18092013

Page 1

№214 (28153) 18 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

«Нұрсұлтан Назарбаев бұл жеті тірекке ең қиын кезеңде – Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында сүйенді. Оларды таңдауға жас мемлекеттің беріктігінің əлеуеті жəне оның бұдан арғы бүкіл тағдыры байланысты болды». («Назарбаевтың жеті тірегі»).

 Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне – 10 жыл «Үшінші мыңжылдықтың басындағы күрделі кезеңде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің игі бастамаларын əлемдік қоғамдастық қолдады. Өткен съездер дүниенің «өркениеттер қақтығысының» тұңғиығына құламауына əжептəуір ықпал етті». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.

Кґреген идея – жасампаз форум Қайрат МƏМИ,

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы.

Бейбітшілік жəне келісім сарайыныѕ тарихы Астананың 15 жылдығына орай телеарналардан көрсетілген елорданың ғимараттары туралы деректі фильмде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пирамида пішінінде тұрғызылған Бейбітшілік жəне келісім сарайының салыну тарихына тоқталып өтеді. Табан шаршысының əр қабырғасы жəне жалпы биіктігі 62 метр болатын ғимараттың құрылысы 2006 жылы қыркүйек айында аяқталып,

Əлемдік жəне дəстүрлі діндер жетекшілерінің екінші басқосуына келген меймандарға өз есігін айқара ашқан еді. Елбасы осы сəулет жəдігерін суреттей отырып былай деді: «Пирамиданың табаны кең, бұл адам баласының бала күнінде арманшыл кезі, бүкіл əлемді танып-білуге ұмтылысы іспетті. Пирамида өсе келе жіңішкере түседі, бұл да адамның есейе келе өзіне тек қажетті дүниелерді ғана алатынына ұқсайды. Ал өз ғұмырының ұшында пирамиданың ұшы сияқты көк аспанмен астасады». Жоғарыда аталған деректі фильмде Елбасы Үндістанды үш ғасыр билеген Ұлы моғолдар мемлекетінің шаһиншаһы (патшасы) Əкбарды есіне алады. Иə, тегі ортаазиялық, XVI ғасырда өмір сүрген осы ел билеушісі қол астындағы көп дінді, көп тілді қоғам мүшелерінің өзара

жарасымда тіршілік еткенін қалаған еді. Сол үшін 1575 жылы ғибадатхана салып, мұсылман, индуизм, буддизм, зороастризм, жаинизм жəне тағы басқа діндер мен діни ағымдардың беделді өкілдерінің басын тоқайластырған болатын. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Астанада дүниеге келіп, дамыды. Дəстүрлі діндердің көрнекті өкілдерінің басын қосатын Бейбітшілік жəне келісім сарайы елордада өзінің ерекше келбетімен көзге түсетін сəулет ғимаратына жəне де Съездің символына айналды. Жалпы алып қарағанда, елорданың айшықты архитектурасы ел дамуының философиясынан, бағыт-бағдарынан сыр шертеді. Тарихи өлшеммен алғанда күрмеуге келмейтін қысқа уақыт ішінде Еуразия төрінен көз қарықтырарлықтай ару да əсем қала бой көтерді. Мұнда көк аспанмен тілдескен зəулім ғимараттармен жəне мəдениет, білім орындарымен қатар, түрлі дін дердің ғибадатханалары да орналасқан. (Соңы 2-бетте).

