17052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№96 (28320) 17 МАМЫР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Балалардыѕ жазєы демалысына бас ауыртпауды доєарайыќ 3-бет Интеграция – ґзіндік бір міндет емес, маќсаттарєа жетудіѕ тетігі 4-бет Жаќсыныѕ жылуы жанєа дəру 8-бет

Экономика дамуыныѕ кілті – инновацияда

● Көктемгі егіс

Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Өңір» тобының «Білім, ғылым жəне кəсіпкерліктің серіктестігі – ұлттық инновациялық жүйеcінің жəне ғылымға негізделген экономиканың стратегиялық даму жолы» тақырыбына арналған кеңейтілген отырыс болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аттаныс Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Диқандар қырға шықты. Ер теңгі мол өнімге аттаныс бүгіннен басталып отыр. Облыстың барлық шалғайындағы шаруашылықтар жылт етіп өте шығатын науқанның əр күнін, əр сағатын пайдаланып қалуға тырысады. Көктемгі дала жұмыстары облыста мамыр айының тура ортасынан мəре алады. Бірақ өңірдің оңтүстік аудандарында да, ылғал молырақ тоқталатын солтүстік аудандарда да диқандар бидай егуді бастаған жоқ. Əзірге ертерек ексе, ертерек ауызға тиетін бақша өнімдері мен картопты егіп тастауды қолға алған. Сонымен қатар, майлы жəне жемдік дақылдар да топыраққа ерте сіңіргенді сүйеді. Бүгінге дейін облыста 60 мың гектарға жуық алқапқа майлы дақылдар, 152 гектар көкөніс, 1500 гектардан астам картоп, 200 гектардан астам бақша өнімдері, 1000 гектарға жуық алқапқа жүгері дəні сіңірілді. Бұл науқанның алғашқы 1-2 күніндегі ғана көрсеткіш. Ал бидай себуді диқандар мамырдың 19-20-ларына қаратып отыр.

Диқандардың көктемгі дала жұмыстарына кірісуі бəйге атын жаратқандай көп жұмысты, дайындықты, бапты керек етеді. Техника, жанар-жағармай, субсидия сияқты мəселелердің шешімін табуы оңай емес. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна жанар-жағармай керек болса, соның облысқа 50 мың тоннадайы жеткізілді. 5 мың тоннасы жолда келе жатыр. Шаруашылықтың май таситын машиналары жанар-жағармайдың келген келгеніндей тоқтатпай əкетіп жатыр. Уақыттан ұтылмай топыраққа дəн сіңіріп алса, қаржылай көмектен диқанға тоқтау болмайтын сыңайлы. – Егін шаруашылығын əрта рап тандыруды жақсарта түсу үшін биыл жемазықтық, майлы дақылдар мен көкөніске субсидия ны көтереміз. Биыл 3 миллиардтан астам теңге субсидия тек майлы дақыл үшін ғана беріледі. Шаруа мұндай көлемдегі көмекті ешқашан сезінбеген болар, – деді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Көктемгі дала жұмыстарына атойлап аттанғанда ғана таудай зорайып көрінетін үлкен іс күрмеуге келмейтін аз уақытта бітіп қалады. Даңғайыр диқан, Қазақстанның

Кїн тəртібі белгіленді Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың тал қылауы на екінші оқылымға тұрғын үй қатынастарына қатысты заңнамалық түзетулер шығарылатын болды. «Кəсіптік одақтар туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен депутат тарға екінші оқылымға жіберілді. Палата, солармен бірге, екі ратификацияланатын заң жобаларына да қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан – Ресей арасындағы Қазақстан ау мағы арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдау

туралы келісім мен Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару жəне пайдалану туралы келісімдер. Сонымен қатар, осы жалпы отырыста Мəжіліс «Қазақ стан Рес пуб ликасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Респуб ликасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасына ілеспе түзетулерімен бірге қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

Еңбек Ері Валентин Двуреченский де қазір алқап басында жүр. Жаңашыл диқанның қабағы салыңқы көрінді. – Көктемгі дала жұмыстары қалай басталды? – Несін айтасың, табиғат мұрша бермей тұрған жоқ па? Кеше ғана біздің қостағы термометр 45 градусты көрсетті. Қазір тиімді температура сомасы 240 градус, ал көп жылдық орташа көрсеткіш – 160 градус. Мұндай көрсеткіш 100 жылда болған емес. Ал ылғалдың түсуін салыстырсақ, көп жылдық орташа көрсеткіш мамыр айында 40 мм болса, биыл мамырдың басынан бергі уақытта ол 0 мм болып тұр. Климаттың осындай өзгерісіне қарсы диқандардың тығырықтан шығар бір ғана амалы бар. Ол – ылғал сақтау технологиясы, – деді Валентин Иванович. Ғалым-агрономның айтуына қарағанда, Қостанай өңірінде соңғы бес жылдың төрт жылында құрғақшылық болған. Соған қарамастан, қостанайлық диқандар кеусенсіз болған жоқ. Өткен жылы 4 миллион 894 мың тонна астық жинады, гектар айналымын 11 центнерден келтірді. Республика бойынша астықтың төрттен

Ўлттыќ комиссияныѕ алєашќы мəжілісі

Кеше Ақордада Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның үстіміздегі жылғы алғашқы мəжілісі болып өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, Ұлттық комиссия «А» корпусы резервіне кандидаттарды іріктейді. Өңірлік кадр комиссияларындағы тестілеу жəне əңгімелесу кезеңдерінен кейін Ұлттық комиссиядағы əңгімелесулерге 363 адам қатысады.

