18082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №156 (28634) 18 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Наќты тапсырмалар берді

 Еркін елдің ертеңі

«Мектепке жол» акциясы:

ЖАН-ЖАЌТЫ ЌАМЌОРЛЫЌ КҐРСЕТІЛЕДІ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төр аға сы Ахметжан Есімовті қа был дады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өңірде «Балаларға бірлесіп көмектесейік!» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының өтуі жайлы сұрағанымызда облыстық білім басқармасының кəмелеттік жасқа толмағандар, жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Айгүл ОСПАНОВА былай жауап берді:

Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік жүктелетініне назар аударды. Президент қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде жəне сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. А.Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

– Жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам оқушы өз білімдерін одан əрі жалғастырады. Олардың 9 мыңға жуығы тұрмысы төмен жəне көп балалы отбасылардан болса, 700-дейі жетім жəне ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар санатынан. Кешенді жүргізілген рейдтер кезінде ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған ата-аналардың балаларына баса назар аударылып, мектепке барудан бас тартқан 10 оқушы анықталды. Оларды қалталы азаматтар кеңсе тауарларымен, спорт киімдерімен қамтамасыз етті.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Меморандумға қол қою рəсіміне арналған салтанатты отырысты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ашып, жиналғандарды екі компания арасындағы ынтымақтастық байланыстың одан əрі нығаюымен құттықтады. «Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына еліміздегі барлық ұлттық компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істеуі туралы кешенді міндет қойды. Осыған байланысты біз барлық ұлттық компаниялармен ортақ мақсат жолында тығыз ынтымақтастық байланысқа шықтық. «Эйр Астана» Қазақстандағы ең ірі əуе тасымалдаушысы болып табылады.

Бүгінгі меморандум – біздің бұл компаниямен ынтымақтастық аясында жасаған алғашқы шарамыз. Əуе компаниясының көмегімен біз ЭКСПО-2017 сынды ірі ұлттық жобаны бүкіл əлемде ілгерілетуге мүмкіндік аламыз», – деді Ахметжан Есімов өзінің кіріспе сөзінде. «Біз «Эйр Астана» ұшақтарының борттарында «ЭКСПО-2017» логотипін орналасты рып, əуе компаниясының басшы лығымен халықаралық көрмені насихаттауға арналған бірлескен жоспарымызды əзірледік. Екі компания арасындағы бұл ынтымақтастық Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық сахнадағы имиджіне жемісті ықпал етеді. Сонымен бірге, осы ынтымақтастық аясында

«Эйр Астана» компаниясының əуе кемелерімен Қазақстанға келген тұлғаларға жəне əуе компаниясының транзиттік жолаушыларына 2017 жылғы көрмеге тегін билеттер ұсынылатын болады», – деп атап көрсетті өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы. Өз кезегінде «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-пен жасалып отырған бұл ынтымақтастық меморандумы əуе тасымалдаушысының халықаралық алаңда беделінің артуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. «Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болғандықтан, энергетика саласындағы инновациялық шешімдерге жəне бұл жобалардың қоршаған ортаға тигізетін əсеріне басты назар аударылатын болады. Біздің компанияда қоршаған ортаны барынша қорғауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Дəл осы себепті біз жақында Парижде өткен көрмеде NEO тобына жататын Airbus А320 ұшағын сатып алуға

ниетті екенімізді мəлімдедік. Бұл ұшақтардың қозғалтқышы ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 15 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Біздің компаниямызда NEO лайнерлерін енгізу 2016 жылы басталады. Жаһандық ауқымда ерекше маңызды оқиғалардың бірі ретіндегі ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық қызу қарқынмен жүр гізілуде. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақ тарға «Эйр Астана» əуе қақпасының айқара ашылар сəтін асыға күтудеміз», – деді Питер Фостер. Салтанатты рəсімде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком паниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жəне «Эйр Астана» əуе компаниясының президенті Питер Фостер екі компания арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Осы меморандум аясында expo2017astana.com веб-сайтында автоматтандырылған брондау жүйесін енгізу жəне екі компания бірлесіп PR-науқанды өткізу мəселелерін белгілеу жоспарланып отыр.

(Соңы 2-бетте).

Жазєы каникул жайма-шуаќ ґтті

«Эйр Астана» – ЭКСПО-2017-ніѕ ресми əуе тасымалдаушысы Кеше «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен «Эйр Астана» АҚ өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасасты. Осы меморандум аясында «Эйр Астана» компаниясының əуе кемелері ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми əуе тасымалдаушысы» деген эксклюзивті мəртебеге ие болды.

Əр аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың саны белгіленіп, шаруашылықтарға бекітіліп берілді. Бірінші қыркүйекке дейін 4500 оқушыға жергілікті қазына, 7600 оқушыға бюджеттен тыс кіріс есебінен 50 миллион теңгенің көмегін беру жоспарланған. Облыс əкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың жетекшілігімен өткен ұйымдастыру комитетінің таяудағы мəжілісінде қосымша шешімдер қабылданып, ауылдық жерлерге ерекше көңіл бөлу міндеттері жүктелді.

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдары басшыларының «Балалардың жазғы демалысын жəне сауықтыруды ұйымдастыру жəне олармен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды қамту» мен жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балалардың мектепке дайындығы мəселесі бойынша брифинг өтті. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лəззат Сүлеймен баспасөз өкілдеріне отбасылардың жəне балалардың

құқықтары мен мүдделерін қорғау саласы бойынша мем лекеттік саясаттың негізгі артықшылықтарын іске асыру бойынша қолға алынған Ұлттық комиссияның қызметімен таныстырды. (Соңы 2-бетте).

