АҚПАРАТТАР аєыны
№118 (28342) 18 МАУСЫМ СƏРCЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасы ќабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті министрліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, əскердің жауынгерлік дайындығын тексеру жəне əскери доктрина мəселелерін
жүзеге асыру екендігін атап өтті. С.Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы Күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады.
Қорғаныс министрі армияны əрі қарай кəсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркəсібін дамыту шаралары туралы да айтты. Сонымен қатар, С.Ахметов Президентті таяуда Мəскеуде өткен ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Президент поштасынан
Саланы тиімді дамытќаны їшін алєыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Солтүстік Қазақстан облысындағы Жарқайың ауылының тұрғыны Т.Қазиевтен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хат иесі өзінің өмірін ме«Аурудың алдын алу дицина қызметкерлері сақтап мақсатында тұрғындарды жаппай қ а л ғ а н д ы ғ ы н а й т а о т ы р ы п , тексеру бағдарламасына орай, денсаулық сақтау саласының Есіл ауданының Ильинка кентінің тиімді дамып келе жатқаны үшін медицина қызметкерлері бізде алғысын білдірген. дəрігерлік тексеріс жүргізіп, оның
Баршаєа ортаќ ќўндылыќ Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсы бековтің қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы мемлекеттік органдардың жəне ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі ғылыми-сарапшылық жұмысының жаңа міндеттері туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес жұмысына Президент Əкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың басшылары, ғылым жəне шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жиында сөз алған Мемлекеттік хатшы «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жəне Президент Н.Назарбаевтың ҚХА-ның XXI сессиясында берген тапсырмалары аясындағы мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындады. Бұл Кеңестің елдегі бірлікті сақтауға үлес қосып келе жатқанына
тоқталды. «ХХІ ғасыр – ғылымның ғасыры. Бүгінгі заманда барлық жұмысқа ғылыми негіз керек. Ел дамуына қажетті əрбір жобаға сараптама жасалуы тиіс. Соның ішінде, этносаралық қатынасты ғылыми зерттеу – маңызды мəселе. Соңғы жылдары əлемде болып жатқан өзгерістерді білесіздер. Демек, əрбір мемлекет үшін тұрақтылық қажет. Ал татулық бар жерде ел дамиды, экономика өседі. Сондықтан, Елбасы бұл мəселеге ерекше назар аударып келеді. (Соңы 6-бетте).
● Жағымды жаңалық
Бїкілəлемдік биосфералыќ резерваттар жїйесіне енді Таяуда ЮНЕСКО «Адам жəне биосфе ра» бағдарламасының (МАБ) Халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының шешімімен қазақстандық екі табиғи резерватқа «ЮНЕСКО биосфералық резерваты» халықаралық мəртебесі бекітілді. Олар «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағы. Екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ЮНЕСКО Бүкілəлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енгізілген. ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің жəне ҚР ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері
жөніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысықтаудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын жəне Алакөл номинациялары 2012-2013 жылдары ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мəртебесін алды. Бүкілəлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне ену тамаша табиғаттың сақталуына, сондай-ақ, Қазақстанның экономикасы мен туристік əлеуетін дамытуға ықпал жасайды. «Егемен-ақпарат».
барысында менде білінбей жүрген жүрек ауруы бар екенін анықтады. Мені Петропавл қаласына жеткізіп, онда Кардиологиялық орталықтың тəжірибелі дəрігері Д.Тё сəтті ота жасады», – делінген хатта. Соңында хат авторы өзінің сауығып кеткенін, көңіл күйі жақсы екенін айтқан.
Оймақтай ой Көңіл – дария, ой – дауыл. Бернияз КҮЛЕЕВ.
«Нўр Отан» – еліміздегі негізгі ќоєамдыќ кїш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Б.Байбек кездесу барысында Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың жəне «2050» Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыру жұмыстарының нəтижелері туралы баяндады. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы еліміздегі негізгі қоғамдық күш екеніне, оның жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру болып табылатынына тоқталды. – Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев мем лекеттік бағдарламаларды, əсіресе, ин дустриялық-ин но вация лық да му бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың
маңыздылығын атап өтті. – Шетел инвесторлары кеңесінің өткен отырысы кəсіпкерліктің мүдделілігі жоғары екенін көрсетті. Мен елдегі бизнес ахуалды жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді жарияладым. Барлық жерде шағын жəне орта бизнесті қолдап, тұрғындардың бизнесжобалар əзірлеуіне, несиелеу көздерін тауып, салықтық жəне басқа да преференциялар туралы білуіне көмектесу керек. Шағын жəне орта кəсіпорындарды дамыту көптеген жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, партияның осы мəселені өз қолына алғаны жөн, – деді Мемлекет басшысы. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары өз кезегінде тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғаны туралы мəлімдеді. – Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды.
