АҚПАРАТТАР аєыны №135 (28613) 17 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Ораза айт ЕЛ ƏЛЕУЕТІН ƏЛЕМГЕ мерекесімен ƏЙГІЛЕЙТІН КҐРМЕ ќўттыќтады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Құттықтауда былай делінген:
Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады. Осынау мейрамның құрметі үшін барша əлем мұсылмандары нəсіліне, ұлтына қарамастан жақындарына қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға мүмкіндігінше материалдық жəне рухани қолдау көрсетеді. Қазақстанда түрлі этностар мен діндер өкілдері достық пен келісімнің, жасампаздық пен бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл құндылықтарды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мəдени жəне рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан əрі ықпал етуіміз қажет. Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан əрі нығайта берсін!
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Америка Ќўрама Штаттары арасындаєы ќылмыстыќ істер бойынша ґзара ќўќыќтыќ кґмек туралы шартты ратификациялау туралы 2015 жылғы 20 ақпанда Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 16 шілде. № 331-V ҚРЗ
Ынтымаќтастыќќа ынта танытылды
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Киевте экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Украина комиссиясының 12-ші отырысына қатысты.
Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қатысушылар агроөнеркəсіптік кешенде, отын-энергетикалық салада, логистика, өнеркəсіп, туризм, мəдениет саласында əріптестікті одан əрі тереңдету қажеттілігін бірауыздан атап өтті. Бақытжан Сағынтаев украиндық тарапқа Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуды ұсынды. Ол Украина көрмеде турист ретінде ғана емес, оның толыққанды қатысушысы болатынына үміт білдірді. Қазақстан-Украина қа рымқатынастарының қазіргі кезеңдегі маңызды оқиғасы 2014
жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Украинаға ресми сапары болды. Осы сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде қазақстандық-украиндық мемлекетаралық комиссия ның қызметін жандандыру арқы лы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар нақты уағдаластықтарға қол жеткізілген болатын. Киевте өткен Комиссия отырысы осы жылғы күзде Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстанға сапарына дайын дықтың негізгі кезеңі болып табылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Талай-талай жаһандық жиындар мен дүбірлі басқосуларды абыроймен өткізген Қазақстанның алдында тағы бір сындарлы сын тұр. Ол – 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін (ЭКСПО) ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті, ТМД елдерінің ешқайсысында
немесе наєыз сїт пен консервантты сїт ґнімдерін айыратын кез жетті Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Əрине, сүтті сиыр, етті сиыр болса да, сұлу сиыр деген бола қоймас, бірақ, күтім көрген малдың жөні бөлек. Мынадай қалжың тектес сөз бар: «Сиырлары əйелдерінен де əдемі болып көрінетін елге келсеңіз, ол – Голландия». Бұл əзілдің астарында біраз шындық бар. Сонымен, сейсенбі күні біз де сиырлары «сұлу» Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауытының сүт фермасына келдік. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылындағы фермаға шілденің тапа тал түстегі аптабында жетсек те, бір топ БАҚ өкілдері бірден егістік алқаптарын аралап шықтық. Бидай, жоңышқа, жүгері, соя, сұлы егістіктерінің біраз бөлігі суармалы екен. Осыдан кейін желіндері жер сызып тұрған сиыр фермасына оралдық. Қазіргі сүт сауатын аппараттар бұрынғыдай емес, малдың жанын қинамайды, сүт біткенде өзі ажырайды.
үлкен футбол алаңынан бастап, балалар жаттығатын бірнеше зал бар. Ауыл жастарының уақытын текке өткізбеуі үшін барлық жағдай жасалған. Айта берсе, Нағи Ілиясов ауылындағы футбол алаңы кейбір облыс орталықтарында жоқ. Бұл да Абзал Ералиевтің арқасында болған тірлік. Ал жақында кəсіпкердің тікелей бастамасымен 300 орындық жаңа мешіт пайдалануға беріледі. Қысқасы, еңбегімен еленген азамат туған ауылының көркеюіне жан-жақты атсалысып келе жатыр. Қызылорда облысы. Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы.