 Алтын орақ

Науќан ќарќын алды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Əйтеке би ауданы облыстағы астықты өңір. Сондықтан ауданның диқандар қауымы қоңыр күзден үлкен үміт күтеді. Алайда, соңғы жылдары өңірде болған қуаңшылықтың зардабы бұларды да айналып өтпеді. Егін шықпай, еңбек еш кетті. Бұл шаруашылық құрылымдарының қаржылық жағдайына да əсер етпей қалмады. Рас, биыл аудан диқандары өткен жылдарға қарағанда біршама тəуір егін өсіріп отыр. Енді күзгі жауыншашынға ұрындырмай ысырапсыз жинап алудың амалдарын қарастыруда екен. Үстіміздегі жылы аудан бойынша 144935 гектарға дəнді дақыл егілген. Соның 125460 гектары бидай, 17500 гектары арпа, 882 гектары сұлы, 500 гектары тары. Біз барғанда осыншама алқаптың 47265 гектарының егіні жиналып, əр гектардан орташа 7,5 центнер астық бастырылған. Аудан шаруашылықтары бұдан басқа 8500 гектардың майлы дақылдарын, 270 гектардың картобын, 115 гектардың көкөнісін жəне 11 гектардың бақша өнімдерін жинауы тиіс. Егін орағын өткізуге 3166,0 тонна жанаржағармай бөлініп, оның 710,0 тоннасы жеткізілген. Бұл жұмыс жалғасуда. Егін жинауға 202 комбайн қатысуда. Əр комбайнға 717 гектардан келгенде, егін орағы 24 күнде аяқталады деп күтілуде.

Біз биыл тым тəуір егін өсіріп отырған «Бұлақ Агро» ЖШС-нің алқабына келгенде күн еңкейіп қалған-ды. Күзгі даланың ажары жақсы. Сары алтындай жарқыраған астықты алқап көз қуантады. Орам шетіне аялдаған комбайндардан жүзін жел қаққан механизаторлар түсіп, бізге жақындады. Осы жерде көшпелі шеберхана, дəнекерлеу аппараты тіркелген трактор да аялдап тұр. Бірінші болып жолыққан «Бұлақ Агро» ЖШС-нің механигі Мейрамбек Рза ғұлов егін орағының жайкүйін əңгімелеп берді. Оның айтуынша, серіктестік биыл 8,6 мың гектарға жуық алқапқа дəнді дақыл еккен. Ол үшін өткен жылы күзде үш қайтара жыртылып, пар дайындалған, 4 мың гектарға қар тоқтатылған, қалған егіс алқабы көктемде агротехникалық

өңдеуден өткізілген. Қазір серіктестіктің егін алқабында екі «Класс», бір «АCROS» жəне үш «Нива» комбайндары жұмыс істеуде. Бұл алқапқа жаз бойы бір тамшы жауын жаумағандықтан түсім де онша жоғары емес. Əзірге гектар түсімділігі 6 центнерден айналуда. Диқандар егін орағы басталар кезде болған нөсер жаңбырдың салдарынан, төрт күн қатты жел тұрғандықтан бірден еңбек ырғағына түсіп кете алмапты. Алайда, ауа райының ашық кезін өткізіп алмауға тырысқан диқан қауымының ұмтылысы тəуір, талпынысы жақсы. Қазір ауа райы ашық болып тұр. (Соңы 3-бетте). ------------------------------------

Суретті түсірген Бердібай КЕМАЛ.

 Сарапшы сөзі

Назарбаевтыѕ жеті тірегі

Адам зердесі есте сақтауға да үйретеді, ұмыттыруға да бейімдейді. Əдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Адамдардың еске сақтауы нашар» дегені осыдан шығар. Біз де бүгінгі Қазақстанның тамаша табыстарына тамсанамыз деп, тəуелсіз мемлекет құру ісінің қалай басталғанын ұмытып кетіп жатамыз. Ал шынында, жиырма жыл бұрынғы қадамдарымыз əлемнің аузы дуалы сарапшыларына ешқандай оптимизм ұялатқан жоқ еді. Олар тəуелсіз дамудың келешегі жоқ екеніне ғылыми негізде дəлелдемелер келтірді. Олардың мінсіз ой-қисындарында бəрі ескерілген сияқты еді. Халық құрылымы жағынан – этностық жəне діни қайшылықтар ортасымыз. Экономика жағынан – жалпыодақтық тетіктің бір бөлігіміз. Географиялық жағдайымыз жағынан – əлемдік көлік жолдарынан аулақта жатқан тұтас анклавпыз. Геосаяси жағынан – ірі державалар мен тұрақсыздық ошақтарының қоршауындағы халық аз қоныстанған өңірміз. Бір сөзбен айтқанда, картада бар, өмірде жоқ, қалыптаспаған мемлекеттер лагерінен едік. Бұл болжам неге орындалмады? Өйткені, олардың ой-тұжырымдарында ең басты нəрсе – ұлттың адами əлеуеті мен көшбасшысының саяси ерік-жігері ескерілмеді. Бұлар елеусіз өлшемдер ретінде есепке алынбады. Скептиктердің қателігі де осында еді. Əлем дік саяси сəуегейлердің теориясын қазақстандықтардың өмір тəжірибесі тасталқан етті. Түрлі болжамдар мен жағдайларға қарамастан, біз əлсіз тұстарымыздың бəрін артықшылыққа айналдыра алдық. Бұлар біздің сенімсіздіктің ағынды өткелінен өтуге мүмкіндік беретін тіректерімізге айналды.

