СІЗ не дейсіз? Ілкімді ізденістер бар
Қоғамда жұмыссыздық проблемасының бар екені жасырын емес. Үкімет екі қолға бір жұмыс тауып берудің түрлі жолдарын қарастыруда. Жұмыссыздықты ауыздықтауға септігі тиетін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бұл бағыттағы түйінді мəселелерді шешуден үміттендіреді. Бұл бағдарламаның өңірдегі жүзеге асуы қай деңгейде? Бос жұмыс орындары жəрмеңкесін өткізу жұмыспен қамтуға қаншалықты ықпал етіп отыр? «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Сатыбалды Сəуірбай Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрия Əбілəкімоваға:
– Сіз бұған не дейсіз? – Былтыр қалада бағдарламаның төрт бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар ойдағыдай атқарылды. Бірінші бағыт бойынша 464 адам əлеуметтік жұмысқа тартылды, 109 адам қайта даярлау курстарында білім алды, 737 адам жастар тəжірибесіне жіберілді. Екінші бағыт бойынша 30 адам кəсіпкерліктің қыр-сырын үйренді. Шағын несие алу үшін биыл қалаға қарасты ауылдық округтерден 18 адам несие алуға құжаттарын тапсырып қойды. Бағдарламаның үшінші бағытына келсек, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша облыс орталығына жеті ауданнан 71 отбасы қоныс аударып, жаңа тоғыз қабатты үйден пə тер алды. Солардың 116-сы еңбекке қабілетті екен. Олардың 91-і жұмысқа орналас тырылды. Төртінші бағыт – ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша былтыр жұмыс қолға алынбағанды. Биылдан бастап төртінші бағыт бойынша да жұмыс жасалады. Ауылдық округтердегі дəрігерлік пункттерді жөндеу жұмыстарына біздің орталықтан адамдар жіберілетін болады. Қалада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 188 миллион теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы бағдарлама аясында 400 адам əлеуметтік жұмысқа орналастырылады, 530 адам жастар тəжірибесіне жіберіледі. Сондай-ақ, қайта даярлау курстарында – 40 адам, кəсіби даярлау курстарында 40 адам оқытылады. Қалада жұмыссыз ретінде тіркелген 460-тан астам адам бар. Жұмыссыздарды əлеуметтік жұмысқа орналастырарда алдымен мақсатты топтағы азаматтарға басымдық беріледі. Бағдарламаны оңтайлы жүзеге асыру мақсатында бос жұмыс орындары жəрмеңкелері жүйелі түрде өткізіліп келеді. Үстіміздегі жылдың алғашқы айларында өткізілген төрт бос жұмыс орындары жəрмеңкесіне 61 кəсіпорын мен мекеме жəне 551 жұмыссыз қатысып, 269 адам жұмысқа орналасты. АҚТӨБЕ.
№128 (28067) 17 МАМЫР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Алыптыѕ жаѕа тынысы ашылады
Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босату жəне сайлау мəселелері қаралды. Сондай-ақ күн тəртібінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан əрі қылмыстық сипаттан арылту жəне еліміздегі зейнетақымен қамту мəселелеріне құрылған заң жобалары талқыға түсті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында алғаш рет Жапонияның «Марубени Корпорейшн» компаниясы қайта жаңғырту жобасын іске асырған еді. Енді аталған зауытта Қытайдың «SІNOPEC Engіneerіng» компаниясы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын қолға алды. Бұл жоба құрылысы басталмас бұрын, яғни 2009 жылғы қазанда АтМӨЗ жəне «SINOPEC Engineering» компаниясының басшылары өзара шартқа қол қойды. Жоба бойынша жаңа кешенге салынатын инвестициялық қаржының көлемі 1 миллиард 40 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазір зауыт аумағындағы 17 құрылыс алаңында қайнаған еңбектің көрігі қыза
