АҚПАРАТТАР аєыны
№112 (28590) 17 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ќазаќстан – сенімді серіктес Кеше Астанада Парламент Мəжілісінің ұйымдас тыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченко, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков, Қазақстан, Ресей, Ауғанстан, Тəжікстан, Түрікменстан парламентшілері, ҚХА, халықаралық ұйымдар өкіл дері жəне бірқатар мемлекеттердің еліміздегі елшілері қатысты. Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Көпэтносты жəне көпконфессиялы қоғамымызды дамыту, халықаралық қауіпсіздікті жəне қазақстандықтардың бірлігін қамтамасыз ету бағытында еліміз бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған бұл жиынды Қабиболла Жақыпов ашты. – Бұл форум Қазақстандағы мемлекеттік жəне қоғамдық өмірді айқындайтын тарихи оқиғалар: жуырда ғана өткен президенттік
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
сайлау мен Елбасымыз жария еткен бес институттық реформа кезеңінде өтіп отыр. Сонымен бірге, үстіміздегі жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылуы на 550 жыл толуы, Конституцияның 20 жылдығы сынды айтулы шаралармен ерекшеленуде. Осы оқиғалардың барлығы – Қазақстанның маңызды белестері. Бүгінгі конференцияның тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізуде Қазақстан жолының негізгі құрамдас бөліктерін ұғыну
тұрғысынан маңызы зор, – деді Қабиболла Жақыпов. Сондай-ақ, Мəжіліс Спикері қазіргі таңда «Қазақстан жолы» мен «Назарбаев моделі» ұғымдары берік орныққанын атап өтті. – Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету – кез келген мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды, барша адамзат өркениеті үшін өзекті. Сондықтан да, елімізді жедел жаңғырту жағдайындағы этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық тəжірибесін
халықаралық қоғамдастық жоғары бағалап отыр, – деді ол. Оның айтуынша, еліміздегі тұрақтылық «алдымен – экономика, сонан соң – саясат» қағидаты бойынша жүйелі экономикалық реформалар мен халықтың əл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асуда. Қ.Жақыповтың сөзіне қарағанда, қазақстандық үлгіде дамудың ең басты факторы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көшбасшылығының əлемде мойындалуы. (Соңы 2-бетте).
«Нұр Отан» партиясының елордадағы орталық ғимаратында Ұлттық қордан «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру үшін бөлінетін бюджет қаражаты мен қаржыларды тиімді жұмсау жəне бақылау орнату бойынша партияның фракциясы мүшелерінен құралған комиссиясының отырысы болып, онда тұрғын үй құрылысының қарқыны жария етілді. «Егемен Қазақстан».
Өткен жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуы еліміздің өркендеуінің
кең тынысын ашады деген халық оның тұрғын үйге қатысты жұмыс тарына ерекше елеңдейді. Ол түсінікті де, сондықтан да болар, фракция мүшелерінің отырыста белсенділік танытып, баяндамашыны сұрақтың астына алуы заңды көрінген. Негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бюджет қаражатын жəне Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың қалыптасуын жəне тиімді жұмсалуын бақылаудың маңызына баса мəн берген нұротандықтар фракция мүшелерінен «Əлеуметтік инфрақұ рылымды дамыту»; «ТКШ
инфрақұрылымының, сумен жəне жылумен қамтамасыз ету тораптарының жаңғыртылуы, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту»; «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын жəне орта бизнес пен іскер белсенділікті қолдау»; «Көліклогистикалық инфрақұрылымды дамыту» секілді төрт комиссия құрған болатын. Жəне де осы сияқты комиссиялар партия желісі бойынша құрылып, олар еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеді. (Соңы 6-бетте).
