17012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Патриотизм – ќазіргі заманєы Отан ќорєаушыныѕ рухани ґзегі 2-бет Елдікті саќтау – еѕселі міндет 5-бет Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі 6-бет «Тўрєындар дəн риза» ма?.. 7-бет

№10 (28234) 17 ҚАҢТАР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Саннан сапаєа кґшетін уаќыт келді

 Ел тынысы: мың бір мысал

«Корнлебеннен» кґмек кґп Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында тəулігіне 7 тонна нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кəсіпорын «Корнлебен» серіктестігіне қарайды. Жуырда пайдалануға берілген кəсіпорынның құрылымы мен жарақтандырылуына кəсіпкер Николай Миллердің айтуынша, 82 миллион теңге инвестиция салыныпты. Жаңа кəсіпорында 40 адам жұмыс жасайды. Орташа жалақы мөлшері – 65 мың теңге. Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Бизнеске қолдау көрсетілуде. Енді халықты сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп, алдағы уақытта сыртқы нарыққа

шығу, дейді жаңа кəсіпорынды іске қосқан ауыл мен қаладағы қос серіктестік иесі кəсіпкер Николай Миллер. Құрылғылар мен құралжабдықтар Германиядан сатып алынған. Жалпы, неміс тілінен аударған да «Корнлебен» «алтын дəн» деген мағынаны білдіреді екен. Николай Миллердің айтуынша, кəсіпорын 2002 жылы диірмен кешені ретінде ашылыпты. Макарон өнімдерін шыға ратын цех іске қосылыпты. Енді, міне, жаңа наубайхана да іске қосылды. Алқапта жиналған бидайды қалаға «Корнлебен» кəсіпорнына жеткізеді. Яғни, ауылдағы серіктестіктің енді қа лада өз өнімдерін өндіретін

Депутаттар халыќаралыќ шарттарєа осындай талап ќойып отыр

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында əуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің əуе кемесін басып алу, əскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру жəне еліміздің халықаралық шарттарына қатысты заң жобалары жан-жақты қаралды.

кəсіпорындары бар, астықты қайда өткіземіз деп бас қатырмайды. Кəсіпорында бірінші жəне жоғары сұрыпты ұн, макаронның 15 түрі, нан-тоқаш өнімдерінің 12 түрі дайындалады. Нан-тоқаштары облыстан бөлек, еліміздің өзге де өңірлеріне жеткізіледі. Шаруашылық иесі болашақта «Корнлебеннің» өнімдерін алыс-жақын шетелдерге экспорттау жоспарда барын айтты. Алдағы уақытта «Корнлебенде» күнбағыс майын өндіретін цех ашылады. Жалпы, «Корнлебен» кəсіпорны – Ертіс ауданындағы «Абай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыс ор талығындағы құрылымы. Өңірдегі астық өсіретін Ертіс ауданындағы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Абай атындағы серіктестік өткен жылы күзгі жиын-терін кезінде 100 мың тоннадан астам бидай жинап алды. Даланың мол өнімі енді, міне, қалалықтардың дастарқанына да жетті. Н.Миллер басқаратын «Абай» серіктестігі 60 мың гектар алқапқа егін егеді. Ауылдың алаңсыз жұмысы мен тыныс-тіршілігі үшін барлық əлеуметтік жағдайлар жасалған. Əр үйге су келіп тұрады. Балабақ ша, мəдениет үйі, монша, емхана, дəрігерлік пункт, асхана, қонақүйі, мектеп, дүкендер, наубайхана, кондитерлік цехтар, сүт өнімдері – барлығы да бар, бассейн, спорт кешендері түгелдей жұмыс жасап тұр. Дəл қаладағыдай өмір. Кеңес өкіметі кезінде салынған қыруар дүниені шаруашылықтар ыдыраған жекешелендіру науқанында Миллер сатып алып, сақтап қалды. Сол қалпында бүлінбей, бұзылмай бүгінгі ауылдың қолына тиді.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Азамат Құрманбекұлы Əбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Стратегиялық əзірлемелер жəне талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды; Аяна Тоқтағанқызы Манасова Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Стратегиялық əзірлемелер жəне талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстан Кеден одағының сауда ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді ратификациялады. Ол бойынша бірыңғай кедендік аумақта сыртқы жəне ішкі сауданың тиімді реттелуіне жол ашылады.  Ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты. Қазақ ғылы ми-зерттеу институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай Сағитов Іле Алатауында өсетін кордицепс деп аталатын саңырауқұлақты пайдалану арқылы 150 жасқа дейін өмір сүруге болатынын мəлімдеді.  Елімізде алғаш рет 3D пішіміндегі мультфильм жарыққа шықты. Онда XVIIXVIII ғасырлардағы қазақ тарихы мен жоңғарларға қарсы күрестегі батыр бабаларымыздың ерлігі көрсетіледі.  Шығыс Қазақстан облысындағы Қаракөл өзені бойынан алдағы мерзімде су электрстансасы салынатын болды. Ол іске қосылған кезде қосымша 10 мың гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік жасалады.

