Бїгінгі нґмірде:
№204 (28427) 18 ҚАЗАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ризыќтыѕ Алладан екені рас 5-бет Тўрсынныѕ тереѕ танымы 7-бет Басымдыќ єылымбілімді дамытуєа баєытталєан 8-бет Испаниядан ўлы ўстаздыѕ 10 трактаты табылды 12-бет
Уаєдаластыќтар жїзеге асырылуымен ќўнды
Жан-жаќты пікір алмасылєан жїздесу
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономика жəне инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мəселелерін талқылады.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тəртібіндегі маңызды мəселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты.
Елбасы Нұрсұлтан Назар баев Италия Респуб ликасының Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция жəне басқа да салалардағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, Маттео Ренцидің Қазақстанға сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тəртібінің мейлінше өзекті мəселелеріне қатысты пікір алмасты.
Сессияєа ќатысып, екіжаќты кездесулер ґткізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумы 10-саммитінің бейресми сессиясына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан басшысы «Еуропа мен Азия арасындағы үнқатысу мен ынтымақтастықты нығайту жəне АСЕМ болашағы» тақырыбындағы сессияға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, «Азия-Еуропа» форумының
Жаѕа ќўрамдаєы Сенат отырысы
Ґзара іс-ќимыл келешегі ќаралды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын түрлі бағыттағы қарым-қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ, əртүрлі
халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, өңірлік қауіпсіздіктің ахуалы талқыланды.
Əлеуметтік салаєа їлкен бетбўрыс бар Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, оларды облыстың əлеуметтік-экономикалық жағдайымен, салалық бағдарламалардың жəне Елбасы тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.
10-саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен əңгіме барысында инвестиция, технология жəне сауда-экономика салаларындағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту мəселелері
Оймақтай ой Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді – өскен орта, көрген тəрбиеге байланысты қалыптасады. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен палатаның кешегі жалпы отырысы жаңа құрамда болды. Сондай-ақ, ұйымдастыру мəселелері бойынша өткізілген бұл отырыс барысында депутаттық өкілеттігі аяқталған бір топ сенатормен қоштасу рəсімі жасалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Төраға палата құрамына жергілікті мəслихаттар депутаттарының таңдауына ие болған тəжірибелі мамандар, ел басқарған іскер басшылар, белгілі қоғам қайраткерлері келіп қосылғандығын ерекше атады. «Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың атынан жаңадан сайланған Сенат депутаттарын құттықтауға рұқсат етіңіздер. Еліміздің əлеуметтікэкономикалық өрлеуін жəне халықтың хал-ахуалын одан əрі жақсартуды көздейтін кешенді шараларды заңнамалық
тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған еңбектеріңіздің табысты болуына тілектеспін», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа сенаторларға қаратып. Бұл ретте сенаторлар Михаил Бортник, Сəрсенбай Еңсегенов, Ерболат Мұқаев жəне Сергей Плотников сайлаушылардың сеніміне екінші рет ие болып, жаңа конституциялық мерзімге сайланғанын айта кету керек. Сенат Төрағасы, сонымен қатар, мерзімдері аяқталған сенаторларға алғысын жеткізе отырып, былай деді: (Соңы 6-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
Елдіктіѕ їні, ерліктіѕ їні бўл газет!
Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бақтықожа Салахаддинұлы өз əңгімесін əлеуметтік мəселелерден бастады. Еліміздегі ең басты құндылық адам өмірі болып табылатындығын ауызға алған əкім осы бағыттағы өмір сапасының жақсару жағдайлары туралы əңгіме қозғады. Оның айтуынша, 2014 жылдың тоғыз айының ішінде бала туу көрсеткіші мың адамға шаққанда 21,3 пайызды құраса, өлім-жітім 8 пайызға азайған.
– Егер осы көрсеткіштерді ашып көрсететін болсақ, бұрын облыста жылына 9 мың нəресте дүниеге келетін болса, қазір олардың саны 16 мыңнан асып отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 8,2 пайызға азайды. Өздеріңіз білесіздер, Атырау туберкулезге шалдығушылардың көптігімен аты шыққан өңір болатын. 100 мың адамның арасынан 225 адам осы науқасқа шалдығатын. Қазір енді олардың саны 90 адамға дейін азайды, деді əкім. (Соңы 2-бетте).
