Бїгінгі нґмірде:
№51 (28529) 18 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ќос ќорєа ќамќорлыќ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мем лекеттік тілді дамыту қоры ның директоры Азат Шəуеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы əлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың əрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде ал ған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтты. – Бұл қаражат, əрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мəні – бір-бірімізге, əсіресе, балаларға көмектесу, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа ұшыраған балаларға көмек көрсету тəрізді маңызды əлеуметтік бағыттағы жұмыспен ай налысатынын, бұл істе оған бүкіл қоғамның қолдауы қажет екенін айтты. – Сіздердің бұл істі қолға алуларыңыз мейірім үлгісін көрсетеді, балаларды құтқаруға қаражатын бөле алатын азаматтарымыздың назарын аударады. Бұған қоса біз аурулардың пайда болу себептерін іздеумен де айналысып, олардың алдын алуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, мемлекеттік тілді дамыту ел болашағы үшін маңызды мəнге ие екенін атап өтті. – Бұл мəселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұ мыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа əдістерін ілгерілету маңызды,
Сенаторлар алдында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз алды. Министр сыртқы саясаттағы ең маңызды мəселелер дің бірі еліміздің 20172018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуі екенін ерекше атады. Бұл тұрғыдан келгенде Парла мент палаталарының депутаттары еліміз кандидатурасын алға жылжытуда маңызды рөл ат қарып келеді. Əсіресе, жақында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың НьюЙоркке жасаған сапары тек БҰҰ тарапынан қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі ымыраны ғана емес, толықтай алғанда, халықаралық аренада Қа зақстанның сыртқы
– деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қоғамдық бірлестіктер жұмысының əлеуметтік тұрақтылық үшін айрықша маңызы бар екенін, ол мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін атап өтті. – Қоғамның əл-ауқаты неғұрлым жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге соғұрлым көбірек көмектесетін болады. Қазақстанның балалары ата-анасы бола тұрып, балалар үйінде тəрбиеленбейтіндей, ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне түспейтіндей жағдай жасау маңызды. Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты энтузиаст жандар елдің табысты дамуы мен оның болашағы үшін өте қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы А.Саин мен А.Шəуеевке атқарып отырған қызметтері үшін алғыс білдіріп, оларға табыс тіледі. А.Саин мемлекеттің халықтың əлеуметтік жағынан əлсіз топтарына көмек көрсетіп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтты. Мемлекет басшысына А.Шəуеев өзі басқаратын қордың қызметі туралы баяндай отырып, қазақ тілін дамытудағы мемлекеттік қолдаудың айрықша мəнін атап өтті. – Біздің қор қазіргі заманғы мүмкіндіктерді, соның ішінде Интернетті пайдалана отырып,
халыққа мемлекеттік тілді тегін үйретумен айналысады. Бұл ел азаматтарына ғана емес, шетелдерде тұратын отандастарымызға да қатысты. Біздің www.soyle.kz порталымызды бір жылда шамамен 300 мың адам пайдаланды. Осы ресурс арқылы күн сайын тіл үйренушілердің саны 20 мыңнан асады. Балаларға арналған жеке веб-ресурс жасалды. Оны жұмыс істей бастаған үш ай ішінде күн сайын 5-6 мың өскелең ұрпақ өкілі кіріп көреді. Біз күн сайын балабақша жəне балалар үйлерімен, мектептермен, жоғары оқу орындарымен тікелей жұмыс істейміз, – деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры. «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры – Қазақ станда емделмейтін, ауыр науқас балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Балаларға өмір сыйла», «Жетімдерсіз Қазақ стан» жəне «Аутизмді жеңеміз!» қайырымдылық шараларының бастамашысы жəне ұйымдастырушысы. Мемлекеттік тілді дамыту қоры Елбасының бастамасымен 2008 жылдың қыркүйегінде құрылған. Қазақ тілін республика аумағында жəне одан тысқары жерлерде ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастамаларды ынталандыру, соның ішінде жобаларға демеушілік жасау арқылы қолдау қордың негізгі міндетіне жатады.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
саясатын жүзеге асыруға салмақты үлес қосқан. Қазіргі таңда министрлік тарапынан «2016-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы парламенттік дипломатияны дамытудың жол картасы» жобасы əзірленуде екенін тілге тиек еткен Е.Ыдырысов жақын арада бұл құжат Сенат пен Мəжіліске жолданарынан хабардар ете кетті. Сондай-ақ, министр Еуропалық одақ, ТМД, Азия мен Америка елдерінің парламенттерімен өзара ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бірлескен жемісті жұмыс жүргізіліп жатқанына, орталықазиялық интеграцияны тереңдету бойынша парламентаралық байланыстарды кеңейту қажеттігіне назар аудартты. Əлемнің парламентаралық бірлестіктерімен
саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бағытында парламенттік дипломатия қолдана берілетіні де алға тартылды. Отырыс барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық шарттар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның орындалуы барысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, еліміз тəуелсіздік алғаннан бергі уақытта 3528 халықаралық шарт жасаса, жыл сайын олардың саны артып келеді. Бұл орайда аталған заңдық құжатқа Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін жоғалтуына жəне ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, Қазақстан Республикасының мүддесіне қайшы келетін халықаралық шарттарды жасауға жол бермейтін қағидат енгізіліп отыр.
Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Ильдар Катеновтің жəне «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Юлия Кучинскаяның қатысуымен брифинг өтті. «Егемен Қазақстан».
И.Катенов өз сөзінде 26 сəуірде Қазақстан өмірінде айрықша
оқиға өтетінін тілге тиек ете келе, тəуелсіздік алған жылдардан бері елімізде бірнеше мəрте сайлау науқаны болғанын жеткізді. «Тəуел сіздік алған жылдардан
Қапелімде қайрат көрсетуге шамасы жетпей, көз алдындағы адамның жанына араша түсе алмай пұшайман күй кешетін кездері болады. Дəрігерлер бəрін біліп, сезіп тұр. Бірақ қолы байлаулы. Қажетті құрал-жабдық жоқ. Жалаң қолмен шыбын жаны шырқырап жатқан кісіні қалай құтқармақ?! Міне, осы сəтте, ертегідегі қауырсынын тұтатып жіберсең қасыңнан табылатын самұрық құс секілді, санитарлық авиация қызметі жетеді. Түкпірдегі ауылдан қалаға жеткізіп, бес қаруы сай, өз ісінің білгірі болған мамандардың қолына тапсырады. Осылайша, талай адамның тағдырына араласып, жер басып тірі жүруіне тікелей көмектесіп келеді. Бір кездері санавиацияның жұмысы тоқтап қалды. «Тұрымтай тұсына, балапан басына кеткен» заманда оны ойлауға да шаманың жетпегені анық еді. Дегенмен, ел еңсесін жиып, етекжеңін жапқаннан соң аталған сала қайта жанданды. Құрылымы қайта жасақталды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізінің салынуына байланысты 2011 жылы республикадағы алты аймаққа тікұшақ берілді. Өйткені, күрежолдың бойында түрлі апаттар мен тағы да басқа тосын оқиғалар орын алған жағдайда қанатына ақ халатты абзал жандарды қондырып, тез арада медициналық көмек беруі керек. Осы мақсатты орындау үшін республикалық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Сол жылдың өзінде 69 адамға көмек көрсетілген екен. Бұл – осыншама əулеттің көзіне жас толып, қайғыдан қасірет шекпеуіне ықпал етті деген сөз. Бір ғана былтырғы жылдың ішінде қызылордалық
бері Қазақстанда бірнеше мəрте сайлау өткізілді. Əр сайлау сайын осы үдеріске қатысушылардың саяси мəдениетінің артқаны аңғарылады. Еркін жəне ашық сайлау – қоғамда демократияны нығайтудың кепілі. Сайлау – əр азаматтың негізгі құқығы, оны пайдалану арқылы мемлекеттің бұдан арғы даму бағытын айқындауға болады. Бұл жағдайда, азаматтың сайлау науқанынан тыс қалмауы тиіс», деді И.Катенов.
санавиация қызметі 119 рет аспанға көтерілген. Аймақтың əр түкпіріндегі науқастарды орталыққа жеткізіп, ем-домын, дəрігерлік көмегін мезетінде алуға жағдай жасаған. Жедел жəрдем көлігімен жүргенді көтере алмайтын сырқаттар үшін мұның қаншалықты пайдалы болғаны айтпаса да түсінікті шығар. Кейде адамдарды Қызылорда қаласының өзінде емдей алмайтын жағдайлар болады. Мұндай сəтте Астана, Алматы мен Шымкенттегі белді медициналық мекемелердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Санитарлық авиация қызметі оларды да қажетті жеріне жеткізеді. Əрине, Ан-2 ұшағымен, я болмаса Ми-17 тікұшағымен адамдарды өзге аймаққа апара алмайсыз. Сондықтан рейстік ұшақтарға ақысын төлеп, қасына медициналық қызметкерін қосып беріп, сəт-сапар тілеп қалады. Мысалы, былтыр Астанаға – 30, Алматыға – 19, Шымкентке 6 науқас жіберілген. Олардың
Қазақстан РеспубликасыОрталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 11/24 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сəйкес 2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1947 жылы туған, қазақ, Көкшетау қаласында тұратын, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Оќырман назарына!
Оймақтай ой Адам жақсыны арман етсе, өмірде бəрі де жақсы болмақ. Максим ГОРЬКИЙ.
(Соңы 4-бетте).
Əлеуметтік зерттеу жїргізіледі
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
Кґк аспандаєы кґмек «Егемен Қазақстан».
Еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасы аясында халықаралық шарттарды əзірлеу қалай жүзеге асырылуда? Міне, осы мəселемен жан-жақты танысу үшін кеше Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің депутаттары Сыртқы істер министрлігінде болды. «Егемен Қазақстан».
● Жасампаздық жемістері
Ержан БАЙТІЛЕС,
Кездесу келелі мəселелерге ќўрылды
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
Азаматтыќ парызєа адалдыќ танытайыќ 2-бет Жўмыссыздыќ па, ќўлыќсыздыќ па? 4-бет Сыздатќанда саєыныш жан-жїректі 5-бет «Герольд Бельгер кім?» 6-бет
Бүгінде 500-ден астам үкіметтік емес ұйымның басын біріктіретін «Қазақстан азаматтық Альянсы» мемлекет қызметіне баға беріп, түрлі əлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Біз үшін алдағы ел Президентінің сайлауын бағалау маңызды. Қазақстанның азаматтық Альянсы 2012 жылы Парламенттің Мəжілісі мен мəслихат депутаттары сайлауында сайлауалды электоралды науқанын бақылауда тəжірибесі бар. (Соңы 4-бетте).
Заман талабына орай жаңар ған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
арасындағы 28-і жас балалар екен. Жалпы алғанда, бір жылдың ішінде санавиация қызметкерлері 174 адамға көмек қолын созыпты. Мемлекет үшін əрбір адамның өмірі мен тағдыры
АҚПАРАТТАР аєыны ● Агроөнеркəсіптік кешен субъектілерін сауықтыру басты назарда тұр. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің айтуынша, сауықтыру бағдарламасын қаржы ландыру сомасын 300 млрд. теңгеден 500 млрд. теңгеге арттыру жоспарланған. Оның 13 млрд. теңгесі мал шаруашылығын қолдауға бағытталады. ● Биыл еліміздің агроөнеркəсіптік кешеніне арналған субсидиялар көлемі 157,3 млрд. теңгені құрады. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2,5 трлн. теңгеге жеткен. Бұл – өткен жылдың көрсеткішінен 0,8 пайызға артық. Мемлекетіміз 2014 жылы 12,3 мың тонна ет жəне ет өнімдерін экспорттаған. ● Геологиялық барлауға 3,2 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды. Инвестициялар жəне даму министрi Əсет Исекешев мемлекет есебiнен қаржыландырылатын жұмыстар инвесторларды тарту қиындық тудыратын аз зерттелген аумақтарда жүргiзiлетінін мəлімдеді. ● Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасы өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Компанияның экономика жəне қаржы мəселелері бойынша директорының міндетін атқарушы Зəуреш Төлеубаева мемлекеттік бағдарламаның 6 пайыздық көрсеткішпен берген несиесі кəсіпорынның дамуына үлкен септігін тигізгенін жеткізді. ● Қарағанды облысында деректерді өңдеу орталығы іске қосылды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оған өңірдегі мемлекеттік органдар серверлік құрылғысын орналастыра алады. Орталық «Ақпараттық Қазақстан-2020» жəне ҮИИД бағдарламалары аясында жүзеге асырылған. ● Оңтүстік Қазақстанда
қымбат. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтау жолында ешқандай шығынға қарамастан, мұндай сауапты жұмысты жалғастыра бермек. Қызылорда облысы.
құрылыс заттарын өндіретін кəсіпорындар 40-қа жетті. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, Шымкенттің жаңа орталығынан 1,5 мың гектар жер бөлініп, онда əкімшілік ғимарат, «Көрме орта лығы», «Түркістан» сарайы, облыстық драма театр, «Əдеп-ғұрып жəне салт-дəстүр» орталығы, «Тарихи өлкетану мұражайы» жəне «Отырар» кітапханасы сынды мəдени нысандар бой көтерген. Олар дың құрылысына қажетті материалдардың басым бөлігін жергілікті кəсіпорындар өндірген. ● Қызылордада газ құю стансасын ашуға қолдау көрсетіледі. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметінің дерегінше, стансаларды құру мақсатында «Сбербанк» АҚ арқылы несие рəсімдеуге болады. Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 900 млн. теңгеге жуық 16 бизнес жоба мақұлданған. ● Қостанайлық шаруаларға көктемгі егіске байланысты 6,8 млрд. теңге беріледі. Аймақ басшысының орынбасары Базыл Жақыпов таратқан мəлімет бойынша, көрсетілген қаржының 3 млрд. теңгесі облыс қазынасына түскен. Соның арқасында жетіспей жатқан 114 мың тонна бидай тұқымы сатып алынған. ● Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе-Бөдене» фермасы құс санын 10 мыңға жеткізді. Осыдан 3 жыл бұрын мұнда небəрі 150 бөдене болған. Кəсіпорында күніне 5 мың дана жұмыртқа жиналады. Жергілікті мейрамхана, дəмханалардан тапсырыс көп. Құстың санын тағы да бірнеше есе көбейту ферманың жоспарында тұр. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» сайтының деректері бойынша дайындалды.