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

 Мемлекеттік мəселе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 12 тамыз

№640

Астана, Үкімет Үйі

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында: 6-тармақта: бірінші бөлік мынадай

редак цияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары жəне облыстар əкімдерінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ден саулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі конкурстың

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті композитор, Қазақстанның халық əртісі Базарбай Жұманиязовтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы ауыр қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтты. Қазақстан Президенті қазақ өнерінің көрнекті өкілі Б.Жұманиязов отандық кəсіби музыка

ұйымдастырушылары болып табылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Конкурс Қазақстан Рес публикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жəрдемдесуімен өткізіледі.»; 14,15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) əкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді.

(Соңы 2-бетте).

саласының дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. «Оның асқақ рухты «Махамбет» операсы, көптеген симфония-поэмалары, əсем əндері мен романстары ұлттық рухани қазынамызды байытып, мəдениетіміздің алтын қорынан лайықты орын алды. Б.Жұманиязов тəуелсіз еліміздің өнерін өркендету жолында да талмай еңбек етті», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев дара дарын иесінің өнегелі өмірі, жарқын бейнесі, биік талғамнан туған музыкалық туындылары халық жүрегі мен жадында мəңгі қалатынын атап көрсетті.

Ќазаќстанныѕ атом энергетикасы:

ЌАЗБА УРАННАН АЭС-КЕ ДЕЙІНГІ ТОЛЫЌ ЦИКЛ Бақытжан ЖАҚСАЛИЕВ,

Энергетика вице-министрі.

Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 жəне одан кейінгі екі жылда əлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондайақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет» екендігін атап өткен. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын – дамудың ауқымды бағдарламасын əзірлеп, іске асыруда. Бұл экономикалық саясат контрциклдық сипатқа ие жəне отандық экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады.

 Қазақстан Сауд Арабиясымен қажыларды тасымалдау бойынша келісімге келді. Инвестициялар жəне даму министрлігінің мəліметінше, енді FlyNas авиакомпаниясы қазақстандық қажыларды тасымалдау үшін «Алматы – Жидда – Алматы» жəне «Ал маты – Мəдина – Алматы» бағытындағы арнайы рейстер əзірлемек. Жалпы, аталған компания барлық 4005 қазақстандық қажыны Сауд Арабиясына тасымалдайтын болады.  Ақмола облысында «Острогорский» ЖШС жұмыс шыларына 28,7 млн. теңге қарызын өтейтін болды. Жергілікті прокуратураның араласуымен енді аталған серіктестік қызметкерлерінің бірнеше ай бойы бермей келген жалақыларын толық төлеуге кірісті. Қазіргі таңда компания жұмысшылардың есеп-шотына қаржы аудару шараларын қарастыруда.  Жыл басынан бері Астанадағы өнеркəсіп өнімінің көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады. Қала əкімдігі хабарлағандай, аймақта кəсіпкерлік саласы ерекше қарқын алған. Атап айтқанда, өңдеу өнеркəсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия мен ағаштан жəне тоздан жасалған бұйымдарда байқалады.  Оңтүстік Қазақстанда күркетауық жемін өндіру қолға алды. Ауылшаруашылық бағытындағы «Ордабасықұс» серіктестігі құрама жем дайындайтын зауытты толық жаңғыртудан өткізіп, балапандар жейтін түйіршік жемдерді өздері шығара бастады. Өнеркəсіп жылына 35 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Атырау облысында 3 жылда ауыл шаруашылығына 22 млрд. теңге бағытталды. Осының нəтижесінде аймақта агроөнеркəсіп саласы қарқын алып, көптеген инвестициялық жоба жүзеге асты. Облыста жылына 54 млн. дана жұмыртқа, шамамен 65 мың тонна картоп пен көкөніс шығаратын өндірістік кооперативтер жұмыс істей бастады.  Батыс Қазақстан облысына республикалық бюджеттен шағын несие үшін 465,7 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кəсібін дөңгелетемін дегендерге арналған. Айта кетейік, биылғы бірінші жартыжылдықта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы оралдықтарға 135,9 млн. теңгенің 68 шағын несиесі берілді.  Қостанайда ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық малдың қиынан электр қуатын өндіре бастады. Шаруа қожалық мамандары биогаз қондырғысы арқылы органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің нəтижесінде жылына 3 млн. киловатт электр қуатын өндіруге қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, инновациялық жоба аясында шаруашылық өндірген ток көзін сатуға да шығарған.

Əлемдік атом энергетикасының дамуы өз бастауын КСРО-да 1954 жылы Обнинск қаласында қуа ты небəрі 5 МВт болатын əлем дегі алғашқы атом электр стансасын пайдалануға қосудан

алады. ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа мен Американың дамыған елдерінде, сондай-ақ, Жапонияда АЭС құрылысы қарқынды дами бастады. Соңғы екі ғасырдың аралығында

əлемдегі жұмыс істеп тұрған атом блоктарының саны бірнеше жүзге жетті, бұл ретте кейбір елдерде атом энергиясының электр энергиясын өндірудің жалпы теңгеріміндегі үлесі едəуірге өсті, мысалы, Францияда – 75%-ға жуық. 2013 жылы əлемнің барлық АЭС-терінде 2359 тераваттсағат (ТВт/сағ) электр энергиясы өндірілді, бұл əлемдік электргенерация көлемінің 11%-ға жуығын құрайды. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.