16122015

Page 1

ТƏУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №241 (28719) 16 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ЎЛТ ҐРЛЕУІНІЅ ДАЅЌТЫ ДƏУІРІ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы жиналғандар мен барша Қазақстан халқын ұлттық мереке – Тəуелсіздік күнімен құттықтады. Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық, деді сөзінің басында Елбасымыз. Əрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дəуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні əлем көгінде Қазақстан Республикасы атты жаңа жұлдыз

жарқырап тұрды. Тұтас дəуірлердің куəсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң əрі қиын жолмен жүріп өтті. «Адам баласы сияқты мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу. Екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер». Бұл – Əбу Насыр əл-Фарабидің орамды айтып кеткен сөзі, өнегелі өсиеті. Биыл, міне, осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз, деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 24 жасқа толған Қазақстан ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылатынын атап өтті. Тарих – біздің халқымыздың сақ пен түркінің, Қазақ хандығының дəуірінде, Ұлы Отан соғысы кезінде көрініс тапқан ұлы күресінің куəсі. Бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз. Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат – Тəуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты əрі маңызды мереке болып саналады. Өйткені, тəуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік – кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар. Аман-саулық адамның нағыз бақыты болса, Тəуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. Бұл – туған елін егемендік пен еркіндікке

қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып келген əйгілі Махатма Гандиден қалған сөз. Расында да, Тəуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дəмі балдай, мəртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады, деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы еліміз небəрі 24 жылда жаңару үдерісін өткеріп, бүкіл əлемде сый-құрметке ие болғанына назар аударды. «Елу жылда – ел жаңа» деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десек те, біз елу емес, небəрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткіл дүние бағалаған ел болдық. Ширек ғасырға жуық кезеңде біз кейбір мемлекеттер ештеңесіз шығатын, ал енді бірі ғасырларды сарп ететін тарихи жолдан өттік. Бұл бабалардың ерлігімен рухтанып, болашақ ұрпаққа жол ашқан барша қазақстандықтардың еңбегі арқасында мүмкін болды. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған осы отырған сіздердің де қосқан үлесіңіз қомақты деп білемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Жаѕа жаћандыќ əмбебап келісім Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының Парижде өткен 21-сессиясының қорытындылары бойынша жасаған мəлімдемесі туралы хабарлады.

Еѕбегі еленгенніѕ еѕсесі биік Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі жəне белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мəдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері бар. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік наградалардың бірқатарын Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Елбасы алдымен баршаны Тəуелсіздік мерекесімен

құттықтап, марапатталушы азаматтар үшін бұл рəсімнің маңыздылығын атап өтті. «Бұл Қазақ елінің атының жаһанға жайылып, игілігіміздің бастауы болған мəртебелі мереке. Баршамыз үшін қуанышты күн. Сіздер осындай айтулы

күннің қарсаңында жоғары марапат мəртебесіне ие болайын деп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тəуелсіздік деген еш уа қытта ештеңеге айырбастамайтын ең жоғары мəртебелі құн дылығымыз екенін айтып, азаттықтың арқасында ел ретінде еңсе тіктеп, мемлекеттік тұғырымызды бекіткенімізді атап өтті. «Оған бүгінгі марапат иелерінің əрқайсысының үлесі зор. Сіздер өнегелі істеріңізбен көпке үлгі болып, ел құрметіне бөленіп келесіздер. Өз саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарды ең жоғары наградаларға лайық деп санаймыз», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан бойынша жүздеген, мыңдаған адам жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. «Соның ішінде сіздердің еңбектеріңіз өте үлкен, зор. Сіздерге марапат тапсыру арқылы мен бүкіл қазақстандықтарға тапсырдым деп санаймын», – деді Президент. Сондай-ақ, Елбасы еліміздің айрықша жетістіктеріне қысқаша тоқталды. «Тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта біз үлкен жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайтып, экономиканы дамыттық, қазақстандықтардың жаңа буы нын

тəрбиеледік. Біз индустриялықинновациялық бағ дарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Биыл үшінші ғарышкеріміз ғарышта болып келді. Қазақстан ДСҰ-ның мүшесіне айналды. Əлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан біз көп іс тындырдық. Бұл табыста бүкіл қазақстандықтардың жұмсаған күш-жігері бар. Наградалар мен атақтар – отандастарымыздың қажырлы еңбегі мен қызметін халықтың жоғары деңгейде бағалауының белгісі», – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды жəне қазіргі заманғы қауіптер мен сынқатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз БҰҰ-ның осы көпжылдық күрделі келіссөздер үдерісіне қосқан үлесі мен күшжігерін жоғары бағалаймыз. Жаһандық климаттың өзгеруі мəселелерін шешу орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейшілікті еңсерудің жəне əлемнің барлық елдерінің əлеуметтікэконо микалық игілікке қол жеткізуінің негізгі шарттары болып саналады. Климат саласында жаңа əмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстыр ғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеуге деген əзірлігін айғақтайды.

Қазақстан ұлттық жəне өңірлік ауқымдағы экологиялық проблемалармен белсене күресіп жатқан ел ретінде осы тарихи оқиғаға айрықша мəн береді. Біз əлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесімен бұл салада өзара тығыз іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ, Париждегі Климаттық саммитте мақұлданған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жақтаймыз. Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға жəне Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға əзір. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жөніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналады. Жаңа мыңжылдықта барша адамзат тағдырындағы аса ірі саммиттің бірін дайындауға жəне табысты өткізуге қосқан үлесі үшін Француз Рес публикасы Үкіметіне ризашылық білдіремін.

● Жасампаздық жемістері

Адамзаттыѕ даму деѕгейі жоєары елдер тобындамыз

Ќазаќстан БЎЎ-ныѕ адамзат дамуыныѕ индексі рейтингінде 14 сатыєа кґтерілді 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Адамзат дамуы туралы кезекті баяндамасын (Human Development Report) жариялады. Онда Адамзат дамуы индексі (Human Development INDEX) бойынша есеп берілген. Эфиопия астанасы Аддис-Абебада көпшілікке жарияланған жаңа баяндамаға сəйкес, Қазақстан рейтингі 14 сатыға жоғарылап, 56-шы орынға көтерілді. Адамзат дамуының индексі елдер арасындағы өмір сүру, сауаттылық, білімділік жəне өмір сүру ұзақтығы деңгейін адамзат əлеуетінің негізгі өлшемдері ретінде салыстыру мақсатында жыл сайынғы негізде саналады. Адамзат дамуының индексін

санау кезінде 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі: 1. Күтілетін өмір сүру шамасы – ұзақ өмір сүру болып бағаланады. 2. Ел халқының сауаттылық деңгейі (оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны) жəне оқу ұзақтығының болжалды мерзімі. 3. АҚШ долларымен есептегенде сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігі бойынша адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс

арқылы бағаланған өмір сүру деңгейі. Баяндамаға сəйкес, Қазақстан адамзаттың даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреді жəне 2015 жылы осы көрсеткіш бойынша 56-шы орынды иеленді (2014 жылмен салыстырғанда, 14 тармаққа жоғарылады). Адамзат дамуының индексі 0.788-ді құрады (2014 жылы – 0.757); өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – 69.4 жас (2014 жылы – 66.5 жас); оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны – 11.4 жыл (2014 жылы – 10.4 жыл); ал білім алу ұзақтығының көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 15 жылды құрады. Адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20,876 долларға жетті (2014 жылы – 19,441 доллар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.