16082014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№159 (28383) 16 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Жағымды жаңалық

Абай мен Мўхтар Семейде ќос алыптыѕ неміс тіліне аударылєан кітаптары таныстырылды

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

– Абайды Германияда өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап таниды десек болады. Сол кезде ақын шығармалары алғаш рет неміс тіліне аударылған болатын. Қазіргі кезде де Абай мұраларына қызығушылық жоғары, – деді кітаптың тұсаукесерінде Джонни Крамер. Семейдің Абай атындағы кітапханасы Өскемендегі Пушкин атындағы кітапхананың «Біздің Абай» атты жобасына қолдау

көрсете отырып, «Абайдың рухани орталығы» атты жоба құрды. Осы жобаның ашылуына орай, кітапхана қызметкерлері 42 елшілікке Абай шығармалары мен Абай туралы кітаптардың əлем халықтарының тілдеріне аудару туралы өтініш хаттарын жолдаған екен. Бүгінде Венгрия, Əзербайжан елшіліктері өз тілдерінде сөйлетіп, кітаптың сүйінші данасы мен аударманың электронды нұсқаларын жіберіпті.

● «ҚазАгро» мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Ұлттық басқарушы холдинг төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, биылғы жылы сол сияқты көктемгі егіс жұмыстарына екінші деңгейлі банктер арқылы 20 млрд. теңге ақша шығарылған. ● Астанаға жақын аралықта 358 автобус жеткізіледі. Бұлардың 180-і қала қажеттілігін өтесе, 170-і тозығы жеткен автобустарды алмастырады. Қаладағы маршрут желісін жетілдіру үшін кезеңкезеңімен жүретін бұл жұмыстар 2017 жылы аяқталып, барлығы 958 автобус əкелінеді.

Елбасының атына Қызылорда облысының Арал ауданы тұрғындарынан жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Аралдыќтар алєыс айтады

үмітті қайта жағып, күдікті үмітке алмастырдыңыз, атакəсіпті жандандыру арқылы еңбек пен ерліктің биік үлгісін көрсеттіңіз», делінген хатта. Соңында Арал ауданының тұрғындары теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар үшін алғыстарын білдірген. Сондай-ақ, олар жалпы еліміздің даму қарқынын, қоғамда қалыптасқан татулық пен тыныштықты атап өткен.

 Үкімет назарына

ЌАЗАЌСТАННЫЅ ШЫЄЫС ЌАЌПАСЫ

СЕМЕЙ.

АҚПАРАТТАР аєыны

 Президент поштасынан

Президенттің атына жеделхат жолдаған аралдықтар Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Сырдария өзенінің арнасын реттеу жəне Солтүстік Арал теңізін сақтау (САРАТС) жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны туралы хабарды Арал ауданы тұрғындары қуанышпен қабылдағанын айтады. «Сіз теңіз тартылған кезде үдере көшкен халықты атақонысқа қайтардыңыз, сөнген

Астанадағы Германия елшілігінің бірінші хатшысы, мəдениет жəне баспасөз бөлімінің жетекшісі Джонни Крамер Семейдегі «Əлем таныған Абай» атты кітап көрмесінде қала əкімі Айбек Кəрімовке неміс тілінде жарық көрген Абай Құнанбайұлының «Қарасөздері» мен Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» кітаптарын тарту етті.

Бір маќсат, бір мїдде, бір болашаќ 2-бет Метро – ґркениет ґзегі 5-бет Жоќтан бар жасаєан жан 6-бет Кїнді кґлегейлеген ќўстар 14-бет

Зайсанєа теміржол салуды жеделдету ќажет

● Жыл басынан бері Павлодар кəсіпорындары 650 млн. доллардың өнімін экспортқа шығарды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың мəліметінше, биыл шикізат емес жеткізілімнің үлесі барлық аймақтық экспорттың 79 пайызын құраған. ● Шығыс Қазақстанда суармалы жердің мəселесі кеңінен талқыланды. Облыстық əкімдік пен республикалық су ресурстары комитеті Үржар ауданында өткізген семинар-кеңесте аймақта тамшылатып суару əдісінің қолға алына бастағаны айтылды. Қазір мұнда тəлімі егіс көлемі 8,9 мың гектар болса, тамшылатып суаратын жер 970 гектарға жетті. ● Шымкентте кəсіпкерлікті қолдауға бағыт талған форум бас талды. Кеше қанат жайған жиын мемлекеттік

үдемелі индус трия лық-инновациялық даму бағдарламасы мен Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі кəсіп орындарда шығарылатын өнімдердің еліміздің жалпы өніміне қосатын үлесін ұлғайту жөніндегі ойларды ортаға салады. ● Қызылорда облысы Жа ла ғаш кенті тұсындағы көпір қайтадан салынатын болды. Сырдарияның екі бетіндегі аудан орталығы мен 11 ауылдың арасын жалғап келген көпір 1967 жылы қатарға қосылған еді. Қазір оның тозғаны анық байқалады. Кеше осында болған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев осыған байланысты дарияға жаңа өткел салудың жоспарда бар екенін атап өтті. ● Үстіміздегі жылы Атырау агроөндіріс кешенінде 9900 жаңа жұмыс орны пайда болды. Бұл туралы айтқан

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соңғы екі жылда құны 1 трлн. 600 млрд. теңге болатын 44 жобаның жүзеге аса бастағанын да ауызға алды. Жаңа жобалардың көбі елді мекендерде іске қосылды. ● Қостанайда облыс орталығының 135 жылдығына арналған жеке көрме ашылды. Көрменің иесі, павлодарлық суретші Жанетта Наурызова Тобыл жағасындағы қала өңірінен салынған 39 жұмысын көрермендер талқысына ұсынды. Қылқалам шебері мұнда бұдан басқа, табиғаттың алуан түрлі көріністерін бейнелейтін полотноларын да қойған. Хабарлар YK-news.kz, Nv.kz, Egemen.kz агенттіктері жəне облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.

