16082013

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №191 (28130) 16 ТАМЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Сəулет ґнерініѕ сўѕєылалары сарапталады

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14-16 тамыз аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме кешенінің сəулет жобалары ел назарына ұсынылды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, соның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халықаралық сəулет байқауы 2013 жылдың 18 ақпанында басталып, шілде айының 18-інде жұмыстарды қабылдау аяқталды. Дүние жүзінің əлемге аты əйгілі 50 атақты архитекторы осы көрмеге өз жобаларын ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы халықаралық байқауға келіп түскен жо балармен арнайы танысып шыққан болатын. Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін аса маңызды тарихи оқиға екендігін айта келіп, байқауға келіп түскен жобаларды таңдау қорытындысының маңыздылығына да ерекше тоқталды.

«Көрме» кешенінде өткен баспасөз мəслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Əлішер Пирметов «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің эскиз-идеясы жəне оның символы айқындалатын бұл халықаралық байқауға қатысушы архитекторлардың алдына аса маңызды міндет қойылғандығын атап көрсетті. Əлемнің əрбір атақты қалаларының өзіндік архитектуралық символы болады. Мəселен, Парижде Эйфель мұнарасы, Сент-Луисте атақты Арка болса, Сиднейді ғаламат Опера театры арқылы елестетеміз. Сонымен бірге, дəстүрлі тарихи шежіресі бар ЭКСПО бүкілəлемдік көрмелерінің де əйгілі символдары бар. Мəселен, Брюссельде – Атомиум, Венада – Ротонда. Ал Шығыс пен Батыстың жауһарлары тоғысқан Астананың символы

Министрлік айтып, ескертеді

Египеттегі қанды қақтығыстарға орай Қазақстан алаңдаушылық білдіріп отыр. Қазақстан үшін Египет араб əлеміндегі жəне Африка құрлығындағы маңызды сыртқы саяси əріптес болып табылады. Сондай-ақ, елдерімізді тарихи жəне рухани тамырлар біріктіреді, деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Айтмаханов журналистермен өткізген брифингте.

Қазақстан Египеттің уақытша үкіметін азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін жəне ең жақын мерзімде демократиялық сайлау өткізу үшін шара қолдануға шақырады. Египет Араб Республикасындағы ішкі саяси ахуалдың нашарлауына жəне ірі қалаларда орын алған қақтығыстарға орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарға Каирге, Александрияға, Суэцке, Луксорға сапар жасаудан қалыс қалуды ұсынады. Қазақстан Республикасының Египеттегі елшілігі аталған елде тұрып жатқан қазақстандық азаматтармен, оның ішінде студенттермен түсіндіру

жұмыстарын жүргізіп, елдің уақытша үкіметі орнатқан осы жылдың 15 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығындағы коменданттық сағатты қатаң түрде ұстанудың қажеттілігін ескертеді. ЕАР-дағы азаматтардың адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауын қатаң түрде сұрайды. ҚР Египеттегі елшілігінде, қажет болған жағдайда, дер кезінде көмек көрсету үшін дипломаттардың демалыс күндері кезекшілігі орнатылғанын хабарлаймыз. Кезекші телефондары – +20226132991, +20226132992, Консулдың телефоны – +201153266437. «Егемен-ақпарат».

қандай? Бəйтерек, Пирамида, Хан Шатыр ма, əлде Опера жəне балет театры ма? Əрине, бұл сəулет өнерінің озық туындылары біздің Астанамыздың айшықты айбары екендігі хақ. «Сонымен бірге, «Астана ЭКСПО-2017» Бүкілəлемдік көрмесін өткізуіне орай, біз қаламызда жаңа, тамаша символдың өмірге келуін қалаймыз. Міне, осы нысан төрткүл дүниеге ЭКСПО-2017ні, Астананы, Қазақстанды, «Болашақтың энергиясын» паш етсе дейміз», деді журналистермен болған кездесуде басқарма төрағасының орынбасары. Екі апта мерзім ішінде құрамына дүние жүзінің белгілі архитекторлары жəне энергия үнемдеу саласының озық мамандары кіретін арнайы құрылған техникалық кеңес байқауға келіп түскен жобалардың ішінен ең үздік те маңыздыларын іріктеп алды. Бұл техникалық кеңеске атақты экономист, АҚШ-тың Экономикалық үрдістерді зерттеу қорының президенті Джереми