Кїшіміз – жауапкершілікте Барлық өзгерістердің өзегі мемлекеттіліктің қалыптасуына негізделген еді. Бəрін де жаңадан бастауға тура келді. Өйткені, бізде не егемен демократиялық республикаға, не нарықтық экономикаға мүлде сай келмейтін кеңестік аппараттың қалдықтары ғана бар еді. «Мықты мемлекет» ұғымын əр ел əрқалай түсінеді. Қазақстан бұл жағынан «күтушімемлекетке» де, «полицей-мемлекетке» де айналған жоқ. Біз үшін мықтылық дегеніміз, ең алдымен, жауапкершілік. Басқарудың мінсіз құрылымы болмайды. Алайда, Қазақстан мемлекеті ешқашан, тіпті ең қиын кезде де азаматтарын тастамады. Мемлекет елдің дамуына қажетті танымал емес шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алудан қорыққан жоқ.

Бірлігіміз – əралуандыќта Жаңа тарихтан этностық əралуандық жағдайындағы табысты мемлекеттік құрылыстың мысалын табу қиын. Осы күнге дейін ұлттық мəселені шешудің тек екі-ақ тəсілі болды. Этностар не америкалық үлгідегі ортақ «қорыту қазанында» араласып жатады, не бұрынғы кеңестік елдердің бірқатарындағы секілді титулдық ұлт бөле-жара дəріптеледі. Қазақстан өз халқының бірегей құрылымын əлгіндей қалыпқа салуға тырыспай, өзіндік жеке үлгісін жасады. Ол əралуандықты бұзған жоқ, керісінше, бірлігіміздің іргетасы етіп қалады. Біз өзімізді біртұтас елдің азаматы ретінде сезінеміз, бірақ тарихи тамырымызды, мəдени ерекшелігімізді, тілімізді ұмытпаймыз.

Еркіндігіміз – келісімде Мемлекеттің дінге жəне керісінше, діннің мемлекет ісіне белсенді араласу əрекеті бейбіт

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Тұжырымдама жобасын Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин таныстырды. Онда негізінен 8 мəселеге басымдық

берілген екен. Мəселен, табиғи ресурстарды одан əрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу жəне есепке алу, өндіру қарқынын арттыру жəне жоғары əлемдік сұранысты ел пайдасына асыру үшін табиғи ресурстарды əлемдік

рыноктарға шығару жəне ішкі нарықты отандық өндірістің жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, тағы басқалар. Сонымен қатар, мұнда шикізатты шығару жəне қайта өңдеудің жəне жаңа өндірістерді құрудың заманауи технологияларын қолданған жағдайда ғана шетел инвестицияларын тарту үшін жағдай жасау қарастырылған. Энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамыту, мұнай өндіретін кəсіпорындардың экологиялық зиянсыз өндірістерді енгізуі, көмірсутек шикізатының стра тегиялық қорын құру жəне шикізат секторынан түсетін кірісті оңтайлы басқару жайлары да осы басым мақсаттардың қатарында. Бүгінде жаһандық

Абыройымыз – игілікте Қазіргі əлемде көптеген мемлекет бірден бəріне қол жеткізуге ұмтылудың құрбаны болды. Берік экономикалық тірек қалыптастырып алмай тұрып, саясат ойынын ойнау қаржылық, əлеуметтік жəне ақырында моральдық банкротқа ұрындыратын жол екені – талай сыннан өткен жайт. Бұл тірек болмаса, нағыз еркіндіктің орнын құр қиял мен түңілу сезімі басатын болады. Тек қуатты экономика ғана қоғамның өз жолын табуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан о баста өз басымдықтарын дəл айқындап алды. Біз күн тəртібінде азаматтардың бақуатты тұрмысын бірінші орынға қойдық. Президент өз халқы алдында адалын айтты: тек тұрмыс деңгейін арттыру ғана саяси өзгерістерге негіз бола алады.

