АҚПАРАТТАР аєыны №202 (28425) 16 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Өңір өмірі
Кґкпектідегі ќос нысан Преображенка ауылында балабаќша мен амбулатория пайдалануєа берілді Думан АНАШ,
Іске сəт!
Кеше Ќазаќстан Республикасы Орталыќ сайлау комиссиясы 2014 жылєы 1 ќазандаєы сайлауда сайланєан Ќазаќстан Республикасы Парламенті Сенатыныѕ депутаттарын тіркеді 2014 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына жəне 82-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2014 жылғы 1 қазандағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді:
«Егемен Қазақстан».
Көкпекті ауданының Преображенка ауылында əлеуметтік маңызы бар екі бірдей нысан пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының игілігіне берілген жаңа балабақша мен аурухана ғимаратының ашылуына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. «Өрнек» атты жаңа балабақшада 40 бүлдіршін тəрбиеленеді. Ауыл балаларын мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз етуге мүмкіндік сыйлаған жаңа ғимаратты жабдықтау үшін 10 миллион теңге жұмсалды. – Балаларымыздың денсаулығы мықты болып өсуі жəне лайықты білім алуы үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап отыр. Осы ғимараттың ашылуы арқылы мұнда біздің құлыншақтарымыз асыр салып ойнап қана қоймай, жаңадан 20 жұмыс орны құрылды. Біз ауыл мен ауданды көркейту жолындағы жұмыстар əрі қарай да жалғасын таба беретініне сенімдіміз, – деді облыс əкімі балабақшаның тұсаукесер салтанатында. Қазіргі кезде облыс көлемінде «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшамен қамту жұмыстары 98 пайызға орындалды. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетіп, өңір жұртшылығы балабақшамен толық қамтылмақ. Айта кеткен лəзім, аталған балбақшаның тəрбиешісі Валентина Павленко Көкпекті ауданына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келген екен. Осы бағдарлама бойынша облыс орталығынан ауылға келгендердің бірі – Мəдина Тоқпаева. Ол жаңадан бой көтерген дəрігерлік амбулаторияда ауыл тұрғындарына
Ақмола облысынан Əкімов Рашит Қайыржанұлы; Ақтөбе облысынан Тағымов Марат Мырзағалиұлы; Алматы облысынан Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы; Атырау облысынан Еңсегенов Сəрсенбай Құрманұлы; Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат Рахметұлы; Жамбыл облысынан Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы; Қарағанды облысынан Ершов Сергей Михайлович; Қостанай облысынан Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы;
Қызылорда облысынан Еламанов Бекмырза Қайыпұлы; Маңғыстау облысынан Бортник Михаил Михайлович; Оңтүстік Қазақстан облысынан Бектаев Əли Əбдікəрімұлы; Павлодар облысынан Көбенов Манап Шарапиденұлы; Солтүстік Қазақстан облысынан Перепечина Ольга Валентиновна; Шығыс Қазақстан облысынан Плотников Сергей Викторович; Астана қаласынан Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы; Алматы қаласынан Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куəлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырды. дəрігерлік көмек көрсетпек. Жас маманға өңір басшысы жаңа жедел жəрдем көлігінің кілтін табыс етті. Амбулатория құрылысы өткен жылдың соңында басталған болатын. Бір жылға жуық уақытта құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген амбулатория Аухадиев ауылдық округінде орналасқан. Жаңа ғимараттың заманауи құралжабдықтармен жабдықталуы екі мыңға жуық тұрғынға дер кезінде сапалы медициналық қызмет көрсетуге
мүмкіндік береді. «Жұмыспен қамудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында амбулатория құрылысына республикалық бюджеттен 135 миллион теңге бөлінген. Биыл өңірде 33 дəрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілсе, оның ішінде 11 нысан ел игілігіне қызмет етуді бастады. Өңір басшысы өз сөзінде ауылда екі бірдей əлеуметтік нысанның ашылуы еліміз экономикасының күн санап ілгерілеп келе жатқанының нышаны
Атќарылєан жўмыстар баяндалды 15 қазанда Париж қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары – Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев жəне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ермегияев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Атқару комитеті жұмысына қатысты. Атқару комитеті мүшелері 2015 жылы Миланда өтетін көрменің, 2016 жылы Анталияда өтетін бағбандық көрме жəне Астана ЭКСПО-2017 мен Дубай-2020 көрме өкілдерінің есептерін тыңдады. Қазақстандық делегация ЭКСПО-2017-ге дайындық жұмыстары бойынша ХКБ 155-ші