түсті. Осынша алаңдағы құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігері тарапынан зауытқа қажетті ірі көлемді, сонымен бірге, қосалқы жабдықтарды жеткізу басталды. Таяуда қытайлық «SINOPEC Engineering» компаниясы зауытқа С602 А/В модулының екі колоннасын əкелді. Əр колоннаның салмағы 292 тонна тартады. Мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі хабарлағандай, модулдың колонналары Қытайда дайындалып, Шанхай портынан Мариуполь жəне Ақтау порттары арқылы Атырауға жеткізіліпті. Ал Атырау өзен портынан қос колоннаны мұнай өңдеу зауытына дейін жеткізу 4 сағатқа жуық уақытты алған. Ең ірі көлемді саналатын колонналарды тасымалдауға екі көлік экспедициясы, сондайақ, қосалқы мердігердің бірі «Сага Терминал Логистик» кəсіпорны тартылды. Енді зауыт
мамандарының айтуынша, бас мердігер компания таяуда тағы да осындай екі колонна əкелуді көздепті. Бірақ келесі колонналар бөлшектелген күйінде жеткізіліп, оларды зауыттың құрылыс алаңдарында құрастыру қолға алынады екен. Ал салмағы алғашқы колонналардан əлдеқайда көп болатыны күтілуде. Осылайша, еліміздің «қара алтын» өңдеу саласындағы көшбасшы кəсіпорнына соны серпін беретін жаңғырту жұмыстары қарқын алғалы отыр. Айтқандай, Қытайдан жеткізілген ірі көлемді модулды зауыттың алаңында құрастыру 20 мамырдан кейін басталмақ. Атырау облысы. --------------------------------------Суретте: Қытайда құрастырылған алып колонналарды тасымалдау сəті.
Жағымды жаңалық
Мўхтар
11 миллионыншы ќазаќ – бесіктегі сəбиге міне, осындай ат берілді Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Қуанышты хабарды ең алдымен облыс əкімінің аузынан естідік. Сəрсенбінің сəтінде өткен сессия жиыны үстінде Асқар Исабеков: «ҚР Статистика
агенттігінің басшысы телефон шалып, елдегі 11 миллионыншы қазақтың киелі Қазығұрттың қойнауында дүниеге келгенін қуана хабарлады», – деді ағынан жарылып. Артынша маңдайы жарқырап, бар қазақтың мерейін бір көтеріп тастаған сəбидің есімі де,
Есілдегі серуен естен кетпес... Астанадағы Есіл өзенінде навигацияның салтанатты ашылу рəсімі болып өтті. Бұл шараны «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кəсіпорны қала əкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. катерлермен Есіл өзенінде серуен ұйымдастырылды. Енді барлық тілек білдірушілер – елордалықтар мен елорда қонақтары Есіл өзенімен серуендеу арқылы өз көңілдерін көте ре алады. Биылғы жылы
АҚПАРАТТАР аєыны Астаналық дарынды балалардың «Триумф» балы өтеді. Биылғы жылы бал 25 мамырға межеленіп отыр. Оған 200-ге тарта талантты оқушы қатысуы жоспарланған. Жамбыл цемент өндіру компаниясы өндірістік қуатын екі есе ұлғайтпақ. 2010 жылы іске қосылған кəсіпорын жылына 1200 тонна цемент өндіруге қауқарлы. Былтыр ол өз қуатын 92 пайыз жүзеге асырып, 1 млн. тонна цемент өндірді. Батыс Қазақстанда «суррогат» сиырлардан алғашқы «өнім» алынды. Бұл Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіндегі «Батыргерей» шаруа қожалығында жүзеге
серуендеушілерге үш катер: 65 орындық «Фонтанка», 30 орындық «КС 110-32» жəне 45 орындық «KSW-082» қызмет көрсететін болады. Серуен құны соншалықты қымбат емес, ересектер үшін –700 теңге, 7-ден 16 жасқа дейінгі балалар үшін – 350 теңге. Бұл – мектепке дейінгі бүлдіршіндер тегін серуендейді деген сөз. Катерлер медицина қызметкерлерімен жəне құтқарушылармен
