17032015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Мəѕгілік Елдіѕ мўраты 5-бет Кґѕілі кґпшіл Кґбес еді 6-бет Кґзмерген 7-бет Шаєын елдер шырєалаѕы 8-бет

№50 (28528) 17 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Кґкшетаудаєы кґѕіл ґсірер кездесулер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына кешегі жұмыс сапарын еліміздегі балалар тағамын өндіретін кəсіпорындардың бірі, сондай-ақ, сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын «КСЗ Молоко Синегорья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастады. Тəуліктік қуаты 160 тонналық сүт зауытында 175 адам жұмыс істейді. Көкше зауыты Қазақстанның ішкі нарығын толықтыруда белгілі табысқа қол жеткізуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Кəсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрген Мемлекет басшысы өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті. Олармен əңгімелесу барысында аймақтың агроөндірістік

кешенін дамытудың негізгі мəселелері, отандық өнімді өндіру мен оның бəсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары сөз болды. Ақмола аграршылары іске асырылып жатқан бағдарламалар баяндылығын атап көрсетіп, аймақтық ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік қолдауға алғыстарын білдірді.

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Сержан Оралбайұлы Əбдікəрімов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды; Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Əзербайжан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды жəне ол Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды; Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды жəне ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасының Əзербайжан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы ісшаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Елбасының 18 наурызда Прези денттің Іс басқармасының Меди циналық орталығының Кли никалық-оңалту ке шеніне баруы жоспар лануда. Президент мұн да замана уи технологияларды қолдану негізінде мамандандырылған жоғары медициналық көмек көрсететін мекеменің жұмысымен танысады. Сол күні Қазақстан Президенті Ақордада бірқатар шетелдік мемлекеттердің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдайды. 19 наурызда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назар баевты қолдайтын республикалық жəне өңірлік қоғамдық штабтардың ашылу рəсімі жоспарланған. 20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы жəне Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда жəне экономикалық ықпалдастығын тереңдету мəселелерін қарастырады. Сонымен қатар, президенттер əлемдік экономиканың даму үрдістерін жəне Украинадағы ахуалды талқылайды. 21 наурызда Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

Қазақстан Президенті Ақмола облысы Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуде негізгі тірек қызметін атқаратынын атап көрсетті. – Мемлекет аграршыларға орасан зор көмек көрсетуде, – деді Елбасы. Облыста 2009 жылдан бастап, барлық шаруашылық қызметін субсидиялау 8 есе өсті. Осыны ескере отырып, сіздерге елорданы барлық өнім түрлерімен қамтамасыз етуді жүктеймін. Астана – жақын маңда орналасқан тиімді нарық көзі. Елордамыз өсуде, осыған орай тұтыну сұранысы да өсе түсетіні табиғи жағдай. Жалпы, еліміздің солтүстік аймағындағы өңірлер сияқты Ақмола

облысы да əлемдік маңыздағы астық өсіруші болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан астығы танымал брендке айналды жəне əлемдік азық-түлік қорын айқындауда біздің еліміздің ресурстары əрдайым есепке алынады. Бұл орайда, баршамызға ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, сапасын жоғарылату міндеті жүктеледі. Елбасы «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында болып, кəсіпорын қызметімен танысты жəне зауыттың негізгі өнімдері дайындалатын құрастыру цехын аралап көрді. Аталған кəсіпорын республикамыздағы автокөлік өндіру саласындағы ең ірі жобалардың

табысты көрінісі болып табылады. Іске қосылған 2005 жылдан бері зауыт əртүрлі модельдегі 4000-нан астам жүк көліктерін еліміздің ішкі нарығына шығарған. Осы мерзімде мемлекет кірісіне 1,5 миллиард теңгенің үстінде салық аударымдары жасалды. Өткен жылы зауыт конвейерлерінен 1250 дана автокөлік құралдары шығарылды. Мұнда 197 адам еңбектенсе, олардың орташа айлық жалақысы 126 мың теңгеден айналуда. Қазақстан Президенті «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ еңбек ұжымымен жүздесуде əдеттегідей емен-жарқын əңгіме өрбіді. Сынаушы-жүргізуші Байбатыр Есенов, слесарь Анатолий Немченко, инженер

Назар аударылєан халыќтыќ реформалар Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты бюросының отырысын өткізді. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының президенттік сайлауға қатысуға келісім беруі Қазақстанның табысты мемлекеттік құрылысы мен тəуелсіздігін нығайтудың маңызды алғышарты болып табылатынын атап өтті. Қ.Тоқаев «Нұр Отан» партиясының съезінде Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев басымдық ретінде айқындаған бес халықтық реформаға назар аударды. Сенат Төрағасы ре формаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді біріктіру қа жет тігін, олардың біздің мемлекетімізді кешенді түрде жаңғырту мақсатына

