Бїгінгі нґмірде:
№199 (28677) 17 ҚАЗАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Заѕ їстемдігі ќамтамасыз етілсін десек... 6-бет Асыл туєан нəсілдіѕ їлгі тўтар ісі бар 7-бет Босќындар тасќыны толастар емес 8-бет Ўлт ўраны – Ўлытау 9-бет
ОРТАЌ МЇДДЕЛЕР ОРАЙЫНДАЄЫ БАСЌОСУЛАР Достастыќќа мїше елдер басшыларыныѕ бір кїнде ґткен екі маѕызды отырысы табысты аяќталды Кеше Бурабайда ТМДға мүше елдер Мемлекеттер басшылары кеңесінің жəне Жоғары Еура зиялық экономикалық кеңестің кезекті отырыстары өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төра ғалығымен өткен ТМД Мемлекеттері басшыларының басқосуында лаңкестік қатерлерге қарсы бірлес кен ісқимылдың, қауіпсіздік пен құқық тəртіп терін қам тамасыз етудің, Достастыққа мүше мемлекеттердің күштік органдары ынтымақтастығының негізгі жайттарын қамтыған тақырыптар талқыланды. Ал Қазақстан, Ресей, Бела русь, Қырғызстан жəне Ар мения президенттерінің қатысуымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында əріптес мемлекеттер арасындағы ықпалдастық үдерістерін дамытуға баса назар аударылды. Бақберген АМАЛБЕК, Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» – Бурабайдан.
Басќосуда 17 мəселе ќаралды
Сəл кейінге шегіне сөйлер бол сақ, өткен жылы Беларусь астанасы Минск қаласында ұйымдастырылған ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында дəл осындай келесі басқосуды Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған еді. Минскідегі алқалы жиында Қазақстан Президенті ТМДны дамытудың жаңа тұжырымдамасын əзірлеуді ұсынғанды. Нақтылай айтқанда, Мемлекет басшысы сол жолы ТМД-ға төрағалық 2015 жылы Қазақстанға өтетініне тоқтала келіп, «Мүмкін мемлекет бас шыларымен кеңесіп, ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасын дайындау жөнінде уағдаласып, одан əрі қалай жұмыс істейтінімізді айқындап алармыз. Бұл құжат ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орай əзірленеді, Қазақстан оны
дайындап, сіздермен кеңесетін болады. Сауда қатынастарын, еркін сауда аймағын дамыту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Біз енді көлік, агроөнеркəсіптік кешен, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш саламыз жəне біздің төрағалық осы мəселелерді, гуманитарлық ынтымақ тас тық саласындағы қауіпсіздік мəселелерін қамтиды», – деп мəлімдеген болатын. Міне, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы айтқан жоғарыдағы сөздері аталған кеңестің биылғы отырысына негіз болды. Сонымен, Бурабайда өткен Тəуелсіз Мемлекеттер Дос тастығына қатысушы Мемлекеттер басшыларының кеңесі алдымен шағын құрамдағы келіссөздермен басталды. Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық еткен жоғары деңгейдегі бұл жиынға Армения Президенті Серж Сар гсян, Беларусь Пре зи денті Алек сандр Лукашенко, Қырғыз стан Президенті Алмазбек Атам баев, Ресей Президенті Вла димир Путин, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев,
Кїн тəртібі наќтыланды
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар назарына «Төрелік туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда ұсынылады. Сонымен қатар, депутаттар мүгедектердің құқықтарын қорғау мəселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды. Мəжіліс депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру жəне даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын жəне орта кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялайды деп межеленуде. Бұл ретте, бірқатар ратификациялық құжаттар жұмысқа қабылданбақ. Олар: Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі келісімінің баптарын, сонымен бірге, көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) жəне өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу жəне электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ. Жалпы отырыстың күн тəртібіне экология бойынша түзетулерге байланысты жұмысты жалғастыру мəселесі де енгізілді.
Тəжікстан Президенті Эмомали Рах мон, Өзбекстан Президенті Ис лам Кəрімов, Түрікменстан
Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлык Сатлыков, Молдова Сыртқы іс тер
Астанада «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясы болып, оның жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова қатысып, сөз сөйледі.
