17102013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№233 (28172) 17 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Талап төмендемеуге тиіс 2-бет Кешегің – бар, бүгінің – нар, Ақжайық 4-5-беттер Жасампаздық шақырымдары 9-бет Алматы төрінде – әлем боксы! 10-бет

Кґрме эскизі маќўлданды

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жəне оны өткізу мəселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров жəне «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға бүкілəлемдік көрме өтетін алаң ретінде таңдау түскен кезден бастап бір жылдай уақыт өткенін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі не дайындық барысын қарап, тіркеу мəліметін əзірлеп, өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мəселелерді шешкен жөн екенін айтты. Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаржылан ды рудың өзге көздерін, соның ішінде корпоративтік қатысушыларды – əлемдік деңгейдегі компанияларды тартудың маңыздылығын, мұның көрмеге дайындық жасау жөніндегі жұмыстың

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметіне; Бектас Абдыханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

ХРОНИКА

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Əбдіразақұлы Мəмидің өкілеттігі тоқтатылды; Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды.

негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс екенін атап өтті. Бұған қоса, Қазақстан Президенті дəл осы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа жоғары технологиялық əзірлемелер таныстырылымын өткізу қажеттігіне тоқталды. – Мен бірінші күннен көрмені өткізуде ысырапқа жол берілмеуін айтып келемін. Осы орайда салынған барлық инфрақұрылымның көрмеден кейін де пайдаға асуы маңызды мəселе болып қала бермек. Көрме еліміздің əр азаматына қолжетімді болып, оны аралап шығуларына мүмкіндік жасалуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы интернеттегі, əлеуметтік ресурстар мен БАҚ-тардағы тиімді жəне шығын аз жұмсалатын жарнама есебінен алға қойған міндетті орындауда ақпараттық-имидждік жұмысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы 2013 жылғы 16 қазан

№ 268-V ПС,

Астана, Парламент Сенаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасын сайлау туралы

Ќўрбан айт мерекесімен ќўттыќтады Сейсенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Əзірет Сұлтан» мешітінде болып, қазақстандықтарды, исі мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Алла үйіне келген Нұрсұлтан Назарбаев осынау қасиетті күнді бүкіл мұсылман əлемі атап өтетінін жеткізе келе, ұлт пен ұлысты біріктіретін ұлық мейрамның маңызына тоқталды. «Бүгін барлық мұсылман үшін маңызды күн – Құрбан айт мерекесі. Бұл мейрамды мұсылман əлемі, дүние жүзіндегі 1,5 миллиард мұсылман жұртшылығы үлкен құрметпен атап өтуде. Қазақстанда біз бұл күнді өзге де діни сенімдегілердің мерекесі сияқты атап өтеміз. Халықтың бірлігінің, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында біздің еліміз табысты түрде дамып келеді. Тəуелсіздік

кезеңінде халқымыз өзінің тарихи діні – ислам дініне қайта оралды, бұл бізді қуантады. Бүгінде күллі еліміз бойынша 3 мыңнан астам мешіт бар. Біз Қазақстандағы ең үлкен мешітті Астанада салдық. Осының барлығы елге деген қамқорлық, мұсылмандарға деген қамқорлық, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті қазақстандықтардың елдегі бейбітшілік пен тыныштық, бақ-береке мен бірлік тілеген барлық дұғасының қабыл болуын тіледі. «Бүгін құрбандық шалып, мұсылмандар таза, адал ниеттерімен еліміз бен халқымызға ізгілік пен бақыт тілейді. Елімізді береке мен

бірлікке шақырады. Сол тілектің барлығы орындалсын. Мұсылманның шалған құрбандығы мен дұға-тілегі қабыл болып, Алланың құлағына шалынсын. Алла тағала бізге тыныштық жəне көпұлтты əрі көпконфессиялы халқымызға бірлік берсін. Қазақтарды, мұсылмандарды, халықтың барлығын Алла бірліктен ешуақытта ажыратпасын. Сонда біз еліміздің барша азаматтарының игілігі үшін Қазақстанды одан əрі өркендете беретін боламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Құрбан айт мерекесімен тағы да құттықтап, əр шаңыраққа жақсылық, береке-бірлік, бейбіт өмір жəне игілік тіледі.

Кез келген таєайындау ел алдында тўрєан міндеттерге байланысты

Қазақстан Республикасы Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулы етеді: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайлансын. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қ.ИЩАНОВ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы 2013 жылғы 16 қазан

№ 266-V ПС,

Астана, Парламент Сенаты

Қ.Ə.Мəми туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына жəне 82-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулы етеді: Қайрат Əбдіразақұлы Мəми Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне сайлансын. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қ.ИЩАНОВ.

Жоєары сенімге ризашылыќ білдірді

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Парламент Сенатының отырысында жоғарғы палатаның экс-төрағасы Қайрат Мəми Елбасының жоғары сеніміне ризашылығын білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қай қызметте жүрсем де сеніміңізді ақтауға уəде беремін. Жоғарғы Соттың Төрағалық қызметі мен үшін таныс дүние. Соңғы кездерде сот жүйе сі не алаңдаушылық білдіріп жүргеніңізді білемін. Сот билігінің беделін көтеруге өзімнің əріптестеріммен

жүзеге асыруда жаңашыл қадамдар қажеттігіне назар аударды. Кеңес барысында ПремьерМинистр көрмеге дайындық Мемлекет басшысының тапсырмасына жəне Ұлттық жоспарға сəйкес жүргізіліп жатқанын баяндады, сондай-ақ барлық аталған мəселе Үкімет пен Ұлттық комиссияның ұдайы бақылауында екеніне тоқталды. Қоршаған ортаны қорғау министрі көрменің жалпы аумағы 173 гектар болатынын жəне онда əртүрлі инфрақұрылымдық нысандар орналасатынын баяндады. Бұған қоса, көрменің аумағы Астананың орнықты энергетиканы дамыту жөнінде көшбасшы болуына мүмкіндік беретін үшінші индустриялық революцияны іс жүзіне асыратын əлемдегі бірінші ауданға айналмақ. Кеңес соңында Мемлекет басшысы Adrian Smath + Gordon Gill Architecture компаниясы əзірлеген көрме кешенінің архитектуралық эскизін мақұлдады.

