18032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Тарих толќынындаєы сəтті атау 2-бет АКМЕЌОЄАМ – ізгілік мекені 3-бет Ўяѕ ўлаєат 6-бет Кґктем аруы 12-бет

№52 (28276) 18 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Елбасы ќабылдады

 Өнер Апта соңында «Astana Ballet» екі күн қатарынан оңтүстік астанада шабытпен өнер көрсетті. Ұлттық өнердің айдынына қосылғанына көп бола қоймаған қарлығаш қанат ансамбль болашақта əлемге қазақтың атын танытып, болмысын паш етеді, би тілімен əсемдікке көзқарасымызды жарнамалайды деген игі тілекпен тұсауын кескен. Мəдениеттің Меккесіндей Алматыда жас ұжымның арнайы концертін ұйымдастырудың да нышандық мəні бар. Өнердің қай жанрының да қара -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ, халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды. Қ.Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық Банктің

жалпы халықаралық резервтері 26 млрд. долларға дейін, яғни 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады. Жалпы, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға

өсіп, 97,6 млрд. долларға жетті. Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев əлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау жəне мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Сенат отырысыныѕ кїн тəртібі белгіленді

қарау жоспарланды. Бюрода Мəжілісте мақұл данған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетіне 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркəсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу жəне олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тəртібі ту ралы үкіметаралық

Ассамблея шеңберінде бірқатар парламенттік шаралармен бірге, «Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125 жылдығы: ПОА-ға мүше парламенттердің бейбітшілік пен демократияны нығайту бойынша міндеттемелерін қуаттау» тақырыбында пікірталас өткізу жоспарланған.

хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Сондайақ, осы комитет Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Төтенше жағдайлар жəне дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасына бас комитет болып белгіленді. Одан басқа, бюрода Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттау мəселесі де қаралды.

Пікірталас аясында кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі. Қазақстандық парламентшілердің Женевадағы жұмыс бағдарламалары өте тығыз. Мəселен, Н.Нығматулиннің ПОА-дағы шетел парламенттері делегацияларының басшыларымен, атап айтқан да, Ауғанстан Волеси Жырғасы төрағасы А.Р.Ибрагимимен, Пəкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясының төрағасы С.А.Садикпен, сондайақ, Швейцария Ұлттық Жиналысының төрағасы Р.Люстенбергермен жəне Федералды Жиналыс Кантондар кеңесінің төрағасы Х.Германмен екіжақты кездесулері қарастырылған.

Сала ќызметін əлі де ширата тїсу ќажет

Мəжілісте палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кезекті Үкімет сағаты «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы жұмысының қорытындылары жəне 2014 жылға арналған міндеттері» деген тақырыпта өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту басты міндеттің бірі екенін атап көрсетті. Мұнда қарапайым адамның əлеуметтік көңіл-күйін басты назарда ұстау қажет екені белгілі. Жəне ол бізді басты мақсатқа

жетелейтін маңызды индикатор болуы тиіс. Сондықтан, халықтың күнделікті өміріне қажетті жылу, энергия, су мəселесі, жолаушылар тасымалдау, байланыс жəне басқа да қызметтер үшін тарифтер белгілеу мəселелері əрқашан депутаттардың назарында, деген вицеспикер сөз кезегін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановқа берді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

шаңырақтары қоныс тепкен оңтүстік астананың ақ батасын алып, сахна майталмандарының ұсыныс-тілектеріне құлақ түріп,

байырғы мектептерден тағлым алып барып əлемдік айдынға құлаш ұру – «Astana Ballet» би тобының басты мақсаттарының бірі. Айтпақшы, ақпан айында ғана Алматыда «Астана Опера»

театрының алғашқы гастролі табысты аяқталған болатын. Араға ай салып бұл қалаға «Astana Вallet» келіп жатқанда, осы ұжымды алдында аталған ұжыммен шатастырып жүргендерді жиі кез дес тірдік. Сондықтан да, өнер

Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді запасқа шығару жəне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сəуір-маусымында жəне қазан-желтоқсанында мерзімді əскери қызметке кезекті шақыру туралы

Ассамблея жўмысына ќатысуда Кеше Швейцарияның Женева қаласында Парламентаралық Одақтың 130-ші Ассамблеясы өз жұмысын бастады. Ол 20 наурызға дейін созылады. Аталған Ассамблеяға Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық делегация да қатысуда.

