Бүгінгі нөмірде: Бақытты тағдыр 3-бет
Жайсаңдарым
5-бет
№108 (28047) 17 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ойсылқара тұқымы ойсырамасын
6-бет
«Дала қыраны-2013»
8-бет
Маѕызды мəселелер, мерейлі міндеттер
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жəне ғарыш саласын дамыту жөніндегі шаралар туралы мəселелер қаралды. Кеңесті ашқан Қазақстан Президенті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты халыққа азық-түлік өнім дерінің нақты жəне экономикалық қолжетімділігі үшін қажетті шара қабылдау қажет. Бірінші мəселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков баяндама жасады. Ол ауыл шаруашылығы саласында қол жеткен табыстармен қатар, ел басшылығы назарын аударуды қажет ететін бірқатар шешімін таппаған мəселелер бар екеніне тоқталды. Талқылау барысында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысушылар Мемлекет басшысын Кеден одағы мен Біртұстас экономикалық кеңістікке мүше елдермен
азық-түлік өнімдерінің өзара сауда көлемін ұлғайту, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу жүйесін дамыту туралы қабылданған шаралар жөнінде хабардар етті. Қазақстан Президенті бірінші мəселенің талқылауын қорытындылай келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің аса маңызды стратегиялық міндетінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл мəселе Қазақстанның алдағы уақытта Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында ерекше өзекті болып отыр. Өйткені, азық-түлік өнімдері бойынша импорттық тəуелділіктің күшейе түсуінің еліміздің ұлттық мүддесіне қатысы бар. Осыған байланысты Мемлекет басшысы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге белсене қолдау көрсету, ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғау, заманауи технологияны пайдалана отырып, азық-түлік өнімдерінің ішкі саудасын дамыту жөніндегі
басымдығы бар міндеттерді анықтап берді. Сонымен қатар, Қазақстан мен шетелдік тасымалдаушылар арасында өркениетті бəсекелестік үшін жағдай жасалатын болады, оның нəтижесінде олардың бағасы мен сапасының оңтайлы арақатынасы көрсеткіштері ескеріліп, азық-түлік тауарларына еліміз азаматтарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Агроөнеркəсіп кешені саласындағы қаржылық құқық бұзушылықты анықтау, еліміздің ауыл шаруашылығын жəне тамақ өнеркəсібін дамыту мақсатында бөлінетін бюджет қаражатын жұмсауға қатаң бақылауды қамтамасыз ету мəселесіне баса назар аударылды. Үкіметке жəне бейінді мемлекеттік органдарға агроөнеркəсіп кешеніндегі жəне азық-түлік нарығындағы жағдайды үздіксіз режімде тексеру, «осал аймақты» анықтау жəне назарға алу шараларын уақтылы əзірлеу мен қабылдау үшін тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру тапсырылды. Екінші мəселе бойынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында ғарыштық қызметтердің əлемдік
нарығындағы Қазақстан орнының ауқымын кеңейту, сонымен қатар, бірқатар жобаны жүзеге асырылу кезеңіне жеткізу мақсаты қойылғанын еске салды. Бұл үшін Үкіметтің ғарыштық қызмет саласындағы іс-қимылын айқын жоспарлап алған жөн. Ғарыш қызметінің Қазақстан үшін мейлінше қызықты əрі қажетті буындарын айқындай отырып, алға нақты міндеттер қою аса маңызды. Баяндама жасаған Ұлттық ғарыш агентті гінің төрағасы Т.Мұсабаев басқарып отырған саладағы істердің ахуалы, жасалған жоспарлар мен туындаған қиындықтар туралы хабардар етті. Отырысқа қатысушылар нақты ғарыштық жобалардың орындалу барысы, бірлескен жобаларды іске асыру кезіндегі шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл, ғарыш саласы үшін кадр даярлау мəселелері жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш саласында Қазақстанның тек өршіл мақсаттары ғана емес, ғарыштық технологияларды кеңінен пайдалану үшін тиісті экономикалық жəне техникалық мүмкіндіктерінің де бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, ғарыш саласы экономиканың ең бір қымбат саласының бірі болғандықтан, оған мемлекет тарапынан жүйелі көзқарас жəне бақылау қажет. Қазақстан Президенті Үкіметтің алдына ғарыштық жобаларға тартылған мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестірудің тиісті деңгейін қамтамасыз ету міндетін қойды. Қазақстанның ғарыш саласындағы басты əріптесі Ресей екенін, сондықтан екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру басымдығы бар міндет болып табылатынын айрықша атап өтті. Ғарыш секторын тиімді дамыту үшін дайындықтан өткен кадрлар қажет болатындығы айтылды. Соңғы жылдары Ресейдің жəне өзге де озық ғарыштық державалардың жетекші техникалық жоғары оқу орындарында көптеген қазақстандықтар тиісті дайындықтан өтті. Үкімет мұндай мамандардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етіп, тиімді жұмыс үшін оларға қажетті жағдайларды жасауға тиіс. Ғарыштық жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін бюджеттік қаражатты тиімді əрі мақсатты пайдалануға бақылау жасауды күшейту мəселесі арнайы талқыланды. Жалпы, Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке жəне мүдделі мемлекеттік органдарға азық-түлік қауіпсіздігі мен елдің ғарыш саласын дамыту мəселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді. –––––––––––––––––––––
Масқара!