 Павлодар облысындағы С.Торайғыров атындағы кітап хана жылына 12-15 мың жаңа баспа өнімімен толығып отырады. Жақында кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.  Қарағанды облысындағы жұмысы тоқтап қалған кремний зауыты жақын күндері іске қосылады. Оның жұмысын жандандыруға «Қазақстанның инвестициялық қоры» мен «ТауКен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ қаржылай қолдау көрсетті.  Батыс Қазақстан облысындағы жалпы білім берет ін мектептерде 83 мұғалім жетіспейді. Соның салдарынан ұстаздар мамандығына сəйкес келмейтін пəннен дəріс беруде.  Ауа райы күрт бұзылып, Қа рағанды, Қостанай жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының тас жолдары жабылды. Кеше бір тəулік ішінде 254 жолаушыға көмек көрсетілген. Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Шетелдік дипломаттарды ќабылдады

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Чех Республикасының елшісі Бедржих Копецкиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев чех дипломатының жұмысын оң бағалап, жоғары деңгейдегі кездесулерді табысты өткізуге жəне парламентаралық үнқатысуды үдетуге қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан мен Чехияның екіжақты форматындағы жəне Қазақстанның Еуроодақ қатынастары форматындағы ынтымақтастығы одан əрі нығаятынына сенім білдірілді. Сол күні Сенат Төрағасы Болгария Республикасының сенімді уəкілі, елші Иван Димитровпен кездесіп, Қазақстан-Болгария ынтымақтастығының өзекті мəселелерін талқылады. Кездесу барысында Қ.Тоқаев елдегі əлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысу үшін Болгария Ұлттық Жиналысының депутаттарына шақыруын жеткізді. Болгар дипломаты бұл ұсынысты Қазақстан мен Болгарияның көптұрпатты ынтымақтастығының «жол картасы» тұрғысында парламентаралық байланыстарды одан əрі дамытудың тамаша мүмкіндігі ретінде қабылдады.

Миллер туған ауылын бүлдіргіге салдырмады. Бүгінде оның қызығын ауыл халқы көріп отыр. Миллердің ауылы жайнап тұр, сүт өңдейтін кəсіпорын да бар, онда айран да, қаймақ та, ірімшік, май өндіріледі. Жобалық қуаты тəулігіне – 10 тонна. Серіктестік тіпті, кім келіп үй салып береді деп күтіп отырмай-ақ, өз қаражатына баяғыда тұрғын үйлер тұрғызды. – Бүгінде мемлекет шаруашылық тардың жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасауда. Өз басым шетелдерде көп боламын. Бəрін де көріп жүрміз. Ал, біз – ауылдық кəсіпкерлер біздің мемлекеттің жасаған мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білуіміз керек, – дейді Николай Миллер. Павлодар облысы.

---------------------------------Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ.

Энергетикалыќ ынтымаќтастыќ мəселелерін талќылады

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директоры Мария ван дер Ховенді қабылдады.

Кездесу барысында ҚР мен ХЭА-ның энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асырудағы, жасыл технологияларды енгізудегі одан арғы іс-қимыл перспективалары талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға ХЭА-ның қатысуы туралы əңгіме қозғалды. С.Ахметов пен М.Ховен сондайақ, ғаламдық энергетикалық рыноктағы ағымдағы жағдайлар туралы пікір алмасты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің əуе кемесін басып алу (ұшырып əкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров жасады. Белгілі болғандай, келісімнің мақсаты əуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды жəне ТМД қатысушы мемлекеттері кезекшілерінің əуе кемесін басып алу (ұшырып əкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастырудың бірыңғай тəсілін қамтамасыз ету құқықтық база жасау болып табылады. Заң жобасы бірауыздан қабылданды. Сол сияқты Қорғаныс вицеми нистрі баяндамашы болған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына əскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттардың қолдауына ие болды. Хаттамаға 2011 жылы 20 желтоқсанда Мəскеуде қол қойылған. Мұндағы мақсат ҰҚШҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің əскерлер (күштер) топтарын, əскери инфрақұрылым объектілерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өз аумақтарына орналастыру туралы шешімдерді қабылдау тəртібін нақтылау. Осыған байланысты Хаттамада мұндай шешімдер қабылданған кезде консультацияларды (келісу) жүргізу жəне ҰҚШҰға мүше бас қа мемлекеттердің

ресми қарсылықтарының болмауы қажеттілігі туралы қағида белгіленіп отыр. Мұндай рəсім, ең алдымен, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған. Хаттамада қолданумен жəне түсіндірумен байланысты даулы мəселелерді реттеу тəртібін айқындайтын нормалар да көзделген. Мəжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Зағипа Балиева жəне Мəулен Əшімбаев бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қабылданды. Ол бойынша баяндама жасаған Мəжілістің Ха лық аралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев заң жобасының мақсаты халықаралық шарттарды дайындауды жетілдіру екендігін ерекше атап кетті. Коми тет төрағасының айтуынша, бұл салада шешімін табуды қажет ететін мəселелер бар. Сондықтан «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» жəне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылды. (Соңы 2-бетте).

