18/05/2013

Page 1

ЖАҢА... ...тўрєын їй пайдалануєа берілді Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Қызылорда қаласында 50 пəтерлік ипотекалық тұрғын үй ел игілігіне берілді. Солайша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары жаңа пəтерге кірді. Енді Ақмешітте биыл пайдалануға берілетін үйлерді айта кетейік. Биыл қалада жыл соңына дейін 7 арендалық, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында – 3, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде – 3 жəне ипо текалық – 5, барлығы 18 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл – 790 отбасы жаңа пəтерге ие болады деген сөз. Аталған дерек қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаевтың Амангелді жəне Сұлтан Бейбарыс көшелерінің бойында салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарының жұмысымен танысуы барысында мəлім болды. ҚЫЗЫЛОРДА.

... интернатта алаѕсыз оќиды Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Тарбағатай ауданының орталығы – Ақсуат ауылында жақында 100 орындық интернат ашылды. Шалғайдағы ауылдарда тұратын шаруа қожалықтары мүшелерінің балалары енді заманауи үлгідегі, аса жайлы салынған интернатта тұрып, алаңсыз оқу мүмкіндігіне ие болды. Облыс əкімі Б.Сапарбаев интернаттың салтанатты ашылуына қатысып, ғимаратты сапалы етіп салған құрылысшыларға алғысын білдірді. Сол күні өңір басшысы «Сырдария» сауда үйінің ашылуына да қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Жиында сөз алған Тарбағатай ауданының əкімі Ерлан Текешов осыдан үш жыл бұрын тасқын судан зардап шеккен Көкжыра мен Жəнтекей ауылдарында да жаңа ғимараттар салынып жатқанын, биыл «Қарсақбай» спорт кешенінің пайдалануға берілетінін жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы.

№129 (28068) 18 МАМЫР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Өңір өмірі

Кїріш кластерін дамыту ќолєа алынды Қызылорда облысында «Күріш кластерін дамыту» жобасы қолға алынды. Ол үшін арнайы консорциум да құрылмақ. Дегенмен, күріш кластерін дамытудың алғашқы жұмыстары басталып та кетті. «Байқоңыр» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы Жалағаш ауданындағы «Жалағаш элеваторы» ЖШС-не қарасты өндірістік нысанды сатып алды. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Бұл өндірістің қуаты 80 мың тонна күріш ақтауға жетеді. Тоғыз қойманың əрқайсысында 1700 тонна күрішті сақтауға мүмкіндік бар. Жеке кəсіпкерлер арасында қолдан-қолға сатылып келген элеватор ұзақ жылдар бойы толық қуатында жұмыс істемей келген екен. Алып кешен соңғы жылдары 7 мың тоннаға жетер- жетпес күріш ақтағаны соның айғағы болса керек. Осыны негізге алған «Байқоңыр» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы жеке кəсіпкерден сатып алып, оның басқару құзыретін «Агрохолдинг «Байқоңыр» серіктестігіне берді. Аталған серіктестіктің атқарушы директоры Алмас Серекеев шаруа қожалық жетекшілері күрішті

Оєан Еуропаныѕ 10 елі мен АЌШ, Тїркиядан да ґкілдер ќатыспаќшы

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

осы элеватор негізінде күріш кластерінің қалыптастырылатынын жеткізді. Жуық арада шаруа қожалықтары арасындағы жұмыс жүйеленіп, барлық тарап тарға тиімді ұсыныстар жасалады. Ал болашақта элеваторда

Париждегі ќазаќ ќўрылтайы

... автобустар жолєа шыќты Қаладағы жолаушылар тасымалының №3 маршруты бойынша бұған дейін қатынап келген автобустар тозығы жеткен, ескі болатын. Бұл маршруттың жолаушылары негізінен ферроқорытпа зауытының жұмысшылары. Сондықтан зауыт жұмысшылары осы бағытқа жүретін қоғамдық көліктерді жаңалау жөнінде «Автопарк» ЖШС-іне өтініш білдірген-ді. Жақында серіктестік Ресейден «ПАЗ-32054» маркалы 10 жаңа автобус сатып алып, осы бағытқа қосты. – Біздің серіктестік қалада 30 маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайды. Жыл сайын қоғамдық көліктерді жаңғыртуға қыруар қаржы бөлінуде. Егер осы қарқынмен автобустарды жаңартатын болсақ, таяу уақытта қазір пайдаланылып жүрген «Газельдердің» орнын сыйымдылығы орташа жəне жоғары көліктер басады, – дейді «Автопарк» ЖШС директоры Қуаныш Борамбаев. Автобустарды сатып алуға 43 270 мың теңге жұмсалған. Жаңа автобустардың қызметі осы бағытта тұратын тұрғындар үшін де қолайлы болуда.