Солтүстік Қазақстан өңірінде естіген жанның жағасын ұстатар осындай оқиға орын алды. Облыстағы Қызылжар ауданында полиция майоры есірткі саудасы кезінде қолға түсті. «Егемен Қазақстан».
Облыстық прокуратураның мəліметі бойынша, аталмыш полиция қызметкері 2013 жылдың 15 ақпанынан 14 наурызына дейін
Əйелдердіѕ зейнет жасын ўлєайту бюджет ќаражатын їнемдеу їшін енгізіліп отырєан жоќ Əйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту жайы бүгінде қызу талқылануда. Біреулер бұл дұрыс десе, енді бірі келіспейтінін айтады. Алуан түрлі пікірлер бұл мəселені əржақты талқылап, заң жобасында қарастырылған нормаларды да əртүрлі түсініп жүр. Осыған орай бұл мəселемен тікелей айналысып жатқан Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Серік ƏБДЕНОВКЕ сауал жолдап, заң жобасында қарастырылған əйелдердің зейнет жасын арттыру мəселесіне қатысты түсініктеме беруін сұраған едік. – Серік Сақбалдыұлы, алдымен зейнетақы жасын ұзартудың негізгі өлшемдері мен шарты жайында айтып берсеңіз. – 2012 жылы зейнетақы тағай ын дау ға өтініш білдірген əйелдердің 17 пайыздан астамының 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтілі жоқ, ал 2018 жылға қарай толық өтіл зейнет ке шығатын əйелдердің ешқайсысында болмайды. Бұл 2018 жылдан кейін зейнетке шығатын əйелдердің зейнетақы сы базалық зейнетақыны, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне сəйкес бюджеттен берілетін ынтымақты (еңбекақы) зей нет ақыны бұл ретте уақыт өте еңбек зейнетақысының мөлшері еңбек өтілінің толық еместігіне орай жыл сайын бел гіленетін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз болуы мүмкін, сондай-ақ зейнетақы жиналымдарына сəйкес көп емес мөлшерде ЗЖЖ-дегі жинақталған зейнетақыны қамтиды деген сөз. Əйелдердің зейнетақы жинақтарының көлемі ер кісілердің жинақтарымен салыстырғанда төмен жəне əлеуметтік тұрғыдан зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеткіліксіз. Мұны өз кезегінде, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімінің аз болуымен байланыстыруға болады. Мұндай жағдайларда
əйелдердің зейнет жасын ұлғайту бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, əйел адамдардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін жəне зейнетақы жинақтарының көлемін арттыру үшін енгізіліп отыр. Бұл тиісінше жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақының мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді. – Зейнетақы жасын арттыру кезінде қалада жəне ауылды жерлерде тұратын əйелдердің тыныс-тіршілігінің жағдайындағы айырмашылық ескеріле ме? – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар əйелдер үшін 5 жəне одан көп бала туған жəне оларды сегіз жасқа дейін тəрбиелеген əйелдерге 53 жас та, «Семей ядролық сы нақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл төтенше жəне ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемінде 20 жыл жалпы еңбек өтілі бар əйелдерге 45 жаста зейнетақыға ерте шығу құқығы сақталады. (Соңы 3-бетте).
