18062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№150 (28089) 18 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Айбын

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Петропавл əскери институты 1997 жылы құрылып, Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жауынгерлік Туды салтанатты жағдайда табыс еткен болатын. Содан бері оның қабырғасынан 2280 түлек жоғары əскери білім алып, қорғаныс құрылымдарында абыроймен еңбек етіп жүр.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жеделхатта ел тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы жəне Х.Руханиге кең қолдау көрсетуі жаңа мемлекет басшысы ұсынған саяси жəне экономикалық бағдарламаларға сенім артуының айқын айғағы болып саналатыны атап өтілген. «Сіздің басшылығыңызбен Иран жаңа даму кезеңіне аяқ басады деген сенімдемін», делінген құттықтауда. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да екі ел халқының игілігі үшін жалғаса беретініне сенім білдірген. «Осы орайлы сəтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, жаңа қызметіңізде табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір жəне бақбереке тілеймін», делінген жеделхатта.

Сенат Тґраєасыныѕ сапары Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Ресей астанасы Мəскеуге келді. Бұл ресми сапар Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенконың шақыруы бойынша жүзеге асып отыр. Мұнда қазақстандық тарап Федерация Кеңесінің Төрайымы Вален тин а Матвиенкомен, Мемлекеттік Думаның Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездеседі. Сондай-ақ осы сапар аясында біздің парламенттік делегация «Ұлы Отан соғысы: тарихи сабақ, ортақ естелік жəне

халықтар бауырластығы» халықаралық конференциясына жəне Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысады. Съезд Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Мəми Мəскеу жəне бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен, Ресей Мүфтилер кеңесінің басшылығымен кездесуі жоспарланған. «Егемен-ақпарат».

ЎБТ їмітті аќтап келеді Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2013 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары туралы есебін жолдады. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Өз есебінде Білім жəне ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биыл оныншы рет өткізіліп отырғанын атап өткен. Осы уақыт ішінде оған 1 миллион 335 мың мектеп бітіруші қатысып, көпшілігі табысты нəтиже көрсетті. Ал 2013 жылы ҰБТ-ға 143 мың мектеп бітірушінің 95 мың 500-і қатысты.

Бұл ретте тестілеудің нəтижелі өткізіліп келе жатқаны айтылған. Егер 2012 жылы ҰБТ-ның орташа балы 70,9-ды құраса, биыл ол 74,5 балға жетті (мүмкін болған 125 балдың). Білім деңгейінің айтарлықтай өсуін қазақ тілінде білім алған мектеп түлектері көрсетті. Олардың орташа балы 2012 жылы 68,2 болса, биыл 72,8 балға жетті. (Соңы 6-бетте).

ОФИЦЕРЛЕР

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Биылғы оқу жылы жас сардарлардың есінде ұзақ сақ тала тыны сөзсіз. Əске ри өмірге жол дама алған түлек тер дің қатарында көршілес Қырғызстаннан – 8, Тəжікстаннан 10 өкіл лейтенант шенін иеленіп, офицер атанды. Сөйтіп, еңселі оқу орны халықаралық əскери кадрлар əзірлеудің ұстаханасына айналды. Салтанатты шараға ІІМ ішкі əскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықов, облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Қырғыз Республикасы ІІМ ішкі əскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Болот Аманалиев, Тəжікстан Республикасы ІІМ ішкі əскерлер қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Музаффар Джабборов, ішкі əскерлер ардагерлері, қоғамдық ұйым, жастар өкілдері, институт бітірушілердің туғантуыстары қатысып, еліміздің əскери құрылымдарына 234 офицерді үкілеп шығарып салудың куəсі болды. Олардың 17-і əскери институтты үздік, 4-і озат кеуде белгісімен аяқтады. Президенттің тікелей тапсырмасымен Қызылжар өңірінде отау тіккен əскери білім ордасы алғашқыда əскери училище ретінде шаңырақ көтерсе, кейін əскери институт мəртебесі берілді. Қазір мұнда болашақ офицерлер 7 мамандық бойынша тəлімтəрбие алады. 7 кафедра, біліктілікті арттыру факультеті жұмыс істейді. Еліміздегі ішкі əс керлердің батальондар құрамындағы офицерлердің 90 пайызын

институт түлектері құрайды. Олардың арасында полк командирі дəре же сіне жеткендері, əскери шен ді кезектен тыс алғандары аз емес. Курсанттар ІІМ аясында ұйымдастырылған түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жүлдегерлері саналады. М. Бірім жанов, Ə.Тыналин, С.Қадырбеков кикбокстен, А.Қырықбай қоян-қолтық ұрыстан, Д.Колесников гір көтеруден əлем чемпионы болды. Р.Жақсылықов, Ішкі істер министрінің, А.Сапаров аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Отанға, елге қалтқысыз адал қызмет етуге шақырды. Институттың саптық алаңында Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан елдері нің тулары салтанатты түрде көтеріліп, көк байрағымыз жел мен жарыса желбірегенде кешегі курсанттардың офицер