арзан бағаға өзге дел дал дарға өткізе салмай, осы жерден өнімін сапалы өңдеп, тиімді бағаға сатуына жол ашылады, дейді. Элеватор басында шаруа қожалығы жетекшілерімен кездескен облыс əкімі Қырымбек Көшербаев

Жанболат ƏЛИХАНҰЛЫ (Аупбаев), «Егемен Қазақстан» – Парижден.

Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация Франция астанасы Па рижге келді. Мақсат – Еуро па қазақтарының кіші құрылтайын өткізіп, осының аясында Қазақстаннан барған өнер ұжымдары мен кино саласы мамандарының еңбектерін шетелдегі қандастарымызға көрсетіп, насихаттау жəне

түрлі спорттық шаралар өткізуге ұйытқы болу. Бұл форумға қатысуға Еуропаның 10 елі мен АҚШ, Түркиядан да өкілдер келіп отыр. Қазақстандық делегацияға келер бол сақ, құрамында сенатор, академик Ғарифолла Есім, Мəдениет жəне ақпа рат министрлігі Тіл коми теті нің төрағасы Мақсат Ысқа қов, Білім жəне ғылым министрлігі Философия, саясаттану жəне дінтану институты директорының орынбасары, профессор Серік Нұр мұратов, Ш.Айманов атын дағы «Қазақфильм» ак цио нерлік

қоғамының бас ре дак торы Дидар Амантай, Астана мемлекеттік филармониясының əншісі Алтынай Жо рабаева, күйші Ерген Еркін секілді белгілі адамдар бар бұл топ үш күн бойы Еуро па қазақтары мəдени орталықтары жетекшілерінің басқосуына қатысып, дөңгелек үстел жұмысындағы жанды пікірлердің тууына мұрындық болады. Сондай-ақ, «Ағайын» бағдарламасы бойынша арнайы телехабар дайындауға атсалысып, республика өнер шеберлері өкілдерінің галаконцертін ұйымдастырады.

 Талап жəне тəртіп

Екі басшыныѕ арасында не байланыс бар? Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазір Оңтүстікте екі күннің бірінде елді елең еткізерлік жайттар орын алуда. Алдымен ауыз су мəселесінен бастасақ... Осыдан бір айдай уақыт бұрын облыстық прокуратура өңірдегі «Ақбұлақ» бағдарламасының

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстан саятшылық өнерді ЮНЕСКО-ға төл мұрасы ретінде енгізген 13-ші ел болмақ. Бұл туралы баяндаған еліміздің ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысында мəлімдеген Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қазір мəдени мұраны тізімге енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалып жатқанын айтты.  Ветеринарлық зертханасыз Қазақстан өзінің ішкі нарығын сапасыз ауыл шаруашылығы өнімдерінен қорғай алмайды. Кеше Астанада «Жаһандану жағдайында Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенін экономикалық дамытудың өзекті мəселелері» атты тақырыптағы конференция

орындалуына байланысты тиісті басшыларға ауыр айыптаулар тақты. Тіпті, прокуратура өкілдері таратқан парақшаларда ауылдарға су құбырын тартуда су құрдымға кеткен қаржылар сомасы бірнеше миллиардты құрайтыны нақты көрсетілген еді. Бірақ артынша облыстық энергетика жəне тұрғын үй,

барысында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев осыны айтты.  Ауылдық жерлерге жұмысқа келген мамандар тұрғын үй сатып алуға 8 мыңға жуық несие алды. Бұл мемлекеттік несиелер 15 жылға дейін мерзімге 0,01 пайыздық үстемемен берілуде.  Қазақстанда өзге ұлттың 93 мың баласы қазақ тілінде білім алып жүр. Тəуелсіздік жылдарында қазақ тілді мектептердің саны 1 мыңға көбейіп, 3819ға дейін жетті. Онда барлық оқушылардың 64,5 пайызы білім алады.  Жаңаөзендегі жаңа перзентхана маусым айында іске қосылады. Жұмысы үш жылға созылған, құны 2 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 100 орындық нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы арнайы баспасөз мəслихатын ұйымдастырып, миллиардтарды түгендеп, қалай жұмсалғанын түсіндіріп, кінəліні басқа жақтан іздеді. О баста жер асты су қорларын дұрыс зерттемеуден бүгінде бірнеше ауылға тартылған ауыз су кермек татып кеткен. Қазір ол ауылдарға суды тазартатын қондырғылар орнатылуда. (Соңы 5-бетте).

