Бїгінгі нґмірде: Шыраќ
№198 (28676) 16 ҚАЗАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
5-бет
Текті тїзеу бесікті тїзеумен бірдей 6-бет Кəрі ќўрлыќтыѕ бас ауруы – миграция 9-бет Бір уыс бидай 16-бет
Серіктестікке соны серпін ќосар сапар Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Алдымен екі мемлекет басшылары шағын құрамда, яғни екеуара кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар жайында əңгімелесті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстан Президенті кездесу кезінде В.Путиннің елімізге жасаған сапарына өз ілтипатын білдіре келе, былай деді: «Сіздің Қазақстанға соңғы мемлекеттік сапарыңыз төрт жыл бұрын болды. Осы мерзім ішінде біз ортақ мəселе лер ге қатысты көзқарастарымызды əрдайым өзара үйлестіріп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті тұстарын түрлі алаңдарда шешіп отырдық. Сіздің бұл жолғы сапарыңыз да қазіргідей күрделі кезеңдегі ынтымақтастығымызды нығайтуға жə не кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін».
Осылай деген Қазақстан басшысы 16 қазанда, яғни бүгін өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы келіссөз мəселелерін қозғады. «Бүгінде ЕАЭО халықаралық аренада құрмет пен беделге ие бола отырып, өзінің аясын кеңейтіп келеді. Демек, біз дұрыс жолда келеміз деп есептеймін», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, екі мемлекеттің əріптестігін дамыту келешегіне де тоқталып өтті. «Біз Сочиде өзара қарым-қатынастарымызға қатысты негізгі мəселелерді талқылауға мүмкіндік алдық, енді бүгін соларға қатысты тиісті құжаттар дайындалып отыр. Біздің
қарым-қатынастарымыз «ХХІ ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы» іргелі келісім негізінде дамып жатқанын да айтқым келеді. Одақтастық Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартпен, ал экономикалық тұрғыдан ЕАЭО-ның жарғы лық құжаттарымен бекітілген. Қазақстан əрдайым Ресейдің жақын əрі сенімді көршісі, одақтасы болған, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Бұл Қазақстан халқының түпкі мүдделерімен тоғысып жатыр», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Н.Назарбаевтан кейін сөйлеген В.Путин бүгінде жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер жүйелі түрде жүр гізіліп келе жатқанын жеткізді. «Менің Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына сипаттама беруімнің керегі жоқ. Бұл – жай өзара сенімді серіктестік қана емес, толық мағынасында одақтастық қарым-қатынас. Қазақстан – біздің ірі сауда-экономикалық серіктестеріміздің
Есеп комитетініѕ ќўзыры артады Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы өтіп, күн тəртібінде он екі мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау, жергілікті полиция қызметі, электр энергетикасы, мемлекеттік-жекешелік əріптестік, өзін өзі реттеу, қоғамдық кеңестер жəне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мəселелеріне құрылған заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен қаралған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ҚазақстанҚытай мемлекеттік шекарасының режімі туралы келісімді ра тификациялау туралы» заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау
тапты. Келісім мемлекеттік шекара ауданында өзара сенімді нығайту, аумақ пен шекараға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету, заңсыз əрекеттердің жолын кесу сияқты өзекті мəселелерге жə не ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Бұдан кейін депутаттар «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» заң жобасын
тиісті ілеспе түзетулерімен қарап, қабылдады. Заң жобасымен халықаралық аудит қағидаттарын жəне Лима декларациясының талаптары мен халықаралық аудит стандарттарын қолдану көзделген. Тарқатып айтқанда, заң ережелері аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді қарастырады жəне қаржылық бақылаудың құқықтық қолдану тəжірибесін ескере отырып, мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құрады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сөзіне қарағанда, Есеп комитеті барлық мемлекеттік аудит органдарының сапасына бақылау жүргізуге құқылы. (Соңы 4-бетте).