«Astana Ballet» – Алматыда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Бюро мүшелері палатаның 20 наурызда болатын отырысының күн тəртібін қарады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Отырыста Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді; Ең төменгі жалақыны белгілеу ресімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция); Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы заң жобаларын; «Азаматтық қорғау туралы» жəне азаматтық қорғау мəселелері бойынша ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда, заңнамаға ішкі істер органдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда

Ќимыл поэзиясы

«Егемен-ақпарат».

Агенттік инфрақұрылымдық реттеуші ретінде 1186 табиғи монополия субъектісіне реттеу функциясын жəне 182 доминантқа қатысты баға белгілеу функциясын жүзеге асырады. 2013 жылы тарифтерді қарау жұмысының нəтижелері мынадай: - табиғи монополиялар субъектілері ұсынған барлығы 1 073 өті нім қаралды, 406 өтінімнен бас тартылды, олардың 29 тарифі төмендетілді; - доминант субъектілер тарифтерді көтеруге 129 хабарлама берді, 55 хабарлама бойынша бағаларды көтеруге тыйым салынды, оның ішінде 22 тариф төмендетілді. Тарифтер заңнама талаптарына сəйкес бекітіледі, деді сөзінің басында агенттік төрағасы. (Соңы 2-бетте).

«Əскери қызмет жəне əскери қыз метшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаулы етемін: 1. Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілер 2014 жылдың сəуір-маусы мында жəне қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын. 2. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер-азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2014 жылдың сəуірмаусымында жəне қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді əскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті əскери басқару органдары арқылы 2014 жылдың сəуір-маусымында жəне қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді əскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын жəне қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді əскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне əскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді жəне мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген əскери қызметшілерді босатуды қаржылай жəне материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. 5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 14 наурыз. №768

 Наурыз нақыштары

Тоєыз кїн тойланады Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Өткен жылы Оңтүстік Наурыз мейрамын тоғыз күн бойы ерекше жағдайда атап өткен болатын. Əр күнге атау беріліп, ұйымдастырылған тəрбиелік іс-шаралар жалпыхалықтық мерекенің мəнмазмұнын ашуға сүбелі үлес қосты. Облыстың бұл игі бастамасын республикалық бұқаралық ақпарат құралдары дұрыс түсініп, игі тірлікті жан-жақтан қолдап жатты. Тіпті, Парламент Сенатының депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысының бұл бастамасын бүкіл ел аумағында үлгі ету керектігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. (Соңы 12-бетте).

сапарына шыққан «Astana Вallet» хореографиялық ұжымын Аста надағы Опера жəне балет театрының балет труппасымен шатастырмау қажет. Бұл дербес ұжым əу баста əлемдік би өнерінің айдынына қазақтың қимыл поэмасын кіріктіріп жəне осы арқылы ұлттық өнердің келбетін жасау үшін құрылған кəсіпқой бишілердің тобы. Илегендері бір өнердің пұшпағы болса да, имиджі бөлек ансамбль. (Соңы 5-бетте).

Сенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшы сының 2013 жылғы 11 қазанда жəне 2014 жылғы 14 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Тапсырмалардыѕ орындалуы ойдаєыдай

Атап айтқанда, Президенттің мемле кеттің қатысуымен жұ мыс істейтін кəсіпорындарды жекеменшік секторға беру үшін тізімін анықтау, геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын дайындау, «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына енетін, компаниялардың өндіріспен тікелей айналысатын жұмысшыларының еңбекақысын көтеру жəне басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша мəселелер қаралды. Сондай-ақ, халықаралық «Қазақстан Жібек Жолы» деңгейінде көлік-ло гистикалық жүйе құру, «Кендірлі» курортын одан əрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу жəне жаңғырмалы табиғи ресурстарды пайдалану саласында отандық ғылымды дамытуға қолдау көрсету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. «Тұтастай алғанда, Президент тапсырмаларын орындау жақсы жүріп жатыр. Бірінші басшылар бұл мəселелерді айрықша назарда ұстауы керек. Біз мем лекеттік органдардың есептерін тұрақты түрде тыңдайтын боламыз», деп түйіндеді кеңесті Серік Ахметов.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.