қызмет ететінін атап көрсетті. Бюрода палатаның 2015 жылғы 19 наурызда болатын кезекті отырысының күн тəртібі бойынша ұсыныстар енгізілді. Отырыста: «Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру са ла сындағы ынтымақтастық туралы келісімді

Кеше Парламентте Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Тґраєа елшімен кездесті Мəжіліс Төрағасы сауда-эко номикалық байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етіп, аталған елдің компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды. Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, бүгінде қазақстандық экономи каның маңызды бөліктерінде 80нен астам бірлескен кəсіпорындар

жұмыс істейді. Ал «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатымен оның аясында жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық даму бағдарламасы кəсіпкерлер үшін бұрынғыдан да зор мүмкіндіктерге жол ашпақ. Осы ретте Мəжіліс Спикері ТМД кеңістігінде қолға алына бастаған Еуразиялық экономикалық одақ басымдықтарын да назардан тыс қалдырмады.

ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) заң жобаларын қарау жоспарланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Өз кезегінде елші «Қазақстан-2050» Стратегиясына айрықша көңіл бөліп, оның өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда ықпалы зор екенін алға тартты. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланысты кеңейту мəселелерін талқылады. Əңгіме барысында алдағы уақытта екі елде өтетін сайлау науқандарына, атап айтсақ, Қазақстанда өтетін президенттік, Финляндияда өтетін парламенттік сайлаулардың маңыздылығы көлденең тартылды. Кездесуге Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы М. Əшімбаев қатысты.

Бірлік пен берекеніѕ салтанаты «Көкшетау» мəдениет сарайында, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақмола облысының əкімдігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бірлік пен берекенің Жерұйығы» атты айтыс ақындарының халықаралық сайысын өткізді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған байрақты бəсекеге еліміздің танымал өнерпаздарымен қатар, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан жəне Өзбекстаннан ерен жүйріктер қатысты.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Жыр мəйегін төгілдірген мерекеге жиналғандарды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов жəне Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин құттықтады. Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы

облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Сергей Кулагин бұл шараның Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында өтіп жатқанын атай отырып, «Ақындар мен сал-серілер мекені саналатын Көкшетауға дарынды, көбі сөзсіз нағыз шебер деп атауға болатын ақындар жиналды. Сахнада өзекті мəселелерді көтеру үшін бүгінгі күн тынысын, саяси жəне əлеуметтік тұрғыдағы мəселелерді жете ұғыну қажет. Шын ақындар осындай болады

жəне біз оған куə боламыз», – деп атап өтті. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізген жыр сайысына КСРО халық əртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау реаты Асанəлі Əшімов бастаған қазылар алқасы төрешілік жасады. Оның құрамында Парламент Сенатының депутаты, республикамыздың еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, Парламент Мəжілісінің депутаты, жазушы Алдан Смайыл, Қазақстанның халық əртісі, сазгер Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, əнші, жыршы Бекболат Тілеухан болды. Осының өзі айтысқа қойылар талаптың жоғарылығын, саңлақ өнерпаздардың сөз саптаудағы шеберлігін сараптаудағы талғамның биіктігін көрсетеді. (Соңы 9-бетте).

Разалия Сұлтангереева өндірістік табыстары, күнделікті тұрмыс-тіршілігі жайында пікір бөлісті. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы өндіріс ошағында өңірдегі өнеркəсіп кəсіпорындарының басшыларымен кездесті. Онда Елбасы облыс индустриясын кезең-кезеңмен дамыту бағытына назар аударып, өңірдегі ірі кəсіпорындар шағын жəне орта бизнес нысандарын тапсырыстармен қамтамасыз етіп отырғанын атап көрсетті. Президент, осы ретте, мемлекет өнеркəсіп саласын дамытуға елеулі қаржы бөліп отырғанын да тілге тиек етті. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 15 наурыздағы № 9/19 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сəйкес 2015 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1940 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Кандидат ретінде тіркеді 2015 жылғы 15 наурызда Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мəселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі. Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағына сəйкес мынадай құжаттар ұсынылды: 1. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты ұсыну туралы шешім қабылданған «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің ХVI съезінің осы қоғамдық бiрлестiктiң республиканың Əдiлет министрлiгiнде тiркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттамасынан үзінді; 2. Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру туралы өтiнiші; 3. Н.Ə. Назарбаевтың өмiрбаяндық деректерi; 4. Н.Ə. Назарбаевты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нəтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары; 5. Кандидат пен оның зайыбының табысы жəне мүлкі туралы

декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы; 6. Кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куəландыратын құжат. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сəйкес президенттiкке кандидатты республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының жəне астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 пайызы қолдауға тиiс. Н. Ə. Назарбаевтың кандидатурасын қолдап елдің 16 өңірінің барлығынан өкілдік ететін сайлаушылардың 560 523 рас қолы жиналды. Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы олардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сəйкестігін белгіледі жəне Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.