бірі. Қазіргі таңда 6 мыңға тарта ресейлік компания Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, нəтижесінде, долларлық эквивалентпен есептегенде мол көлемдегі инвестиция жинақталды. Сіздің төл бастамаңыз – Еура зиялық эконо микалық одақ белсене дамып, экономикаларымызға оң ықпа лын тигізуде. Біз басқа да көптеген серіктесіміздің ЕАЭО-мен түрлі пішімде ынтымақтасуға ниетті екенін көріп отырмыз», – деді Ресей Президенті. Екеуара кездесу аяқталған соң, келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл шара Ресей Президенті В.Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті Ресей біздің еліміздің стратегиялық серіктесі əрі одақтасы екенін атап өтті. «Біз Еуразиялық экономикалық одақта өзара ықпалдасып отырмыз. Елдеріміз екіжақты байланыстар аясында эконо мика, ғылым жəне гуманитарлық
салалардағы жобаларды табысты жүзеге асырып келеді. Соған орай біз екі мемле кеттің ынтымақтастығына соны серпін қосатын бұл жолғы кездесуге айрықша мəн береміз», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Қазақстан Президенті өзара тауар айналымы көлемінің қазіргі құлдырауы əлемдік экономика дамуының кезеңділігіне жəне негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуіне байланысты уақытша құбылыс екеніне назар аударды. Бұл турасындағы ойын Елбасы: «Біз ұлттық деңгейде де, ЕАЭО аясында да үйлесімді жедел шаралар қабылдау қажет тігін түсінеміз. Экономикалық мəселелердің салдарын жеңілдете түсу үшін резервтерді пайдаланған жөн. Еуразиялық экономикалық одақ Ұйымның барлық мүшесінің тең құқылы ғы жағдайында қызмет ете алады, мемлекеттері міздің өкілдері барлық елдің мүдде сіне жəне ортақ экономикалық
ұстанымдарға сəйкес жұмыс істеуі тиіс», – деп түйіндеді. Өз кезегінде Владимир Путин екіжақты қарым-қатынас барлық салада, соның ішінде саясат, экономика жəне қауіпсіздік бағыттарында тиімді дамып келеді деген ойын жеткізді. «Біз статистикалық көрсеткіштердің аздап төмендегенін байқап отырмыз, бірақ нақты көлем тұрғысынан іс жүзінде өзгеріс жоқ. Біз 2013 жылы қабылданған, 2015 жылы мерзімі аяқталатын екіжақты жоспар негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздің əріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын əзірлеуде. Оны жыл аяғына дейін бекітеміз деп үміттенемін», – деді Ресей Президенті. Сонымен қатар, В.Путин Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициясы шамамен 9 миллиард доллардан асқанын да атап өтті. (Соңы 2-бетте).
● Инвестиция – игергенге игілік
Таєайындау
Мемлекет басшысы ның Өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Респуб ликасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр əскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
● Оймақтай ой Білу, нану, ұнату – ақыл ісі. Шəкəрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.
Жаѕа ќўбыр агрегаты
5,6 миллиард теѕге инвестициялыќ ќаражатты игерудіѕ арќасында жалпы ќуаттылыќ 63 МВт-єа кґбейді Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
«СевКазЭнерго» АҚ облыстың 2,2 мың бюджеттік, өнеркəсіп, коммерциялық ұйымдары мен 580 мың тұрғынын электр қуатымен жабдықтайды. Бүгінде электр желілерінің ұзындығы 135 мың шақырымды, жылу құбырлары 233 шақырымды құрайды. Жалпы электр қуаттылығы 455 МВт-ға, ал жылу энергиясы 791,65 Гкал/сағатқа тең. Компания тозығы жеткен қондырғылар мен құрал-жабдықтарды қалпына келтіруге қомақты қаржы құйып келеді. Оған қарасты № 2 Петропавл жылу-электр орталығы қысқы маусымға əзірлік қарсаңында Ресейден жеткізілген жаңа құбыр агрегатын құрастырып, іске қосты. Жарты ғасырдан астам үздіксіз жұмыс істеп келген нысанды қайтадан тұрғызуға 5,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Электр қуаттылығы 63 МВт-ға дейін ұлғайтылып, жылына 40 мың тоннадай көмірді үнемдеуге мүмкіндік берді. – Индустриялық-инновациялық қуатты жобалар аясында көптеген əлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер тұрғызылуда. Оларды қосымша жылу жəне электр қуатымен қамту үшін стансада қосымша резервтің пайдалануға беріліп отырғанын айтулы оқиғаға балауға болады. Өңірде қытымыр қыстан қысылмай
шығудың барлық жолдары қарастырылған. Қазір көпқабатты тұрғын үйлердің 92 пайызға жуығы жауапты маусымға тас түйін дайындықтары туралы құжаттарын алды, – деді салтанатты жиында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов. Мұның алдында осында № 4 турбина жаңартылған болатын. Алда № 7 құбыр агрегаты мен № 6 бу қазандығы өз кезегін күтіп тұр. ЖЭО-ның директоры Виктор Барминнің айтуына қарағанда, жаңа активтерді құруға, техникалық қайта жарақтандыруға, өндіріс орындарын кеңейтуге 34,5 миллиард теңге қаражат бағытталған. Сөйтіп, 2020 жылға дейін құбыр цехындағы құрал-жабдықтардың 72 пайызын, қазандық цехының жартысынан астамын алмастыру жоспарланған. Оларға озық үлгідегі автоматтандырылған технологиялық басқару жүйесі енгізілетін болады. Жаңа құбыр агрегатын өндіріске енгізу стансаның жұмыс тиімділігін арттырып, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құрал-жабдықтардың тозуын 14 пайызға азайтты. Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––
Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.