Бас Ассамблеясындағы көрменің ресми танылған кезеңінен бастап атқарылған жұмыс туралы ақпарат берді. «ЭКСПО-2017» комиссары халықаралық қатысушыларды шақыру, оның ТМД елдеріне алғашқы сапарлары, көрме тақы рыбын ірі халықаралық алаңдарда ілгерілетудегі
ақпараттық-имидждік науқан туралы атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Р.Жошыбаев Астанада 2224 қазанда ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының бірінші жиыны мен «Болашақ энергиясы» форумы өткізілетіндігі туралы хабарлады. Аталған шараларда шетелдік мемлекеттердің ЭКСПОға қатысуға жауапты мемлекеттік органдар басшылары мен баламалы жəне жаңартылмалы энергетика саласындағы сарапшылар қатысады. Өз кезегінде, Т.Ермегияев көрменің мастер, контент жəне коммуникациялық жоспарларын таныстырды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшысы
Астана экономикалыќ форумын G-GLOBAL форумына ґзгерту диалектикасы «Қазақстан өзін лайықты жəне əділетті əлемнің лайықты бөлшегі деп біледі. Отыз көшбасшы елдердің қатарына кіру жолындағы біздің бағдар аймақтық та, жаһандық деңгейдегі де барлық мəселелерді шешуде белсенді қатысу міндетін қамтиды. G-GLOBAL идеясының тəжірибелік мəні осында». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Астана экономикалық форумы бастапқыда əлемдік қаржы-экономикалық жүйенің басты мəселелеріне басымдық беріп, бүгінде тақырыптық жағынан жалпы əлемдік дамудың мəселелері мен міндеттерінің кең ауқымын қамтиды. Қазіргі таңда АЭФ дамуы өзінің форматы аясынан асып кетті. G-GLOBAL жобасының интерактивті пікірталастарында əлем дік қауымдастықтың ең ауқымды топтарынан өкілдер
қатысып, олар АЭФ барынша кең форматқа G-GLOBAL форумына өзгерту төңірегінде өздерінің идеяларын ортаға салуда. 2008-2009 жылдары дағдарыс басталғаннан бері соңғы алты жыл ішінде адамзат əлемдік экономикадағы, оның ішінде сыртқы несиелеу саласындағы қалыптасқан тəртіптерді түбегейлі өзгерткен экономикалық, қаржылық жəне əлеуметтік күйзелістің бірнеше толқынынан өтті. Əлемдік қаржы жүйесінің ырықтандырылуы халықаралық капитал айналымын жаһандық
деңгейге көшірді, бірақ қаржы нарығында теңдессіз ауқымды алыпсатарлықтың бастау алуына ықпал етті. Бұл өз кезегінде қазіргі нарық өзгерісін қарыз түріндегі экономикалық өсім үлгісіне айналдырды. Президент Н.Ə.Назарбаев бастамасымен жаһандық сынқатерлер алдында Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы аясында əлемдік ғалымдар мен практиктердің ықпалдасуы жəне Астана экономикалық форумының алаңында дағдарысқа қарсы ауқымды пікірталас тəрізді қос тарихи маңызды жобалар қолға алынды. Сарапшылардың пікірлерінше, алғашқы АЭФтің ұқсас халықаралық жиындардан (ДЭФ, ПХЭФ, БОАО) айқын бір ерекшелігі – олардың ғылыми-сарапшылық негізі, барлық шаралардың əлемдік экономикалық жəне қаржылық мəселелерге байланысты өткізілуі болып табылады. (Соңы 7-бетте).
екенін атап өтті. Енді аталған елді мекенде мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Егер барлық жобалықсметалық құжаттар əзір болса, келер жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 93 миллион теңге бөлінеді. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы. ––––––––––––––– Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.
құ рылыс жұмыстарының жағдайы мен компанияның алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол көрменің барлық нысандары уақытылы салынатындығын жəне қазақстандық тараптың Көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша тиісті шараларды жүргізіп жатқандығын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Атқару комитетінің басшылығы мен мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық деңгейіне оң бағасын берді. Сонымен қатар, ХКБ мүше лерімен ұйымның Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің ағымдағы жылдың 20-23 қазаны аралығында Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша келісімге қол жеткізілді. «Егемен-ақпарат».