Еліміздің шығысындағы қазыналы өңір Зайсан ауданында орналасқан Майқапшағай халықаралық кеденін басқа өңірлермен байланыстыратын теміржол салу мəселесінің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Бұл мəселенің бастамашысы болып жүрген – Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев. Естуімізше, қазіргі күні осындай маңызды теміржолды салудың бірнеше нұсқасы қарастырылу үстінде екен. Олар Майқапшағай – Шар, Майқапшағай – Зырян жəне Бақты – Аягөз нұсқалары. Осылардың ішінде Үржар ауданындағы Бақты кеденін Аягөз теміржолына жалғайтын Бақты – Аягөз нұсқасының Зайсанға қатысы жоқ. Бірақ таяу уақыттардың ішінде үш нұсқаның біреуі ғана таңдап алынатындықтан мəселені біраз уақыттан бері зерттеп жүрген журналист ретінде, əрі қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында өз ой-пікірімізді білдіре кеткенді жөн көрдік. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сонымен аталған үш нұсқаның еліміз үшін қайсысы тиімді болып шықпақ? Болашақта қайсысының маңызы басымырақ бола түседі? Жобалардың біреуін таңдаған кезде қандай мəселелерді ескерген дұрыс? Əрине, бұл сұрақтарға əркімнің əртүрлі жауап беретіндігі анық. Мəселен, біреулер «Майқапшағайға қарағанда Бақты кеденінен өтетін тауарлар көлемі дəл қазіргі уақытта ауқымдырақ болып отырғандықтан бірінші кезекте Бақты – Аягөз нұсқасын қолға

алған орынды болар еді» десе, мұны ешкімнің теріс демеуі де мүмкін. Бірақ белгілі бір кеден бекетінен өтетін тауарлардың көлемі көп жағдайда сол кеден бекетін басқа жерлермен жалғайтын көлік жəне логистикалық инфрақұрылымдардың даму деңгейімен тығыз байланысты болып келетіндігін ескеретін болсақ, қазіргі бұл артықшылықтың алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екендігін, сондықтан мəселені стратегиялық тұрғыдан қарастырғанда соншама бір маңызға ие емес екендігін пайымдаймыз. (Соңы 3-бетте).

 Бəрекелді!

Гїлдала Жетісу ґѕіріндегі арнаулы 6 баќта əлемніѕ əр жерінен əкелінген 200 ґсімдік тїрі ґсіріледі Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Жетісу жеріндегі «Гүлстан» ұжымы «Əр ауланың гүлденгені – мемлекеттің гүлденгені» атты жоба аясында нəтижелі жұмыс жүргізуде. Нақтылай түссек, 50 гектар жердегі 6 түрлі танымдық бақта 200-ден астам өсімдік түрлері өсірілуде. Бұл дегеніміз, еліміздегі көгалдандыру саясатына сəйкес гүлзарлар мен орман-тоғай санын арттыру мақсатында Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек кентінде «Гүлдер əліппесі» бағының негізін қалау болып саналады. Мұндай игі қадам Ақсу ауданында да жалғасын табады. Ондағы көшеттер – алыс-жақын шетелдерден жəне Қазақстанның түкпір-түкпірінен əкелінген əртүрлі ағаш, гүлдер мен бұталар. Мұндай жерлер тек қана

көгалдандырылумен шектелмей, танымдық бақ та болады. Онда 42 əріпке сəйкес түрлі өсімдік отырғызылып, жан-жануардың мүсіні қойылады. Жұмыс барысы 3 жылға жоспарлануда. Мұндай бақ еліміздің ешқандай жерінде жоқ. Саялы бақ көрер көзге қуаныш, келер ұрпаққа баға жетпес байлық екені тағы бар. «Осындай игі іс əр ауыл-аймақта жалғасын тапса құба-құп. Біз негізін қалағалы отырған «Гүлдер əліппесі» бағы, ертеңгі əрбір елді мекендерде жасалатын бақтардың негізі болып саналады. Алдағы уақытта игі іс жалғасын тауып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай танымдық саябақтар бой көтереді деген сенімдемін», – деді республикалық ғылыми-танымдық

көпшілік «Гүлстан» журналының бас редакторы, өсімдіктер əлемі оқу-əдістемелік кешенінің авторы Гөзел Құлжабаева. Жалпы Басши ауылында жүзеге асырылатын жаңа жобаның жоспары «жер шаршаса, өнім бермес» деген мал аяғынан тақырланып бара жатқан телім белгіленіп, дəл ортасынан 0,5 немесе 1 гектар қоршалады. Ол жерді суғарудың, қоректендірудің қажеті жоқ. Себебі, өсімдік табиғи түрде жауын суы арқылы қоректенеді. Жоба елді мекендегі кəсіпкер, шаруа қожалық басшыларына үлгі болмақ. Ал студент, оқушы үшін таптырмас тəжірибелік алаңға айналады. Алматы облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
16082014 by Egemen - Issuu