Индустрия игілігі
Полиция майоры есірткі сатса, есірік болмаєан неміз ќалады? Өмір ЕСҚАЛИ,
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Əлеуметтік қорғау əлеуеті
өзінің қызмет бабын пайдаланып, бірнеше мəрте есірткі заттарын – айрықша ірі көлемдегі героинді сатып келіпті. Оның жалпы салмағы 6,48 грамды құраған. Сəуірдің 3-і күні деректері əбден жеткілікті дəрежеге жеткен Ұлттық
Көңіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Пре зиденті Барак Обамаға Бостон қаласында болған лаңкестік əрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Мемлекет басшысының лаң кестік əрекет салдарынан көптеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды қатты күйзеліп қабылдағаны атап өтіледі. Нұрсұлтан Назарбаев терроризмнің етек алуы бүгінгі күні əлемнің барлық елі үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанына назар аударған. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын жəне əлемге жайсыздық əкелетін экстремизм мен лаңкестіктің кез келген түрін айыптайды. «Осындай ауыр сəтте Қазақстан халқының жəне жеке өзімнің атымнан қаза бол ғандардың отбасылары мен туғантуыс тарына, бүкіл Америка халқына шын ниеттен көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектестігімді білдіремін», делінген жеделхатта.
қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің аға жедел өкіліне қатысты қылмыстық істі де қозғады. «4 сəуірде күдікті ҚР Қылмыстық істер кодексінің 132-бабы негізінде ұсталып, Петропавл ішкі істер департаментінің уақытша қамау орнына жөнелтілді. Сотқа аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкеріне қатысты қамауға
АҚПАРАТТАР аєыны
Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852,8 млрд. теңгеге жетті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылғы осы кезеңге қарағанда 103,7 пайызды құрады. Батыс Қазақстанда бірінші тоқсанда 441,4 млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімдері өндірілді. Соның ішінде кен өндіру өнеркəсібінде өнім көлемі 395,7 млрд. теңгеге жетіп, 5,3 пайызға артты. Оңтүстікте мақташыларды қаржылай қолдауға 1 млрд. теңге бөлінеді. Осыған орай, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің биыл 8 пайыз жылдық үстемемен 12 айға 13 млн. теңгеге дейін несие алуға мүмкіндіктері бар. Ақтөбе қаласында шыны зауытының құрылысы бойынша жобаның стратегиялық инвесторы швейцарлық компания болды. Қазір оның техникалық-экономикалық негіздемесі əзірленіп, жобалық-сметалық құжаттама дайындалу үстінде. Кварц құмын өндіретін Мұғалжар кен орнында 300 жылға дейін жететін шикізат бар. Қызылорда облысында алғашқы тоқсандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес
алу санкциясын беру сұралды», – деп түсіндіріледі прокуратура хабарламасында. Петропавл қалалық соты 7 сəуірде ұсталған полиция қызметкеріне қамау түрінде шара қолдануды санкциялады. Қазіргі таңда осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Енді, құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кеседі деп есептеп жүрген полиция қызметкерінің өзі есірткі саудасын қыздырып жүрген қорқау болып шықса, қалған жұрттың қалжасы қандай болмақ? Солтүстік Қазақстан облысы.
