18102013

Page 1

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «А» басқарушылық корпусының мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізді.

№234 (28173) 18 ҚАЗАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Біздіѕ парызымыз – халыќ сенімін аќтау Осыны мемлекеттік ќызметкерлер ўмытпауы керек, деді Президент Нўрсўлтан Назарбаев кешегі кеѕесте

Кеңесте «А» корпусына өткізілген іріктеу қорытындысы шығарылып, меритократия, ашықтық жəне қоғамға есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметті одан əрі жаңғырту жөнінде тапсырма берілді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы аса маңызды стратегиялық міндетті іске асыруда олардан зор жауапкершілік талап етілетінін кеңеске қатысушылардың есіне салып өтті. Өз сөзінде Қазақстан Президенті бұл кездесудің мұндай форматта алғаш рет өтіп отырғанына тоқталды. Осы залда барлық басқарушы саланың, биліктің барлық деңгейінің жəне барлық өңірдің өкілдері отыр.

Біздің кездесуіміз – тарихи кездесу. «А» корпусының құрылуы еліміздегі кəсіби мемлекеттік аппараттың дамуының бір кезеңін аяқтап, келесі кезеңін бастайды. Мен əрдайым Қазақстанның табысты дамуын сауатты басқарушылардың қажырлы еңбегімен, əділ, ұстанымы берік халық қызметшілерімен байланыстырып келемін. Қазақстан ТМД аумағында ең бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылдады. Біздің тарапымыздан «Қазақстан-2030»

Кґрмеге əзірліктіѕ жайы таєы бір пысыќталды

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Астанадағы ЭКСПО-2017 халық ара лық арнаулы көрмесіне əзірлік пен оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Серік Ахметов осының алдында аталған көрмеге əзірлік мəселелерін қарастырған Ақордадағы кеңесте Президент берген тапсырмаларға ерекше назар аударды. «Көрме зиянсыз жұмыс істеуі тиіс. Ондағы павильондардың көрмеден кейінгі жұмыстары ұлттық компаниялар жəне

бүтіндей алғанда мемлекет үшін пайдалы да тиімді болуы керек», деді Премьер-Министр. Сондай-ақ ол ЭКСПО-2017-ге əзірлік жөніндегі шараларды жариялаудың ақпараттықимидждік жұмыстарына креативтік əдіс-тəсілдермен келудің қажеттігін, тиісті заң жобаларын дер кезінде əзірлеудің ерекше

Ќытай жеріндегі жылы шырайлы жїздесулер

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламенттік делегация қазан айының 1417-сі аралығында Қытай Халық Республикасында болды.

Мəжіліс депутаттары Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысындағы өздерінің əріптестерімен кездесіп, өңірлерге атбасын тіреді. Қазақстан мен Қытай – стратегиялық əріптестер жəне тату көршілер. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 21 жылдың ішінде өзара ықпалдастық қарқынды əрі жемісті дамып келеді. Екі ел көшбасшыларының кездесулері қос мемлекеттің көпжақты əріптестігін ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізді. Мемлекетаралық байланысты нығайтуда біздің мемлекет теріміздің заң шығарушы органдарының да ықпалы зор. Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Б үкілқытайлық жин алысы Тұрақты комитетінің төрағасы

Чжан Дэцзян алдағы өзара ісқимылдың өзекті мəселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан-Қытай əріптестік деңгейін жоғары бағалады. Осы жолда мемлекет көшбасшыларының қол жеткізген келісімдері өзара тү сіністік пен тату көршілік жағдайында қарқынды жəне сындарлы даму жолына түскен мемлекетаралық қарым-қа ты настың жарқын үлгісіне айналғандығына баса назар аударылды. Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэцзян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұзақ мерзімді құжаттарында көрсетілген мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында парламенттер алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.

тарихи Стратегиясы мерзімінен бұрын жүзеге асырылды, «Кəсіби Үкімет» оның басымдығы болды. Біз ондағы жүйелі міндеттерді шештік. Біздің мемлекеттік аппарат кəсіби, жауапты, қарқындырақ бола түсті, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев əкімшілік мемлекеттік қызмет конкурстық негізде қалыптастырылатынын атап өтті. Мемлекеттік қызметшінің мансап жолындағы өсуі олардың талантына, жеделдігіне, кəсіби сапасына тікелей байланысты. Менімен əңгіме үстінде шетелдік қонақтар – мемлекет жəне үкімет басшылары, өзге елдердің саясаткерлері мен бизнесмендері қазақстандық мемлекеттік