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелерге павлодарлық 22 кəсіпкер ие болды. Олардың жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайды. Үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданған жобалар жүзеге асса, 300ден астам жұмыс орны құрылады.  Семейде «Қазақстандағы діни экстремизм жəне лаңкестік проблемалары» атты республикалық конференция өтті. Жиында еліміздің белді ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары, саяси партиялар, қоғамдық жəне діни бірлестік өкілдері аталған мəселелерді кеңінен талқылады. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

күрішті ақтап қана қоймай, одан крахмал өндіру ісі де қолға алынбақ. Сонымен бірге, бұл өндірісте бидай тартып, нан өнімдерін шығару да жоспарланып отыр. Қызылорда облысы.

Аттестаттау комиссиясыныѕ алєашќы отырысы

Кеше Мемлекет басшысының «Ақорда» Резиденциясында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қай рат Қожамжаровтың төра ғалығымен Қазақстан Респуб ликасы Прези денті нің жанындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша əскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі Жоғары аттестаттау комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Кезектен тыс аттестаттауға Шекара қызметінің шақыруы бойынша мерзімді қызмет өткеретін əскери қызметшілерді қоспағанда, барлық жеке құрамы кіреді. (Соңы 2-бетте).

Їміткерлерден ўсыныстар ќабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2013 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ, Алғысын алуға үміткерлерден ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлады.

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Əрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің жəне Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді. Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыныс жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады: - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, əкесінің аты, тегі жəне шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ, атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама; - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы; - жарияланымдар мəтіндері немесе аудио жəне (немесе) бейнематериалдар;

- негізгі жарияланымдарының тізімі жəне (немесе) олардың көшірмелері. Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыныс ұсынылады; Конкурсқа мəн-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио жəне (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2012 жылғы 1 маусым мен 2013 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған жəне (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады. Сыйлықтар, гранттар алу ға жəне Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды. Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады. Мемлекет басшысының сыйлықтарын, гранттарын алуға жəне Алғысын жариялауға ұсыныстарды Қоғамдық комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.М.Тəжиннің атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясына 2013 жылғы 18 маусымға дейін жолдау қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кїн тəртібі ќаралды

Мəжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасы қалыптастырылды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың қарауына «Қазақ стан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылатын болды. Сонымен бірге, палатаға «1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақ стан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау

туралы» заң жобасын талқылау да ұсынылады. Депутаттар жалпы отырыста «2013 – 2015 жылдарға арнал ған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды əзірлеу уақытын нақтылау мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру мəселесін де қарастыратын болады.

 Оқыс оқиға

Ўшаќ ўшты да ќайта ќонды Көлік жəне коммуникация ми нистрлігі азаматтық авиация комитеті SCAT авиакомпаниясы ұшағының Ақтау қаласының əуежайына қонуға мəжбүр болғанын расқа шығарды. Мұны министрліктің баспасөз қызметі мəлім етті. «2013 жылғы 14 мамыр күні Ақтау-Баку бағытындағы VSV849 рейсті орындаушы, UP-CJ004 тіркеу нөмірлі CRJ-200 əуе кемесі əуежайдан ұшып шыққаннан кейін, қайтадан оралуға мəжбүр болды», – деп баспасөз қызметі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Б.Сейдахметовтің сөзінен дəйектеме келтірді бейсенбі күні таратылған хабарламасында. Анықталғандай, шамамен 900 метр биіктікке көтерілгеннен кейін, экипаж əуе кемесінің кабина мен салонды желдету жүйесі істемей келе жатқанын байқайды.

«Тиісті процедураларын атқарғаннан кейін, əуе кемесінің ұшуын басқару жөніндегі нұсқауға сəйкес, экипаж ұшып шыққан аэродромға қайта оралуға шешім қабылдады. Қону штаттық режімде 16.56 сағатта

орындалды. Ұшақ тұрақ орнына өз бетінше жетті», – делінген хабарламада. Атап өтілгендей, ұшақта басқалай ақаулықтар болмаған. Дабыл қағылған жоқ. Соған қарамастан, аталмыш рейстің жолаушылары сəрсенбі, 15 мамыр күні сағат 01.45-те Баку əуежайына SCAT компаниясының келесі ұшағы – Як-42 лайнерімен аттандырылған. Сəкен МАЙЛЫБАЙ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
18/05/2013 by Egemen - Issuu