Жаѕадан сайланєан сенаторлар ел їшін еѕбек етуге дайын Жоғарыдағы ресми ақпаратта хабарланғанындай, кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылдың 1 қазанында өткен сайлауда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын ресми тіркеп, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов тіркелген Парламент Сенатының депутаттарына тиісті куəлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгіні тапсырған болатын. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Сол сайлауда Рашит Əкімов, Марат Тағымов, Аңсар Мұсаханов, Сəрсенбай Еңсегенов, Ерболат Мұқаев, Мұратбай Жолдасбаев, Сергей Ершов, Серік Бектұрғанов, Бекмырза Еламанов, Михаил Бортник, Əли Бектаев, Манап Көбенов, Ольга Перепечина, Сергей Плотников, Серік Жақ сыбеков жəне Төлеубек Мұқашев Парламент Сенатының депутаты болып сайланған еді. Сайланған депутаттардың төртеуі қазіргі сенаторлар. Ресми шара аяқталған соң, бірнеше сенатормен сұхбаттасқан едік. «Осы жылдың 1 қазанында өткен сайлауда аймақтар халқының атынан өкілдік ететін мəслихат
депутаттары 16 кандидатқа сенімдерін білдірген еді, – деді Атырау облысынан сайланған депутат Сəрсенбай Еңсегенов. – Бүгін олар Сенат депутаты ретінде тіркеуден өтіп отыр. Парламент депутаты болу – үлкен абырой. Бұл əрбір депутаттың алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, Конституция бойынша халықтың жəне мемлекеттің атынан билік ету құқығы ел Президентіне жəне конституциялық өкілеттігі шегінде ғана Парламентке берілген. Сондықтан да бұл жауапкершілікті мен терең сезінемін əрі өте жақсы түсінемін. Сенат депутаттарының ең басты міндеті – Қазақстанның егемендігін сақтау, мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз ету. (Соңы 2-бетте).
● Соңғы 9 айда еліміздің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 4,3 млрд. теңгені құрады. Статистика комитетінің төрағасы Əлихан Смайыловтың айтуынша, бұл – 2013 жылмен салыстырғанда, 5,5 пайызға жоғары. Ал өндірістік өнім көлемі 14044,4 млрд. теңгеге жеткен. ● Еліміз бойынша 11,1 млн. гектар алқаптың егіні жиналды. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚның мəліметіне қарағанда, қазіргі таңда 12,9 млн. тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерден келіп тұр. ● Биылғы қазан айына дейін «Ақ бұлақ» бағдар ламасы аясында 63,64 млрд. теңге игерілді. Бұл есептік кезең жоспары бойынша 97,9 пайызды құрайды. Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың айтуына қарағанда, «Ақ бұлақ» бағдар ламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы 112,8 млрд. теңге қарастырылған. ● Үстіміздегі жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы бойынша 109 жоба іске қосылды. Облыс əкімінің орынбасары Ербол Са дыр аталған бағдарлама аясында өңірдегі өнеркəсіп кəсіпорындарында соңғы 9 айда 460,3 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiлгенін мəлімдеді. ● Қызылорда облысы Арал ауданы «Сыбаға» бағдарламасының арқасында 200-ден аса ірі қара сатып алды. Сондай-ақ, өңірде биылғы жылдан бастап, жайылымдықтарды суландыру мақсатында мемлекеттік «Алтын асық», «Ырыс», «Құлан» бағдарламалары қолға алынып жатыр. ● Батыс Қазақстан облысы биыл 61,1 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков алынған өнім аймақ тұрғындарының қажетін қамтамасыз етуге толық жететінін білдірді. ● Қызылордада Жанқожа батырдың ескерткіші ашылды. Салтанатты жиында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев əйгілі тұлғаға орнатылған ескерткіштің маңыздылығына тоқталды. Сыр елі бұл күндері ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығын атап өтуде. ● Шығыс Қазақстан облысында көне қорғандар табылды. Ақтоғай кен орнында құрылыс нысандарын салу кезінде жұмысшылар ертеде жерленген адамдардың сүйектеріне кезіккен. Мұны естіп келген археологтар аталған маңнан 19 қорғанның орнын тапқан. Мамандар бұл жерленген адамдарды темір жəне қола дəуіріне жатқызып отыр. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары деректері негізінде дайындалды.
Теѕізде де тəртіп орнатылуы тиіс Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жəне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мəселелеріне қатысты заңдық құжаттар жан-жақты талқыға түсті. Сондай-ақ, депутаттар Италиямен арадағы сотталған адамдарды беру шартын да қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Сенаттың төрт түзетуімен Мəжілістің жалпы отырысының қарауына енгізілген Экстремизмге
жəне терроризмге қарсы ісқимыл мə селелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді көздейтін заң жобасы бойынша баяндаған Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік
комитетінің төра ғасы Мəулен Əшімбаев бұл түзетулер заң жобасын тұжырымдамалық тұрғыдан еш өзгертпейтіндігіне назар аудартты. Заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Ал Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мəселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Негізгі баяндамашы Мəжіліс депутаты Серік Оспанов мəлім еткендей, навигациялық қауіпсіздікті күшейту үшін ең алдымен Орталық құру ұсынылып отыр. (Соңы 2-бетте).