33 жалпы отырысы өтіп, 161 мə селе талқыланған. Қос палата қарауында 190 заң жобасы болды, оның 113-і қабылданды. Бұл екінші сессиямен салыстырғанда – 17, үшіншімен салыстырғанда 9 заңға артық. Мəжілісте заң жобалары бойынша мыңнан астам жұмыс топтарының отырысы, комитеттердің 200 кеңейтілген отырысы өтіп, онда 10 мыңнан астам

Экономикалыќ интеграция мəселелері талќыланды Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мəскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық интеграциясын тереңдетуге бағытталған оннан

астам құжат жобасы талқыланды. Атап айтқанда, ЕАЭО мен ЕЭК органдарының қаржы-шаруа шылық қызметіне тексеру

Бїгінгі нґмірде:

5-6-беттер

7-бет

Зайырлылық дегеніміз – дінсіздік емес 8-бет

Əлемдік экономика қайшылықтар қысымында 9-бет

(Соңы 2-бетте). пен Беларусь Республикасы арасындағы келісім жобасы туралы» шешім жобасын талқылады. Отырыс барысында цемент пен шыны өндірісін қоса алғанда, құрылыс материалдарын өндіру саласындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтас тығын дамыту мəселелері қаралды. Жалпы алғанда, ЕЭК отырысының қатысушылары Мəскеу дегі кездесуде еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мəселелері бойынша өзара тиімді шешімге келді.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Ќўрылысты бітіруге таяєандар кґп, əлі бастамаєандар да бар...

Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішеді

Алтай тауларының маржаны

жүргізу мəселелері, одақтың бюд жеттік жіктелімінің құрамы мен құрылымы туралы Ереже, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық эко номикалық одақ сотының Бела русь Республикасы аумағына келу жағдайлары туралы Еуразиялық экономикалық одақ

депутаттық түзетулер енгізілген. «Қабылданған заңдар қатарында 4 конституциялық, 9 дербес заң, 35 кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 65 халықаралық келісімшарттарды ратификациялау бар», – деді Қ.Жақыпов. Сыртқы саяси мəселелерге қатысты заң жобаларынан басқа, қабылданған заңдардың 16-сы экономика жəне қаржы саласына, 8 заң мемлекеттік құрылыс пен қауіпсіздік, сондай-ақ, əлеуметтік сала мəселелеріне, 7 заң еңбек жəне əлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталыпты. Мəжіліс Төрағасының атап өткеніндей, осы жолда «Нұрлы Жол», «Қазақстан-2050», «100 нақ ты қадам» Парламенттің бағдаршамына айналған.

● Еліміз бойынша 18-23 шілде аралығында өтетін кешенді тестілеуге 81 285 адам қатысуға өтінім берген. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мəліметке сүйенсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,63 пайызға (87 061 өтініш) кем. Биылғы сынаққа қатысатындардың 56 741-і – қазақ, 24 544-і орыс тілінде тест тапсырады. ● Астанада осы жылдың қаң тар-мамыр аралығында 7108 пəтер пайдалануға берілді. Қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері жалпы ауданы 1 037 389 шаршы метр болатын жаңа ғимараттар тапсырылды. Соның ішінде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 45 392 056 мың теңгені құрады. ● Кеше Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Алматыдағы емханалардың бірінде «ашық есік күні» өтті. Бір күндік тегін тексеруге 60тан астам алматылық келді. Келушілердің тізімі жасалып, қажеттілері қараша айында мемлекеттік тапсырыспен толық емделеді. Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы Қа зақ ұлттық медициналық уни верситеті клиникасының директоры Жанар Ғұбайдуллина мəлімдеді. ● Түркістандық диқан жемістің картопқа ұқсас жаңа экзотикалық түрін егуді қолға алды. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, диқан Хабибулла Əзімов «Иерусалим жер алмұрты» деп аталатын түйнекті Латын Америкасынан əкелген. Фармацевтикада жер алмұртты семіздік пен қант диабетіне қарсы дəрумендер жасауда қолданады. ● Отандық бірінші «Балапан» балалар телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады. Халықпен қамтылуы 70 мың адамды құрайды. Хабар тарату «Байқоңыр Байланыс Ақпарат» мемлекеттік уни тарлық кəсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылады. ● Павлодар облысында күнбағыс майын дайындайтын зауыт іске қосылды. Жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. «Green hause Павлодар» ЖШС-нің директоры Амантай Нығмановтың айтуынша, кəсіпорын өңірдегі күнбағыс майына сұраныстың 50 пайызын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. ● Ақтөбеде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жылу нысандарын жөндеуге 3,6 млрд. теңге бөлінді. «Трансэнерго» АҚ бас инженерінің орынбасары Айтбай Дауылбаевтың айтқанындай, бұл қаржыға қаладағы 11,6 шақырым жылу желісі мен 3 қазандық қайта жаңғыртылады. ● Қостанай облысында шегірткемен күрес мақсатында 909 мың гектар жер өңдеуден өтті. Ауыл шарушылығы министрлігі АӨК облыстық аумақтық инспекциясының басты ғы Болат Мейірмановтың мəлімдеуінше, өңірдегі 800 гектар егін алқабына шегірткелер көрші Ресей Федерациясы аумағынан келген. ● Батыс Қазақстанда қоғамдық тəртіпті сақтауға белсене қатысатын азаматтарды ынталандыруға 3 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаржы қылмыстың ашылуында белсенділік танытқан азаматтарға сыйақы беруге жұмсалады.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Таразда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Жақында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен блогтур ұйымдастырылып, осынау дайын дық жұмыстарының барысы таныстырылды. «Еліміздің 14 облысы дүбірлі тойға көмек қолдарын созып, Тараздың көркеюіне күш салып жатыр. Бұл облыстар көне қаланың той өтетін аумақтарын абаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын жүргізуді өз міндеттеріне алған», – дейді бұл жөнінде Жамбыл облы сы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан. (Соңы 11-бетте).

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.