асты. Онда эмбриомобильдің көмегімен 40 сиыр төлдеді. Павлодар мемлекеттік университетінің түлектер жəрмеңкесіне 50-ден астам кəсіпорын қатысты. Жəрмеңке барысында жұмыс берушілер кадрлық резервтің қатарын толықтырған түлектермен əңгімелесті. Студенттер жас мамандарға қойылатын талаптар мен еңбек шарттары хақында жан-жақты мəліметке қанықты. «Маңғыстау-Астана» бағытымен қатынайтын құрамдар жаңа вагондармен жабдықталады. Вагондарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес кəсіпорны «Жолаушылар лизингілік вагон компаниясы» АҚ жылжымалы құрамның техникалық ресурсын жаңарту жəне арттыру бағдарламасы бойынша сатып алды. Кеше Астанада «Шығыс
Алдымен күн тəртібінде палата Жоғарғы Сот судьяларының мəселесін қарап алды. Атап айтқанда, судьялар Алтынай Баймұратова, Ғалия Мақажанова, Амангелді Рысқалиев, Ибрагим Тоқболатов жəне Айсұлу Шайкенованы қызметінен босату туралы ел Президентінің ұсынысы қолдау тапты. Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы – Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов қызметінен босатылатын судьялардың барлығы зейнеткерлік жасқа жеткендігін тілге тиек етті. Сол сияқты Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Нұрия Сисенова, Жанна Волкова жəне Айгүл Қыдырбаеваны Жоғарғы Соттың судьялары етіп тағайындау туралы Президент ұсынысы қабылданды. Сенат Төрағасы осы ретте қызметінен босатылған судьяларға палата атынан ризашылығын білдіре келіп, былай деді: «Олар тəуелсіз Қазақстан тарихындағы əділ сот билігін жүзеге асыру жолында өздерінің қызметін абыроймен атқарды. Болашақта жинақтаған мол тəжірибелерін еліміздегі жас судьяларды тəрбиелеуге жұмсайтындықтарына сенімдімін». Сонымен қатар, депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қыл мыстарды одан əрі қылмыстық сипаттан арылту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Заң жобасы айтарлықтай қоғамдық
Мəселенің мəнісі
нақты мекен-жайы да белгілі болды. Қазығұрттық Мəлік пен Шолпан отбасында туған бұл бақытты сəбидің есімі Мұхтар екен. Кеше Үшбұлақ ауылында болып, Бадамбаевтар əулетінің осынау қуанышына құтты болсын айтып қайттық. 11 миллионыншы қазақтың əкесі Мəлік орда бұзар жастан енді асқан жігіт екен. Ауыл шаруашылығымен айналысады. Бау-бақша, жер өңдеу, мал бордақылау. Міне, негізгі кəсібі осы. (Соңы 10-бетте).
Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі
Навигацияның ашылу салтанаты астаналық өзеншілер үшін ізгі дəстүрге айналған шарамен жарасым тапты. Құттықтау сөздер айтылып, салтанатты шара аяқталған соң балалар үйлеріндегі мүгедек тəрбиеленушілер үшін
Заѕ жобасы Сенатта да сїрінген жоќ
Республика тынысы: мың бір мысал
қамтамасыз етіл ген. Ал серуен жолының ұзындығы – 9,4 шақырым. Үш стационарлық аялдама мен үш қалқымалы аялдама жұмыс істейді. Жолаушылар тасымалдау «Кенесары», «Рэдиссон», «Жалпықалалық саябақ», «Шұбар», «Ақорда», «Жыл маусымдары» жəне «Самал» аялдамалары арқылы жүзеге асырылады. Катерлер өздерінің маршруттарында соңғы аялдамалары – «Кенесарыға» қайтып оралып отырады. «Егемен-ақпарат».
Қазақстанның музыкалық мұрасы» антологиясы таныстырылды. Жинақты шығыстың күй жəне əншiлiк мол мұрасын ұрпаққа үзбей жеткiзу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының əкiмi Бердiбек Сапарбаевтың тiкелей атсалысуымен облыс мəдениет басқармасы жəне мемлекеттiк филармониясы жарыққа шығарып отыр. Астана полицейлері жыл басынан бері 22 мыңнан аса құқық бұзушылықты ашты. Соның ішінде 168 тəртіп бұзушы əкімшілік қамауға алынып, 1661-іне айыппұл салынды. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Майќайыѕєа ќашан су жетеді?