Рифкин жетекшілік етуде. Осы техникалық кеңестің мүшесі Қазақстан Республикасының құрметті сəулетшісі Сағындық Жанболатовтың айтуынша, халықаралық байқауға келіп түскен жобалардың сапасы өте жоғары. Алайда, шетелдік архитекторлар тарапынан да, қазақстандық архитекторлар тарапынан да негізгі мақсатқа жауап бермейтін əлсіз жобалардың болғандығын да жасыра алмаймыз. Екі аптаға созылған күрделі жұмыс үдерісі барысында елордамызда өтетін ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесінің негізгі тақырыбына жауап беретін жобалар іріктелді. Алдағы уақытта халықаралық техникалық кеңес жан-жақты сараптамалар жүргізе отырып, қыркүйек айына дейін энергия үнемдеудің ерекше үлгілерін көрсететін жобаларды іріктеп алатын болады. Жобалар əлі де талай-талай сын мен сынақтан өтеді. Бұл ретте қойылатын қазақстандық басты талап: нысанның сыртқы

бейнесінің сұлулығы ғана емес, электр қуатының сақталуы, үнемділігі, баламалылығы сияқты инженерлік-техникалық артықшылығына мəн беру болып табылады. Осы ретте айта кететін мəселе, техникалық кеңестің құрамында Қазақстан Республикасының құрметті сəулетшілері Аманжол Чеканаев, Əлиасқар Кенжетаев, Сағындық Жанболатов, Астана қаласының бас сəулетшісі Виталий Силецкий, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың сəулет жəне дизайн департаментінің директоры Қанат Мұқашев жəне осы акционерлік қоғам басқарма төрағасының

13 тамыз күні кешкі сағат 22.00-де Қарағандыда ерекше оқиға орын алды. Мұнда түсі қызғылт қар ұшқындап жауды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Бір қызығы, метеорологтар сол күні аймақта қар жауатыны туралы ешқандай болжам айтпаған екен. Олардың уəде бергені жаңбыр болыпты. Экологтар тамыз айында да қардың жауып қалу ықтималдығын жоққа шығарып отырған жоқ. «Бұл – əдетте бірдебір метеоролог алдын ала болжап айтып бере алмайтын құйын, тайфун, найзағай сияқты табиғаттың кездейсоқ болатын тылсым құбылысы. Шөлді алқаптан мыңдаған шақырым қашықта жатқан жерлерге желмен көтеріліп барған құмның аспаннан жауған деректері тарихтан белгілі. Немесе гүлдің тозаңдануы 10-15 мың шақырым

жерге дейін созыла береді. Бұған таңданатын ештеңе жоқ. Сонда да болса, жұрт шалшық су неге ақ немесе жасыл болады деп таң қала береді», – дейді Қарағандыдағы «ЭкоМузей» директоры Дмитрий Калмыков. Мұрат АЙТҚОЖА.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Оймақтай ой Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Əбунəсір ƏЛ-ФАРАБИ.

Жаѕаша тарих ќалай жазылады?

 Тосын табиғат

Ќараєандыда ќызєылт тїсті ќар жауды

құрылыс жөніндегі кеңесшісі Қанағат Тілемісов пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас сəулетшісі Айдар Марат бар. Қыркүйек айында осы маңызды халықаралық байқаудың қорытындысы шығарылып, «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясының жеңімпазы анықталатын болады. Ең үздік деп танылған эскизидеяның авторы 150 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын иеленеді. Осы халықаралық байқау қорытындысында жеңімпаз деп танылған эскиз-идея «Астана ЭКСПО-2017»-нің символына айналмақшы.