бірлесе отырып, барлық жинаған тəжірибемді, күш-жігерімді жұмсаймын деп сендіремін. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, соңғы екі жарым жыл ішінде Өзіңіздің ұсынуыңызбен Сенат Төрағасы қызметін атқардым. Бұл қызмет менің бұрынғы

атқарған жұмыстарымнан өзгеше əрі ауқымды. Осы лауазымда мен өмірлік, халықаралық, саяси қызмет мектебінен өтіп, тəжірибе жинақтадым деп ойлаймын. Ол үшін əріптестеріме, аппарат қызметкерлеріне бірлесіп істеген қызметтері үшін ризашылығымды білдіремін. Сенат депутаттары – еліміздің қадірлі азаматтары, өз Отанының патриоттары жəне Өзіңіздің сенімді өкілдеріңіз. Жаңа Сенат Төрағасына жəне əріптестеріме заң шығарушылық қызметінде жаңа табыстар тілеймін», – деді Қ.Мəми.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Орал Мұхамеджановтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Орал Байғонысұлының іскерлік жəне ұйымдастырушылық қабілетімен жастай көзге түсіп, басқару органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарып, мол тəжірибе жинақтағаны атап өтілген. «Қазақстан тəуелсіздік алған алғашқы күннен Президент Əкімшілігінде жəне Үкімет аппаратында бөлімдер басқарып, Парламент Мəжілісінің депутаты, кейін палата Төрағасы бола жүріп, өзінің мол білімі мен бүкіл қажыр-қайратын туған елімізді көркейтуге,

оның құқықтық-заңнамалық базасын қалыптастырып, нығайтуға жұмсады. Қай қызметте жүрсе де ақжарқын мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен əріптестерінің арасында əрдайым зор абырой мен беделге ие болды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев О.Мұхамеджановтың есімін жəне оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесін халқымыз ұмытпайтынын атап өткен.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының отырысына қатысып, Парламент Сенаты Төрағасының жəне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кандидатураларын ұсынды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттегі кез келген тағайындаудың ел алдында тұрған міндеттерге байланысты болатынын атап өтті. Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінің барысында Қ.Мəмидің

кандидатурасын Жоғарғы Сот Төрағасы қызметіне ұсынды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Төрағасы қызметіне сайлау жөнінде ұсыныс енгізді. Сенат депутаттарының жасырын дауыс беру қорытындысы бо йынша Қ.Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы қызметіне сайланды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық ұсынысын қолдағаны үшін депутаттарға алғысын айтты. – Сенат – еліміз халқының жəне Мемлекет басшысының

Атќарылар іс ауќымды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қ.Бишімбаев даму институттарының қаржылық жағдайының диагностикасы нəтижелері мен холдинг стратегиясы туралы баяндап берді. Нұрсұлтан Назарбаев холдинг алдында еліміздің даму институттарының қызметін реттеу жəне жүйелендіру, сондай-ақ олар тарапынан бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті. Қ.Бишімбаев диагностика даму институттары қызметінің елеулі əлеуеті бар екенін көрсеткенін айтты. «Бəйтерек» холдингін құру мемлекетке қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, холдингтің еншілес ұйымдарының

ішкі резервтері еліміздің экономикасына 4 миллиард доллар көлемінде қосымша қаражат салуды қамтамасыз етуге қабілетті. Мемлекет басшысы холдинг басқармасының төрағасына шағын жəне орта бизнесті қолдауға, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға, инвестиция тартуға, сондайақ даму институт тары қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды. «Қа зақ станның Тұрғын үй-жи нақ банкі» АҚ-ында тəртіп орнату, банк басшыларының «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алған пəтерлерді қайтаруын қамтамасыз ету жəне оларды баспананы қажет ететіндер арасында қайта бөлу туралы арнайы бөлек тапсырма берілді.

сенімді тірегі. Өткен жылдар ішінде біз көптеген міндетті бірлесе отырып шештік. Бүгінде алдымызда аса өршіл жəне маңызды мақсаттар тұр. Өздеріңіз білетіндей, біздің негізгі міндетіміз – «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жəне əлемнің ең дамыған 30 елі нің қатарына қосылу. Барша қазақстандықтар осы идеяны іске асырудың төңірегінде топтасуға тиіс. Сонда біз алға қойған міндет терге қол жеткіземіз. Егер біз күш-жігерімізді біріктіретін болсақ, онда еліміздің алдында алынбайтын асу болмайды, – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Б.Бекназаровтың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалғанын мəлім етті. Отырыс соңында жаңадан тағайындалған басшылар Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыстарын айтып, алдарына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күшжігерін салуға ұмтылатындарына сендірді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі 17 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен кеңес өтеді. Іс-шарада «А» басқарушы кор пусына өткі зілген іріктеу қорытындысы шығарылып, меритократия, ашықтық жəне қоғамға есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметті одан əрі жаңғырту жөнінде тапсырма беріледі. 18 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Съезд барысында партияның жаңа Саяси доктринасы талқыланып, қабылданады, сондайақ «Нұр Отанның» «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы бірінші кезектегі міндеттері қаралатын болады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.