17062014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№117 (28341) 17 МАУСЫМ СЕЙCЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Сенат отырысыныѕ кїн тəртібі ќаралды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жоғары палатаның 19 маусымда болатын кезекті отырысының күн тəртібі бойынша ұсыныстар талқыланды. Сенаторлардың қарауына бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялау ұсынылатын болды. Депутаттардың қарауына, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау

туралы», заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы осы құжатқа ілеспе заң жобасы (бірінші оқылым) жəне бірқатар заңнамалық актілерге мемлекеттік басқару мəселелері бойынша түзетулер жобасы (бірінші оқылым) да ұсынылады. Бас комитеттердің төрағалары Сенат отырысына заң жобаларының əзірлігі туралы баяндады. Бюрода, сондай-ақ, Мəжілісте мақұлданған заң жобалары тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.

Ашыќтыќ, тиімділік, есептілік, жауаптылыќ Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінен мемлекеттік органдарға жолданатын азаматтардың өтініштерін қарау мəселелері талқыланды. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жиынға төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов талқыла натын мəселе өзінің өзектілігімен ерекшеленетініне тоқталды. Комитет төрағасының атап өтуінше, азаматтардың өтініштерін қарау заман талабына жауап беруі тиіс. Бұл мəселеде барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жауапкершілігі ерекше рөл атқарады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізді əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Сондықтан партия осы бағытта бəсекелестікке қабілеттіліктің үлгісін көрсетуі қажет. «Партияның жұмысын жан дан дыру мақсатында өткен жылы «электронды партия» жобасы жүзеге асырыла бастады, – деді Қуаныш Сұлтанов. – Бұл азаматтардың өтініштерін қараудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді». Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, сондай-ақ, осы жылдың сəуірінде өткен отырыста көтерілген мəселелердің нəтижелерінен де хабардар етті. Ол партиялық жарнаны өз уақытында

төлеуді ұйымдастыруға қатысты. Осыған байланысты Партиялық бақылау комитеті өңірлік бақылау комиссияларымен аталған мəселе бойынша отырыстар өткізген. Соның нəтижесінде өткен бес айда партиялық жарна төлеу 100 пайызға қамтамасыз етілді. Партиялық тəртіп нығайды. Бұл комитеттің ең басты мəселесінің бірі болып табылады. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Төра ғасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөз сөйледі. «Нұр Отан» билік партиясы болғандықтан, біз таза жəне ашық жұмыс істеуіміз керек, – деді Бауыржан Байбек. – Халықтың жəне партияластардың алдында есептілік болуы қажет. Халық пен партия арасында тікелей байланыс орнатылуы тиіс. Бүгінде партия 12 жобаны іске асыруды қолға алып отыр. Соның бірі – «Кедергісіз келешек» жобасы. Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың əлеу меттік жағдайын көтеруге бағытталған». Мемлекет басшысы партияның ХV съезінде сөйлеген сөзінде ХХІ ғасырдағы көшбасшы партия – жалпыхалықтық бақылау дың бас ты құралы деп атап көрсеткен еді. (Соңы 7-бетте).

● Жағымды жаңалық

Туристік тартымдылыќты арттыру жолында Кеше «Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту перспективалары» деген тақырыпта Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Үкімет сағаты өтті. Өзінің сөзін: «Қазақстанда көптеген табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалар бар. Табиғат бізге жер қойнауындағы байлықты ғана емес, сонымен қатар, əсем рельефтер сыйлаған. Біздің тарихымыз, көптеген ғасырларға жалғасып келе жатқан мəдениетіміз, ұлттық салт-дəстүрлеріміз Қазақстанды Еуразиялық туризм орталығына айналдыруға əбден мүмкіндік береді», деп бастаған Мəжіліс Төрағасының орынбасары бұл саланы дамыту өзін өзі жұмыспен қамту мəселелерін шешуге жəне кіші жəне орта бизнес кəсіпорындарының қызметіне кең өріс беруге көмегін тигізетінін, себебі, туризм алдағы онжылдықта ел экономикасының өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Саланы дамытуда кедергілер бар «Соңғы кездері біз өзімізге «Бөлініп жатқан қаржы-қаражатқа қарамай, неліктен бұл саланы дамытуға дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Неге бүгінгі күнге дейін туризм саласына тек қалдық қағидатымен қаражат бөлінеді. Неге осы күнге дейін бұл жұмыстармен жүйелі түрде айналысатын дербес, уəкілетті орган жоқ?» – деген сауалдарды қоятынымыз