 Жылдың алғашқы 6 ай ында елімізде 306 млрд. теңгеге тұрғын үйге жатпайтын нысандар салынды. Осы уақытта Ақтөбе облысында мұндай нысандардың құрылысы 36 млрд. теңгені, Маңғыстау облысында 27 млрд. теңгені құрады.  Биылғы жылдың шілдесінде Алматыда бос жұмыс орындар саны 4,5 мың адамға жетті. Сонымен бірге, оңтүстік мегаполистің кəсіпорындары мен ұйымдарына 15,6 мың адам жұмысқа орналасты.  Жыл басынан бері Ақмола облысы Есіл ауданының ша руа шылықтарына 350 асыл тұқымды мал əкелін ді. Бүгінгі таңда ауданда 7 өнеркəсіп кəсіпорны, 4 диірмен, 2 ет жəне сүт өңдейтін цех, темірбетон бұйымдарын жасайтын цех жұмыс істейді.  Тамызда «Астана-Атырау» бағытына жүрдек пойызы қатынайтын бола ды. Алдағы 22 тамыз күні жолға шығатын пойыз «ТұлпарТальго» вагондарынан құралған. Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды.  Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында медициналық-əлеуметтік орталық жаңарды. Кеше аудан орталығы – Зимовье селосында жұмыс сапарымен болған облыс əкімі Бердібек Сапарбаев миллиард теңгеге жуық қаржыға жаңарған 150 төсектік емдеу орнының жұмысына жоғары баға берді.  Шымкентте Шəмші Қалдаяқов əндеріне арналған «Арыс жағасында» төртінші ретрофестивалі аяқталды. Екі күндік шара шеңберінде облыс əншілерінің «Менің Қазақстаным» атты конкурсы да өткізілді. Кеше кешке қанат жайған гала-концертте осы байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетті.  Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына «Саламатты Қазақстан-2030» ден саулық пойызы сапар шекті. Құрамында алуан түрлі дəрігерлер мен жабдықтары бар бригада бірнеше күн бойы скринингілік тексерулер жүргізеді.  Жамбыл облысының бюджеттік мекемелері қысқы маусымға 74,8 пайызға дайын. Бұл туралы дайындық штабының кезекті отырысында облыстың бас энергетигі Жеңіс Тұяқов мəлімдеді. «Алдағы екі айда қалған жұмыстарды толық сапалы аяқтап шығуға мүмкіндік бар», деді ол.

Дүкенбай ДОСЖАН,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Əуелі ұлттық тарихқа кірісуден басталық. Қазір зиялы қауым арасында екіұдай пікір бел алуда. Бірі, стратегиялық пайымға əлі ерте дейді; екінші топтағылар: қазақ қоғамы, яғни мемлекеттік жаңа құрылым қалыптасу кезеңінде дейді. Стратегиялық пайымға əлі ерте дегенге сену қиын. Неге дейсіз ғой! Қазақы ұғымға салып сөйлесек: стратегиялық пайым – келешек көкжиегіне күн сала қарау деген сөз. Ұлт болып қалыптастық, тəуелсіз мемлекет құрдық, тарих көшіне ілестік, планетадағы қайсыбір ұлт пен ұлысқа ұқсап торғайдай тозып кетпеппіз... Енді неге келесі онжылдық, ширек ғасыр көлемінде ұлы көштің қандай қоналқаға қонарын, нендей кеп шертерін болжап, біліп алмай

– көшке ілесе беруіміз керек. Келешек барар жерімізді межелеп, елестетіп алғанымыз ауадай қажет-ақ. Сол себепті тап бүгін алды-артымызға қарап, ертеңгі барар жерімізді ойша барлап, көз жеткізер стратегиялық пайымға жүгінгеннің еш артықтығы жоқ. Тəжірибе бұрын болған. Ахмет Байтұрсынов бастаған алаш лидерлері бастың аяқ, аяқтың бас болып былыққан сонау ХХ ғасыр басында-ақ қазақ қауымының келешегін ойлап, біздің мемлекеттік шекарамыз мына тұстан өтуі керек... Біздер Ресей федерациясының ұсақ бөлшегі болмай, өз алдымызға республика дəргейінде, тең құқылы ел болып біріккеніміз жөн... Мынадай стратегиялық межеміз сызулы деп қызыл төңкеріс көсемдерінің көзін жеткізді, иландырды, дамудың демократиялық жолын сызып көрсетті. Бұл күнде көзге топырақ шашып, кешегінің бəрін үр-ритсоқпен төндіре жамандаудың қажеті болмас. Тең құқылы ұлттық

республика дəргейінде Ресейге өз еркімізбен қосылуды кімдер өліпөшіп қолдағанын білеміз. Одақтас республикалар дəрежесінде ғана мемлекеттің бірігуіне қарсы болып, үлкен пəтуалы іс пен сөздің аяғын сиырқұйымшақ қылып, демократиялық негізде құрылған КСРО-ны – ұртоқпақ империяға кімдер айналдырып жібергенін тағы білеміз. Бұл үшін алабөтен данышпан болудың қажеті жоқ. Тек қана өткен ғасырдың 20-30-жылғы деректік құжаттарына ыждағатпен үңілсек жетеді. Сол себепті бізге стратегиялық пайым ауадай қажет. Ел болып етек жидық, еңсе көтердік, енді неге жиырма, отыз жылдан кейін өркениет көшінің қай тізбегінде болатынымызды болжап, мөлшерлеп, пайымдап алмасқа. Бұл реттегі зиялы қауымның келешекті ойлаған болжал-білігін жүрек төрінде ұстаған лəзім. (Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.