маңызды екендігін атап көрсетті. Отырыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының басшысы Талғат Ермегияевтің, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есептері тыңдалды. Үкімет басшысы талқылау қорытындысында барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-қа бірқатар тапсырмалар берді жəне көрмені өткізуге сапалы əзірлік шараларын қабылдау қажеттігін тағы бір ескертті, деп хабарлады ҚР ПремьерМинистрінің баспасөз қызметі. Қазақстандық жəне қытайлық парламентшілердің алдағы бірлескен əрекетке байланысты жоспарлары зор. Оған Қазақстан Парламенті Мəжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасында қол қойылған меморандум мысал бола алады. – Қытайда өткен барлық кездесулер Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халық аралық беделі өте жоғары екенін көрсетті. Бұл жерде Президентіміздің барлық бастамаларын Қытай Респуб ликасының Парламенті де, Үкімет мүшелері де, қарапайым халық та өте жақсы біледі. Ол екі елдің парламентаралық байланысын нығайтуға да ерекше серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан біздің парламенттеріміз арасында арнайы келісімге қол қойылды. Бұл құжат Елбасының жəне Қытай Төрағасының стратегиялық келісімдерін заң жағынан қолдауға да ықпал етеді деп сенеміз, – деп атап өтті Нұрлан Нығматулин. (Соңы 4-бетте).

қызметшілердің жас екендігін жəне жұмыстарының сапалы екендігін үнемі айтып отырады. Мен оларға Қазақстан жас ел екенін əрдайым айтамын. Біз іс жүзінде мемлекеттік қызметшілердің кадрлық корпусын қайта қалыптастырғанымызды айтамын. Біздің басқарушыларымыздың кəсіби əрі сапалық өсуіне əрдайым қамқорлық көрсетіп отыратынымызды айтамын, деді Қазақстан Президенті. * * * Мемлекет басшысы бүгінде республикамызда отандық мемлекеттік қызметтің алдыңғы қатардағы корпусы құрылғанын атап өтті. – Сіздер іріктеудің

Тиісті шешімдер мен ўсыныстар ќабылданды

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мəселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 439 өтініш қаралды. Мемлекеттік хатшы 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдіргенін атап өтті. Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеуді мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізу жəне осы қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің жұмысы нəтижелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

күрделі кезеңінен өттіңіздер, бір орынға 4 адамнан келген нағыз бəсекелестікке төтеп бердіңіздер. Сіздер заңдарды өте жақсы білетіндеріңізді дəлелдей білдіңіздер. Сіздер сапалы басқарушылық шешімдерді əзірлеп, қабылдай аласыздар, сондай-ақ олардың тиімді орындалуын ұйымдастыра білесіздер деп үміттенемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті «А» корпусының құрамына енген барлық мемлекеттік қызметшіні құттықтады. Бұл – сіздердің жеке өмірлеріңіздегі жəне бүкіл мемлекет өміріндегі маңызды оқиға. Сіздердің жұмыстарыңызға зор үміт артатынымды ашық

айтқым келеді. Бүкіл мемлекеттік аппараттың түбегейлі жаңартылуын сіздермен байланыстырамын. Қазір Қазақстан үшін бетбұрысты кезең басталды. Біз жаңа саяси бағытты, «Қазақстан-2050» Стратегиясын сеніммен бастадық. Бұл жұмыстың алғашқы қадамдарының бірі «А» корпусын қалыптастыру – мемлекеттік аппарат өзегінің жаңартылуы кездейсоқтық емес. Мемлекет пен қоғам алдында жаңа міндеттер тұр. Оларды жаңаша, креативтік тұрғыдан ойластырып, табандылықпен шешу керек. Сіздердің басты миссияларыңыз осы деп білемін, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елдің

тұрақтылығы мен қарқынды дамуы еңбекке жəне халыққа қалтқысыз қызмет етуге байланысты екенін сезіну қажеттігін атап өтті. * * * Мемлекет басшысы «А» корпусына конкурс өткізу арқылы талантты жəне табысты басқарушылар үшін транспарентті əлеуметтік лифт жасалғанын айтты. – Жалпы, өткізілген конкурс мəселесі – енді келешектің ісі жəне оған талдау жасау керек. Біз аудандар əкімдерінен бастап Əділет министрлігінің қызметкерлеріне дейін заңнаманың барлық тармағын терең білу жөнінде ортақ талап қойдық. (Соңы 2-бетте).

«Нўр Отан» нўрлы болашаќ жолында

Бїгін Астанадаєы Тəуелсіздік сарайында Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ ќатысуымен «Нўр Отан» ХДП-ныѕ кезектен тыс ХV съезі ґтеді

ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Құдайбергенұлы Əбдірахманов Қазақстан Респуб ликасының Словения Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Билік партиясы кезекті биігіне ўмтылады Кеше елордадағы Тəуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП XV съезі аясында бірнеше тақырыпта секциялық отырыстар өтті. Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің депутаттары, партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшылары,

аймақтық филиалдарының өкілдері, жастар белсенділері қатысқан отырыстардың алғашқы секциясы «Доктрина: партияның жаңа идеологиялық тұғырнамасы» деген тақырыпта ұйымдастырылды. (Соңы 2-3-беттерде).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.