VII Астана экономикалық форумы қарсаңында

Еуразиялыќ одаќќа кґзќарас

Еуразия даму банкінің ықпалдастық зерттеу орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ұйымдастыруымен VII Астаналық экономикалық форумы аясында «Еуразиялық ықпалдастықты қоғамның қабылдауы» панельді сессиясы өтеді.

Бұл сессия халық тарапынан экономикалық, саяси жəне əлеу меттік-мəдени салалары бойынша ТМД мемлекеттерінің ынты мақтасу жəне қауымдасу үдеріс терін қабылдауы мəселесіне арналады. Онда ТМД мемлекет теріндегі ынтымақтастық бағыттарды зерттейтін Қазақстан, Ресей жəне басқа мемлекеттерден жетекші сарапшылардың қатысуы

жəне сөз сөйлеуі жоспарланған. ТМД мемлекеттерінің халқы мен элитасының Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік пен қалыптасып жатқан Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАО) қабылдауы пікірталастың басты мəселесінің бірі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, сессия барысында Еуразия даму банкінің ықпалдастық зерттеу орталығының

негізгі жобасының бірі – «Еуразия даму банкінің интеграциялық баро метрі» нəтижелері ұсынылады. Жоба аясында еуразиялық ықпалдасудың жəне қауымдасудың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында ТМД өңіріндегі 12 елдің тұр ғын дарынан тұрақты түрде жыл сайын сауалдама өткізу қарастырылған. Талқылануға ұсынылатын мəселелер бойынша пікірталастың негізгі қатысушылары ретінде сарапшылар, ықпалдасу үдерістерін зерттеушілер, Қазақстан мен Ресейдің ірі зерттеу мекемелерінің жетекшілері, университеттерден, зерттеу құрылымдарынан, сараптау орталықтарынан келген ғалымдар, Қазақстанда аккредитацияланған мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері сөз сөйлейді. «Егемен-ақпарат».

бірін Қостанай облысы береді. Биыл 4 миллион 800 мың гектарға дəн сіңіретін болса, соның 4 миллион 100 мың гектарын Валентин Ивановичтің жар құлағы жастыққа тимей насихаттайтын ылғал сақтау технологиясымен егеді. Соңғы жылдары шаруашылықтардың техника жаңалауы да жақсы өріс алған. Өйткені, озық технологияға жетілдірілген, оңтайлы техника керек. Көпте ген ірі шаруашылықтар техникасын тұтастай жаңалап алған. Шағын шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуін уақыттың өзі меңзеп отырғандай. Бидай себуге енді кірісетін диқандар маусымның 5-не дейін науқанды аяқтауы тиіс. Осындай қысқа уақытта мыңдаған гектарларды тек қуатты техника ғана игере алады. Маңдайтері құрғамайтын диқандар да ырымшыл келеді. Еңбексіз ештеңе болмайтынын білсе де, Табиғат-анаға тəуелсіз кім бар? Диқан аталарымыз «Мамыр айы салқын болса, күзде астық мол болады, тұман көп түссе, жеміс жақсы салады» дейді екен. Мамыр Қостанайда құрғақ, ыстық болып тұр. Бірақ, диқандар салын суға кетірмейді. Синоптиктер алдағы апталарда күн қызуының төмендейтінін айтып отыр. Жер баптаған жанның маңдайтерін сор етпе, тілеуін бере гөр, Жер-ана! Қостанай облысы.

Үкімет мүшелері, жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ме кемелердің, даму институттары мен кəсіпкерлік секторлары субъектілерінің басшылары қатысқан отырысты сөз сөйлеп ашқан Сенат Төрағасы бүгінгі Қазақстан қоғамының жаңа құнды бағдары – инновация негізінде индустрияландыру екенін ерекше атады. Инновациялық жүйенің қағидалық тұрғыдағы жаңа нысандары – Инновациялық технологиялар

паркі мен Назарбаев Университеті құрылып, қажетті заңнамалық база да жасалғандығын тілге тиек еткен Төраға ғылымға негізделген экономика құру үшін ең алдымен қазақстандық ғылымның əлеуетін ұлғайту қажеттігін баса айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша ғылымды қаржыландыру ұлғайса, бұл өз кезегінде нақты жаңалықтар мен инновацияларды, технологиялар трансферттері мен шетелдік инвестициялардың келуін ынталандырмақ. (Соңы 2-бетте).

