17072013

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №172 (28111) 17 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Президент поштасынан

Мемлекет басшысыныѕ алєысы

Елорданың 15 жылдық мерейтойына жəне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Қазақстан Президенті атына мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшыларынан, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінен, мемлекеттік, қоғамдық жəне коммерциялық ұйымдар өкілдерінен, сондай-ақ, Қазақстан мен алыс жəне таяу шетелдердің азаматтарынан көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хаттар мен жеделхаттарда Астана тарихи тұрғыдан қысқа кезең ішінде кемел мемлекет құрудың, қарыштап дамып келе жатқан экономиканың жəне белсенді халықаралық қызметтің символына айналғаны, сондайақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалыптасуы мен орнықты, үдемелі дамуындағы, оның əлемдік аренада беделін арттырудағы орасан зор рөлі атап өтіледі. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жолдаған құттықтауында əлеуметтік-экономикалық дамудағы Қазақстанның айрықша табыстары мен республиканың халықаралық ұстанымының нығаюы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені айтылған. «Мемлекеттік қызметтегі саяси көрегендік, кемел білім жəне бай тəжірибе Сізді Отаныңызда жəне шетелдерде лайықты абырой-беделге бөледі», – делінген құттықтаудың мəтінінде. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиньнің жолдаған құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси тұрақтылық жəне халықтың əл-ауқатын үздіксіз арттырған экономикалық дамудың жоғары қарқыны сақталып отырғаны, сондай-ақ, елдің халықаралық мəртебесі айтарлықтай нығайып келе жатқаны атап көрсетіледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы қазандағы Түркияға ресми сапарын жылы сезіммен еске алған Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында екі халықтың игілігі үшін елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар нығая беретініне сенім білдірген. «Бауырлас Қазақстан өзінің дамуы жолында жылдан-жылға ұлы істерді жүзеге асырып, халықаралық аренадағы беделін нығайтып келеді. Бұл орайда Сіздің де рөліңіз үлкен», – дейді А.Гүл.

Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің құттықтауында да тəуелсіз жəне егемен Қазақстанның қоғамдықсаяси дамудың барлық саласындағы даусыз жетістіктері, табысы халықтың əлауқатын арттыруға, елдің беделін нығайтуға бағытталған өзгерістер мен реформалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен етене байланысты екені айтылған. Мемлекет басшысының қызметіне дəл сондай жоғары баға Əзербайжан Президен ті И.Əлиевтен, Армения Президенті С.Саргсяннан, Беларусь Президенті А.Лукашенкодан, Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтан, Тəжікстан Президенті Э.Рахмоннан, Түркіменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтен, Украина Президенті В.Януковичтен, Ресей Премьер-министрі Д.Медведевтен келген құттықтауларда берілген. Тəуелсіз жас мемлекет құру ісіндегі, сондай-ақ, интеграциялық үдерістерді жандандырудағы, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту мен дамытудағы Қазақстанның жарқын жетістіктері, оның Көшбасшысының орасан зор еңбегі халықаралық ұйымдар басшылары: БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Қ.Тоқаев, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы С.Лебедьев, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бас хатшысы А.Сергеева, Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы В.Христенко, ЕурАзЭҚ ПАА жауапты хатшысы П.Зверьев, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Д.Қасейінов, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова, ТМД үкіметтері басшылары кеңесі жанындағы Интернационалистжауынгерлер істері жөніндегі комитеттің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодина, Ұжымдық

 Демократия – даму даңғылы

Бўќара белсенділік танытты Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елді мекендерде алдағы ауыл əкімдерін сайлауға байланысты науқан белсенді сипат алуда. Кеңестік сипаттағы алғашқы жиналыстарға қатысқанымызда мұны айқын аңғардық. Сандықтау ауданының əкімі Ербол Сағдиев Сандықтау ауылдық округіндегі сөзін биыл ауданда 13 селолық жəне бір ауылдық округтің əкімі сайланатындығымен бастап, саяси науқанның ерекшеліктеріне қатысты жан-жақты түсінік берді. Одан кейін бекітілген ережеге сəйкес бұл округтің əкімдігіне үш үміткердің атын атады. Олар – қазіргі əкім Лилия Лемешевская, Сандықтау орта мектебінің директоры Бауыржан Кузданов жəне ауыл округі аппаратының маманы Светлана Барахоева. Ал Атбасар ауданының əкімі Жомарт Нұркенов Шұңқыркөл ауылдық округі тұрғындарымен