көрсетті. Мемлекет басшысы кеңесте əлемдік қоғамдастық алдағы көрме туралы ақпараттандыру деңгейі төмен екендігін айта келіп, Үкіметке, əкімдерге көрмені халықаралық деңгейде жəне ел ішінде насихаттау жоспарын əзірлеп, оны сапалы түрде іске асыруды тапсырды. Осыған орай ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған материалдар топтамасын 5-беттен оқисыздар.
«СЎЛУ» СИЫРЛАР
Қызылорда облысының Нағи Ілиясов ауылы тұтас Қазақстанға танымал десек, қателеспейтін шығармыз. Сыр бойына жасаған сапары кезінде Елбасының өзі арнайы барып: «Қазақстандағы барлық ауыл осындай болуы керек», деп бағасын беріп кеткен еді.
Ал Нағи ауылының гүлденіп, көркейіп, өсіп-өркендеуіне тікелей атсалысып жүрген азамат Абзал Ералиев. Қазақстанның Еңбек Ері кіндік кесіп, кір жуып өскен туған жерін түлетіп, оның ажарына-ажар, келбетіне-келбет қосып, бүгінгі заманға сай дамуына барынша атсалысып жүр. Мəдениет үйін күрделі жөндеуден өткізді. Ауылдың орталығына хауыздар орнатты. Айналаның барлығын гүлмен көмкерді. Тұрғындардың игілігі үшін сауда орталығын да салып берді. Ал жақында осы ауылда спорт кешені ашылды. Онда
да халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Қазақстан бұл жаһандық жауапкершілікті тұңғыш көтергелі отыр. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңесте «Бұл – Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл əлемге көрсететін басты жоба», деп атап
Индустрия игілігі
Биг-Бені бар ауыл «Егемен Қазақстан».
● Алматыда өтетін 2017 жылғы қысқы Универсиададан кейін атлетикалық ауылдағы 2 мыңға жуық пəтер тұрғындарға cатылады. Бұл туралы «Элитстрой» құрылыс компаниясының президенті Қайрат Оразбеков айтты. Сондықтан аталған нысан тұр ғын үй мəселесіне қатысты мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай салынуда. ● Қызылорда облысында мал бордақылау алаңының құрылысы бас талды. Сыр дария ауданы Шаған елді ме кенінде қолға алынған жоба 3000 басқа арналған. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты алаң маңындағы 750 га жер инженерлік жүйеге келтіріледі. ● Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы кəсіпорнына 48 млн. теңге субсидия төленді. Бұл шара облыстық прокуратураның араласуымен жүзеге асты. Аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мəліметке сүйенсек, «Красная поляна» ауылдық тұтыну кооперативінің құқығы осылайша заңмен қорғалды.
Ауыл – алтын бесік
Ержан БАЙТІЛЕС,
● Астанадағы жəр меңкелерде азық-түлік өнімдері жеңілдетілген бағамен сатылуда. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мəлімдеуінше, бүгінге дейін 26 жəрмеңке өткізілген. Соның негізінде жалпы сомасы 82,9 млн. теңгені құрайтын 273,5 тонна өнім сатылған.
(Соңы 9-бетте).
● Ақтөбеде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарла масы бойынша жалға берілетін пəтерлердің иелері анық талды. Қала əкімінің орынбасары Қуантқан Əлімовтің сөзіне қарағанда, байқауға 921 өтініш келіп түскен. Солардың ішінен жоғары балл жинаған 216 жас отбасы алдағы екі аптаның ішінде қоныс тойын тойлайды. ● Ақтау қаласының полицейлері заң бұзу шылықтар туралы ақпаратты ұялы байланыстың WhatsАpp қосымшасы арқылы да қабылдай бастады. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі мəлімдегендей тұрғындар 8 (701) 951 02 02 нөміріне хабарлама жазу арқылы маңызды мəліметтерді полицияға лезде жеткізе алады. ● «Орал сауда-өнеркəсіп компаниясы» ЖШС өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге арттырды. Кəсіпорын басшысы Алексей Апасов компанияның 2007 жылдан бері газ, су құбырларын өндірумен айналысып келе жатқанын жеткізді. Алғашқы жартыжылдықта серіктестік 4,5 мың тонна полиэтилен өңдеген. Ал жылдық жоспар – 8 мың тонна. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.