Бїгінгі нґмірде:
№74 (28298) 17 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќазаќстандаєы ќаржы секторыныѕ дамуы тўраќты Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңеске Президент Əкімші лігінің Басшысы Н.Нығ матулин, Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Президенттің экономикалық мəселе лер жөніндегі көмекшісі Е.Орын баев, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сондай-ақ, Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында еліміздің қаржы секторының қазіргі мəселелері мен міндеттері талқыланып, Ұлттық Банктің 2013 жылғы жəне 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебі тыңдалды. Мемлекет басшысы жалпы бүгінгі күні елдегі қаржы секторының дамуын тұрақты деп сипаттауға болатынын атап өтті. – Экономикадағы несиелер өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Халықтың
депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің эконо микалық қауіпсіздігіміздің кепілі болып саналатын Ұлттық
● Президент поштасынан
Ґндірісшілер сенімі жоєары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Қазақстандық өнімді жасайық» V форумына қатысушылардан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Авторлар бұл форум жұмысына 500-ден астам делегат – 10 мыңнан аса адам жұмыс істейтін 200ден астам отандық компания өкілдері қатысқанын мəлімдеген. «Форум деңгейі ірі компанияның бірінің жергілікті жеткізушілермен өзара қарым-қатынасын талқылау шеңберінен асып түсті. Бұл кездесу жалпы республикалық үнқатысу алаңына айналды, оның басты мақсаты – Қазақстандағы шағын жəне орта бизнеске жүйелі əрі тиімді қолдау көрсету, оны əртараптандыру», – делінген хатта. Хат соңында Отандық өндірушілер форумына қатысушылар Мемлекет басшысына қазақстандық үлесті дамыту мəселелеріне ерекше көңіл бөлініп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірген. «Біз бұл бастамаға салалық ведомстволар мен ірі компаниялардың орасан мол күш-жігері жұмылдырылғанын түсінеміз жəне өз тарапымыздан қазақстандық өндірушілерге артылған сенімді ақтауға дайынбыз», – деп атап өткен авторлар.
қордың қаражаты бір жыл ішінде 22%-ға дерлік артып, 70 миллиард долларға ұлғайды. Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына біріктіру үдерісі аяқталды. Сақтандыру нарығы да өсіп жатыр, оның активтері есепті кезеңде 18%-ға
артты. Қаржы саласын одан əрі нығайтуда жүйелі қадамдар жасау үшін Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын əзірлеуде. Бұл жұмысты биылғы маусымға қарай аяқтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қ.Келімбетов Ұлттық Банкке жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы, атап айтқанда, қаржы-несие саясатын іске асыру жəне қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады. Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банк пен Үкіметке екінші деңгейдегі банктер портфеліндегі жұмыс істемейтін несиелер деңгейін азайту, банк секторын Базель III капиталы стандарттарына өткізуді қамтамасыз ету, қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылар құқығын қорғауды күшейту жəне олардың сапасын арттыру, сондай-ақ, құнды қағаздар нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
● Жағымды жаңалық
Алып тау алыстан асќаќтайды 3-бет Тўраќтылыќ пен келісім – еѕ зор байлыќ ел їшін! 4-5-беттер Интеграция – ыќпалдастыќтыѕ озыќ їлгісі 6-бет «Батыр деген жарќжўрќ еткен бір алмас» 7-бет
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында рұқсаттар мен хабарламалар, денсаулық сақтау жүйесі туралы заң жобалары қаралды. Сондай-ақ, депутаттар күн тəртібінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге қатысты заңдық құжаттарды да талқыға салды.
Рўќсат беру жїйесін реттеу – уаќыт талабы Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен Президент шұғыл деп жариялаған «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» заң жобасы жəне оған ілеспе заңдық құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Негізінен, бұл заңдық құжат рұқсат беру жүйесін бірыңғай қағидаттар мен тəсілдерді пайдалана отырып реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, заң еліміздегі кəсіпкерлікті одан əрі дамытуға, оның қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін болады. Бұл ретте тұтынушылар, кəсіпкерлер жəне мемлекет мүдделері нақты айқындалып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев заң жобасының еліміздегі рұқсат беру жүйесі проблемаларын
шешуге бағытталатынын атап көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, қолданыстағы рұқсаттамалардың толық тізбесі жасалады. Жаңа рұқсаттар беруді енгізуде реттеуші əсерлерді талдау қолданылады жəне рұқсаттар қауіптілік дəрежесі бойынша санаттарға бөлінеді. Министр, сондай-ақ, барлық рұқсат беру рəсімдерін жүзеге асырудағы бірыңғай стандартталған тəсілдерді бекіту жəне «бір терезе» қағидаттарын неғұрлым кеңінен қолдану көзделгендігін де ортаға салды. Заң жобасына қатысты пікір білдірген Мəжіліс Төрағасы шағын бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстар əлі де жеткіліксіз екеніне ерекше тоқталды. Қ.Жақыпов еліміз экономикасында шағын жəне орта бизнес үлесі 17 пайыздан аспайтындығын айта келіп, оның көлемін кемінде 50 пайызға жеткізу жағын ойластыруға шақырды. (Соңы 2-бетте).