Білімге жўмсалєан ќаржы еселеп ќайтады Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
«Елбасымыздың тікелей қолдауымен өрістеген «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толып отыр. Бағдарлама арқылы қазақстандық жастар əлемнің озық жоғары оқу орындарында білім алды. Ал жыл сайын осындай конференцияға жиналып, өзекті мəселелерді сөз ету дəстүрге айналды. Бəріңізге хош келдіңіздер дей отырып, осы жиынға арнайы қатысып отырған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықоваға конференцияны ашып беріңіз дегім келеді», – деді Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов. Құттықтау сөзінде Гүлшара Əб діқалықова: «Əлемдік өркениетте өзінің мəртебелі орнын белгілеген Қазақстан үшін білім мен ғылымның мəні мен маңызы айрықша. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында бəсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болуымыз үшін біз білім-білігі жоғары елге айналуымыз керектігі нақты көрсетілді. Сондықтан алдағы уақытта отандық экономиканы əрі қарай өркендету үшін жəне еліміздің озық отыздықтың қатарына енуінде білікті де білімді адамдардың алатын орны ерекше екендігі анық. «Болашақ» президенттік бағдарламасы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оны Елбасы тəуелсіз Қазақстан тарихының алтын парағына теңеген болатын. Бағдарлама білім беру жүйесінің жоғары мойындалған локомотиві бола отырып, Қазақстанға жоғары білікті мамандар дайындаудың əлемдік жүйесіне қосылып, еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік кеңістігінде əлемдік технология лар трансферін құруға мүмкіндік берді», – деген Гүлшара Əбдіқалықова бүгінге дейін 8 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланғанын атап өтті.
(Соңы 4-бетте).
жəне еуропалық интеграция министрінің орынбасары Андрей Галбур қатысты.
Басқосуды ашқан Қазақстан Президенті, ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің
Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға арнайы атбасын бұрып келгендері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол Беларусь басшысы Александр Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Алдымен барлығымыз əріптесіміз əрі досымыз Александр Григорьевич Лукашенконы президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оған зор денсаулық пен табыстар тілегеніміз дұрыс деп ойлаймын. Сіздің басшылығыңызбен Беларусь барлық бағыттағы біздердің интеграциялық үдерістерді одан əрі нығайта береді деп сенемін», – деді Қазақстан басшысы. Сондай-ақ, ол 4 қазанда Қырғызстанда парламенттік сайлаудың табысты өткеніне қатысты Алмазбек Атамбаевқа жылы лебізін білдірді. «Бұл – ерекше оқиға. Өйткені, Қырғызстанда көптеген жылдан бері сайлау алғаш рет тыныш өтті жəне халық бейбіт мемлекетте өмір сүруді қалайтындығын кезекті мəрте өз даналығымен көрсетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Жалғасы 2-бетте).
Индустрия игілігі
Алєашќы отандыќ рельс шыєарылды Биылғы жылы 16 қазанда Ақтөбе рельс арқалығы зауыты (АРАЗ) алғашқы отандық рельс өнімдері прокатын шығарды. Бұл бірегей кəсіпорын – Мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша салынған ТМД аума ғында теңдесі жоқ зауыт. Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қатысуымен болған жалпы ұлттық телекөпір аясында Ақтөбе рельс арқалығы зауытының бірінші кезегі іске қосылған болатын. Зауыт құрылысы мен оның өндірістік желісі қысқа мерзімде салынды. Бүгінгі таңда кəсіпорын дайын өнімдерді шығаруды бастады. Салтанатты іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин, «Siemens S.p.a» компаниясының бас директоры Джузеппе Феррарио, Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев, Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев, Қырғызстан Көлік жəне коммуникация
министрі Арғынбек Малабаев, «Əзербайжан темір жолдары» ЖШС төрағасы Джавид Гурбанов қатысып, сөз сөйледі. Ша ра ға қатысушылар қатарында Парламент депутаттары, ТМД жəне
Балтық жағалауы елдері теміржол əкімшіліктері мен те мір жол өнімдерін шығаратын кəсіпорындардың өкілдері болды. (Соңы 9-бетте).