Ќауіпсіздігіміз – ашыќтыќта Біздің картадағы орнымыз қандай? Əлемнің көлік жолдарынан алшақ жатқан Еуразияның орта тұсындағы орасан зор анклавпыз. Шын мəнісінде біз кімбіз? Қалыптасып келе жатқан өңірлік державамыз, əлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіміз, ядролық қарусыздану үдерісінің көшбасшысымыз. Бұл – теңгерімді, дербес сындарлы сыртқы саясаттың нəтижесі. Біздің еліміз біреуге қарсы тұру үшін дос болмайды. Оның геосаяси жағдайы популизммен айналысуға жəне бір сəттік пайданың соңына түсуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Қазақстан барлық негізгі серіктестермен жəне күш орталықтарымен жақсы қарым-қатынаста. Халықаралық істердегі жүйелі жəне сындарлы ұстанымымыз бүкіл əлемде бізге нағыз бедел алып берді.

Тəуелсіздігіміз – серіктестікте Біз тарихи таңдау алдында тұрдық: қатерлері мен мүмкіндіктері бар үлкен əлемнің бөлшегі бола отырып, экономикалық бəсекелестік үшін ашық боламыз немесе

АҚПАРАТТАР аєыны

Мўнай ќорлары да мəѕгілік емес Соңғы 10 жылда əлемдік мұнай бағасының өсімі 3 еседен асып түскен. Оның ішінде 2008 жылдан бері бірден 2 есеге артыпты. Əрине, бұған қаржылық дағдарыс əсер еткені белгілі. Ал мұнай бағасының өсуі мұнай өнімдері мен мұнай химиясы құнының да қарыштап көтерілуіне септігін тигізіп отыр. Жаһандық жағдайдағы осындай үдерістерді ескере отырып, Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында табиғи ресурстарды тиімді басқару жəне шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын əзірлеу жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында осы мəселе қаралып, тұжырымдама жобасы мақұлданды.

тіршіліктің берекетін кетіре жаздағанын бүгінде мойындауға болады. Халықтың даналығы, көшбасшының көрегендігі бізді мұндай қатерден сақтап қалды. Өмірдің қалыпты нормасына айналған діни төзімділік ең осал саладағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Біздің еліміздегі діни еркіндік декларациялар мен заңдардың мəтінінде емес, əрбір тұрғынның жүрегінде орныққан. Бізді қиын сынақтардан алып өткен тəжірибеміз өзіміз үшін ғана құнды болған жоқ. Қазақстан конфессияаралық үнқатысудың əлемдік орталықтарының біріне айналды.

экономиканың даму қарқынының бəсеңдеуі мен кейбір елдердегі рецессия əлемдік сұранысты төмендетіп отырғанын айтқан Мұнай жəне газ министрі оның есесіне əлемдік тауар рыноктарындағы бəсеке айтарлықтай күшейгенін атап өтті. Ұ.Қарабалин, сонымен қатар, қорлар бойынша Қазақстан əлемнің алғашқы он елінің қатарында тұрғанын, бұл бізге мұнайды кем дегенде 50 жыл бойы өндіруге мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті. (Соңы 2-бетте).

