18042014

Page 1

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАЌ Бүгін Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.

№75 (28299) 18 СƏУІР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Анттыѕ əр сґзі зор жауапкершілік

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Алматы ќаласыныѕ шекарасын ґзгерту туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы жəне алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 16 сəуір. №798

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Д.Ю.Тенді «Ќўрмет» орденімен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Юрьевич Тен «Құрмет» орденімен наградталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 сəуір. №800

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды.

***

Саяси мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында ант берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан халқы мен Президентіне Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ə.Садықұлов, бірқатар

Үкімет мүшелері мен облыс əкімдері салтанатты түрде ант берді. Мемлекет басшысы берілген анттың əр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. – «Қазақстан-2050» Стратегиясы жəне əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет

Кґп мəселе парламентаралыќ ынтымаќтастыќќа байланысты

Кеше Қазақстан парламентшілерінің делегациясы Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жəне ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан» – Санкт-Петербургтен (Ресей).

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей жəне Беларусь парламенттік делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Ресей Федерациясы

Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы, ТМД ПАА Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуде екі елдің заң шығару органдары жоғары палаталарының арасындағы ауқымды өзара іс-қимыл, сондайақ, Украинадағы жағдаймен бірге басқа да өзекті мəселелер талқыланды. (Соңы 2-бетте).

алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің əрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, əрбір өңір тұрғындарының əл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау

болмақ. Егер əркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Таєаттылыќ – таѕдауымыз Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген мəжілісі болып өтті. Бұл – бүгін болатын ҚХА ХХІ сессияның алдындағы ең үлкен мəжіліс. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Оның жұмысын Ассамблея Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Өзінің кіріспе сөзінде ол Мəжіліске Парламент депутаттары,

Астана жəне Алматы қалалары мен облыстар əкімдері, этномəдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА аймақтық хатшылығының басшылары, ми нистрліктер мен ведомстволар өкіл дері қатысып отырғанын атап өтті. (Соңы 3-бетте).

Мемлекет басшысының Өкімімен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 17 сəуір

№365

Астана, Үкімет Үйі

Демалыс кїндерін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау жəне 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күндері: 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан – 2014 жылғы жұма 2 мамырға; 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан – 2014 жылғы бейсенбі 8 мамырға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кəсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 жəне 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К.МƏСІМОВ.

Бизнесті ќолдауєа арналєан миллиардтар «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен 13 отандық банк арасында келісімге қол қойылды, оған сəйкес Ұлттық қордан бөлінген триллион теңгенің 100 миллиарды шағын жəне орта бизнесті қолдауға жұмсалады. Екінші деңгейлі банктер ақшалай траншты 6 айда игеріп болуы тиіс. Бұл орайда əңгіме жаңа жобаларды ғана емес, сонымен бірге, ескілерді сауықтыру жөнінде де болып отыр. Жобаларды таңдауда тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарына негізгі басымдық берілуі тиіс. Банктер ақшалай қаржыны «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «Даму» қорынан 20 жыл мерзімге алады. Банктер болса, осы ақшалай қаржыны алған соң жылдық 6 пайызбен 10 жыл мерзімге несиелер береді. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-8-беттерден оқисыздар.

Мəселені оған қатысушылар былайша түсіндіреді: Қуандық БИШИМБАЕВ, «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы хол дин гі» АҚ-тың басқарма төрағасы: – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстанның Ұлттық қорының ресурстары отан дық өнеркəсіпті, əсіресе, тамақ жəне сусындар өндірісіне, сондай-ақ тігін, металлургия саласы фармацевтика жəне басқаларды қолдауға бағытталады. Президент Ұлттық қор қаржылары ұзақ жəне жеткілікті дəрежеде арзан болуы тиіс деген міндет қойды. «Бəйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымы «Даму» қорына

өңдеу өнеркəсібіндегі жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын жəне орта бизнесті дамытуға бөлінген 100 миллиард теңгенің 50 миллиард теңгесі жаңа жобаларға, оның ішінде 25 миллиарды тамақ өнімдерін өндіруге бағытталады. Қалған бөлігі, яғни 50 миллиард теңге олардың одан əрі табысты өндірістік қызметпен айналысуы үшін қазіргі заемшыларды қайта қаржыландыруға жұмсалмақ. Кəсіпкерлер бұл қаржыны қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктерден жылдық 6 пайызбен 10 жыл мерзімге ала алады. Бұл біздің елімізде де, ТМД елдерінде де болып көрмеген өте тиімді жағдайлар. Отандық 13 банкпен келісімге қол қою – бұл Мемлекет басшысының экономикаға шұғыл көмек көрсету жəне оның 6-7 пайыз деңгейіндегі жылдық өсімін

қамта масыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам. Бұл бүтіндей алғанда, инвестициялық қызметті ынталандырып, түпкі нəтижеде Қазақстанның əлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лəззат ИБРАГИМОВА, «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың басқарма төрайымы: – Банктерге осы бағдарлама шеңберінде қандай да бір комиссиялар, айыппұлдар, өсімпұлдар алуға тыйым салынады жəне бұлар Ұлттық қор ресурсы болғандықтан олар отандық өнеркəсіпті – тамақ, тігін, металлургия, машина жасау салаларына қолдау көрсетуге бағытталады. «Даму» шағын жəне орта бизнес өкілдері несиені қарастыру барысында артық комиссия төлемеуі үшін барлық процедура ларды егжей-тегжейлі қадағалайтын болады. Сондай-ақ, біз банктерді ынталандырып, оларды қоса қаржыландырамыз жəне жобаларға өзге де қосымша ресурстар тартатын боламыз. Мұрат НҰРҒАЗИН, «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: – Бұл бағдарлама бүгінгі күні ШОБ кəсіпорындары үшін уақтылы жəне пайдалы болып отыр, ол

қазіргі жағдайда кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, тауар санын көбейтуге жағдай жасайды. Осындай қолдауы үшін Мемлекет басшысына рахмет. Шухрат САДЫРОВ, «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: – Сбербанк пен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры шағын жəне орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 6 млрд. теңгеге кредиттік келісімге қол қойды. Несиелеу шарттарына сəйкес, банк 6 ай ішінде бөлінген қаржыны өңдеу саласы кəсіпкерлерінің жобаларын қаржыландыруға бағыттайды. Олардың бір бөлігі қазіргі бар заемдарды қайта қаржыландыруға жұмсалмақ. Сбербанк тамақ өнеркəсібін несиелеуге басымдық беруді жоспарлап отыр. Біздің клиенттік базамыз бен ағымдағы қоржынымыз бұл траншты айтарлықтай шапшаң игеруге мүмкіндік береді. Кəсіпкерлер мемлекет қолдауының тиімділігін мүмкіндігінше тезірек сезінуі тиіс. Өз тарапымыздан біз бизнесмендерді өз өтініштерін белсендірек беруге шақырамыз. Біз бұл бағдарламаның ШОБ-тың дамуына жаңа серпін беретініне жəне елдегі кəсіпкерліктің жаңа сапалы деңгейге шығуына жағдай туғызатынына сенімдіміз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
18042014 by Egemen - Issuu