Абай ауылындаєы айрыќша кешен Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Өткен сенбіде Абай ауданына жо лымыз түсті. Аудан орталығы Қа рауылда көкпеңбек шынылары жалтыраған əдемі ғимарат бой көтеріпті. Шекесінде «Шыңғыстау спорт кешені» деп əдіптеліп жазылған. Алды қарақұрым халық. Кешеннің салтанатты ашылуына келген меймандарды кеңпейіл көңілмен қарсы алып жатыр. Ауылдың ақ кимешекті əжелері, асатаяқ ұстаған ақсақалдары, сайдауыт жігіттер мен көркем қарындастар мерекеге мереке қосқандай, айналаны көріктендіріп жіберген. Көктемнің соңғы жауған қарын да елең қылар емес. «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында салынып, аудан жастарының игілігіне берілген «Шыңғыстау» спорт кешенінің ашылуына өңір басшысы Бердібек Сапарбаевпен бірге абайлық ағайындарға айрықша тарту жасаған атымтай азамат Шыңғыс Құлжанов
өзінің отбасымен қатысып, салтанатты сəттің куəсі болды. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты, ұлт денсаулығын көтеруге ерекше ден қойып отырғанын білесіздер. Осыған орай қабылданған мемлекеттік бағдарламалар халықтың спортпен айналысуына жол ашып отыр. «Шыңғыстау» кешені де жастарымыздың спортқа жаппай бет бұруына, денсаулықтарын нығайтуына үлкен мүмкіндік береді. Осы кешенде гір көтеріп, тер төккен, спорт үйірмелеріне қатысқан балаларымыз ертең еліміздің намысын қорғайтын чемпиондар болсын! – деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы өз сөзінде «Туған жерге – тағзым» акциясына белсенді атсалысқаны үшін Құл жановтар əулетіне алғыс айтты. Жобаның құны – 120 миллион теңге. Аталған қаражатты тауып беріп, атамекенінен алыста жүрсе де кіндік кескен алтын бесік ауылын ұмытпаған Шыңғыс Құлжанов сауапты
іске ай налған идеяның 2012 жылы Лондон Олимпиадасы өтіп жатқан кезде туғанын жеткізді. – 2012 жылы отбасыммен Жидебайға демалысқа келдім. Сол уақытта Лондонда жазғы Олим пия ойындары өтіп жатты. Ауыл азаматтары маған Қарауылдағы өткен ғасырдың отызыншы жылдары салынған ескі спорт залын көрсетті. Тозығы жеткен ескі ғимаратты көргенде Абай ауданына жаңадан спорт кешенін салып беру туралы ой келді. Құрылыс жобалаушы мамандарға ойымдағы кешеннің жобасын жасатып алған соң, облыс əкімі Бердібек Мəшбекұлына көр сеттім. Ол менің ұсынысымды қуаттап, үлкен қолдау көрсетті. Мына заманауи ғимарат – сол ойымыздың жемісі. Ендігі уақытта ауданның жастары бос уақытын ысырап қылмай, спортпен шұғылданып, болашақта биік тұғырларды бағындырады деп ойлаймын, – деді меценат Шыңғыс Құлжанов. (Соңы 2-бетте).
Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.
● Көктемгі егіс
Алќап дабылы алыс емес Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 4-5-беттерден оқисыздар.
Былтыр егіншілік түсімін рекордтық көрсеткішке жеткізген Ақмола облысының диқандары үстіміздегі жылы да биік межеден көріну қамында. Қысқы агротехникалық шаралардың жұмыс кестесіне сай жүргізілуі, өнімділігі жоғары тұқымның жеткілікті қамтамасыз етілуі, əсіресе, машина-трактор паркінің бұрын болмаған деңгейде жаңғыртылуы жақсы үмітке жетелеп отыр. Биыл қыс қытымырлау мінез танытып, көктем ұзаққа созылып тұрғанымен, тəуекелшіл аймақтың диқандары талай сынға қарсы тұрып дағдыланған, дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов. Яғни, басты науқанға дайындық жаман емес. Ұйымдық шаралар да алдын ала пысықталды. Биыл 4,7 миллион гектар егістік алқаптың 4,2 миллион гектарына дəнді жəне бұршақты дақылдар себілетін болады. Парлы алқаптар ауқымының кеңуі, ауыспалы егіс пен ылғал сақтау технологиясының жаппай қолданысқа енгізілуі
жұмыс тиімділігі мен түпкі қайтарымды еселейтіні анық. Аманбек Əмірхамзаұлының айтуынша, егістік алқаптарының құрылымында əртараптандыру бағыты одан əрі жалғасын таппақ. Алдымыздағы науқанда 271,1 мың гектар жерге майлы
дақылдар тұқымы себіледі. Бұл – былтырғы жылғы деңгейден 20 мың гектарға жуық артық. Осы орайда, ауыл шаруашылығындағы интеграциялық ықпалдастықтың өрістеуі тиісті нəтижесін береді деген сенім бар. Облыста Канаданың, Германияның ғалымдары
көп жылдардан бері тəжірибе сынақтарын өткізіп, өнімділігі жоғары бұршақ дақылдарын жерсіндіруде игі істер атқарды. Биылдың өзінде Канада елшісі мен провинция басшылары басқарған делегация Көкшетауға екі рет келіп кетті. Олар «Родина» агрофирмасындағы аймақтық кеңесте ой-пайымдарын ортаға салып, интеграциялық байланыстар шеңберін кеңейтуге ықыласты екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов бастаған делегация Беларусь Республикасындағы Гродно облысында болып, көпжақты ынтымақты қатынастар құжаттарына қол қойды. Алдын ойлайтын диқандар бұл қадамдардан да жақсылық күтеді. Биыл облыстың егіншілік шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан 9,2 миллиард теңге субсидиялық қаржы бөлініп отыр. Бұл салалық жалпы жұмысты үйлесімді жүргізуге септігін тигізумен қатар, Астананың азықтүлік белдеуін нығайтудағы жаңа жобаларға серпіліс қосатыны белгілі. Ақмола облысы.