Рамазан – бірлік айы
Ќазаќстан мўсылмандары діни басќармасыныѕ тґраєасы, Бас мїфти Ержан ќажы МАЛЄАЖЫЎЛЫНЫЅ ќасиетті Рамазан айына байланысты халыќќа
ЇНДЕУІ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбəрак болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткізбек. Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялары, игі жобалар ұйымдастырылады. Баршаңызды осы ізгі іс-шараларға атсалысуға шақырамын. Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза – тəрбие һəм тақуалық айы. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Иə, мүміндер, өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бəлкім, сендер тақуа боларсыңдар», деген («Бақара» сүресі, 183-аят). Оразада отбасы құндылығын арттырып, жастарымыздың иманды, Отанын, халқын сүйетін, салт-дəстүрін ардақ тұтар нағыз азамат болып қалыптасуына əрдайым көңіл бөлейік. Ислам ғұламалары: «Отанды сүю – иманнан», деп тəлімді тұжырым айтқан. Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды
əрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Əр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дəрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кəсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мəселен, су тас қынынан үйсіз, шарасыз қалған отан дастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге
Бағдарлама шеңберінде елдің ішкі рыногын, транзиттік жəне экспорттық əлеуетті ұлғайтуға, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған басымдықты жобалар жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізінің, Астана – Алматы, Астана – Өске мен, Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды, Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау, Алматы – Өскемен трассаларының учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Теміржол саласы мен көлік логистикасы жобалары бойынша да жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Алматы-1 – Шу теміржол учаскесінде екінші жол құ рылысы үшін қазірдің өзінде топо-геодезиялық жəне инженерлік-геологиялық зерттеулер жүр гізілуде. Боржақты – Ерсай желісінің құрылысы жүруде, Құрық портында паромды өткел салу жобасы бойынша мемлекеттік са раптама қорытындысы алынды, геодезиялық жəне инженерлік-геологиялық зерттеулер
Ел кґрсеткіші ґсе тїсетін болады Кеңес жұмысына сондай-ақ, ДБ Жаһандық индикаторлар тобының директоры Лопес Кларос Аугусто, Еуропа жəне Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директор Кумар Джа Сарож, банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Людмила Бутенко қатысты. Қазақстандық мемлекеттік органдардың өкілдері ДБ қызметкерлеріне республикада Doing Business рейтингіндегі позицияны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Сəуірде Дүниежүзілік банктің бас офисінде мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын озық
топ Қазақстанда «Мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызметті жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы», «Мемлекеттің кəсіпкерлікке қызметке қатысуын шектеу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуі шеңберінде жүргізілген реформалардың тұсаукесерін өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ДБ сарапшылары реформаларға оң баға берді. Тараптар 2015 жылы Doing Business рейтингіндегі рес публиканың позициясын жоғарылату мақсатында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Мəссаған!
«ЧИКИ-ЧИКИ»
деп сґйлейтін шикі шенеуніктіѕ мəселесі шешілді Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын. Елбасы Ұлытау төрінде ұлт туралы, дін, тіл жайлы берген ұлағатты сұхбатында асыл дініміздің тұрмысы төмен жандарға көмектесу, бауырмал болу, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету сынды асыл құндылықтарын сөз еткені есімізде. Осындай ортақ игі амалдар жұртымызды жақсылыққа, ізгілік пен бірлікке ұйыстырады. Қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегімді білдіремін. Рамазан – бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарлар ағайынжұрттың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар халқымызды сенімі мен нəсіліне қарамай, ортақ мақсатқа үндейді. Бүкіл əлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал болуға бұйырған. Бірлігі күшті елдің берекесі артады. Қымбатты отандастар! Рамазан айында жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл етіп, сауапты істеріміз əрдайым жалғаса бергей! Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің болашағы баянды болғай! Əумин!
жүргізілуде. Астана қаласы əуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда АЭА мен индустриялық парктерді дамытуға, тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар салуға, елімізге келетін жəне сыртқа шығатын туризмді одан əрі дамыту үшін инфрақұрылымдар жасауға, АӨК субъектілерін, отандық автомобильдер, тікұшақтар, жолаушылар вагондарын жасаушыларды қолдауға бағытталған қаржылар игерілуде. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев министрліктерге, облыстар, Астана жəне Алматы қалалары əкімдеріне қарқынды бəсеңсітпей, 20152019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, ведомствоаралық іс-қимылды жəне қаржының тиімді игерілуіне бақылау жасауды күшейтуді тапсырды.
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясы мəселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Салынєан їйдіѕ сапасы ќандай?
