ТƏУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №246 (28469) 16 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќазаќстан Республикасыныѕ Тəуелсіздігі – Мəѕгілік Елдіѕ Ўлы тарихы
Кеше елордадаєы «Астана Опера» театрында еліміздіѕ ќастерлі мерекесі – Тəуелсіздік кїніне орай салтанатты шара ґтті. Оєан Мемлекет басшысы Нўрсўлтан Назарбаев ќатысып, сґз сґйледі.
Құрметті қазақстандықтар! Елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шынары болған Тəуелсіздік күні құтты болсын! Осыдан 23 жыл бұрын адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол – көк байрағын шалқытып, əлем
тарихына мөрін басқан Тəуелсіз Қазақстан. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн – өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз
жеткен Ұлы күн. Тарихи əділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас күн! Сан дəуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап өтетін Ұлағатты күн! Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын əріппен жазылған Ардақты күн! Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тəуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ. Тəуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш жəне келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тəуелсіздігімізге тəу етіп, тəубе деп, тəуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз. Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз. Қымбатты отандастар! Жаңа сын-қатерлерге біздің лайықты жауабымыз «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты болды. Біріншіден, əлемнің құбылмалы жағдайында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілуі – қазіргі дүниедегі табысты ұлттардың ортақ тренді. Екіншіден, сапалы жолдар мен коммуникациялар сала отырып, біз өңірлік жəне жаһандық экономикалық байланыстарға тереңірек кооперацияланамыз. (Соңы 2-бетте).
Ќазаќстан Ўйымды дамытуєа ќашанда дайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян, Пре мьер-министрлер: Қырғыз Рес публикасынан – Жоомарт Оторбаев, Ресей Федерациясынан – Дмитрий Медведев, Тəжікстан Республикасынан – Кохир Расулзода жəне Өзбекстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Рустам Азимов, ШЫҰ Бас хатшысы Дмит рий Мезенцев, ШЫҰ Терроризмге қарсы өңірлік орталығы Атқарушы комитетінің директоры Синьфэн Чжан қатысты. Қазақстан Президенті ШЫҰға мүше мемлекеттердің үкімет
басшылары отырысының Тəуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мəні бар екенін, өйткені, ұйымның алғашқы отырысы 2001 жылы Алматыда өткенін айтты. – Үкімет басшыларының отырысы біздің елде осымен үшінші рет өтіп отыр. Ұйым саяси салмақ пен экономикалық қуатқа ие болып келеді. Бүгінде ол баршаға кеңінен танылды. Бұл жолғы кездесудің ерекше мəні бар, біз өзімізде «Шанхай рухы» болуы тиістігін əрдайым айтып жүрміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰға мүше мемлекеттер Үкімет
басшылары кеңесінің Уфадағы отырысында Ұйымның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту жоспарланып отырғанына назар аударды. – Осыған байланысты үкіметтерге ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді. Мемлекет басшыларының соңғы кездесуінде жаңа мүшелер қабылдау тəртібіне қатысты құжаттарға қол қойылған болатын. Бұл мəселеге сындарлы əрі əділ көзқарас керек, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы, сондайақ, ШЫҰ жалпы азиялық əл-ауқат қоры секілді екенін, оған барлық мүше мемлекеттер толық қатысуы тиістігін айтты. (Соңы 3-бетте).
Тəуелсіздік: жемісті сəттер мерейі Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында мемлекеттік марапаттарға ие болған қазақстандықтардың бір тобына наградаларын өз қолымен тапсырды. Марапатталғандар алдында Елбасы сөз сөйледі. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, салада, білім, ғылым істерінде «Егемен Қазақстан». де көптеген жетістіктерге жеттік. Алға қойған мақсаттарды орынҚымбатты отандастар! Біз дап келеміз. Осының барлығын тəуел сіз дігіміздің 23 жылдығы халқымыз өз қолы мен жасады. ішінде қыруар шаруаны атқардық, Ел азаматтары тара пынан ерен оның бəрін өздеріңіз білесіздер. еңбек сіңірілді, деді Нұрсұлтан Біз мемлекетті құр дық, эко- Назарбаев. номиканы түзеттік, Қазақстанды (Соңы 3-бетте). əлемге белгілі еттік. Əлеуметтік
ЖАЅА ЌАЗАЌСТАНДЫ ЌЎРУДАМЫЗ
ХАЛЌЫМЫЗДЫЅ БАСТЫ ЌЎНДЫЛЫЄЫ