Санкт-Петербургте топ жарды Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы, Жамбыл ауданының қос түлегі Александр Нетесов пен Нұрбике Көбетай СанктПетербургте өткен V халықаралық «Шабыт», «Көктем» атты балалар мен жасөспірімдер фестивалінде топ жарды. Өнер байқауына 8 республика жəне 15 облыс үміткерлері вокал, хореография, театр, аспапты көркем шығармашылық түрлерінен сынға түсті. Додада Нұрбике Көбетай «Көктем вальсі» мен итальян тіліндегі «СантаЛючия» əнін орындап арнайы Кубок пен I дəрежелі дипломды жеңіп алса, Александр Нетесов «Мелодия» жəне ағылшын тіліндегі «New york» əндерін нақышына келтіре шырқап, бас жүлдеге тігілген Кубокқа жəне I дəрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, қос жеңімпаз биылғы жылдың 23-26 қазанында өтетін «Қолымнан келеді» өнер жарысына жолдама алғаны тағы бар. Ресей жерінде өткен өнерпаздар додасына жетісулық «Ақбота» би тобы жəне жекелеген орындаушылар да аталған жеңімпаздармен бірге барып, қатысып жүлдегер атанды. Білебілсек бұл өнер. Міне, сол өнер қарлығаштарына дер кезінде материалдық тұрғыда демеушілік жасап, моральдық қолдау көрсеткені үшін Жамбыл ауданының əкімі Махаббат Бигелдиев үкіметаралық жоғары ғылыми кеңестің арнаулы сертификатымен марапатталды. Алматы облысы.

рас. Сондықтан, біз осы жəне басқа да сауалдарға Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің жауап беруін сұраймыз», деді бұдан кейінгі кезекте Үкімет сағатын ашқан Д. Назарбаева. Өз кезегінде Ə.Исекешев соңғы уақытта туристік саланы дамыту мəселесіне назар аударыла бастағанына, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіткеніне тоқталды. «Туризм əлемдік экономикада маңызды рөлге ие. Дүниежүзіндегі əрбір 11-ші жұмыс орны

туризм арқылы құрылған. Əлемдік ІЖӨде туризмнің үлесі 9,4%-ды құрайды, бұл тиісінше, 6,8 трлн. АҚШ долларын көрсетеді. Туризм – жұмыс орындарын құру, төмен жəне орта біліктілігі бар қызметкерлерді жұмыспен қамту, экономиканы жан-жақты дамыту деген сөз. Ол əлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды қозғалтқышы да болып табылады. Бір ғана мысал келтірейін. Мəселен, қажетті заңнамалық шаралар мен салықтық жеңілдіктердің қабылдануының арқасында Түркияның ІЖӨ-сіне туризмнің қосқан үлесі 10,9 пайызды жəне 2 млн. жұмыс орнын құраған екен. Ал Біріккен Араб Əмірліктерінің ішкі жалпы өніміне туризмнің қосқан үлесі – 14,3 пайыз. Бұл елдегі жұмыс орнының саны 383 мың орынды құрайды», деді өз сөзінде Ə.Исекешев. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның туристік индустриясының қарқынды дамуына бірқатар мəселелер кедергі келтіріп отыр екен. Мəселен, бұл саланың өрістеуіне туристік қызмет құнының жоғары болуы, туризм инфрақұрылымының болмауы, көрсетілетін қызмет дəрежесінің төмендігі, виза жүйесі мен көші-қон тəртібінің күрделілігі, сондай-ақ, чартерлік əуе тасымалына қатысты проблемалар қиындық туғызып отырған көрінеді. (Соңы 7-бетте).