кездесуінде алдағы сайлау науқанын ел ішіндегі өзекті мəселелерді талқыға салумен байланыстырды. Шалғай ауылда іргелі өзгерістер орныққанымен ауыз судың тапшылығы, жол қатынасының нашарлығы жұртшылықты қатты толғандырады екен. Осыған байланысты ауыл əкімі Светлана Валитова хабарлама жасаса, аудан басшысы Шұңқыркөлге су құбырын тарту кесте бойынша жүргізіліп жатқанын, қатынас жолына қатысты тиісті шаралар атқарылуда екендігін мəлімдеді. Жалпы, ауыл болашағы болашақ əкімнің іскерлігі мен тұрғындарды іргелі істерге жұмылдыру қабілетін сынға салатыны айтылып, олардың сайлау науқанына жауапкершілікпен қарауы ескертілді. Ал үміткерлер қатарында үш кісі бар. Яғни, таңдау мүмкіндігі мол деген сөз. Ақмола облысы.

қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Н.Бордюжа, Кəсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков жолдаған құттықтауларда айрықша атап өтілген. Жылы лебізді құттықтау Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарымқатынастарды дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірген Германияның бұрынғы Федералды канцлері Г.Шредерден келіп түсті, онда хат иесі жас елорда Қазақстан бірлігінің символы ғана емес, сонымен қатар, Еуропа мен Азия құрлықтары арасындағы мəдени, экономикалық жəне азаматтық өзара түсіністіктің жарқын мысалына айналып келе жатқанын айтады. Сондай-ақ, Мемлекетіміздің басшысына ГФР-дің экс-президенті Х.Келлер, Хорватия Республикасының экс-президенті С. Месич, Германияның сыртқы істер федералды министрі Х-Д. Геншер құттықтау жолдаған. Сонымен қатар, құттықтау хаттары мен жеделхаттар Əзербайжанның, Беларусьтің, Қырғызстанның, Ресейдің, Украинаның, Өзбекстанның жəне өзге де елдердің қарапайым азаматтарынан, ғылыми жəне мəдени орта өкілдерінен келіп түсті. Əсіресе, Ресей Федерациясынан келген құттықтаулар өте көп. Олардың автор лары қатарында Ресей Федерациясы Федерал дық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенко, РФ Мəдениет министрі В.Мединский, РФ Федералдық жиналысы Федерациясы Кеңесінің мүшелері Н.Рыжков, В.Рушайло, В.Игнатенко, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Р.Абдулатипов, Башқұртстан Рес публикасының Президенті Р.Хамитов, КабардинБалқар Республикасының басшысы А.Каноков, Ингушетия Республикасының басшысы міндетін уақытша атқарушы Ю.Евкуров, Чешен Республикасы үкіметінің төрағасы Р.С-Х. Эдельгериев, Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті М.Шəймиев, губернаторлар: Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Омбы облысының губернаторы В.Назаров, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Пенза облысының губернаторы В.Бочкарев, Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев, Челябі облысының губернаторы М.Юревич, М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий, ИТАР-ТАСС-тың бас директоры С.Михайлов, «Мир» МТРК төрағасы Р.Батыршин бар. Мемлекетіміздің басшысына өздерінің ыстық ықыласты құттықтауларын ресейлік өндіріс жəне қаржы ұйымдарының басшылары жолдады. Олардың қатарында «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Роснефть» ҰК ААҚ басқарма төрағасы И.Сечин, «РЖД» ААҚ президенті В.Якунин, РФ Жинақбанк басқарма төрағасы Г.Греф, Сыртэкономбанк төрағасы В.Дмитриев, ВТБ банкі ААҚ басқарма төрағасы А.Костин, «Русснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «МЕЧЕЛ» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, «ИТЕРА» ха лықаралық мемлекеттік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы И.Макаров, РФ Сауда-өнеркəсіп палатасының президенті С.Катырин, «Транснефть» АК ААҚ бұрынғы басшысы С.Вайншток, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.Когогин бар. (Соңы 2-бетте).

