Кеше Əзербайжанның Габала қаласында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) үшінші саммиті өтті. Саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Түркия Президенті Абдулла Гүл, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев жəне Түркіменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Сапардурды Тойлиев қатысты.
№192 (28131) 17 ТАМЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Тїбі бірдіѕ тілегі бір
2009 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Түркия жəне Əзербайжан елдері арасында қол қойылған Нахчыван шартына сəйкес халықаралық ұйым ретінде құрылған Түркі кеңесінің I саммиті 2011 жылы Алматыда, II саммиті 2012 жылы Бішкекте өткізілген болатын. Əр жылдары өтетін саммиттер əртүрлі тақырып аясында ұйымдастырылатындықтан, Алматы саммиті «Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы», Бішкек саммиті «Білім, ғылым жəне мəдени ынтымақтастық» тақырыбында өткен еді. Ал биылғы Габала саммитінде «Көлік жəне байланыс» саласы назарға алынды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» – Габаладан (Əзербайжан).
Тарихтың қазіргідей даму кезеңінде дамыған мемлекеттер, тіпті дүниежүзілік державалар экономикалық жəне мəдени интеграция мəселесіне ерекше мəн беріп отыр. Себебі, кез келген мемлекет күрделі геосаяси жəне геоэкономикалық жағдайда жеке дара дами алмайтыны анық. Ал экономикалық, тарихи-мəдени жағынан мүдделес елдермен бірлесе одақ құрып, аймақтық деңгейде үнқатысудың маңызы ерекше. Түбі бір түркінің мүддесін бір арнаға тоғыстыруды, тамырлас халықтарды жақындастыруды, түркі жұртының мүддесін түгендеуді көздейтін Түркі кеңесін құру жөніндегі бастаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай мақсатпен көтерген еді. 2006 жылы көтерілген бұл бастама кейін өз нəтижесін
берді. 2009 жылы Əзер байжанның Нахчыван қаласында тиісті шартқа қол қойылды. Мұндай ынтымақтастық тетігі осы халықтардың ортақ игілігі мен ортақ мүддесіне қызмет ету мақсатында бекіген болатын. Егер, Кеңестің алғашқы саммитінен тамыр тартар болсақ, Алматы төрінде өткен I саммит «Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы» деген тақырып аясында өрбіген. Ондағы түпкілікті мақсат – түркі елдерінің арасында экономикалық байланыс орнату, бауырлас елдердің осы саладағы қарымқатынасын жолға қою, сауда-саттықты арттыру, транзиттік тасымалды ұлғайту. Ал өткен жылы Бішкек қаласында ұйымдастырылған түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің II саммитінде де бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылған еді. Бұл ретте, «Білім, ғылым жəне мəдени ынтымақтастық» тақырыбы
да кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Мұндағы мақсат – халықтарды жақындастыру, мəдени-гуманитарлық салаларда елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету. Тарихы ортақ, тілі жақын, тамыры бір түркі əлемін рухани, мəдени құндылықтар байланыстыратындықтан, бұл түсінікті жайт. Бұл тамырлас қана емес, тағдырлас елдердің төрт құбыласының түгенделуіне де сеп болары белгілі. Бішкек саммитінде түркі университеттер одағы мен түркі елдері жазушылар одағын құру, түркі дүниесіндегі мəдени мұраларды ЮНЕСКО тізіміне ұсыну секілді бірқатар маңызды мəселелердің басын біріктіретін құжаттар қабылданған екен. Демек, Түркі кеңесі тамырлас елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін ашылған жаңа арна десе де болатындай. Габала қаласының төрінде ұйымдастырыл ған түркітілдес мемлекеттер басшылары Кеңесінің III саммиті басталмастан бір күн бұрын Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер сыртқы істер министр лерінің қатысуымен Кеңес отырысы өтті. Онда саммит аясында қозғалатын, сондай-ақ, Кеңес алдында тұрған бірқатар мəселелер пысықталды. Отырыс соңында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі сыртқы істер министрлер кеңесінің ортақ мəлімдемесі қабылданды. Мəлімдемеде «Мысырда