атану салтанатын тамашалай келген ата-аналар мен жұртшылық ерекше сезімге бөленді. Оларға ертеңгі ел қорғаны сеніп тапсы рыл ған зор жауапкершілікті іштей сезініп, ақжол, сəт сапар тілесіп жатты. Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан ішкі істер министрлерінің лейтенант шенін беру туралы бұйрықтары

жеткізіліп, оқуды аяқтағаны туралы құжаттар тарту етілді. Сонымен, білікті офицерлердің тағы бір легі ішкі əскерлер, шекара қызметі, республикалық ұлан, «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінде қызмет етуге кəсіби біліктілікпен аттанды. ПЕТРОПАВЛ.

Өркениет құндылықтары 2-бет Отан тарихы туралы ой 4-бет Ақын Сара тұяғы, Қыз ғұмырдың қияғы 5-бет Курортты аймақ қалай дамиды? 7-бет

АҚПАРАТТАР аєыны Соңғы 5 ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында аналар өлім-жітімі 37 пайызға, сəбилер өлімі 16 пайызға төмендеген. Мұндай көрсеткішке медицина қызметкерлерінің кəсіби біліктілігін жетілдіру мен олар қызмет ететін орындардың заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі нəтижесінде қол жетіп отыр. Қарағандылық медицина ғылымдарының докторы Роза Əлімханова туабітті жамбас сүйегі таюын емдеудің жаңа тəсілін ойлап тапты. Соның нəтижесінде алғашқы ем алушы өздігінен жүретін дəрежеге жетті. Ал Роза Əлімханова жақын арада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан облысындағы санитар мамандар масаларды улау жұмысына кірісіп кетті. Өйткені, олардың кейбірі жұқпалы ауруды таратады екен. Жалпы, масалардың көзін жою үшін 3 млн. теңге бөлініпті. Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі жүзуге жəне демалуға арналған 4 мыңнан аса су қоймасын тексеруден өткізді. Сондайақ, жүзу маусымында адамдар өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатымен 58 суқұтқару стансасының жеке құрамын, 22 құтқару бекетін, 7 оңтайлы іздестіру тобын жəне су-құтқару қызметінің 13 апаттық-құтқару отрядын жасақтады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2 шілде мен 7 қыр күйек аралығында №483/484 «Астана – Адлер» халықаралық пойызын қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Оның құрамы 10 купе ден жəне 7 плацкарттан тұрады.

«ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Дерек пен дəйек

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы əскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы 2012 жылғы 27 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы əскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 13 маусым № 103-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 17 маусым

№598

Астана, Үкімет үйі

«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік əкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік əкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1010-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)» деген бағанда: «164,97», «109,98», «109,98», «109,98», деген сандар тиісінше «168,88», «112,59», «112,59», «112,59» деген сандармен ауыстырылсын». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Ќазаќстан Ресейді ќалай басып озды? Александр АУЗАН,

М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы, РФ Президенті жанындағы Экономикалық кеңестің, Əкімшілік реформаларын жүзеге асыру жөніндегі үкіметтік комиссияның мүшесі.

Ресейді əдетте АҚШ-пен жəне Еуропамен салыстырып жатамыз. Бірақ бізді көршіміз Қазақстан басып озған екен. Неліктен Қазақстанның қолынан келеді жəне бізге кімнен үйрену керек? Егер бұл сұрақ бұрын «кім қалай өмір сүріп жатыр» деген мағынадағы қызығарлық жəйттердің бірі болса, енді ол тікелей экономикалық саясат мəселесіне айналып отыр. Ресей, Беларусь жəне Қазақстан арасында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құрылған сəттен бастап, біз өз жетістіктеріміз бен сəтсіздіктерімізді бір-бірімізден бөлек қарастыра алмайтын болдық. Бұл əсер ету тетігін тамыр ішінде жүгірген қанмен салыстыруға болады: егер одақ құрамындағы біреуінде бірнəрсе жақсы жүріп жатса, онда бизнестің өзі солай қарай көшеді. Міне, сондықтан Ресей үшін Стратегия-2020 жаңа нұсқасы əзірленіп жатқан (бизнесті дамыту мен мемлекеттік реттеуге қатысты тараулар жөнінде) осыдан екі жыл бұрын мен жəне менің əріптестерім біздің жетістіктерімізді өз көрсеткіштерімізге қарап емес, Беларусь пен Қазақстанның деңгейіне қарап, өлшеу қажеттігін ескерткен едік. Қазақстан несімен артық? Ең бірінші, іскерлік ахуалды қалыптастыру жағдайымен. Бұл елге кəсіпорындар қызметі үшін неғұрлым қолайлы жағдай