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Инфраќўрылымдыќ жобалар жїзеге асуда
● «Қазтелеком» компаниясының акционерлік құны трансформация нəтижесінде 200 млрд. теңгеге артады. Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бұл бастама құрылымды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы аясында «Өрлеу» трансформациялық бағдарламасы бойынша жүзеге асады. ● «Қазкоммерцбанк» пен «БТА Банк» арасындағы актив алмасу аяқталды. Яғни, қос банк активтер мен міндеттемелерді бір уақытта бір-біріне өткізу туралы келісімге қол қойды. Соған сəйкес БТА Банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі «Казкомға» берілді. Ал, керісінше, бұл банкке тиесілі проблемалық активтердің кейбірі БТА Банкке өтті. ● Кеше Strategy2050 порталы елорда күніне орай «Астана геометриясы» жобасын іске қосты. Ол жерде күн сайын қаланың сəулет туындыларына қатысты математикалық есептер жарияланады. Ұйымдастырушылардың мəлімдеуінше, тапсырмаларды орындау арқылы Астанаға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік туады. ● Алматыдағы Абай атындағы опера жəне балет театр ында 20-21 маусым күндері «Ұлы дала аңыз дары» қойылымының премьерасы өтеді. Қойылым театрдың Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жоспарлаған мəдени шаралар циклі шеңберінде ұйымдастырылады. ● Кеше Шымкентте аймақтық журналистер форумы өтті. Жиынға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Ербол Садыр бүгінгі таңда өңірде 236 БАҚ жұмыс істейтінін айтты. Оның 175-і газет болса, 37-і – журнал, 12-і – телеарна, 3-уі – радио жəне 9-ы интернет ресурс. ● «Қазатомөнеркəсіп» Ұлттық компаниясы қызылордалық кəсіпкерлерден 9,5 млрд. теңгенің өнімін сатып алатын болды. Компания басшысы Асқар Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, отандық өнімді қолдау мақсатында 2015-2016 жылдары өңірдегі өндірушілерден химиялық реагент, полимер құбырлар жəне тағы басқа да тауарлар сатып алу жоспарлануда. ● Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 223 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның басым бөлігі көліктік қызмет көрсету саласы бойынша шағын жəне орта кəсіпті қолдауға бағытталған. ● Ақтауда орталық тандырылған сумен жабдықтау торабы іске қосылды. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағ дарламасы шеңберінде жүзеге асқан жобаның құны 480 млн. теңгеден асады. Жаңа қондырғы қаланың жоғарғы бөлігіндегі шағын аудандарды ауызсумен қамтамасыз етеді. ● Павлодар облысында жергілікті бюджеттен бөлінген 71 млн. теңгеге 38 жаңа жедел жəрдем көлігі сатып алынды. Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында облыс əкімі Қанат Бозымбаев жаңа көліктердің кілтін өңірдегі аудандық жəне қалалық ауруханалардың бас дəрігерлеріне табыс етті.
Бұдан біраз бұрын əлеуметтік желілерде «чики-чики» сөзімен елге танылған шалқарлық шенеунікке тəртіптік кеңестің алдында жауап беруге тура келді. Интернет «жұлдызына» айналған Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлының аты аталуы мұң екен жиналғандар түгіл, тəртіптік кеңес мүшелерінің өздері езу тартты. Соған қарамастан, кеңес мүшелері ауданның коммуналдық шаруашылығына жауапты білдей басшыны басынан сипай қоймады. Бір ауыздан «мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзды» деп таныды. – Мамыр айында БАҚ-та «Шалқарлық
шенеунік əлеуметтік желіде күлкіге айналды» деген атпен бірнеше мақала жарық көрді. Youtube желісінде бейнеролик жарияланды. Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жайына шағымданған тұрғындардың сөзіне жауап алуға барған журналиске дөрекі жауап қайтарған. Яғни, мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзған. Ал, кодексте «көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мемлекеттік қызметкер мəдениетті болуы тиіс» деп көрсетілген, – дейді тəртіптік кеңестің бас маманы Бағдат Кенжеғалиев. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, мінбеге шыққан Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жөнделу жайын айта жөнелгенде тəртіптік кеңес мүшелері «облысты ұятқа қалдырғанын» айтып, орта жолдан тоқтатып, журналиске дөрекі сөйлеуінің себебін сұрады.
Жан беру оңай ма, Аян Қорқытұлы камераның қосулы тұрғанын аңғармағанын айтып ақталды. Бірақ,«чикичики» сөзімен интернет «жұлдызына» айналған шенеуніктің сөзі ешкімді сендірмеді. Тəртіптік кеңес Аян Қорқытұлын қызметіне толықтай сəйкес емес деп шешті. Интернеттегі ол «қызықты» біз де көріп, өз көзімізге сенер-сенбесімізді білмегенбіз. Ол арада жалғыз «чики-чики» сөзі ғана емес, шенеуніктің басқа да теріс қылықтары күлкімізді келтірген. Тіпті, астамсып сөйлеуінен «мынау қайтеді» деп іш жиып қалғанбыз. Мұның өзі бізді əлі де балалығы қалмаған адам биік мансапқа қалай жеткен, сондай-ақ, артында жебеушісі бар-ау деген ойға қалдырғанын жасырудың реті жоқ. Міне, біздің халыққа қызмет етеді деген шенеуніктеріміздің түрі осындай болса, түңілмеске шара қайсы? Мұны шене у ніктің шикілігі дейсіз бе, əлде астамсудың ақыры дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. Ақтөбе облысы.
Бїгінгі нґмірде: Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ болашаќќа ќажеттігі басымыраќ 3-бет
Бїтін ќазаќ тарихы 5-бет
Ќырыќ жыл бойы саќталєан хат 7-бет