жалғасып жатқан демонстрацияларға күш қолданудың салдарынан құрбандар мен жаралылар болған кешегі оқиғаға байланысты терең өкінішімізді білдіреміз. Бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың болуын қабылдау мүмкін емес. Осы ретте қаза болғандардың туыстарына көңіл айта отырып, жаралылардың тезірек сауығуын тілейміз. Елде шұғыл түрде сабырлылық пен бітімшілікке қажеттілік бар екеніне назар аударамыз жəне қауіпсіздік, демократия мен тұрақтылықтың қайта қалпына келуіне шақырамыз», делінген. Ал кеше өткен III саммит аясында Түркі кеңесіне мүше елдерді тонның ішкі бауындай жақындастыра түсетін бірқатар мəселелер талқы таразысына салынды. Солардың бірі – көлік жəне байланыс саласы. Себебі, көлік жəне байланыс саласындағы ынтымақтастық түркітілдес мемлекеттердің дамуына жаңаша серпін беретін тетік екені аян. Мəселен, көлік жөніндегі жұмыс тобының отырыстары мен Ақтауда өткен Баку-Ақтау порттары басшыларының арасындағы кездесулерден кейін биылғы жылдың шілде айында көлік министрлері Бакуде алғаш рет басқосқан болатын. Жиында Көлік министрлері арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды. Сондай-ақ, қол қойылған меморандумға сəйкес Баку, Ақтау жəне Самсун порттары арасында бауырлас
Ата Заңның арналары
Мемлекеттік мереке аясында Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мəдени жəне мерекелік іс-шаралар өтеді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Іс-шаралар жоспарына сəйкес, 16 тамыздан бастап Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Менің елім,
менің елордам» атты көрме, ал №5570 əскери бөлімінде Қазіргі заманғы өнер мұражайының «Батырлар – Отан қорғаушылар» деп аталатын көшпелі көрме ұйымдастырылады. Мерекелік
АҚПАРАТТАР аєыны Биыл Қазақстанда өткен жылғыдан 1,5 есе көп астық жиналады. Кеше осыны мəлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков үш өңірдің диқандары 704,5 мың гектар алқаптың астығын жинап алғанын айтты. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 16,5 центнерді құрап отыр. Алматы облысында «Қастек» жаңа шекара бекеті ашылды. ҰҚК Төрағасы Нұртай Əбіқаевтың қатысуымен өткен рəсімде жыл соңына дейін оңтүстік жəне шығыс учаскелерінде нысандар ашылатыны белгілі болды. Оңтүстік Қазақстандағы ауылдарда газ құбырлары жаңартылып жатыр.
шаралар кестесі «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасады. «АЛЖИР» мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына 29 тамыз – 5 қыркүйек аралығында «Тарих
«ҚазТрансГазАймақ» компаниясы қаладағы 940 шақырымдық газ желілерін алмастыруға кірісті. Қазірдің өзінде 190 шақырымдық жоғары қысымдағы газ құбыры ауыстырылды. Ақмола облысында сыйымдылығы 32 мың тонналық астық қоймасы пайдалануға берілді. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылық қолдауымен жаңғыртылған «Төңкеріс» кəсіпорнының астық сақтау қоймасына 289,3 млн. теңге жұмсалды. Кеше Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында «Шыңғыстау-2013» республикалық жəрмеңкесі болып өтті. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша ұйымдастырылған шараға Ресейдің іргелес Алтай өлкесі мен Алтай республикасынан, Моңғолиядан, сондай-ақ, Қазақстанның 7 облысынан өкілдер қатысты.