қалыптастырудың сəті түсті. 2009 жылы бизнес жүргізу үшін жағдай деңгейіне байланысты елдердің халықаралық рейтингінде Ресей Федерациясы «өте құрметті» 120шы орынға жайғасқанда, Қазақстан 70-ші орында тұрды. 2013 жылы Қазақстан бұдан да көтеріліп, 49-шы орынды еншіледі. Рас, Ресей де өз жағдайын біршама жақсартып, 112-ші орынға табан тіреді. Алайда, бұл елдер арасындағы айырмашылық бұрын 50 баспалдақты құраса, енді олардың саны 63-ке жетіп отыр. Біздің қолымыздан кел мейтіндей Қазақстанда не бар? Бұл елде кəсіпорынды тіркеу жəне

оны электрмен қамтуға қосу оңай. Бұл елде заңдар инвесторлар құқығын жақсы қорғайды жəне ең маңыздысы, онда салық төлеу де өте оңай (бұл үдеріске мұнда аз ғана уақыт кетеді жəне ол біздегідей бас ауыртып та жатпайды). Бұл жағдайлардың халықтың тұрмыс деңгейіне қаншалықты қатысы бар? Іскерлік ахуалдың жақсаруы жұмыс орындарының санын арттырады, бюджетті салықтармен толтырады. Егер ресейлік немесе беларусьтік кəсіпорынға Қазақстан заңдылықтары бойынша өмір сүрген жеңілірек болса, онда олар салықтарды да өз елдеріне емес, сонда төлейтін болады. Əзірге біздің Ресейдің қолынан оншалықты келмей отырған істер Қазақстанда неліктен жеңілірек

жүзеге асуда? Өйткені, біздің көршіміз мұнай мен газға бай бізге қарағанда қиынырақ өмір сүруде деп айтамыз ба? Жоқ, олай емес. Қазақстан да минералды ресурстармен жақсы қамтылған. Демек, оның Ресеймен жарыса жүгірмеуіне де болар еді. Ендеше оны не нəрсе жүгіртіп тұр? Бұл ретте бір шетелдік жоғары шенді шенеуніктің сөзін келтіре кетсем, артық болмас: «Тас ғасыры тас таусылғандықтан аяқталған жоқ», деген болатын ол. Қазақстан жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа кəсіпорындар ашу секілді істерден бастай отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі стратегияны дұрыс қабылдады. Сондықтан, бұл ел өзінде мұнай мен мыстың қорлары болғанына қарамастан, Ресейге қарағанда əлден əлдеқайда

жылдам қозғалыс үстінде келеді. Оның басты себебі – үйренуге үнемі əзір тұрушылық. Алға басу дегеніміз басқалардың білгенін игеруге деген ұмтылыстан басталатындығы анық. Ресей – білім берудің қуатты дəстүрлері қалыптасқан, интеллектуалдық элитасының деңгейі жоғары ел. Алайда, осыдан екі апта бұрын мен МГУдың Қазақстандағы филиалында болған кезімде мұндағы студенттердің білімге сондай бір ынтызарлықтарын байқадым. Бəлкім олар ресейлік студенттермен салыстырғанда, математика мен физика мəселесінде əлсіздеу болар. Бірақ олардың өз білімдерін өмір нəтижесіне айналдыруға деген ынтасы аса күшті. Біз жуықта үйлестірілген білім бағдарламасын аштық. Бұл бағдарламаға енген оқу орнының студенті шетелдік университеттердің бірлескен дипломын ала алады. Ал енді осы мəселе жөніндегі ұсыныстың қай жақтан келіп түскендігі туралы біздің осы жазғанымызға қарап, сіз дұрыс болжам жасап отырған боларсыз. Иə, біз өзімізді əрдайым ұлы державалармен салыстыруға үйреніп кеткенбіз. Бірақ əрбір жаңа уақыт өзіндік жаңа міндеттерін алға тосуда. Сондықтан бізге ендігі кезекте өз естеліктерімізбен жарысқа түсудің қажеті жоқ, оның орнына экономикадағы нақты қалыптасып келе жатқан жағдаймен жарысайық демекпін. Union-report.ru сайтының материалы бойынша əзірлеген Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.