18042015

Page 1

«Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тəңірі берген несібі ғой», деп жырлаған еді ұлы Мағжан. Қазақстан мен Түркия басшыларының қасиетті Түркістандағы кешегі басқосуы тарихи тамырластықтың, дəстүрлі достықтың келісті көрінісіне айналды.

№71 (28549) 18 СƏУІР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

«Тїркістан ер тїріктіѕ бесігі єой»

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назар баев пен Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған

Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді. Екі елдің басшылары түркі дүниесінің рухани орталығы болған шаһарда Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, бабалар рухына тағзым етті. Жігіттің падишасы Əмір Темір салдырған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

– ортағасырлық сəулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Мұнда киіз туылдырықты қазақты өз алдына ел қылған, бас азаттығы үшін жан аямай дұшпанымен алысқан қазақтың 22 ханы мен сұлтаны, биі мен батыр, бағланы мəңгілік дамылдап жатыр. Түрік ағайындар Түркістан біздің ортақ отанымыз, ата-бабаларымыз осы жерде өмір сүрген дегенді мақтанышпен айтады. Айтса айтқандай, Қазақстан өз алдына тəуелсіздік алғанда ең бірінші болып таныған да Түркия-тұғын. Содан бері бауырлас жұрт Қожа Ахмет Ясауи кешенін əлденеше рет күрделі жөндеуден өткізіп берді. Əрі-беріден соң, бүгінгі сəулетті Түркістан үлкен ауыл болып жатқан сонау 1990-жылдардың басында Ясауи атындағы Халықаралық Қазақтүрік университетінің бүгінгі орнына, мидай қу далаға қазық қаққан Қазақстан Президентімен бірге Түрік мемлекетінің сол кездегі Президенті, қазақ халқының үлкен досы, бауыры болған Тұрғыт Өзал еді. Түркістанның əлемге танылуына, мойындалуына түрік ағайындардың сіңірген еңбегі аз болған жоқ.

Елбасы жўмыс сапарымен – Алматыда Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары туралы хабарлады.

Түркия Президенті Қазақстанға келген сапарында: «Түркия мен Қазақстан міндетті түрде əріптестікте жұмыс істеуі керек. Достық қиын кезеңде көрінеді, сондықтан да біз стратегиялық əріптестікке мұқтаж Қазақстандағы бауырларымызбен бірге боламыз», деп мəлімдесе, түбі бір қазақты өзімсінгені деп түсіну керек. Бүгінде кесене мен оның маңындағы археологиялық ескерткіштер «ƏзіретСұлтан» мəдени-тарихи қорық-мұражайы аумағына біріктірілген. Жалпы аумағы 454 га. жерді алып жатқан тарихи кешен үлкен қылует (XII ғ., жерасты мешіті), сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғ.ғ.), Ұлықбектің қызы, Əбілхайыр ханның зайыбы Рабиа Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті, т.б. археологиялық, тарихи, сəулет жəне бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Мұнда бауырлас елдердің басшылары қазақ хандарының тарихынан сыр шертетін экспонаттармен таныcты. Осыдан кейін Қазақстан мен Түркияның басшылары Түркістан шаһарында бой көтерген 2 мың орындық жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты.

Қос ел басшылары мешіт құрылысын жүргізу жөніндегі келісімге 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аясында қол қойған еді. Жалпы аумағы 2 га. алып жатқан мешіттің құрылысы Түрік Республикасы тарапынан қаржыландырылды. Ғибадатхана мұнарасының биіктігі 33 метрді құраса, күмбездің биіктігі – 31 метр. Қазақстан Президенті мен Түркия Президенті мешітке Құран сыйлады. Бауырлас екі елдің басшылары Халықаралық Қазақ-түрік университетінде Қазақстан тарапынан салынатын 500 орындық жатақхана кешені мен Түркия тарапынан салынатын 500 орындық профессорлар офисінің жобалық макеттерімен танысты. Бұл ғимарат 1999 жылы іске қосылып, түрлі мəдени-көпшілік шаралар өткізуге арналған екі көрермен залынан тұрады. Мұнда, сондай-ақ, түркі халықтары тарихының панорамалық музейі, қорында 1 млн. 300 мың дана кітап бар кітапхана, оқырмандарға арналған электронды оқу залы, əн өңдеу студиясы, фото лаборатория, би залы мен асхана қарастырылған. Мəдениет

орталығында студенттерге арналған би, эстрада, көңілді тапқырлар клубы, сəн театры секілді үйірмелер жұмыс жүргізеді. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Мəдениет сарайына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Ердоған кіргенде жиналған қауым тік тұрып құрмет көрсетті. ХҚТУ-дің ректоры Уəлихан Əбдібеков пен өкілетті кеңес төрағасы Осман Хората екі елдің президенттерін құттықтап, университеттің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін рахмет айтты. Алға қойған мақсаттар жайында əңгімеледі. Кездесуде Түркия Президентіне университеттің «Құрметті профессоры» куəлігі табыс етілді. Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған бұл құрметке алғы сын айтып, қайда жүрсе де осы атаққа лайық болатындығын жеткізді. Түркия Президенті тумысында қайратты, түркі дүниесінің жоғын түгендеп, батыл пікірлерімен көрініп жүрген мемлекеттік саясаткер екендігін əлем жұртшылығы біледі. (Соңы 2-бетте).

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІІ СЕССИЯСЫ

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында бірқатар нысандарға бару жоспарланған, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Сүйінші!

Кґк туымыз – Солтїстік полюсте! Қазақстандық үш азамат Солтүстік полюске жетіп, Жер шарының қиыр нүктесіне Қазақстанның Мемлекеттік туын тікті. Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақ География қоғамының мүшелері Бақыт Керімжанов пен Сергей Бодровтың жəне Константин Орловтың есімдері Тəуелсіз еліміздің география ғылымының тарихына айшықты əріптермен жазылатын болды. Олар

Мұзды мұхиттағы Барнео ғылыми стансалық бекетінен шығып, 6 күннің ішінде Солтүстік полюске жетті. Күніне 25 шақырым жол жүрген шаңғышылар, барлығы 150 километр қашықтықты артқа тастап, əлемдік рекорд жасады. Экспедициялық шараның бас ты ұйымдастырушысы – Қа зақ география қоғамы осы ған орай алдағы

жоспарларымен бөлісті. Еліміз Тəуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне қоғам Солтүстік полюсте көптен армандап жүрген қазақ стан дық станса ашпақ ниетте екен. – Ол үшін даталы сол күнге, 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін біздің ерекше дайындықтағы тобымыз Солтүстік полюстің негізгі төрт бөлігінде болуы шарт, – дейді бізбен əңгімесінде Қазақ география қоғамы президиумының төрағасы Нұрлан Əбдуов. Солтүстік полюске басталған жеңісті «шабуылға» барлығы 8 қазақстандық азамат қатысқан еді. Биылғы жылдың 31 наурызында олар Алматыдан Ослоға (Норвегия) ұшып барды. Сол жерде аздап тыныстаған географиялық экспедицияның мүшелері Шпицберген аралын басып өтіп, Барнеодағы негізгі базаға жетіп жығылды. Одан əрі, жоғарыда атап өткендей, Солтүстік полюске бет түзеген болатын. Президиумның тағы бір мүшесі Төлеген Тастанбеков: – Қазақ географиялық қоғамының тарихи бұл жеңісі – Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ата Заңымыздың, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналады, – деді.

«МƏҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» 2015 ЖЫЛҒЫ 23 СƏУІР 

АСТАНА


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.