17092013

Page 1

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды.

№213 (28152) 17 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Шымкенттіѕ шырайын шаєын кəсіпкерлік кіргізеді

Жобада композицияға табиғи факторларды жəне жергілікті жер бедерлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, рекреациялық кеңістікті қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінген. Бұдан бөлек, тасқын су мен дренажды суларды ағызу үшін арналарды бекіту, жасанды су қоймалары құрылғыларын орнату көзделген. Жоба аясында салынып жатқан «Наурыз» алаңы келесі айда пайдалануға берілмек. Бұл жобаның аумағы 364 гектарды құрайды. Жалпы салынатын жаңа тұрғын-үй құрылысының көлемi 908,3 мың шаршы метрді құрап, аумақта əрқайсысы 1200 оқушыға арналған 4 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Əкімшілік іскерлік орталығында облыс əкімі Асқар Мырзахметов Елбасына осынау жобаларды жақынырақ таныстырып, облыстың əлеуметтікэкономикалық дамуы туралы кеңінен əңгімелеп берді.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Ортасынан ґзен басталатын ќала Əрине, жасыл-желегінің молдығынан көшесіне күннің көзі көп түспейтін Шымкент қаласының жыл сайын шырайы ашылып, заманға сай сұлуланып келе жатқаны анық. Қарап тұрсаңыз, Шымқаланың географиялық орналасуының өзі ерекше. Əйгілі Ұлы Жібек жолының бойында көлденең жатыр. Кейбір тарихи деректерде қала атауының түпкі мағынасы «Бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» дегенді білдіреді деп түсініктемелер берілген. Міне, арада мыңдаған жылдар, бірнеше ғасырлар өтсе де шыбық шаншысаң шынар өсетін Шымкент атына заты сай əлі жасыл қала күйін сақтап отыр. Бүгінде шаһардың тынысын кеңейтіп, сұлу көркіне сəн беріп отырған қаладағы дендробақ, Тəуелсіздік саябағы, Абай, Орталық, Жеңіс саябақтары халықтың сүйікті орындарына айналғалы қашан. Білесіз бе, əлемде қаланың қақ ортасынан бастау алатын өзендер өте сирек кездеседі. Ал, соның бірі осы Шымкенттің ортасынан құлай аққан Қошқарата өзені. Бұл жер астынан шығып жатқан бұлақ суы, табиғаттың үлкен сыйы. Егер осы өзен шөп-шаламға булықпай, еркiмен ағатын болса, Шымкент қаласының ылғалдылығын сақтап қана қоймай, 600 гектарға жуық жердi суландыруға мүмкіндігі бар екен. Əйтсе де қазір заман басқа, тəуелсіз еліміздің қалаларына да жаңа заманға сай келбет, ажар керек. Жасыратыны жоқ, Шымкент қаласының бас жоспары, қазіргі əкімдік орналасқан ғимараттардың жобасы сонау 1953 жылдары жасалып, құрылысы 1960 жылдары

Ґѕірдегі ґнікті еѕбек

аяқталған екен. «Елу жылда – ел жаңа» деген, міне, одан бері елу жылдан астам уақыт өтті. Ендеше Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің үшінші қаласы деп баға берген Шымкент шаһарының жаңа келбетін жасайтын уақыт келді. Бұл – бір айдың немесе бір жылдың ішінде аяқталатын тірлік емес, кешенді əрі стратегиялық мақсатты жұмыс. Міне, қаланың бас жоспары бекітілген былтырғы жылдан бері Шымкенттің төрінде үлкен құрылыстар басталып та кетті. Ол бойынша облыс орталығы негізінен қаланың солтүстікбатыс жағында дамитыны, жаңа

Бəсекеде басымдыќ болмауєа тиіс

Мəжілісте кеше «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің Бəсекелестік туралы модельдік заңы – ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде» атты үкімет сағаты болып өтті. Депутаттар алдында Бəсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Б.Қуандықов сөз сөйледі. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Б.Қуандықовтың мəліметіне қарағанда, агенттік квазимемлекеттік сектор субъек тілерінің одан əрі жүргізетін қызметіне 5 мыңнан астам өтінішхаттарды қараған. 2013 жылдан бастап мемлекеттің қаты суымен кəсіпорындар құру туралы мемлекеттік органдардың 37 өтініші қаралып, олардың үшеуінен бас тартылыпты. Атап айтқанда, жүргізетін қызметіне бас тарту алған мемлекеттің қатысуымен кəсіпорындарды жекешелендіру немесе мемлекеттік мекеме етіп қайта құру жəне оларды бəсекелес ортаға беру қажеттілігіне қарамастан, мұның

бəрі орындалмаған. Себептердің бірі ретінде мекеме басшысы мем лекеттік кəсіпорындардан жəне 100 пайыздық мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан бір көзден сатып алу мүмкіндігін көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның нормалары, сондай-ақ, кəсіпкерлік субъектілері үшін аталған активтердің тартымсыздығы болып табылады дегенді алға тартты. Агенттік бұл проблемаларды болдырмау үшін қызметін одан əрі жүргізуге бас тартылған мемлекеттік кəсіпорындардың нарықта АҚ, ЖШС нысанында қалуына мүмкіндік беретін нормаларды алып тастауды ұсынып отыр. (Соңы 2-бетте).