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Тəуелсіздік толғауы» туралы сөзін ерекше ыстық ықыласпен қабылдады. Мемлекет басшысы халықтың өз тағдыры мен болашағын дербес айқындайтын еркін де егемен елде, бейбітшілік пен келісімде, өзара ынтымақта өмір сүруге деген таңдауының тарихы тереңде жатқанын атап өтті. Біз Қазақстанның Тəуелсіздік алуы – ұлы тарихи əділеттіліктің орнауы деп сенеміз. Осы арқылы біздің халқымыз сарқылмас рухани күш-қуатқа, өз жерінде өз тағдырын шешу мүмкіндігіне ие болды. Шын мəнінде біздің еліміздің жұлдызы оңынан туған! Мемлекет басшысының салиқалы жəне бейбітшілік пен келісімге бағытталған саясатының арқасында тəуелсіздік жылдары біздің халқымыз жаңа Қазақстанды құруда. Біз еліміздің əрбір азаматының дүниеге келуімен, əрбір шаңырақтағы қоныс тойымен, іске асқан əрбір индустриалды жобамен, еңбекқор алақан мен күн нұрынан қуат алған қазақстандық егінмен бірге біздің Тəуелсіздігіміз нығая түсетініне сенімдіміз. Біз өзімізге, ата-бабаларымыздың төккен қаны мен
Қазақстан Жазушылар одағы Мемлекет басшысының Қазақстанның Тəуелсіздігі күні қарсаңындағы салтанатты жиналыста айтқан идеяларын толық қолдайды. Қазақстан Президенті өзінің сөйлеген тарихи сөзінде Тəуелсіздік туралы ой-толғауларын халықпен бөлісті. Мемлекет басшысы атап өткендей, жыл сайын біз халықтың 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ їндеуі
терімен жеткен Тəуелсіздігіміздің тұрақтылығы мен тұғырлылығына сенімдіміз. Себебі, біз əрқайсымыз жəне жалпы Қазақстан халқы, Отанымызды қасық қанымыз қалғанша қорғауға, оның гүлденуі мен кемелденуі үшін тынбай еңбек етуге дайын! Біздің Тəуелсіздігіміз, Елбасының жүргізіп отырған ішкі жəне сыртқы саясатында, біздің халқымыздың ұлы достығы мен бірлігінде, оның қонақжайлылығы мен кеңпейілдігінде, оның қайталанбас тарихы мен сан қырлы мəдениетінде көрініс тапқан ХАЛЫҚТЫҢ ДАНАЛЫҒЫНА негізделеді. Біздің Тəуелсіздігіміз «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы жəне халықтың өмірлік философиясы – МƏҢГІЛІК ЕЛ идеясы арқылы болашаққа ұмтылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы толығымен «ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫН» қолдайды жəне Қазақстан халқын Елбасының айналасына ұйысуға шақырады. Біз жастарды осы айтылған қарапайым жəне түсінікті шындықты терең ұғынуға шақырамыз. «ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындары студенттері тарапынан міндетті түрде оқылуы тиіс. Президенттің рухты сөзі біздің халықты жаңа биік белестерге жетелеп, өз күшімізге, ертеңгі күнімізге деген сеніміміздің діңгегі, қуатты жəне гүлденген Қазақстанды құрудың шабыты болады деп сенеміз.
Ќазаќстан Жазушылар одаєыныѕ їндеуі
жасаған таңдауының сарқылмас тарихи күшін барған сайын терең ұғынып келеміз. Тəуелсіздік – халқымыздың басты құндылығы. Елбасының барлық қазақстандықтарды тəуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын: Бейбітшілікті, Келісім мен Бірлікті бағалауға жəне нығайтуға, ұлттық дəстүрлерімізді сақтауға жəне дамытуға шақыратындығы сондықтан.
Біз Тəуелсіздіктің сарқылмас құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру маңызды деп есептейміз жəне Мемлекет басшысының Тəуелсіздік туралы идеяларын еліміздің барлық мектептері мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізуді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз бір – «Мəңгілік Елді», еліміздің Тəуелсіздігі мен жалпыұлттық бірлігімізді нығайту.
ЕЛБАСЫ ИДЕЯЛАРЫН ТОЛЫЌ ЌОЛДАЙМЫЗ Ќазаќстан тарихшылары ўлттыќ конгресініѕ їндеуі Біз, Қазақстан тарихшылары конгресінің өкілдері, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 23 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқан идеяларын толық қолдаймыз. Тəуелсіздік күні – Қазақстан халқы тарихындағы ең маңызды мереке. Бұл оқиғаның ел, қоғам жəне əрбір қазақстандық үшін маңыздылығын айтып жеткізу қиын. Бұл күн Қазақстанның тарихи таңдауын
– бабаларымыздың тəуелсіз, еркін жəне күшті мемлекет туралы асыл армандарының жүзеге асқан күнін паш етеді. Нақ сондықтан да бұл күн əр адамның есінде қалуға тиіс. Бұл оқиғаның маңыздылығын қазақстандықтардың əрбір жаңа буынына беріп отыру маңызды. Елбасы Тəуелсіздік философиясының іргелі негіздерін ауқымды етіп белгілеп берді. Олар – Жалпыға Ортақ Еңбек, даналық, толеранттылық жəне халықтың бірлігі,
тарихы мен мəдениетінің, Қазақстанның барлық этностарын толық құрметтей отырып мемлекеттік тілінің бірегейлігі. Бұл негіздерді мектеп жасынан бастап Қазақстан Республикасының əрбір азаматының білуі маңызды. Осыған байланысты мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына Елбасының ұлтқа үндеу тастаған Тəуелсіздік туралы толғауларын міндетті оқытуды енгізуді ұсынамыз.