● Биылғы жылы арнайы экономикалық аймақтарда 65 жоба іске асырылды. Оларда осы кезге дейін 300 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Кеше бұл туралы айтқан Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің орынбасары Ерлан Сағадиевтің мəліметінше, тағы 72 жоба аяқталуға жақын. Жалпы, еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ бол са, қазір оның 6-уының ин фрақұрылымы əзір, 4-уінің құрылысы енді басталып жатыр. ● Ақжайық өңірінде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде 36 жоба қанат қақты. Бұл туралы Оралда өткен Ұлттық кəсіпкерлер пала тасының кеңейтілген кеңесінде айтылды. Онда палата төрағасы Тимур Құлыбаев қалбырдағы ет өнімдерін сыртқа шығаруды жолға қойған кəсіпорынның жұмысымен танысты. ● Қарағанды облысының диқандары дизель отынның алуға арналған қаржының 400 млн. теңгеден астамын үнемдеді. Биылғы жылы кенді өңірде жазғы дақылдарға 770,6 мың гектар жер берілді, ол өткен жылғыдан 44,3 мың гектарға көп. Астықты дақылдар танаптары 699,2 мың гектарды, соның ішінде бидай – 545,6 мың гектар, сұлы 140,2 мың гектарды құрайды. ● Оңтүстік Қазақстанда тағы бір мешіт ел игілігіне берілді. Облыстың Қасқасу ауылының тұрғындары осындай əсем ғибадат үйіне қол жеткізіп, үлкен қуанышқа бөленді. Осы жердің тумасы Бараш Төлешованың қаржылық қолдауымен тұрғызылған құтхана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарамағына берілді. ● Кеше Қызылордада каме ралық оркестрдің тұсаукесері өтті. Облыстық филармония жанынан құрылған бұл өнер ұжымы облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен қатарға қосылды. Жаңа ұжымның тырнақалды концертін аймақ басшысы бастаған өнерсүйер қауым тамашалады. Оркестр əлемдік жəне қазақ халқының туындыларын орындады. ● Шығыс Қазақстанда екі жылдың ішінде барлық жерде цифрлы теледидар пайда болады. Бұл туралы кеше облыстың Қатонқарағай ауданындағы «Нұрбұлақ» санаториінде өткен республикалық форумда мəлім етілді. Ал жаңа жетістікке Байланыс жəне ақпарат агенттігі мен облыс əкімдігі арасында жасалған меморандум негізінде қол жеткізілетін болады. ● Жамбыл облысы Шу ауданында көкөніс кластерін дамыту қолға алынды. Осыған байланысты Тасөткел магистральді ка налының оң жағалауында бос жатқан 9 мың гектар жер игеріледі. Ал алғашқы 3 мың гектарға биыл көкөніс егілді. «ҚазАқпарат», 24KZ, Otyrar.kz, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері мен Павлодар облысы əкімдігі сайттары деректері бойынша дайындалды.

Ынтымаќтастыќ жоспарына ќол ќойылєан кездесу

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Тəжікстан сыртқы саясат мекемесінің басшысы Сироджидин Асловтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде онымен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы жəне өңірлік өзара ықпалдастық пен халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері қарастырылды. Е.Ыдырысов Қазақстан үшін Тəжікстан Орталық Азиядағы маңызды саяси жəне экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Бұл орайда сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету айрықша маңызды. Тараптар үшін екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары кен өндіруші өнеркəсіп, түсті металлургия,

машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркəсіп, көлік пен коммуникация, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы салаларында өзара ықпалдасу болып табылады. Сұхбаттастар ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамытудың басты тетігі – кезекті отырысы биыл Душанбе қаласында өтетін Экономикалық ынтымақтастық бойынша екіжақты үкіметаралық комиссияның қызметін белсенділендіру деп белгіледі. Екі елдің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары, сонымен қатар, Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық хал-ахуалын талқылады. «Бұл саладағы ынтымақтастық өзара сенімділікті арттыру, ашықтық пен барлық елдер мүдделерін өзара ескеруді қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады деген сенімдеміз», деп мəлімдеді ҚР СІМ-інің басшысы. Осыған байланысты Е.Ыдырысов аймақтық интеграция үдерісінің зор

маңызын ерекше атап өтті. «Біз аймақтағы интеграциялық байланыстарды ынталандыруға тырысамыз. Орталық Азия əрқашан сыртқы саясатымыздың басым бағыты болды жəне болып қалады жəне біздің күшіміз осы қатынастарды дамытуға бағытталады», – деді ол. Екі елдің сыртқы істер министрлері өңірлік жəне халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық деңгейіне қанағат білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін тəжік тарапына ризашылығын жеткізді. Келіссөздердің басты қорытындысы ретінде екі елдің саяси үнқатысуының нығаюына мүмкіндік беретін 2014-2015 жылдарға арналған екі ел сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Ел баєына туєан, елдік жолын ќуєан

Бəсекелестік кілті – білімде

Бїгінгі нґмірде: Ел жəне Елбасы 2-3-беттер

4-5-беттер

6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17062014 by Egemen - Issuu