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Д.Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, əдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген. «Оның қаламынан туған əңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы жазушының еңбегі əр жылдары əдебиет саласындағы жоғары мəртебелі сыйлықтармен жəне мемлекеттік наградалармен марапатталғанын да атап көрсеткен. Нұрсұлтан Назарбаев қаламгердің үздік шығармалары əрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.

құрылыстардың дені осы бөлікте салынатыны белгілі болды. Елба сы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы сапарын осы жаңадан салынып жатқан əкімшілік-іскерлік орталығының құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады.

Жаѕа алаѕныѕ жаѕалыќтары кґп Қазіргі таңда, осы аумақта аталған жобаға сəйкес бес нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық əкімдік

ғимараты кіреберіс алаңы мен ғылыми-əмбебап кітапхана, орыс драма театры, облыстық конгресс-холл жəне халықтық шаруашылық жетістіктер көрмесі. Жобаланған аумақтың архитектуралық-жоспарлау шеші мі қаланың осы ауданында бірқатар қоғамдық ғимараттар мен оқу кешендерін орналастыра отырып ірі сəулет ансамбльдерін құру қажеттілігінен туындап отыр. Мұнда орталық алаң мен əкімдіктің ғимараты, облыстық мəслихат пен облыс əкімдігі басқармаларының кешені, жаяу жүргіншілер гүлзары

салынатын болады. Ұсынылған композициялық əдістер қаланың бас алаңының көлемін оңтайлы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алаң ансамблін облыстық драма театрының ғимараты, көпшілікке арналған облыстық орталық кітапхана, көрме кешені, 5 мың орындық мешіт, «Түркістан» салтанат сарайы жəне əкімшілік ғимараттар сияқты ірі нысандар толықтыратын болады. Көп қабатты құрылыс орамдары эспланаданың екі жағындағы тұрғын үй массивтерін құрайды, магистралды жəне тұрғын үй көшелерін, жекеленген сəулет

тораптарының құрылысын қалыптастырады. Көп пəтерлі тұрғын үйлердің кешенді құрылыстары мектепке дейінгі балалар мекемелерін, жалпы білім беру мектептерін, емханалар сияқты əлеуметтік маңызды нысандардың салынуын көздейді. Ірі сауда жəне мəдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары салынатын болады. Қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін, соның ішінде магистральды көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын белсенді пайдалану көзделіп отыр.

Жалпы өңірлік өнім 2012 жылдың қорытындысымен 1,8 трлн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 363 млрд. теңгеге өсіп отыр. Инвестициялардың көлемі үстіміздегі жылдың 7 айында 165,8 млрд. теңгеге бағытталып, 2012 жылдың сəйкес кезеңіне 123,3 пайызды құрады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында инвестиция көлемі 447 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба бекітілген. Осының есебінен 19 мың жұмыс орны ашылғалы отыр. Бұған қосымша құны 600 млрд. теңгеден астам 104 жаңа жоба ұсынылып, оның 66-сы іске асырылып, 5804 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы 34 жоба іске қосылып, 3350 жұмыс орны ашылады. Ал, индустриялық аймақта 58 жоба қолға алынуда. Бүгінгі күнге оның 18-і іске қосылды. (Соңы 2-бетте).

 Мемлекет мерейі

Оймақтай ой

Жан – сəуле, жүрек – айна. Мəшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ.

Біз – баќытты елміз Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы жариялаған рейтингіне сəйкес, қазақстандықтар Орталық Азия аумағындағы елдерде тұратын халықтар арасындағы ең бақуаттысы болып шықты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Өткен аптада БҰҰ мамыражай қалыпта, бақытты жағдайда өмір сүріп жатқан елдердің əлемдік

 Үйренетін үрдіс

Мемлекеттік ќызметтіѕ жаѕа моделі жəне даму келешегі

Қазақстан өңірдегі елдер арасында реформалар көшбасшысы ретінде танылды.

