17102014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жаѕєыру Таєылымды таєзым

3-бет 5-бет

Алаштыѕ тўлєалары тўтќа болєан шаѕыраќ 6-бет Аќсулыќтар əлемді таѕєалдырды 12-бет

№203 (28426) 17 ҚАЗАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ќўрлыќтаєы ынтымаќтастыќтыѕ маѕызы зор

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италия Республикасына жұмыс сапары басталды. Онда Елбасы «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитінің пленарлық сессиясына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы «Қаржылық жəне экономикалық ынты мақтастықты Еуропа мен Азияның кеңейіп келе жатқан өзара байланыстары арқылы дамыту» тақырыбына арналған пленарлық сессияда сөз сөйледі. Қазақстан Президенті қазіргі қауіптер мен сын-қатерлерге лайықты жауап іздеу міндеті Еуропа мен Азия мемлекеттерін біріктірілген күн тəртібін қарастыруға мəжбүрлеп отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысты еңсерудің ең тиімді жолы ретінде Еуразиялық өңірдің ықпалдастық əлеуетін ашуды атады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы құрлықтағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Қазақстан Президентінің пікірінше, халықаралық ынтымақтастықтың парадигмасын өзгерту қажет, бұл протекционистік кедергілерді жою мəселесінде

нақты іс-əрекеттерге көшуді, нарықтарды ашып, өзара сауданы ұлғайтуды білдіреді. Мемлекет басшысы тағы бір бағыт ретінде жаһандық қаржы архитектурасының трансформациясын, қаржы секторындағы теңгерімсіздікті еңсеруді, халықаралық капитал қозғалысын реттеудің тиімді моделін əзірлеуді атады. Қазақстан Президенті жаңа қаржылық дəнекер көпірлердің қажеттігін айтты жəне бұл орайда өңірлік қаржы орталығы – Алматының үлкен əлеуетке ие екенін атап өтті. Тұтас өңірді дамытудың тағы бір негізгі шарты көлік-транзит

инфрақұрылымын нығайту, соның ішінде Еуропаның Азияға қысқа əрі қауіпсіз жолын қамтамасыз ететін Ұлы жібек жолын жаңғырту болып саналады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев заманауи технологиялар мен энергетикалық ресурстарға қолжетімділіктің маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Еуропа мен Азия үшін тұрақты түрде энергетикалық ресурстар жеткізуші ретінде энергетикалық бағдарларды одан əрі əртараптандыруды күшейтуге күш салуда. Өңірдің орнықты дамуы үшін Еуразиялық экономикалық одақ негізгі буынына айналатын жалпықұрылықтық

Германия канцлерімен кездесті

инфрақұрылым қалыптастыру басым маңызға ие болып саналады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Азия мен Еу ропаға бір-бірін қайта тани түсу, өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет болып отырғанын атап өтті. Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы экономика жəне қаржы саласындағы халықаралық ісқимылдарды үйлестірудің платформасына айналуы мүмкін. Соңында Нұрсұлтан На зарбаев Қазақстан «Азия-Еуропа» форумының толыққанды мүшесі ретінде үнқатысу мен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге əзір екенін айтты.

Халыќаралыќ мəселелер сґз болды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында инвестиция, энергетика, сауда-экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мəселелері қарастырылды. Сондай-ақ, халықаралық күн тəртібінің өзекті тұстары да талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде: 5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «- Қазақстан Республикасының Президенті,

Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Миланда Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Қылышбайұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметінен босатылды.

Жаѕа директорды таныстырды Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директорды таныстырды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Е.Қарин əр жылдары Маңғыстау облысы əкімінің кеңесшісі, Қа зақ стан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі жəне «Нұр Отан» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарды.

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция жəне басқа салалардағы өзара іс-қимылды одан əрі нығайту мəселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар өңірлік жəне

халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мəселелері жөнінде пікір алмасты. -----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќазаќ этноауылы Париждегі «Пале Рояль» алаѕында орын тебеді Үстіміздегі жылғы 31 қазан - 3 қараша аралығында Франция астанасы Парижде Астана қаласының күндері өтеді, деп хабарлайды қала əкімі аппаратының баспасөз қызметі. Тарихта халықаралық көрмені алғашқылардың бірі болып өткізген мемлекет ретінде Франция Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мен ұйымдастыру бойынша өзінің тəжірибесімен бөліспек. Елордалық мамандардан құралған делегация Францияға жұмыс сапары барысында Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізудегі француз əріптестерінің тəжірибесін зерделейтін болады. Бүгінде қос мемлекеттің арасында фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатудың жаңа мүмкіндіктері туып отыр. Көптеген француз компаниялары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау жəне ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысуда. Франция мамандары экологиялық таза көлік, энергия жүйесін ұйымдастыру, құрылыс жəне қалалық экожүйе салаларында, соның ішінде сумен қамту, қалдықтарды өңдеу,

қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша техникалық шешімдер ұсынады. Ауқымды іс-шара аясында «Пале Рояль» алаңында бірегей жоба – қазақ этноауылы көпшілік назарына ұсынылады. Онда атабабамыздың мəдениеті мен көшпелілердің тұрмысы көрсетілмек. Бұл жерде көшпелілер өркениетімен танысып, бабалар тарихын, олардың сол кездегі тұрмыс-тіршілігін сезінуге болады. Париж алаңында шығыс базары үлгісіндегі жəрмеңкеде киіз үйлер тігіліп, ішінде əшекейлер, былғары мен ағаштан жасалған бұйымдар, қолөнершілердің жасаған кəдесыйлары сатылады. (Соңы 2-бетте).

Тїркі Академиясын ќўру туралы келісімді ратификациялау туралы 2012 жылғы 23 тамызда Бішкекте жасалған Түркі Академиясын құру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қазан. №241-V ҚРЗ

АҚПАРАТТАР аєыны

● Үстіміздегі жылдың қаңтары мен тамызы аралығында елімізде халық саны 169,7 мың адамға, яғни 1 пайызға өсті. Статистика комитетінің төрағасы Əлихан Смайылов 1 қыркүйектегі жағ дай бойынша, еліміздегі халық саны 17 млн. 330,5 мың адамды құрады деп мəлімдеді. Соның ішінде қалалықтар – 9 млн. 560,3 мың (55,2 пайыз), ауылдықтар – 7 млн. 770,2 мың адам. ● «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-тың құны 2,6 млрд. теңге тұратын 3 компания сы сатылды. «Самұрық-Қа зы на» АҚ-тың деректерінде көрсетілгендей, бұған дейін аталмыш қорға қарасты құрылымдар тобынан жалпы құны 836 млн. теңгеге бағаланған 6 компания жаңа қожайындарын тапқан. ● Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы 55 млрд.

Қазақстан Республикасы Президенті Əкiмшiлiгiнiң Басшысы жəне оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы жəне перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің жалпы басшылығымен жəне Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.». 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қазан. №928

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Біріккен Ўлттар Ўйымы арасындаєы Техникалыќ ынтымаќтастыќтыѕ нысаналы ќоры туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 4 тамызда Нью-Йоркте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қазан. №242-V ҚРЗ

теңгенің 8 меморандумына қол қойды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев жылына 3 млрд. АҚШ долларының азық-түлік тауарларын тұтынатын Алматы қаласын қажетті өнімдермен қамту ісіне қатысу Шығыс Қазақстанға қосымша пайда əкелетінін мəлімдеді. ● Қарағандыда кремний зауыты іске қосылды. Оған 300 адам жұмысқа орна лас ты. «Бəйтерек» ұлттық ба с қа рушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаевтың сөзіне қарағанда, кəсіпорынға «Самұрық-Қазына» қоры қол дау білдірген. Бір жылдан астам уақыт тоқтап тұрған кəсіпорынның өнімі тек экспортқа шығарылады. ● Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауда нында 3 балабақша пайдалануға берілді. Аудан əкімі С.Сапарбаев «Балапан» бағдарламасы аясында ел игілігіне ұсынылған бұл мекемелердің біреуі

облыстық бюджет есе бінен, ал қалғандары жеке кəсіпкерлердің демеушілігімен салынғанын жеткізді. ● Қызылорда облысының елді мекендерін «Денсаулық» пойызы аралап жүр. Бұл мамандандырылған меди ци налық пойыз 18 күн бойы облыс аумағында тегін қызмет көрсетеді. Аталған шара «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ пен Төтенше жағдайлар ко ми те ті тарапынан жүзеге асырылуда. ● Батыс Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға 332 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстық кеңесте белгілі болғандай, өңірде осы бағыт бойынша 150 əлеуметтік жоба қолға алынған. Хабарлар үкіметтік, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері негізінде дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.