17092014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№181 (28404) 17 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Наќты тапсырмалар берілді

Кеше Үкімет отырысында инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар, сондай-ақ мұнай сервисі саласын дамыту мəселелері талқыланды. Бұл жөнінде отырыстың қорытындысына орай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында мəлім болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Дауылбаев елдегі заңдылық пен құқықтық тəртіптің ахуалы, Мемлекет басшысының азаматтар құқықтары мен бостандықтарын, кəсіпкерлерді қорғауға бағытталған тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінде таяуда болған өзгерістердің маңыздылығына тоқтала келіп, олар елдегі қылмыстылықтың азаюына септігін тигізетінін айтты. – Бүгінде тіркелетін қылмыстар саны артты, бұл жалпы қылмыстық ахуалды байыптауға оң əсерін тигізді. Барлық, тіпті, ұсақ құқық бұзушылық та тіркелуге тиіс. Бұл жазадан құтылмау қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстықпроцестік кодекстер осы жұмысты күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге, міндетті түрде бостандығынан айырмай, айып салу секілді жазаның қаржылық түрлеріне ден қойған жөн. Осының бəрі қылмыстылық деңгейін төмендетуге жəне азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бас прокурор құқық қорғау органдарында азаматтар арыздарының 93 пайызы үш күндік мерзім ішінде қарала бастағанын айтты. Сонымен қатар, барлық қылмыстарды 100 пайыз тіркеу қамтамасыз етілген. Елдегі жалпы қылмыс деңгейі 5,7 пайызға төмендеді, бұл ретте аса ауыр қылмыстар саны 21

Бензин баєасы бўєаулы Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

пайызға, ауыр қылмыстар 22 пайызға азайған. Сондай-ақ, А.Дауылбаев Қазақстан Президентін азаматтардың еңбек құқықтарының, халықтың əлеуметтік жағдайы төмен топтары мүдделерінің қорғалуы, кəсіпкерлікке қолдау көрсету, сот өндірісіне дейінгі объективтілікті жəне тиімділікті қамтамасыз ету жөніндегі прокуратура органдары жұмысының нəтижелері туралы хабардар етті. Бұдан бөлек, Бас прокурор бюджетті толықтыру жəне пайдаланылмаған жерлерді

Үстіміздегі жылдың 11-12 қыркүйегінде Ду ш а н бе қ аласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 14-ші отырысы болып өткені белгілі. Енді осы сапардың қорытындысы жөнінде кеше Орталық коммуникациялар қызметінде ШЫҰ қызметі мəселелері жөніндегі еліміздің Ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ-інің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев баяндап берді.

Салиќалы сараланєан саммит Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

мемлекет меншігіне қайтару бағытында қолданылып жатқан шаралар турасында əңгімеледі. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тəртіпті бұдан əрі нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті күшейтуге, мемлекет пен қоғам мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Əр жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісі Елбасы ұсы нысымен Отбасы күні ретінде аталып өтілуде. Отбасы құндылықтарын келешек

ұрпаққа жеткізу қазіргі қоғамда өте керек. Біздің ұлттық тəрбие мізде əкені сыйлау, ананы құрметтеу, балаға лайықты тəрбие беру алғы орында. Отбасы – шағын мемлекет деуіміз де содан шығар. Аталмыш мереке аясында осы бағытта тиісті шаралар өткізіп, отбасы құндылықтарының өзектілігін кейінгі ұрпаққа ұғындыру басты мақсат. Осыған орай Семейде Отбасы күніне арналып мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Əкем, шешем жəне мен» байқауы ұйымдастырылды. «Арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі бұл

Аталған айтулы жиынға Қазақстан делегациясын Пре зидент Н.Ə.Назарбаев бастап барып, ШЫҰ алдында тұрған бірқатар маңызды деген мəселелерді шешудің басымдықты міндеттерін айқындауға үлес қосып қайтқан-ды. Сонымен қатар, бұл жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары (Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан) барғаны аталды. Жəне де ШЫҰ жанындағы байқаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары (Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия жəне Пəкістан), төраға етуші тараптың қонағы ретінде Түрікменстан президенті қатысқаны да белгілі. Бұдан басқа, БҰҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ жəне АСЕАН өз өкілдерін жібергені мəлім. Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші бүгінгі таңда қалыптасып отырған геосаяси өзгерістер жағдайында ШЫҰ саммиті маңызды саяси мəнге ие болғандығын айрықша атап өтті. Кеңесте Ауғанстандағы, Украинадағы жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы, ШЫҰ дамуы мен келешегі, жаңа мүшелер қабылдау, халықаралық ұйымдармен, байқаушылар жəне ШЫҰ үнқатысу бойынша серіктестермен ықпалдастық төңірегінде пікір алмасу жүрген еді.