«Егемен Қазақстан» дегенде елдің ішкі-сыртқы саяси, рухани һəм экономикалық қатынасында болып жатқан барша жаңалықтарды алдыңа жайып салатын салмақты басылым көз алдыңа кеп тұра қалады. «Жатқан тастың астынан су ақпайды» демекші, отандық болсын, халықаралық болсын, зымырап дамып бара жатқан ақпарат құралдарына қанша үңілсең де, қазаққа керек, мемлекетке керек тұшымды жаңалыққа кенелерің хақ. Міне, осы ретте еліміздің бас газетінің атқарар қызметі мен кө те рер жүгі, қалың бұқараға қажеттілігі өз-өзінен айқындалса керек. Біз секілді алдыңғы буын өкілдері «Егеменмен» қатар жасасып келе жатқан ұрпақпыз. Басылымның сонау əріден басталатын тарихы мен таралу ауқымы, бет-бедері, оны басқарған ел азаматтары – бəрі-бəрі біздің көз алдымызда дөңгелеп өтіп жатқан дүр-өмір. Бір-біріне ұқсамайтын ерекше, бөлекше, кесек өмір.
Іш пен сыртты бажайлаған саяси сараптаманы, тарихқа қатысты толымды дүниені, ұшқары пікірден алшақ боямасыз өмір туралы шығармаларды, сондайақ, қалың қазақтың ақжарма тілегі мен ұсыныс-пікірін біз осы «Егемен Қазақстан» газетінен оқимыз. Жекелеген санаға да, қоғамға да қозғау саларлық əңгіме-дүкен де осынан табылады. Достықты, бейбітшілікті,
татулық пен тұрақтылықты талмай насихаттап келе жатқан басылым тоқсан жылдан аса уақыт бедерінде талай толқынды тура жолмен тəрбиелей білді. Осы уақыт аралығында өзі де басылым ретінде басынан талай тарихты кешті. Құдайға тəубе, қазақпен қатар тыныстап, қазақпен бірге түлеп келеді. Қазақ барда, қазақты сүріндірмей басқаратын қабілетті ұлдарымыз барда бұл басылымның ғұмыры ұзақ, жырүні жарқын бола бермек! Ғасырға жуық қазақы оқырманмен қатар жасап келе жатқан жұлдызды басылымның жасары да, жазары да көп болғай! «Егеменнің» əр бетінен талмай оқитындай еліміздің еңселі келбеті, ерен ісі, елдік əңгімесі асқақтай берсін! Төрегелді ШАРМАНОВ, Қазақ Тағамтану академиясының президенті, ҰҒА академигі.
АЛМАТЫ.
қозғалды, сондай-ақ, Пак Кын Хенің Қазақстанға сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде сауда-экономикалық, ғылымитехникалық жəне инвестициялық өзара іс-қимыл мəселелері сөз болды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тəртібіндегі
өзекті жайттарға да тоқталды. Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен əңгімеге екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыру мəселелері арқау болды.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Палатаныѕ кїн тəртібі наќтыланды
Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды.
Алдағы жалпы отырыста Мəжіліс депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республика лық бюджет туралы» жəне «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттармен жұ мысты жалғастыру мəселесін қарастырады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь арасындағы Қазақстан азаматтарының Беларусь
аумағында жəне Беларусь азаматтарының Қазақстан аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасына қорытынды əзірлеу мезгілі нақтыланады. Палата кедендік шекара арқылы ветеринариялық-санитариялық бақылау бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мəселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді де ойластырады.
● Бүгін – Рухани келісім күні
Мəдениеттер їйлесімі – ґркениеттіѕ алтын ќазыєы Кеше елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында «Бейбітшілік, келісім жəне рухани мəдениет» деген тақырыпта ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Бүкілəлемдік рухани мəдениет форумы ұйымдастырды. Айгүл СЕЙІЛОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Конференция жұмысы басталмас бұрын Бүкілəлемдік рухани мəдениет форумының тең төрағасы, «Бейбітшілік арқылы мəдениетке» халықаралық қауымдастығының президенті Төлеген Мұхамеджанов журналистерге
брифинг өткізді. Ол брифингте шетелдік қонақ тарды таныстырды, сондай-ақ, келер жылы өткізілетін Екінші Бүкілəлемдік ру хани мəдениет форумына дайындық жүргізу жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитеті қорытынды құжаттар қабылдайтынын атап өтті. (Соңы 6-бетте).
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.