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы жүргізілген мемлекеттік қызмет реформасын жоғары бағалады. «А» басқарушылық корпусын құру жəне саяси лауазымдар санын 8 есеге қысқартуды сарапшылар кəсібилендіру мен меритократияны күшейту бойынша маңызды қадам, сондай-ақ табыстың басты факторы – Мемлекет басшысының саяси күшжігері деп санайды. Заңнамалық деңгейде мемлекеттік органның бірінші басшысы ауысқан кезде кадрлардың «командалық ауысуын» азайту үшін ауысу тəртібінде тағайындауға арналған мүмкіндіктер қысқартылды. Олар тек

қана мемлекеттік органдар ішінде, сондай-ақ Президент белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Қалған барлық тағайындау тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады. Егер 2012 жылы орта есеппен бір тоқсанда мемлекеттік органдар арасында 3500 ауысу болса, 2013 жылдың 2-ші тоқсанында (заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін) ауысу саны 70-тен аз болды, яғни 50 еседен аса қысқартылды. Бір орынға конкурс 4,7 адамнан 8,5 адамға өсті. Басқаша айтқанда, конкурстарда бір орынға үміткерлер саны екі есеге жуық артты. (Соңы 3-бетте).

рейтингін жариялады. Оны жасауда əрбір жеке алынған елдің күтілетін өмір сүру ұзақ ты ғы, ішкі жалпы өнімінің жан басына шаққандағы көлемі, қоғам дағы сенімділік деңгейі,

сайлау еркіндігі, жемқорлық пен жомарттықтың мөлшері секілді көрсеткіштер есепке алынады. Қорытынды көрсеткіш Американың Гэллап қоғамдық пікір лер институты 2010-2012 жылдар аралығында жүргізген сауалдама мəліметтері негізінде түзілген. Кестеге барлығы 156 ел енгізілген. Қазақстан солардың арасында 57-ші болып тұр.

 Өнер

Ќўт мекен

немесе Асан Ќайєы бабаныѕ мўраты баяндалєан алєашќы ќазаќ рок-операсы – «Жерўйыќ» дїниеге келді Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Атының өзі бұрын-соңды көп естілмеген тың нəрсені адамның көруге, білуге ұмтылып тұратын əдеті. Роктың не екенін білеміз, опера да қазаққа жат жанр емес, ал енді осы екеуінің қосылуынан өмірге басқа бір өзгеше сарынды өнер туындысы келеді дегенге сену қиын. Себебі, классика мен қазіргі заманғы музыканы біріктіруге бола ма? Көне мен жаңа қабыса ма? Кешегі сарын даланың бүгінгі үнімен қосылғанда қалай бүтінделеді? Ескілікті естілікке айналдыруға бола ма? Жоба авторлары көрерменді өзіне несімен тартты десек, міне, сол өткен мен бүгіннің арасын жалғастыратын соқпақты таба алуымен деп қысқа тұжырған абзал.

Қашанда жаңа нəрсе туралы көкейге түйген-жиған əсерді сыртқа түгел шығарған дұрыс емес. Алғашқы қойылым несімен есте қалды? Бəрін біз де түгендеп бере алмағанымызбен, біразына тоқтала кетейік. Біріншіден, Бейбітшілік жəне келісім сарайында тұсауы кесілген сахналық туындының либреттосын қазақтың Қадыр ақыны (Мырза-Əлі) жазғандықтан көпшілікке бұл идея əу бастан-ақ өте қатты ұнағаны байқалады. Осы арада айта кетейік, 1980 жылы ақын осы аттас жыр жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болған еді. Екіншіден, музыкасын белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов жазса, тың туындыны сахналауға Ресейдің СанктПетербург қаласынан құрамында

Ал Орталық Азиядағы қалған мемлекеттердің бəрі одан кейін орналасқан. Айталық, рейтинг түзушілер Түркіменстанды 59шы позицияға қойса, Өзбекстан 60-шы, Қырғызстан 89-шы, ал Тəжікстан 125-ші болып келеді. Бізбен көрші жəне араласқұраластығы бар бірқатар қуатты елдер де төменге жайғасыпты. Мəселен, Ресей 68-ші қатарға қоныс тепсе, Түркия 77-ші, Қытай 93-ші сатыға табан тіреген. (Соңы 3-бетте). режиссер, Ресейдің Халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Александров, суретші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Вячеслав Окунев, хореограф Ирина Шаронова, жарық суретшісі Ирина Вторникова мен бейнеарт Виктория Злотникова сияқты майталмандар бар шығармашылық топ қатысқан. Үшіншіден, басты рөлдерді əртістермен қатар əншілердің де сомдауы көрермен үшін бұрындары кездеспеген тың жаңалық болып саналады. Мысалы, Асан Қайғының бейнесін – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Дударды – Бауыржан Исаев, Мəриямды Светлана Васина сомдады. Жұрт Əзəзілді ойнаған «Жастар» театрының əртісі Бауыржан Нұрымбетовке тектентекке қошемет білдірген жоқ. Рокопераны сахнада қалыптастыратын, тиянақтайтын, өмі рін жалғастыратын негізінен əртістер десек, сол талапқа жас өнерпаздың қабілеті мен шеберлігі сай келіп тұрғаны еш күмəн туғызбайды. (Соңы 12-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.