Арнайы экономикалыќ аймаќтар – экономикалыќ ґсімніѕ ґрісі

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында инвестиция тарту жəне арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, алдағы жылыту маусымына дайындық жайы қаралды.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Инвестиция – 171 млрд. доллар Еліміз көршілес елдермен экономикалық одақ құрып, бірыңғай кеңістікке кіргелі экономиканың дамуына айрықша арна ашылып, басқаша бағытқа бет бұрғаны анық. Басқаша деуіміздің мəні, бұрынғыдай жəймен, «алаңсыз арба қозғайтын» уақыт алыс қалған. Иə, бүгінде басқалармен бəсекелесе алатын елдің ғана алар асуы биік болса керек-ті. Кеше Үкімет мүшелері талқыға салған экономикалық аймақтарды дамыту, инвестиция тарту жайы да осы кезеңдегі аса маңызды мəселелер. Үкімет отырысы барысында Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау соңғы төрт жылда Қазақстанға

170 млрд. доллар инвестиция тар тылғанын, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатындағы инвестициялық артықшылық пакеттері кеңейтілгенін, инвестициялық заңнамалар жетілдіріліп жатқанын, инвесторлармен диалогтық алаң орнатылғанын баяндады. А.Раудың айтуынша, жұмысты одан əрі жетілдіру үшін, оның ішінде ЭЫДҰ-ның негізгі нұсқаулары бойынша «10 жыл мерзімге өндірмейтін секторға заңнамалар тұрақтылығын енгізу, шетелге шығарылатын отандық инвестицияларға мониторинг жүргізу, аймақтар аумағында осы мəселелер бойынша статистикалық есеп жүргізу қажет. Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға жəне инвестициялық бəсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін болады. (Соңы 2-бетте).

Салєырттыќќа салынєан сан соєады

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Теміртау қаласында болды. Үкімет басшысы бірден «Арселор Миттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатына барды. Мұнда алдымен өткен сенбіде коксхимия өндірісінің №5 батареясында жанған өнім түтінін сыртқа тартатын мұржаның кенеттен опырылып құлаған орнын көрді. Бұл кəсіпорында осы кейінгі жарты айда орын алған екінші өндірістік апат болатын. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

С.Ахметовке бұл күнде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жөнінде компанияның бас директоры Виджай Махадеван кеңінен мəлімет берді. Өнімдері металлургия, ферроқорытпа, химия, алюминий саласы мен ауыл

шаруашылығында қолданылатын, сондай-ақ, жергілікті көмір шикізатынан металлургиялық пештер үшін өз ішкі мұқтажына пайдаланатын коксты отын түрін өндіретін өндірістің орны бір бөлек. Сондықтан мұржаларды тез арада, атап айтқанда, 5 тамызға дейін қалпына келтіруге күш салынып жатқаны айтылды.

«Астанада кґріскенше, кїн жаќсы!» – дейді Мюнхендегі ниеттес əріптестер Германияның Мюнхен қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Ганноверде өткен ЭКСПО-2000-ның бас комиссарының орынбасары, Messe Munchen GmbH компаниясының басшысы Норберт Баргманмен, Баварияның экономикаға ықпал ету жөніндегі кеңесінің төрағасы Отто Висхоймен, сондай-ақ, Бавария федералды жерінің баламалы қуат көзін өндіру, қуат үнемдеу жəне «жасыл» технологиялар, «Ақылды қала» жобасы бойынша қала инфрақұрылымдарын қайта құру мен жаңғырту салаларындағы бірқатар жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулері өтті. Кездесулер барысында Бавария бизнесінің өкілдері Астана қаласында

өтетін ЭКСПО-2017-ге дайындық жайынан, сонымен қатар, аталған жалпыұлттық жобаға неміс жағының қатысу мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Р.Жошыбаев Қазақстанның əлемдік жетекші технологияларды тартуға мүдделі екенін атап көрсетті. Бұл технологиялардың Бавария компаниялары ұтымды пайдаланып жүрген "Болашақтың энергиясы" тақырыбымен байланысты болуы керек екені түсінікті. Неміс кəсіпкерлері Қазақстан өздері үшін айтарлықтай перспективалы жəне тартымды рынок болып табылатынын атап өтті. Бұған Қазақстанда күн, жер, тағы басқа оңтайлы табиғи жағдайлар жеткілікті. Оның үстіне аталған жайттар баламалы жəне тиімді қуат көзін дамытуға мол мүмкіндіктер береді. Неміс жағының айтуынша, ЭКСПО-ны 2017 жылы Астанада

өткізу туралы шешім қабылдануы Қазақстанның ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыруға қосымша серпін беретін болады. Көрме шеңберіндегі оң нəтижелер болашақта республиканың өзге де өңірлеріне, сондай-ақ, көрші елдердің ықтимал рыноктарына бағытталады. Н.Баргман кездесу кезіндегі əңгіме барысында 2000 жылы Ганноверде өткен ЭКСПОны ұйымдастыру тəжірибесімен бөлісті. Тараптар Астанада көрме өткізуге қатысты мəселелердің кең ауқымын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Deutsche Messe компаниясының басшысы 2017 жылы Қазақстанның астанасында өтетін ЭКСПО көрмесіне аса белсенділікпен қатысу ниетінде екенін хабарлады. «Егемен-ақпарат».

 Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымына 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Мұның төрттен бірінен астамын жеке инвестициялар құрайды. Жалпы, республикалық бюджеттен инфрақұрылым құрылысына 97,0 млрд. теңге бөлінген. Жобаға салынған жеке инвестициялар көлемі 308 млрд. теңге.  Елордадағы өңдеуші өнеркəсіпте өнім көлемі 23,9 пайызға ұлғайды. Өндірістің өсуі азық-түлік тағамдары, сусындар, тоқыма бұйымдары, металл емес минералды өнімдер, металлургия өнеркəсібі салаларында байқалды.  Алматыда жылдың алғашқы жартысындағы инвестиция көлемі 174,5 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері қарай шаһарда 302,7 млрд. теңгенің өнеркəсіптік өнімдері шығарылған.  Шымкенттік ғалымдар кенені жоюдың жаңа тəсілін ойлап тапты. Биологтар жұқпалы дерт тарататын жəндіктерді өзге жəн діктер арқылы жоюды жүзеге асыр мақ. Зертханада сарапталып, ондаған тексерумен дəлелденген бұл əдіс ветеринарлық қызметтегі үлкен жаңалық болғалы тұр.  Кеше Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында асфальт жасайтын зауыт іске қосылды. Оны жа қында ғана ауданда ірге көтерген «Көкжал бетон» ЖШС өз қаржысына салды.  Қызылорда қаласының бюджеті 963 млн. 291 мың теңгеге ұлғайды. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев бұған салық базасын ұлғайту арқы лы қол жеткенін, енді қаралған қаржының ел игілігіне жұмсалатынын білдірді.  Қостанай қалалық сотының екі қызметкері пара алды деген күдікпен орындарынан босатылды. Мұндай жазаға соттың бұрынғы төрағасы Самалбек Мұхтаров пен оның қарауындағы қызметкер Серік Қашқынбаев ілігіп отыр.  Көлік полицейлері 1 тоннадан аса есірткі затын тəркіледі. Олар «Көкнəр-2013» шарасы барысында мұны Жамбыл облысында тұратын азаматтан алды. Жалпы, жыл басынан бері 147 есірткі қылмысы анықталды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Бұдан соң Үкімет басшысы №4 домна пешін аралап көрді. Цех бастығы Сергей Былинкин таныстырып өткендей, бұдан он жыл бұрын қайта жаңғыртылып, қуаты күшейген пештің қазір жылына 1 миллион 800 мың тонна шойын қорытуға мүмкіндігі бар. Алайда, бұл көлемді көмкеру соңғы екі-үш жылдан бері қиындау болып тұрғандығы жасырылмады. Комбинаттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне жете қанығу №1 конвертор цехының газ тазарту нысанында болумен жалғасты. Цех басшыларының баяндауынша, қоршаған ортаны артық ластанудан арылтуға арналып іске асырылған бұл жобаның пайдасы зор болып отыр. Соның арқасында бұрын түтін мен газ иісіне тұншығып тұратын қаланың ауасы біршама тазарып, экологиялық ахуалы сауыға түскен. (Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

Таєы да 68 кґлік берілді Оңдасын ЕЛУБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі Бердібек Сапар баев Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің, қалалық, аудандық бөлім қызметкерлеріне 68 «Нива», «УАЗ» көліктерінің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Мұның алдында да полиция қызметкерлері жүзден астам көлікке ие болған еді. Енді, міне, тағы қосымша беріліп отыр. Сондықтан облыс əкімі көліктерді тапсырып тұрып, тыныштық күзетінде тұрғандардың еңбегіне жеміс тіледі. Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция-генерал майоры Рашид Жақыпов өңір басшысына қамқорлығы үшін алғысын айтып, жаңа көлікке ие болған азаматтарға қырағылық тіледі. ӨСКЕМЕН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.