Партиялық бақылау мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Сіздің тап сырмаңызға сəйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Б.Байбек. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Үкімет қызметінің нəтижелерін түсіндіру, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондайақ, еуразиялық экономикалық интеграцияны жүзеге асыру аясындағы жұмыс жөнінде хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы, партия Төрағасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, халықпен тікелей өзара іс-қимыл аясын кеңейту, партияның өзін өзі жан-жақты қамтамасыз етуі жəне оның алдына қойылған өзге де міндеттерді орындауы жөніндегі жұмысты одан əрі күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Назардағы нысан
АРНА
Кґксайдыѕ табанынан су жїретін кїн жаќын Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Ауыл-аймағы негізінен Алатаудың етегін жайлаған Жуалы қыста қары қалың, көктемі кеш шығатын аудан болғанымен жазда күні ағын суға қарап тұр. «Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық» деген, тау топырағы қанша ылғалды болса да көкөніс, жемісжидек егілген алқапқа шілденің ыстығында арқырап аққан су ауадай қажет. Əйтсе де, соңғы екі жылда Жуалы жұртын ағын су мəселесі қатты алаңдатып тұр. Нақтырақ айтсақ, осы ауданды сонау 1964 жылдан бері нуландырып отырған Көксай (Быстроток) каналының бас жағы біздің жерден бастау алғанымен, ортасының 11 шақырымынан астам бөлігі қырдың арғы жағындағы қырғыз ағайындардың аумағы арқылы өтеді. Былтыр айырқалпақты ағайындар ашуға мініп, бау-бақша, егістік нағыз қаталап тұрған шақта арықты жауып тастағанын ақпарат құралдарының бəрі жазды. «Көрші елдің су бермеуіне байланысты 2012-2013 жылдары осы маңдағы шаруалар өте көп қиындық көрді. Су дер кезінде жетпей, өнімділік азайып кетті», дейді осындағы шаруа қожалығының төрағасы Керімқұл Бегалиев.
Арыққа бола ат төбеліндей ағайын араз болып, көршімен өстіп келісе алмай жүргенде аққан су мен еккен егінде береке бола ма? Сондықтан ел Үкіметі өткен жылы Көксай каналының Қырғызстан жағындағы бөлігін жауып, арықты бергі жақтан салуға шешім қабылдаған еді. Дəл қазір ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын осынау құрылыспен «Сұңқар» жəне «Жігер 2004» ЖШС-лер айналысуда. Оған 5 миллиард 800 миллиондай теңге бөлінген. Құрылыс 3 кезең бойынша жүргізіледі. Еріген мұздақтардың суын жинайтын құз ішіндегі басты құрылымның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 1240 метр темір-бетон құбырдың 1 шақырымы салынып қойылды. Төмендегі темір құбырдың 16 шақырымы да дайын. «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Қоңырбай Шəкəрім бұл каналдың секундына 3,5 текше метр су өткізуге лайықталып жасалып жатқанын айтады. Басты мақсат – 1 шілдеге дейін осы канал арқылы Жуалыға су жеткізу. Алайда, биыл көктем жаңбырлы болып, жұмыс едəуір кеш басталыпты. Жарылыс жасап, бұзылуы тиіс тұмсықтағы жұмыс екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Алда-жалда жаңа каналды мерзімінде тапсыру мүмкін болмай жатса, шілдеде суды
ескі арна арқылы беру жолдары қарастырылуда екен. «Бүгінде Көксай арқылы Жуалы ауданының 2,2 мың гектар жеріне су жетеді. Ал жаңа канал іске қосылғанда суармалы аумақ бұдан 5 есеге көбейеді. Бұл, əрине, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен үлес қосады», дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. Қазір құрылыс басындағы 10 бригада, яғни 190 жұмысшы мен 60 техника «Көксайды» мерзімінде пайдалануға беруге бар күштерін салуда. Жамбыл облысы. –––––––––––––– Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.
● 2015 жылы азаматтық қызметшілерге жаңа жүйе бойынша еңбекақы төлеуге қосымша 139,5 млрд. теңге қажет. Келесі жылдың шілдесінен енгізілетін азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі осыны талап етеді. Бұл туралы Парламент Мəжілісінің отырысында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау ми нистрлігінің жауапты хатшы сы Аида Құрманғалиева мəлімдеді. ● Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне 283 млн. еуро жұмсайды. Осыны жеткізген «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев операциялық шығындарға жұмсалғалы отыр ған бұл қаржының толық қайтарылатынын атап өтті. ● Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша кезекке тұрғандар 5424 адамға жетті. Астана қалалық əкімдігінің баспасөз қыз меті хабарлағандай, бұл 2-14 маусым аралығында өткен ресми құжат қабылдау қорытындысында белгілі болды. ● Алматыда екі жаңа метростансаның негізгі жұмыстары атқарылып болды. «Сайран» жəне «Мəс кеу» деп аталатын бұл жерас ты бекеттеріндегі негізгі темір-бетондық құрылыстарын салу жұмыстары толық аяқталып, енді олардағы қазаншұңқырлардың бетін қайта көму жұмыстары басталды. ● Петропавлда студенттер Назарбаев зияткерлік мектебін салуға көмектеседі. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Петропавл колледждерінің 100 студенті химия-биология бағытындағы білім ордасының құрылысына белсене қатысады. Ол 720 орынға, ал жатын корпусы 210 кереуетке есептелген. Құрылыс мерзімі тығыз – нысан жаңа оқу жылының басталуына пайдалануға берілуі тиіс. ● Өскеменде Ресей мен Қазақстанның халықаралық «Көксерке күні» фестивалі өтеді. Биыл 11-ші рет қанат жайғалы отырған шараға «Ресей мəдениет қызметкерлері шығармашылық одағы» қоғамдық бірлестігінің Алтай өлкелік бөлімшесі бастамашы болды. Мереке Еуразия кеңістігіндегі ежелгі сауда жолдарының дəстүрлерін жаңғыртып, екі елдің тату көршілік қатынастарын нығайта түспек. ● Оңтүстік Қазақстандағы Машат шатқалында «Отырар» демалыс лагері ашылды. Бұрын жекенің меншігінде болған Түлкібас ауданындағы бұл нысанды Отырар ауданының əкімдігі ком муналдық меншікке алып, жөндеуден өткізген. Сол лагерь кеше алғашқы 140 баланы қабылдады. «ҚазАқпарат», kaztrk.kz, 24 KZ, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.