Кеуделі маќсатќа ќол жеткізудіѕ алєышарты – адам капиталын дамыту Кеше Парламент Мəжілісінде «Техникалық, кəсіптік жəне жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары» деген тақырыпта өткізілген парламенттік тыңдау білім мен ғылым саласындағы жетістіктерге құрылған көрмені тамашалаудан басталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Одан кейін жұмыс Парламент палаталарының бірлескен отырыс өткізетін үлкен залында жалғасты. Аталған шараны жүргізген Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева қазір əлемде білім беру жəне экономика үшін кадрлар даярлау мəселелері мемлекеттердің бəсекеге қабілеттілігінің аса маңызды факторына айналды, дегенді баса айтты. «Кадрлар бəрін шешіп қана қоймайды. Кадрлар мен білім сапасы бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздік стратегиясының елеулі

бөлігі ретінде қаралуға тиіс. Еліміз өзінің алдына 2050 жылы əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойып отырған кезде осы кеуделі мақсатқа қол жеткізудің алғашқы басты шарты ретінде адами капиталды дамыту аталады», деді Дариға Нұрсұлтанқызы. Ал ол өз кезегінде қазіргі заманғы оңтайлы сапалы білімге негізделмек. Жəне де дамыған елдердің бəрі де ғылымға иек артатыны, онда қызмет көрсету секторы мен еңбек өнімділігі жоғары болатыны да атап көрсетілді. (Соңы 2-бетте).

Үкімет назарына

Кесененіѕ кїйі кїрделі Мұхтар ҚОЖА,

тарих ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жетекші ғылыми қызметкері.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Қазақстан жəне Орталық Азия тарихындағы ең таңдаулы жəдігерлердің бірегейі. Ясауи кесенесі – «ЮНЕСКОның əлемдік мұра тізіміне» енген Қазақстанның алғашқы мəдени нысаны. Соңғы жылдары кесененің сақталу жағдайы жалпы жұртшылықты, зиялы қауым өкілдерін алаңдатып отыр. Шындығын айтар болсақ, Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы

күрделі, ондағы реставрациялық жұмыстар ойдағыдай емес. Мұндай үзілді-кесілді тұжырымға көпшілік оқырман қолына тие бермейтін, Ясауи кесенесін 20102011 жылдары зерттеген бір топ ғалымдардың, сон дай-ақ «Қазқайтажаңғырту» рес публикалық мемлекеттік кəсіпорны қызметкерлерінің жазбаша есептерімен танысқан соң жəне ғимаратты аралап, оның бөлмелерінде бүлінген немесе бүлініп бара жатқан орындарын көргеннен кейін келіп отырмын. «Айтпасаң, сөздің атасы өледі», дейді атам қазақ. Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайын анықтауда соңғы кезде ғалымдар жүргізген зерттеу

жұ мыстарының орны ерекше. 2010-2011 жылдары «Əзірет Сұлтан» қорық-музейі əкімшілігі атақты ғалым И.В.Ерофеева басқаратын Көшпенділердің мəдени мұрасы проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтына ескерткіштің техникалық жағдайын тексеруге тапсырыс береді. Осы жұмысты көп жылдар бойы Ясауи кесенесінде, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа ескерткіштеріндегі техникалық жағдайларға тексеру жүргізіп келген институттың Мəдени мұраны құжаттау мен консервациялау зертханасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты. Л.В.Дубровская атқарды. 2011 жылы техника ғылымдарының

докторы И.С.Бровко басшылық еткен, техника ғылымдарының кандидаты Н.А.Сəрсембаев, техника ғылымдарының кандидаты И.И.Шүкенов қатысқан М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары тағы да «Əзірет Сұлтан» қорық-музейі тапсырысымен Ясауи кесенесінің бөліктеріндегі температуралықылғалдық жағдайын зерттеді. Аталған ғылыми есептердің ортақ жиынтық көлемі 163 беттен тұ рады, ондағы мəліметтерді, сызбаларды, нəтижелерді, тұжырымдарды, қорытындылар мен ұсыныстарды газеттің бір мақаласында баяндап шығу мүмкін емес. Ясауи кесенесі жағдайының соңғы жылдары төмендеп келе жатқанына жоғарыда айтылған зерттеулерде көрсетілген жəне жеке өзімнің көзбен көрген ең басты үш мəселеге назар аударайын. Біріншіден, кесененің ең киелі орны – Ясауи Қабырханасындағы ішкі күмбезінде сарғайған үлкен дақ пайда болды. Ол үлкейіп келе жатыр. Аппақ жұмыртқадай күмбез келбетінде бұрын-соңды мұндай бүлінушілік болған емес. Осы жағымсыз өзгерісті 2010 жылы алғаш көрген Л.В.Дубровс кая оның пайда болуын реставраторлардың кесене төбесінде уақытша қорғау үшін қой ылған жабудың ойдағы дай жасалмағандығынан су Қабырханаға өткен деп тұжырымдады. Төл сөзімен айтсақ: «Примыкание временной кровли к конструкциям памятника выполнено небрежно, дождевые осадки в весенне-осенний период проникают в кладку памятника. Так, пятно влаги в Гурхане появилось на уровне низа барабана купола». (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17052014 by Egemen - Issuu