арқылы бюджетке 12 814 380 теңге қайтарылды. Осыған байланысты облыстық прокуратура жүргізген 38 тексерудің нəтижесінде 115 заң бұзушылы анықталды. Жамбыл облысында «Қазыналы Оңтүстік» атты мəдениет күндері басталды. Шараға байланысты Қаратау мен Алатаудың қойнауындағы қалада Оңтүстік Қазақстан облысының мəдениет жəне өнер мекемелері жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетуде. Соңында «Баласағұн» концерт залында олар қорытынды концерт береді. Атырау облысында жаңа ауылдық округтер құрылуда. Атап айтқанда, Махамбет ауданының Сарытоғай ауылы таратылып, ол Махамбет селосының құрамына қосылды. Мақат ауданында Бəйгетөбе ауылдық округі құрылды. Балықшы кенті Атырау қаласына құрамына енді. Қарағандыда тауарларды алып, қайта сататындарға ескерткіш орнатылатын болып жатыр. Бұл бастаманы Еуразия кəсіпкерлер қауымдастығы көтерді. Ал нобайдың авторлары – сəулетші Сабыржан Дауытбергенов пен суретші Виктор Арент. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Ауылда... ќўбыр шыєарылады Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Үржар ауданының əкімі Бауыржан Жанақов шалғайдағы өңірге іссапармен келген біздің бұйымтайымызды білісімен, «Өңірде жаңалық көп» деп алып, Мақаншы ауылында елімізде теңдесі жоқ пластикалық құбырларды шығарып жатқан «Бəтуа» жауап кершілігі шектеулі серіктес тігінің 3 миллиард теңге өз қаржыларына пластикалық зауытты іске қосқандарын, ол-ол ма, Сарытерек телімінде 1900 гектарға соя дақылын егіп, оны экспортқа шығара бастағандарын, қонақүй, жатақхана, асхана, екі астық сақтайтын қораны салғандарын, аудан бюджетіне қыруар қаржы құйғандарын, жүздеген адамды жұмысқа қабылдағандарын» ілтипатпен жеткізді. «Жақсыны көрмекке» деген,
салып ұрып Мақаншыға жеттік. 45 шақырымдық жол тақтайдай тегіс, асфальт төселген, Алматы, Таскескен, Үржар арқылы Қытайдың Үрімшісіне дейін салынып жатқан сапалы жолдың «Алматы – Өскемен» трассасына дейінгі аралықтағы жөндеу жұмыстары басталып кетіпті. Мақаншы ауылдық округінің əкімі Советхан Қалиев бізді ауылдың шет жағындағы пластикалық зауыттың ауласына алып келді. 630 жəне одан сəл жіңішкелеу 315 миллиметрлік, ұзындығы 6 метрлік құбырлар тау-тау болып үйіліп жатыр. Бұл құбырлар ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыруда таптырмайтынды. Қала үйлеріндегі су, бу құбырларындағы аталмыш пластик бұйымдар темірге қарағанда екі-үш есе төзімді. Пластик құбырлар 50-60 жылға дейін шірімейді, оны алмастыру да онша қиындық туғызбайды.
– Зауыттың ашылғанына бір жыл. Ал «Бəтуа» серіктестігінің құрылғанына үш жыл. Серіктестік басшылары 3 миллиард теңге өз қаржыларын салып, Сарытеректе соя өсіріп жатыр, түрлі ғимараттарды салып, көптеген техника сатып алды. Сояның бір тоннасы 80100 мың теңге тұрады. 2012 жылы 2400 гектарға соя егіп, гектарынан 20 центнер өнім алдық. Демек, кеткен қаржы еселеніп қайтады деген сөз. Қазір пластик құбырлар зауытында 49 адам жұмыс істесе, ал соя өсірумен жаз кезінде 300-ге тарта адам айналысады, – дейді «Бəтуа» серіктестігінің пластикалық зауыттағы үйлестірушісі Ербосын Қашақов. Қазір далада 630 мм. 5 мың метр, 315 мм. 3 мың метр құбыр əзір тұр. Құбырларға деген сұра ныс үлкен. Бірақ біз соя өсіретін алқапқа құбырларды тартып, тамшылатып суаруды жүзеге асырып жатырмыз. Өзіміздің қажеттілігімізді орындаған соң сатып, пайда табу да ойда бар. Біздің жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Үкіметтен 730 миллион теңге алған соң басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру ойда бар. Ең бастысы, шалғайдағы Үржар ауданы тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етсек, абырой емес пе, дейді Ербосын Алдасүгірұлы. Пластикалық зауытта еңбек етіп жатқан Мақаншы ауылының тұрғындары Берік Қалқаров, Нұрдəулет Ордашев,Тұрлан Салиев, тағы басқалар жалақыны уақтылы алып тұратындарын, мамандыққа төселіп алғандарын, алдағы уақытта тағы да жұмыс күшінің қажет болатынын айтады. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы. –––––––––––––––––– Суретті түсірген автор.