шараны денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты тəрбиеленушілерге отбасы тəрбиесінің мəн-маңызын түсіндіре отырып, саламатты өмір салтына бейімдеу. Сайысқа төрт отбасынан үш адамнан қатысып, бақтарын сынады. – Осындай отбасылық сайыстарды тұрақты өткіземіз, – деді бөлім меңгерушісі Рашила Əділбекова, – мекемеде сондай-ақ, балалармен жұмыс жасайтын үйірмелер де бар. Жақында тəрбиеленушілеріміз облыстық деңгейде өткізілген шағын футболдан жарысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Жеңіл атлетика, би, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен де алдыңғы сапта жүрміз. Мүмкіндігі шектеулі балаларымыз шахмат, дойбы сынды ойындарға да қызығушылығы өте жоғары. Сондай-ақ, оқушылар денсаулықтарына өте пайдалы суда жүзумен, жалпы спорттың он төрт түрімен айналысуға мүмкіндіктері бар. Арнаулы орталық мүмкіндігі шектеулі төрт жүз жанға қызмет көрсетеді екен. Есепте негізінен психоневрологиялық ауытқулары бар, қол-аяқтары сырқатқа шалдыққан жандар тұрады. Мамандар ем жасаумен қатар, арнайы кабинеттерде шығарма шы лыққа да жағдай жасайды. Байқау барысында демеушілер музыкалық қойылым ұсынды. Соңында əрбір отбасы мүшесі түрлі номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. СЕМЕЙ.

––––––––––––––––

(«Мерейлі отбасы» тақырыбына арналған мақаланы газетіміздің 4-бетінен оқисыздар).

(Соңы 4-бетте).

● Аудан ахуалы

«Байланыс аясынан тыс жерде...» «Егемен Қазақстан».

Созақ десе, елең етпейтін қазақ көп емес шығар. Алтай, Тарбағатай, Арқа, Ұлытау, Атырау, Еділ-Жайық... Сол Созақта жадыраңқы істер, ізденістер аз емес. Шолаққорған көріктене түскен. Таукент, Созақ, Тасты, Жартытөбе, Тайқоңыр, Қыземшек... Бəрі де көркейіп келеді. Бірте-бірте. Əрине, Созақтай шалғайдағы, шөлді-шөлейтті, жаңбыр мүлде сирек жауатын, өзге де күрделі қиындықтары жетіп-арты латын аймақтың жағдайын жақсартуға уранның, соған орай «Қазатомөнеркəсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты кəсіпорындардың

əсер-ықпалы айрықша екені аян. Көптеген кенттер мен ауылдарда мектептер, ауруханалар, балабақшалар, өзге де нысандар салынуда. Жұмыс орындары артып, əл-ауқат деңгейі көтеріле түсуде. Жолдар жақсаруда. Алайда, алыстағы ауданда шешімін таппай отырған өзекті мəселелер де аз емес. Көгілдір отын, яғни газ. Біраз өңірлерді суландырмаққа су қоймаларын салу. Ауыз су жағдайы. Суы тартылған құдықтарды қалпына келтіру. Жайылымдардың сапасын жақсарту... Тізе жөнелсеңіз, осылай жалғаса берер. Газ жөніндегі жоба жасалып, тиісті орындарға ұсынылды. Қырыққа жуық елді мекеннің 19-ында су құбыры

жүргізілген. Қалғандары үшін қиындықтар көбірек. Зерттеуталдау тірліктері атқарылуда. Біз барғанда аудан əкімі Аманғали Аймұрзаев Астанадан жаңа оралған екен. Сəл-пəл шаршаңқылау көрінді. «Бір тəуірі, бірталай мəселені мəністеп, қайта құрылып жатқан министрліктерге мəлімдеп, біраз жағдайды келісіп қайттық», деді ол. Біз қуандық. Бұл мақала арқылы айтпағымыз – шалғайдағы ауданға, алыстағы ауылдарға теледидар мен радио хабарын таратудың жəне телефон байланысының жай-жапсары. Сіздің тілшіңіз Созаққа бармас бұрын республикалық байланыс жəне ақпарат мекемесіне қарасты ОҚО байланыс жəне ақпараттандыру

инспекциясынан тиісті мəліметтер мен өзекті мəселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар сұратқан. Өкінішке қарай, инспек ция басшысының міндетін атқарушы Бидатқа Бимұратов берген екі беттік жазбаша ақпарат біздің діттеген деңгейімізден шықпады. «Созақ ауданы бойынша 38 елді мекеннің 36-сы телефон байланысымен қамтылған. Қамтылмаған Төретоған жəне Айгене елді мекендері электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген», дейді инспекция мəліметі. Ауданға барғанда, осыны айтсақ, əкім күледі: «Ол ауылдардағы үйлер əлдеқашан түгел көшіп кеткен», деп. (Соңы 5-бетте).