Кездесу таќырыбы – балалар ќўќыєын ќорєау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мəми БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі Джун Кукитаны қабылдады.

Қ.Мəми кездесу барысында ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы қызметіне, атап айтқанда Астана жəне Алматы қалаларында кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарды құру туралы жобалардың сəтті іске асырылғанын жоғары бағалап, ұлттық ювеналды əділеттің қалыптасуына жəне дамуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Төраға Қазақстан тарапынан өзара ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. Дж.Кукита Қазақстандағы өскелең ұрпақтың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бел сенді жұмысты ерекше атап, ювеналды əділет саласындағы Қазақстанның бірегей тəжірибесі туралы Біріккен құжаттар топтамасын дайындауды жəне халықаралық

қауымдастық назарын аударуды ұсынды. Дж.Кукита Қазақстан Рес публикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев қол қойған 1994 жылы шілде айында ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияға үстіміздегі жылғы ақпан айында 20 жыл толатынын хабарлады. Осыған орай атаулы күнге арналған халықаралық іс-шара өткізу барысында ювеналды əділет саласындағы ұлттық жетістіктер туралы Біріккен құжаттар топтамасының тұсаукесерін ұйымдастыру ұсынылып отыр. Кездесу барысында бітімгершілік, медиация жəне дивергенция салаларында одан əрі өзара ықпалдастыққа бағытталған мəселелер кеңінен талқыланды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

 Қаның қалай қайнамас?!

«Далада бала жата ма, тїсіп ќапты шанадан...» Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Ойпырм-ай, Оңтүстікте орын алған осынау бір оқиғаны көрсетпеген, жазбаған ақпарат құралдары қалмады ғой деймін. Елдің бəрі жаңа жыл мерекесін тойлап, ертеңіне енді естерін жинап жатқан кезде белгісіз келіншек Шымкенттің шетіндегі Қайтпас елді мекеніндегі бір үйдің ауласына үш бірдей жас баласын тастап кетіпті. Небəрі үш жастағы бүлдіршін қыз екі жасар інісін қасына, сегіз айлық сіңлісін қолына алып, қардың үстінде жылап отыр екен. Аяз

сорып, бүрсең қаққан балаларды сол үйдің əйелі тауып алып, үйіне кіргізіп, құқық қорғау органдарына хабар берген. «Бала жалаңаяқ екен. Бұтына «жіберіп» қойыпты, онысы қатып қалған. Үлкен сөмкені ашсам, ішінде əлди жатыр. Ол да жұқа киінген» деп сұхбат берді республикалық телеарналарға балаларды тауып алған əйел. Осынау аянышты ақпарат, əрине, елді дүр сілкіндіріп, ашу-ызасын туғызды. Сүп-сүйкімді үш бүлдіршінді теледидардан көргендердің «Қандай ғана қатыгез ана осындай бейкүнə балаларды көшеге қиып тастап кетті екен?» деп жүректері қан

жылағаны анық. Сонымен, полиция «көкек анаға» іздеу жариялады. Бəрі кейін белгілі болды ғой. Баяғыда əжелеріміз баланы ұйықтатарда «Əлди, əлди, баладан, тауып алған даладан, далада бала жата ма, түсіп қапты шанадан...» деп əлдилеуші еді. Сол айтпақшы, бұл балалар абайсызда шанадан түсіп қалмаған екен. Үш бірдей баласын қарға отырғызып кетті деген ана да табылды. Ақпараттың қайдан шыққанын қайдам, біреулер оны жеңіл жүрісті əйел екен деп те жатты. Оның қаншалықты рас-өтірігін бір құдай білер, бірақ əйел өзінің құрылыста жұмыс

істейтінін айтты. Ең қызығы, бəлкім, сұмдығы шығар, үш бүлдіршінді тауып алған əйел балаларға бөтен болмады, туған əжесі болып шық ты. «1 қаңтар күні кешкі сағат бестерде енем телефон шалып, «Балаларды маған үйге əкеліп бер», деп айтты. Үшеуін киіндіріп апарып, өз қолына тапсырып кеттім. Осының бəрін қайынсіңлім көріп тұрды. Өз балашағамды қалай көшеге тастаймын?» деп шырылдайды үш баланың анасы. Оның айтуынша, күйеуі екеуі азаматтық некеде болған. Бірақ, соңғы жылдары бірге тұрмайтын көрінеді. Содан болар, енесі екеуінің арасы жақсы емес. Міне, бар жағдай осы. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17012014 by Egemen - Issuu