Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесу барысында қазақ-түрік қарымқатынасын одан əрі нығайту, бүгінге дейін қалыптасқан байланыстарды одан əрі нығайту, сондай-ақ, сан түрлі сала бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мəселелері талқыланды.
№70 (28548) 17 СƏУІР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Ќазаќстан-Тїркия:
Туыстыќ тўєыры биіктей береді
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Ақордада өткен екіжақты басқосу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркəсіптік, көлік-транзиттік жəне мəденигуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қараcтырды. Сондай-ақ, мемлекет
басшылары халықаралық жəне өңірлік деңгейдегі күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді қозғады. Өзінің сөзінде Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық жəне бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті. «Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан əлемде 16-орында, бұл
– бүкіл халықтың еңбегі жəне Сіздің күш-жігеріңіздің нəтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес-форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті. Ал Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан Президентіне өткен жылы Түркияға сапармен келіп,
инаугурация рəсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. «Əлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ, мұнда таяуда президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін», – деді Түркия Президенті өз сөзінде. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия
Тїрік инвестициялары еселене тїспек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған кеше Астанада өткен Қазақстан-Түркия бизнес-форумына қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Форумда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанға тартылған Түркия инвестициясы артып келе жатқанын атап өтті. «Бүгін біз Президент мырзамен түрлі салаларға қатысты келіссөздер жүргіздік. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас, дүниедегі шиеленіскен жағдайлар, эконо ми калық болашақ, іскер адамдардың жұмысы, барлық салада біз пікір алыстық жəне құжаттарға қол қойдық. Сіздердің
көп шіліктеріңіз Қазақстанда бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатырсыздар. Түркия біздің стратегиялық, сауда-эконо микалық əріптесіміз. Соң ғы он жылдың ішінде елімізге тартылған Түркия инвестициясы 1,8 млрд. доллардан асты», – деді Қазақстан Президенті. Елбасының айтуынша, Қазақстанда түрік капиталына салынған бір жарым мың кəсіпорын жұмыс істейтін болады. Түркия осы көрсеткіш бойынша Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Қазақстанда бүгінде он бес мыңнан астам түрік азаматы тұ рақты түрде еңбек етеді.
Түрік компаниялары Қазақстан тəуелсіздігін алғаннан бері 20 млрд. долларға жуық көлемде құрылыс жұмыстарын атқарды. «Олар жаңа Қазақстанды құруға атсалысты. Астана халықара лық əуежайы, дүниежүзін таң қалдыратын «Хан Шатыр» кешені, «Рамада плаза Астана» қонақ үйі жəне басқа да айшықты нысандар соның жарқын айғағы болып саналады», – деді Мемлекет басшысы. Қазіргі күні біздің елдеріміз 3,5 млрд. доллардан астам 35 инвес тициялық жобаны бірлесіп жүзеге асырып отыр. Соның ішінде 550 млн. доллар тұратын «Жаңатас» жəне «Шоқпар» ЖЭС-нің құрылысы, Ақтөбе облысындағы құны 550 млн. доллар тұратын «Хром» кен-байы ту жөніндегі жоба, 200 млн. доллар тұратын
алкогольсіз сусындар зауыты бар. Мемлекет басшысы өз сөзінде əлемде болып жатқан тұрақсыздық, дағдарысқа қарамастан бұл жоспарлар іске асырылатындығын баса айтты. «Тағы бірқатар жобалар бойынша, соның ішінде, фармацевтика, құрылыс материалдары, өндіріс саласында келіссөздер жүргізіліп жатыр», деді Президент. Яғни, əлемде болып жатқан тұрақсыздыққа қарамастан бұл жоспарларды екі ел бірлесіп жүзеге асыруға дайын. «Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қазақ-түрік индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Анкараның түбіндегі осындай аймақты мен өзім барып көріп, ол жерде жұмыс істеп жатқан түріктің азаматтарын Қазақстанға шақырдым. Біз қазір бірнеше облыста сондай еркін аймақ құрып жатырмыз. Оларда құрылыс материалдарын, тоқыма, тұрмыстық химия өнімдерін жəне өзге де бұйымдарды өндіру жүзеге асырылады», – деді Мемлекет басшысы. Со н ымен қат ар, Ел басы Қазақстанның əлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу өршіл мақсатын алдына қойып отырғанын баса айтты. «Оған жету үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырылатын болады», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы елімізге шетел инвестициясын молынан тарту үшін ең төменгі салық белгіленіп, əкімшілік кедергілердің жойылғанын атап өтті. Елбасы Түрік елінің іскер топтарын негізі инвестициялық бағыттарға, жобаларға белсене атсалысуға шақырды. (Соңы 2-бетте).
арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты. Екі ел басшыларының қатысуымен өткен отырыс барысын да түрлі салалардағы екіжақты ықпалдастықты нығайту мəселелері, сондай-ақ, «Жа ңа Синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп
Ердоғанның елімізге əр сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті. «Осы жолғы сапар да қазақ-түрік байланыстарында терең із қалдырғаны даусыз. Түркия – Қазақстанның ең жақын əрі сенімді серіктестерінің бірі. Елдеріміздің ортақ тарихқа, тіл мен рухани қазынаға негізделген қарым-қатынасы өзінің
қарқынымен ерекшеленеді», – деді Қазақстан басшысы бұл орайда. Жиын соңында оған қа тысушылар екіжақты ынтымақтастықтың əлеуеті жоғары екенін жəне оны болашағы бар бағыттар бойынша бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысынан кейін екі ел президенттері бірлескен брифинг өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев туысқан Түрік мемлекетінің Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін алғысын білдірді. «Реджеп мырза Президент лауазымында Қазақстанға тұңғыш мемлекеттік сапар жасап отыр. Бұл сапар стратегиялық əріптестіктің жаңа бетін ашты деуге болады», – деді Елбасы бірлескен брифинг кезіндегі сөзінде. Осылай дей келе, Нұрсұлтан Əбішұлы Тəуелсіздікті ең бірінші болып таныған бауырлас Түрік еліне Қазақстан халқының құрметі ерекше екенін атап өтті. «Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Сондықтан, түбі бір Түрік елі басшысының бұл сапарының символдық мəні бар. Түркия – Қазақстанның ең жақын əрі сенімді саяси жəне экономикалық əріптестерінің бірі. Ортақ тарихи тамырдан нəр алатын байырғы байланыстарымыз қазір стратегиялық сипат алып отыр», – деді Қазақстан басшысы. (Соңы 2-бетте).
Аса ќатты алаѕдауєа негіз жоќ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті қазақтүрік бизнес-форумы аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында елдегі су тасқынына байланысты ахуалға тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның бес облысына су жайылғанын айтты.
– Қардың жылдам еруі, күннің күрт жылынуы осындай жағдайға əкелді. Қазірдің өзінде 15 мың адам көшірілді, материалдық шығын бар. 5500 адам жəне 1500 техника жұмысқа тартылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Бағымызға орай, адам шығыны жоқ. Төтенше жағдайлар органдары мен басқа да
Парламентаралыќ байланыстар ныєаяды
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Ауғанстан Ислам Республикасының Волиси Джирга Ассамблеясы делегациясының басшысы Мохаммад Салех Сельджукимен кездесті. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығының қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Парламент жоғарғы палатасының бас шысы
Қазақстан Ауғанстанға қажетті экономикалық жəне гума нитарлық көмек көрсетіп келе жатқаны, сондай-ақ, əлеуметтік инфрақұрылым құрылысына жəрдем берілгені туралы айтты. «Біз Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орныққанын қалаймыз», – деді Қ.Тоқаев.
ЕАЭО жəне ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссия
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың Француз Республикасына сапары туралы хабарлады.
алқасының мүшелері, белгілі ғалымдар мен экономистер бас қосқан форумда ұйымның жұмысы, сондай-ақ, Еуразия кеңістігін нығайту мəселелері сөз болды. (Соңы 7-бетте).
(Соңы 2-бетте).
(Соңы 7-бетте).
Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мəжілісмендер делегациясы Санкт-Петербургте өткен «Еуразиялық экономикалық болашақ» III халықаралық форумына қатысты. Дəстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жиынның биылғы ерекшелігі – алдағы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге Астанада қол қойылғанына тура бір жыл толады. «Егемен Қазақстан».
Ќазаќстан ўстанымы ґзгермейді
Сапар барысында Г.Əбдіқалықова ЮНЕСКО-ның штабпəтерінде болып, ұйымның бас директоры И.Боковамен кездесті. Тараптар əңгімелесу барысында ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін, сондайақ, ЮНЕСКО-ның мəртебелі мақсаттары мен қағидаттарына деген Қазақстанның ұстанымы өзгермейтінін атап өтті. Мемлекеттік хатшы ЮНЕСКО жетекшісі И.Бокованы Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ережелерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен, Қазақстанда білімді, ғылым мен мəдениетті, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі шаралармен таныстырды.
Жаѕа одаќ – жаћандыќ їнќатысу факторы
Жақсыбай САМРАТ,
қызметтер өкілдері ерлікке барабар жұмыс атқаруда. Олардың бəріне зор ризашылығымды білдіремін. Мен өңірлердің əкімдерімен ұдайы байланысып отырмын. Қарағанды облысына 1 миллиард теңге бөлінді. Ол жақта су қайта бастады. Тасқын су мəселесін шешеміз деп ойлаймын, бұған қажетті ресурстардың бəрі бар, барлық мүмкіндіктер пайдаланылуда. Аса қатты алаңдауға ешқандай негіз жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.