Су жеткізетін құбырдың ара қашықтығы – 33 шақырым. Осы су тартқыш желінің құрылысына деп 1 414 479 609 теңге қаражат бөлінген. Алматылық «Каспиан Контракторс Трас» ЖШС 2011 жылы қолға алған инвестициялық жоба құрылысы əлі күнге аяқталмай тұр. Ал, 3 мамыр күні еліміздің Бас прокуратурасы «Су ресурстарын тиімді пайдалану, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету» проблемасына арналған тікелей байланыс жүйесі арқылы семинар өткізіп, мəселе қарады. Бас прокурордың орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, еліміздегі мемлекеттік органдардың бұл жағдайдан еш хабары жоқ. Анықталғандай, «Ақбұлақ» бағдарламасы қамтитын 2283 нысанның 9 пайызы ғана жұмыс жасайды. Бұл дегеніңіз 200 нысан. 2012 жылы мердігер компаниялар жетекшілеріне қатысты 17, ал прокуратура қызметкерлеріне қатысты 10 қылмыстық іс қозғалыпты. Төменде біз жазып отырған мына мақала да осы былықтың айқын бір мысалы. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Баянауыл ауданына қарайтын Майқайың кентінде 10 мыңдай халық тұрады. Бұл жолы келген мақса тымыз елімізде қабыл данған моноқалалар қатарына қосыл мақшы кенттің бүгінгі ты ныс-тіршілігімен танысып қайту еді. Бұған дейін Мұхтар Əбен, Марат Аужанов, А.Мырзасейітов, Шолпан Жасылғұсова, Ж.Нұр жа нов бастаған ардагерлер кенттің қолға алынбай тұрған
мə селелері жөнінде арызшағымдарын жазып бергенді. Жалпы, облыс бойынша Майқайың, Шідерті, Қалқаман, Солнечный, Жетінші ауыл деген бес кент бар. Бұрынғы қала типтес бұл поселкелер 90-шы жылдардың басында көресіні көрді. Бəрі де стратегиялық маңызы бар, өндіріс орындары шоғырланған, көп қабатты үйлерден тұратын кенттер еді. Майқайыңның көп қабатты үйлері қыс ішінде қатып қалған болатын. (Соңы 6-бетте).
қауіп туғызбайтын бірқатар экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтуға бағытталған. Заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты. Жалпы отырыста ең қызу талқыға түскен мəселенің бірі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жəне оған ілеспе заң жобалары болды. Негізгі мақсат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру. Оның құрылтайшысы мен акционері ел Үкіметі болса, ал зейнетақы активтерін басқару Ұлттық банкке жүктелген. Бұл ретте ауыр жəне қауіпті өндіріс жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті санатқа еңбекақы төлеу қорынан 5 пайыз мөлшерінде ерікті кəсіптік зейнетақы жарналарын аудару қарастырыларын айта кеткен жөн. Əйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру де жобада көрініс тапқан. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға ұлғайта отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асыру қарастырылған. Осылайша əйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ұлғайту жəне зейнетақы жинақтарының көлемін арттыру көзделуде. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Серік Əбденов заң жобасында əйелдердің зейнет жасын ұлғайту жолымен бюджет қаражатын үнемдеу емес, керісінше, жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру арқылы əрбір қазақстандықтың лайықты зейнетін қамтамасыз ету көзделгендігін көлденең тартты. (Соңы 2-бетте).
«А» корпусыныѕ бірінші кандидаттары тестілеуден ґтті
Тестілеудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша 146 кандидаттың 103-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мəннен 43 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 29%-ы өтпеді. Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке жəне басқарушылық құзыреттерін (əдептілік, коммуникативтілігі, бəсекеге бағдары жəне сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) жəне мемлекеттік тілді білу тестінен (ҚАЗТЕСТ) өтеді. «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін созылады. Тестілеу кестесі, нормативтікқұқықтық актілер тізбесі, сондайақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www. kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бұдан бұрын хабарланғанындай, кандидаттар Қазақстан Республикасының 10 заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар əрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-іне дұрыс жауап беруі қажет. «Егемен-ақпарат».
Бїгінгі нґмірде:
Їкімет 3-4-беттер
Алматыныѕ ґкпесі
5-бет
Əйгілі моѕєол
10-бет