көрсетудегі қазақстандық сервистік компаниялар үлесі – 45 пайыз. Ұ.Қарабалин Қазақстан ның ірі мұнай операторлары бұрғылау мен жобалау бойынша бірлескен кəсіпорындар ашатынын да атап өтті. Осыған орай, «Қашаған», «Қарашығанақ» жəне «Теңіз» жоба ларының белсенді түрде кеңеюі кезінде бізге қызмет көрсе ту мен құрылғылардың жоғары тех нологиялық түрлері қажет болады. Осы мəселені шешудің бір жолы ретінде əлемдік көшбасшылардың заманауи технологияларын қолдана отырып, бірлескен кəсіпорындар ашуды қарастыруға болады. Айта кетейік, аталған үш жобаның операторлары бүгінде бұрғылау, жобалау, геофизикалық қызмет көрсету салаларында бірлескен кəсіпорындарды салуға кірісіп кетті», деді ол. Қазіргі күні Ұ.Қарабалин қатыс қан жиындарда бензин бағасы туралы айтылмай қалуы екіталай. Себебі, бүгінде бензиннің құбылмалы бағасы кімді де болса алаңдатып отыр. Кешегі брифингте де вице-министрден бензин жайы сұралды. Бұл ретте Ұ.Қарабалин Қазақстан Үкіметі елімізде дизель отыны мен жанармайдың бағасын одан əрі көтеру туралы кəсіпкерлердің ұсынысын қолдамағанын жеткізді. (Соңы 4-бетте).

● Бəрекелді!

Мїмкіндігі шектеулі жандарєа ќуаныш сыйлады

«Егемен Қазақстан».

Мархабат БАЙҒҰТ,

Баспасөз мəслихатында мұнай саласы бойынша Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қара балин баяндады. Оның айтуынша, 2013 жылы мұнай серви сінің жалпы қызметі мен жұмы сының көлемі 1,8 трлн. теңгені құрады. Соның ішінде мұнай сервисі нарығының негізгі сегмент тері құрылыс-монтаж жұмыс тары, бұрғылау, жобалау, инжиниринг, геофизикалық жұмыс тар, ұңғымаға күрделі жөндеу жұмыстары бар. Олардың үлес салмағы 57 пайызға жетіп, 1 трлн. теңгеге жетіп отыр. Ұ.Қарабалин сондай-ақ, заңнамалық тетіктер арқылы жергілікті мазмұнды дамыту өз нəтижелерін бергенін атап өтті. Жер қойнауын пайдаланушылардың

есептеріне сəйкес, қазақстандық өндірушілердің сатып алу үлесін арттыру тренді жалғасып келеді. Табиғи байлықтарды қол данушылардың есебіне сəйкес, қазақстандық тауар өндірушілердің сатып алу үлесі ұлғаюда. Мəселен, ақшалай есептейтін болсақ, 2010 жылғы 681 млрд. теңге, 2013 жылы біржарым трлн.-ға жеткен. Вице-министрдің мəліметінше, қазақстандық компаниялар бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу жұмыс тарында көш бастап тұр. Қалған сегменттер бойынша жағдай өзгеше. Жобалау жұмыстарында Ұлыбритания компаниялары алдыңғы орыннан көрінеді. Ал геофизикалық жұмыстарда америкалық компаниялар үздік. Мұнай сервисіндегі қазақстандық қамту үлесі 61 пайызды құрайды. Мұ най сервисі қызметтерін

Білім ордаларына да тыѕ серпін берді 3-бет Кəсіпкерлер де халыќ жаєдайымен санасуы тиіс 4-бет Абайды оќы, таѕырќа! 5-бет Айшыќты айдын 6-бет

Атыраудаєы ерекше балабаќша

їш тілде оќытып, компьютерге їйретеді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Əр ата-ана баласына балабақ шадан орын табылғанына қуанады. Ал балабақшаға баратын бөбектерді қалай тəрбиелеген жөн? Атырау қаласы əкімдігіне қарасты Жұмыскер елді мекенінде «Бəйтерек» атауы берілген ерекше балабақша ашылды. Ерекшелігі сол, облыс əкімдігі бұл балабақшадағы асхана, жатын бөлмелері мен музыка, спорт залдарын қажетті бұйымдармен жабдықтаумен шектелмей, бөбектер үшін

компьютер сыныбын да сыйға тартты. Əдетте балабақшаларда компьютерлік сынып болмаушы еді. Ал 280 балаға арналған «Бəйтерекке» келетін бөбектер компьютер сыныбындағы осы заманның озық техникасы – ноутбукте жұмыс жасауға бейімделе бастайды. Сөйтіп, бұл балабақшада қазақ тілімен бірге орыс жəне ағылшын тілдері де қоса оқытылады. Атырау облысы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17092014 by Egemen - Issuu