порттар байланыстары құрылған-тұғын. Мəселелерді жедел шешудің қосымша тетігі ретінде министрлер орынбасарларынан құрылған үйлестіруші кеңес те құрылды. Демек, алдағы уақытта Батыс – Шығыс көлік дəлізі бойынша Каспий арқылы мультимодальдық тасымалды ынталандыру мүше мемлекеттер арасында сауда-саттықтың артуына жəне елдеріміздің транзиттік əлеуетінің жүзеге асуына қызмет етпек. Жиынды Кеңестің II саммитіне төраға болған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ашып, төрағалық тізгінін Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиевке берді, оның алдағы уақытта Кеңес аясында атқаратын жұмыстарына сəттілік тіледі. Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев те өз кезегінде саммитке қатысушылардың жұмысына сəттілік тілей келе, Кеңес өзінің құрылған күнінен бастап түркітілдес елдердің ынтымақтастығының дамуына, тарихы ортақ халықтарды мəдени, экономикалық тұрғыдан жақындастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. «Кеңес экономикалық, энергетикалық, инфрақұрылым, мəдени-рухани байланыстарды тереңдету бағытында ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Болашақта да түркітілдес елдердің ортақ мүддесі жолында атсалысуымыз керек», деді И. Əлиев. Бұдан кейін сөз тізгінін Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алды. Қазақстан Президенті түркітілдес мемлекеттер басшыларымен Түркі кеңесінің үшінші саммитінде кездескеніне қуанышты екенін жеткізе келе, Ильхам Əлиевке өздеріне көрсетілген ыстық ықыласы мен қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. «Бүгінде Түркі кеңесі аясы кеңейген таны мал халықаралық ұйымға айналды. Ұйым экономикалық, мəденигуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Өзара ынтымақтастық пен бірліктің артуы «Түркі əлемі» атты ортақ брэндті жер-жаһанға танытып отыр. Мен енді Сіздермен Кеңес қызметінің бүгіні мен болашағына қатысты ой бөліскім келеді. Біз Түркі кеңесінің беделін арттыру үшін оның Ұйым ретіндегі институттық негізін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсауымыз қажет. Осыған қатысты кейбір маңызды құжаттарды ратификациялауды тезірек аяқтаған жөн. Түркі кеңесінің негізгі жұмыс органы – Хатшылықтың қызметі біз үшін аса маңызды. Бұл жұмыс Ұйымның тұңғыш Бас хатшысы Халил Ақынжы мырзаның еңбегі арқасында іске асуда. Біз оның түркітілдес елдер арасында ынтымақтастық орнатудағы қызметін жоғары бағалаймыз.
(Соңы 2-бетте).
Президент тапсырмасы қалай орындалуда? – таным айнасы» бейнекөрінісі ұсынылады. 29 тамызда Бейбітші лік жəне келісім сарайында ғылыми конференция өткізіліп, «Қазақстан» орталық концерт залында мемлекеттік мерекеге орай мерекелік концерт ұйымдастырылады. 30 тамызда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Астананың орталық алаңында бұқаралық-мəдени шаралар ұйымдастырылып, арнайы дайындалған мерекелік концерт көрсетіледі.
Қостанай стансасы кеше жүз жылдан кейін бірінші рет электровоз қабылдады. Ол 2011 жылы басталған ұзындығы 46 шақырымдық Қостанай-Железнорудная желісі аралығындағы темір жолдың бітуіне байланысты жүзеге асты. Ақтөбеде Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның атындағы көшеге мемориалды тақта орнатылды. Бұл рəсімді мəдениет саласының ардагері Өтеміс Əкімов пен композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов жасады. Қызылордада «Сыр үміті» сыйлығының жаңа иегерлері анықталды. Олардың қатарында облыстың 10 үкілі үміті бар. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
«Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси жəне сыртқы экономикалық уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).
Жапан даладаєы жаѕєырыќ
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Барша жаратылыс сияқтылы көмірдің де көмір ден өзгешелігі бары белгілі. Мəселен, Қарағанды мен Екібастұз кө мірінің айырмашылығы аз болмаса, Шұбаркөлдегі түрінің де өзіндік сипаты жоқ емес. Оның негізгі ерекшелігі, күлділігі өте төмен, яғни салыстырмалы тұрғыда айтқанда, жылдам жанатын көмір саналады. Сондықтан кейде «қатты мұнай» деп те аталып қалады. Кезінде академик Евней Букетовтің оны сұйық отынға да айналдыруға болатындығына із салғандығы мəлім. Нұра мен Ұлытаудың аралығындағы сайын дала төскейіндегі аталған кеніште ашық əдіспен өндірілетін қазынаға қазір сұраныс өсіп отыр. (Соңы 2-бетте).