 Алматыда негізгі капиталға салынған қаржы 260 млрд. теңгеден асты. Оның 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көлемі нақты 263 688,2 млн. теңгеге жетті. Бұл – өткен жылдың сəйкес кезеңінен 0,2 пайызға артық.  Солтүстік Қазақстанда астық жинауға 10 мыңға жуық комбайн тартылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Серікбай Тұралиновтың айтуынша, 16 қыркүйекке дейін 2071 мың гектар жердің астығы орылған. Мұның өзі барлық алқаптың 58 пайызын құрайды.  Келер жылы оңтүстік астанада ҚазақстанСорбонна француз университеті ашылады. Кеше Алматыда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірəлиев пен Сорбонна университетінің президенті Жан-Франсуа Жирар осыны растаған меморандумға қол қойды.  Ақтауда «Aktau Opel Fest» фестивалі мəреге жетті. Еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар

əлемдік зауалдар бізді айналып өтеді деген үмітпен өз шекарамызды қымтап алып, томағатұйық күйде қаламыз. Қазақстан прогресс жолын таңдады. Біздің ел өңірдегі интеграциялық үдерістерге жай қатысып қана қоймай, оған көшбасшылық етуде. Прагматикалық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін мұның өмірлік маңызы бар. Интеграцияның түпкі мəні – Қазақстан үшін ірі державалармен тең дəрежеде диалог өткізіп, ұлттық мүдделерін қорғайтын алаңқай қалыптастыру.

Болашаєымыз – бїгінде Қазақстан əрдайым дамудың жаңа жолдарын іздеп, ұзақ мерзімді жоспарды басшылыққа алып келеді. Бұл – асқан қажеттілік. Шағын ел ретінде біз алдағы бірнеше қадамды көре білуге тиіспіз. Болашақтың қамын ойласақ қана, бүгін артта қалып қоймаймыз. Қашанда, тіпті ең қиын кезде де кінəлілерді емес, жаңа мүмкіндіктердің жолдарын іздеген жөн. Ұзақ мерзімге арналған, нəтижесі бірден пайда əкелмейтін шешім қабылдаудан қорықпау керек. Президенттің жас қазақстандықтардың қамын ойлауы – əрдайым болашақты ойлаудың көрінісі. Жалпы адам капиталына, жас буынға жұмсалған игіліктердің барлығы – ел болашағына салынған инвестициялар. *** Нұрсұлтан Назарбаев бұл жеті тірекке ең қиын кезеңде – Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында сүйенді. Оларды таңдауға жас мемлекеттің беріктігінің əлеуеті жəне оның бұдан арғы бүкіл тағдыры байланысты болды. «Жеті тірек» тұжырымдамасы жайлы кабинеттерде жайма-шуақ жағдайда емес, ойлануға тіпті аз уақыт берілген, ал қателесуге мүлде мүмкіндік қалдырмаған оқиғалардың буырқанған ағысы барысында өмірге келді. Ол өмірдің өзінен алынған нақты саясаттың іске асырылуы болды. Сол тарихи сəтте Мемлекет басшысы халқымыздың дүниетанымының түпкі мəнін тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне жүгінді. «Жеті тіректің» мызғымауының жəне бекем бола түсуінің құпиясы осында. Бұл – табыстылықтың жай ғана тарихы емес, Қазақстанның дамуына əлі де ұзақ уақыт негіз бола беретін əмбебап қағида. Назарбаевтың «Жеті тірегі» əрдайым халық тың жадында қалатынына жəне Тəуке ханның «Жеті жарғысының», Ататүріктің «Алты жебесінің» қатарын толықтыратынына сенімдімін. Дəурен АБАЕВ, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы.

мен əншілер қатысқан шараның соңында Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев халықтың көңілін көтергендері үшін оны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.  Оралдағы облыстық қазақ драма театры жанына қобызға ескерткіш қойылды. Бұрын субұрқақ тұрған жерге қоныс тепкен тастұғыр енді қаланың қасиетті мекендерінің біріне айналды.  Семейде 2016 жылға дейін көліктіклогистикалық орталық салынады. Сол кезде кешен арқылы жылына 11,5 млн. тонна жүк тасымалданады. Оны құрудағы басты мақсат тек жүктерді өңдеу ғана емес, сондай-ақ кедендік рəсімдеу болып отыр.  Оңтүстіктегі Сайрам ауданының «ELNUR» телеарнасы эфирге қайта шықты. Он жылға жуық тарихы бар компания жуырда ғимараты өртеніп кеткеннен кейін жұмысын тоқтатып еді. Енді оның қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мəжіліс залына уақытша орналасты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.